№22 (7004) 31 мамыр 2016 жыл



жүктеу 360,92 Kb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата22.05.2018
өлшемі360,92 Kb.
#15731
1   2   3   4   5   6   7   8

31 мамыр 2016 жыл

8

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Газет  редакторы,  қарымды  қаламгер,  соңынан  ілескен  жас  толқынды 

шығармашылыққа  баулып  жүрген  ақылшы  ұстаз,  отбасында  аяулы  жар, 

ардақты әке, мейірімді ата

 Бисенов Бауыржан 

Махутұлын  қос  бестікке  табан  тіреп,  ағалық 

жастың  кемеліне  келуімен  шын  жүректен 

құттықтаймыз.    Ақжарқын  қалпыңыздан  тай-

май, асулардан асып, берекеңіз тасып, бабалар 

салған сара жолды насихаттап, жұбайыңызбен 

бірге  ұрпақтарыңыздың  қызығын  молынан 

көріңіз.

Басыңыздан бақ пен ырыс таймасын,

Көңіліңіз жадырасын, жайнасын.

Бүгінгідей шат-шадыман кейіпте,

Сіз жүз жасап, жанұяңыз тойласын!

Қуаныш пен шабытыңды еселер,

Тәтті ғұмыр, шалтты тұрмыс кеше бер.

Немеренің қылығынан күш алып,

Мерей жастан мерей жасқа көше бер!

Игі тілекпен: «Орда жұлдызы» газеті ұжымы.

* * *

Бисен  ауылдық  мәдениет  үйінің  директо-

ры 

Мөкешева  Екатерина  Жолдығалиқызын 

40  жасқа  толу  мерейтойымен  шын  жүректен 

құттықтай 

отырып, 


әріптесімізге 

мықты 


денсаулық,  қажымас  қайрат,  еңбегіне  жеміс 

тілейміз.  Қашанда  ел  құрметіне  бөленіп, 

бойыңыздағы  асыл  қасиеттеріңіз  ешқашан 

сарқылмасын.  Отбасыңызда  тек  жақсылық 

болып, 

алтындай 



ұлдарыңыз, 

күмістей 

қыздарыңыз  аман  болсын.  Абыройыңыз 

тұғырлы, қуанышыңыз ғұмырлы болсын.

Құтты болсын 40 деген жасыңыз,

Аман болсын жанұяңыз, басыңыз.

Еңбегіңіз көпшілікке үлгі боп,

Талай биік асулардан асыңыз.



Ізгі ниетпен: Бисен ауылдық мәдениет үйінің ұжымы.

Құттықтаймыз!



2008 жылы Елордамызда шаңырақ 

көтерген Назарбаев зияткерлік мектебі ізі-

мен бүгінгі таңда байтақ еліміздің көптеген 

қалаларында білім ошақтары ашылғаны 

белгілі. Міне, солардың бірі, нақтырақ айтсақ, 

облыс орталығындағы физика-математика 

бағытындағы аталмыш интеллектуалдық мек-

тепке ауданымыздан да оқушылар түсті деген 

қуанышты хабар бізді сол талапкерлермен 

жүздесуге асықтырды. 

Оқу  жылының  аяқталар  шағы  болса  да,  соңғы 

қоңыраудың 

қарбаласына 

ілеспеген 

М.Мәметова 

атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары ұстазы Роза 

Есімованың  жіті  бақылауымен  математиканың  қыр-сы-

рына қанығып жатыр екен. Ұйып тыңдап отырғандардың 

арасында  болашақта  тек  ана-анасы  мен  мектебінің  ғана 

емес, аудан туын биік көтерер деген үкілі үмітті арқалаған 

Батыржан Нұрлан мен Ернар Ескендіров те бар. Қойылған 

сұрақтарға  жарыса  жауап  қатқан  бұл  екеуінен  олардың 

мектепке сұраныс түскеннен бастап құжаттарды жинақтап, 

негізгі тест тапсыратын пәндерден (қазақ, орыс, ағылшын 

тілдері және математика) қызу дайындыққа кіріскендерін 

білдік. Сәуір айында өткен сұрыптаудың алғашқы кезеңінде 

қос талапкер жоғарыда аталған пәндер бойынша  тесттің 

100 сұрағына жауап берсе, екінші кезеңде психологиялық 

және  логикалық  тапсырмаларды  орындаған  екен.  Реті 

келген  соң  айта  кетелік,  «Интеллектуалдық  ұлт  –  2020» 

бағдарламасы  негізінде  құрылған  білім  ордасының 

табалдырығын  аттайтын  алғашқы  бөкейордалықтардың 

бірі,  яғни,  Ернар  еңбегімен  есімі  ел-жұртына  танылған 

Социалистік  Еңбек  Ері  Ескендір  Есімовтің  немересі  бол-

са,  Батыржанның  әкесі  Сабыржан  Ибрашев  та  мектепті, 

жоғары оқу орнын үздік бағамен тамамдаған жан.

– Оқушыларымның қай-қайсысы да жақсы,-деді сынып 

жетекшісі әрі ағылшын тілі пәні мұғалімі Ақтоты Лұқпанова. 

–  Директордың  орынбасары  Алтынай  Құсайынова  зият-

керлік мектепке сұранысты айтқанда, Ернар бірден ниет 

білдірсе, Батыржан ата-анасымен ақылдасуды жөн көрген 

еді. Жалпы, Ернар қай іске де білек сыбана кірісетін, жа-

рыстан  жасқанбайтын  елгезек  бала,  ал,  Батыржан  әр 

қадамын аңдап басады, математиканы жаны сүйеді. Оның 

осы  пәннен  облыстағы  жүйріктердің  арасынан  ІІ  орын 

алуы да көп жәйді аңғартады ғой. Негізінен шәкірттерімнің 

сол сындарлы сыннан сүрінбей өтуі осы кезге дейін білім 

нәрін сепкен әріптестер еңбегінің көрінісі деп білемін.

Иә,  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  өзі  болашақта 

өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман та-

лабына  сай  білім  қажет  екенін  айтудай-ақ  айтып  келеді. 

Сол  білімнің  биік  шыңына  қанат  қаққан  қос  ұлымыз  енді 

30 мамыр-10 маусым аралығында «Назарбаев зияткерлік 

мектебінде»  дайындық  курсынан  өтпек.  Тұңғыштардың 

отанынан  тұңғыш  болып  айтулы  білім  ордасына  бағыт 

алған  кішкентай  бөкейліктерге  сапарларың  сәтті  болсын 

дейміз.


Раушан БАҚЫТОВА. 

Туған өлке мақтаныштары

Батыржан мен Ернар

Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылданды

Балабақшадағы бағыт-бағдар

Қ.Сағырбаев  атындағы  мектеп-балабақшасында  тәрбиешілер  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  «Жаңа  технология  –  жаңа  үдеріс»  атты  апталық  озды-

рылды.  Онда  әр  тәрбиеші  «Монтессори»,  «Н.Зайцев»,  «Мнемо»,  «Тәй-

тәй»,  т.б.  технологияларды  қолдана  отырып,  үздік  сабақтар  шеруін  көрсетті. 

Ж.Сафиеваның  қарапайым  ауыл  өміріне  орайластырып  құрған  «Ауылдағы 

тіршілік»  тақырыбындағы  саяхат  сабағында  мал  шаруашылығы  жөнінде 

мол түсінік беріліп, сабақ барысында балалар  өз қолдарымен  құрт жасауды 

үйренді. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі М.Айғалиеваның «Көктем 

келді» атты ашық оқу іс-әрекетінде тіл ұстарту жаттығулары, дыбыстық тал-

даулар, сурет бойынша әңгіме құрастыру секілді сатылық тапсырмалар орын-

далды.  Кіші  сәбилер  тобына  «Ойыншықтар  әлеміне  саяхат»  тақырыбында 

Ә.Нысанбаеваның өткізген ашық оқу іс-әрекеті де жоғары бағаланды. Ортаңғы 

топ  тәрбиеленушілеріне  М.Хайрошеваның  өткізген  «Су  –  тіршілік  көзі»  атты 

ашық  оқу  іс-әрекеті  практикалық  түрде  су  мен  оның  дыбысын  зерттесе, 

кіші  сәбилер  тобының  тәрбиешісі  А.Баймұратованың  «Бауырсақ»  ертегісі 

балғындар көңілінен шықты.



Аяжан СЫДЫҚОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Фаберлик»  компаниясының  сауда 

нүктелері еліміздің барлық қалаларында 

бар. Әрі оның тауарлары тұтынушылар 

арасында  үлкен  сұранысқа  ие.  Осы 

аталмыш  компанияның  офисі  жуыр-

да  аудан  орталығы  –  Сайқында  да 

салтанатты  түрде  ашылып,  оның  ди-

ректоры  Жанна  Бисенова  бірнеше 

жылдан бері бұл бизнеспен тұрақты ай-

налысып келе жатқан анасы Балжанай 

Мұқанғалиевамен бірге жерлестеріміз-

ге  компания  мен  өнімдері  жайында 

кеңінен  мағлұмат  берді.  Әр  салада 

жүріп-ақ  «Фаберлик»  өнімдерін  сатып, 

түсінік  жұмыстарын  жүргізу  арқылы 

компанияға кірушілер қатарын көбейтіп 

жүрген  жекелеген  сайқындықтар  да 

алдымен  өздерін  таныстырып,  кейін-

нен 


компанияның 

косметикалық 

бұйымдары,  тұрмыстық  тауарлары, 

киімдері  және  тағамдарының  құрамы 

мен  сапасы  жайынан  хабардар  бол-

ды.  Сонымен  қоса,  үнемдей  отырып, 

қосымша  табысқа  қол  жеткізу,  еш  са-

лымсыз жеке кәсібін бастау сынды бұл 

бизнестің тиімді тұстары да егжей-тег-

жейлі айтылды.

Шара  соңында  жиналған  қонақтар 

арнайы  жайылған  дастарханнан  дәм 

ауыз  тиіп,  ауылымыздан  фирмалық 

өнімдердің  офисін  ашып,  тұрғылықты 

халыққа  басы  артық  жүріссіз  сапалы 

тауарға қол жетімді жағдай туғызған сау-

да нүктесі иелеріне алғыс айтса, олар 

өз  кезегінде  барлық  қатысушыларға 

шағын сый-сияпаттарын үлестірді.

Г.КАЛЕСҚЫЗЫ.

Шалғай ауылдан хат



Жаңа офис ашылды

жүктеу 360,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау