№22 (7004) 31 мамыр 2016 жыл



жүктеу 360,92 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата22.05.2018
өлшемі360,92 Kb.
#15731
  1   2   3   4   5   6   7   8


Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№22 (7004)    31 мамыр    2016 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

ordazhuldyzy.kz

+22


+15

Сәрсенбі, 1.6.2016

+20

+13


Бейсенбі, 2.6.2016

+23


+13

Жұма, 3.6.2016

+24

+12


Сенбі, 4.6.2016

+25


+15

Жексенбі, 5.6.2016

+28

+15


Дүйсенбі, 6.6.2016

+25


+18

Сейсенбі, 7.6.2016

31 мамыр – Саяси қуғын

-сүргін 


және ашаршылық құрбандарын 

еске алу күні

«Бейбітшілік  пен  келісімнің  жол  карта-

сы» мегажобасы бойынша жақында Орал 

қаласынан  эстафетаны  қабылдап  алған 

ақжайықтықтар  өткен  жұма  күні  Сайқын 

ауылына атбасын тіреді. Үшінші жыл қолға 

алынып отырған мегажобаның биылғы ша-

ралары  ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

арналғанымен  оның  қамтыр  ауқымы 

кең.  Ата-бабалар  тарихы,  ерлік  дәстүрі, 

олардың  рухына  тағзым,  ынтымақ-бірлік, 

ұлттар достығы – бәрі-бәрі бар. Сондықтан 

да рәсімнің «Қару аманаты» саябағындағы 

ескерткіштер  ансамбліне  гүл  шоқтарын 

қоюдан басталуы да заңды еді. Аудандық 

демалыс  орталығының  қызметкері  Жола-

ман Сейсенғалиев қонақтарды ел басына 

күн  туған  кездегі  бөкейліктердің  қажырлы 

қимылдарын нақты деректерге сүйене ба-

яндап,  мүсіндері  сомдалған  батырларды 

таныстырды.  Гүл  шоқтарын  қою  құрметі 

облыстық  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

төрағасының  орынбасары,  хатшылық 

басшысы    Ғайса  Қапақов  пен  Ақжайық 

ауданының әкімі Әділ Жоламановқа және 

ақжайықтық  шаруа  қожалығы  жетекшісі 

Нәсіпқали Қайырқом мен сайқындық Еңбек 

Ері Ескендір Есімовке ұсынылды.

* * *

М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 

мәжіліс  залында  оздырылған  «Қазақстан 

– болашағы біртұтас ұлт» тақырыбындағы 

“дөңгелек  үстелге”  екі  ауданның  әкімдік, 

мәслихат  қызметкерлері,  бөлім,  меке-

ме  басшылары,  қоғамдық  ұйымдар  же-

текшілері,  ақпарат  құралдары  өкілдері 

қатысты.  Меймандар  алдымен  мектеп 

мұражайын аралап көрді. 

Ауданымыздың  әкімі  Н.С.Рахымжанов 

қонақтарға  қош  келдіңіздер  айтып, 

алғашқы  сөзді  облыстық  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  төрағасының  орынбаса-

ры,  хатшылық  басшысы  Ғ.Қ.Қапақовқа 

берді.  Ғайса  Қамидоллаұлы  Елбасы  бас-

тамасымен  дүниеге  келген  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының,  мегажобаның 

мән-мақсатына  тоқтала  келіп,  қазіргідей 

алмағайып заманда ел бірлігінің, халықтар 

достығының, маңызын атап көрсетті. 

–Қоғамдық  келісім  дегеніміз,-  деді  ол,  - 

ең алдымен қазақтардың келісімі. Мемле-

кетті  құраушы  халық  өз  айналасына  өзге 

ұлттарды топтасыра, ұйыта білуі тиіс. Біздің 

осы  жетістігімізді  көреалмаушылар,  араға 

ши  жүгіртушілер  көп.  Арандатушыларға 

байыппен  тойтарыс  бере  отырып,  үгіт-на-

сихат  ісін  өрістетейік.  Қателік,  кемшілік-

теріміз болса, ақылдасып, ақ-қарасын айы-

рып, түзетейік. Бәрін де сабырмен бірлесе 

шешейік. Түсіністікпен жұмыс атқарайық.

Ақжайық  ауданы  әкімі  Ә.Т.Жоламанов 

өлке  тарихына  шолу  жасап,  шаруа-

шылықтарының  жәй-күйімен,  соңғы  жыл-

дарда қол жеткізген табыстарымен таныс-

тырды. Қазақ хандығының 550 жылдығына 

арналған  «Өз  өлкеңді  өзгеден  бұрын 

таны» атты аудандық ғылыми-практикалық 

конференция  материалдары  негізінде 

шығарылған  кітаптың  бірнеше  данасын 

мектепке  (директоры  Айгүл  Қадымова) 

тарту етті.

Бөкей  ордасы  аудандық  мәслихат  хат-

шысы  Е.Қ.Таңатов,  ақжайықтық  еңбек 

ардагері  Б.Д.Қоспаев,  шаруа  қожалығы 

жетекшісі  Н.Қ.Қайырқом,  ауданымыздағы 

«Луч  добра»  («Жақсылық  нұры»)  сла-

вян  этномәдени  бірлестігінің  төрағасы 

Д.Ф.Семилиди, 

«Нарын 

шуағы» 


әйелдер  қоғамы  бірлестігінің  төрайымы 

Г.И.Бисекенова өз пікірлерін ортаға салып, 

ақжайықтық  ақын,  Қазақстан  ақын-жырау-

лар  одағының  мүшесі,  республикалық 

айтыстар  мен  жыр  мүшәйраларының 

жүлдегері Сағынтай Бисенғалиев халықтар 

достығы  мен  ел  бірлігіне  арнаған  жырын 

оқыды. 


«Дөңгелек үстелде» екі аудан басшыла-

ры өзара ынтымақтастық меморандумына 

қол қойып, құжаттар алмасты. 

Ауданымыздағы  Ұлы  Отан  соғысының 

қос  ардагеріне  тарту-таралғыларын  ала 

келген  ақжайықтық  делегация  өкілдері 

ордалық 

Нәсіпқали 

Жұмағалиевтің 

сыбағасын  аудан  орталығындағы  ұлы, 

оташы-дәрігер  Әлімжанға  жиын  үстінде 

аманаттап  тапсырса,  сайқындық  Камал 

Нарболовқа үйіне апарып берді.

(Жалғасы 6-бетте).

«Бұл – мінәжат! 

Бұл – тағзым!»

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу, 

олардың  рухына,  ерлік  істері  мен  қажырлы  еңбегіне  тағзым 

ету  –  әрбір  Қазақстан  азаматының  қасиетті  борышы.  Мемле-

кет басшысының 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен 31 ма-

мыр – сол саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып 

жарияланғаны баршаға мәлім. Бұл тарихи санамызды жаңаша 

қалыптастыруға,  өшкенімізді  жандырып,  өлгенімізді  тірілтуге 

бағытталған аса маңызды қадам десек, қателеспейміз.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2007  жылғы  31  мамырда  сая-

си  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу  күніне  орай  сөйлеген 

сөзінде: 



«ХХ  ғасырдағы  саяси  қуғын-сүргін  –  мыңдаған 

жазықсыз  адамдардың  қаны  мен  көз  жасына  суарылған 

тарихымыздың  шерлі  беттерінің  бірі  болып  санала-

ды.  Әкімшілік-жазалаушы  жүйе  еңбектеген  сәбиді  де, 

еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ.

Біздің  ендігі  жердегі  борышымыз  осы  қанқұйлы 

жылдардың  оқиғасын,  оның  жазықсыз  құрбаны  болған 

азаматтардың  есімдерін  ұмытпау,  оларды  мәңгі  есте 

сақтау.  Сол  тоталитарлық  коммунистік  идеологияға 

сүйенген,  Сталин  бастаған  жүйенің  жосықсыз  ісі  әлі 

күнге дейін бойымызға ашу-ыза толтырады.

Біз сол жастай солған жасампаз тұлғалардың алдында 

ғұмыр бойы бас иіп өтуге міндеттіміз. Бұл – мінәжат! 

Бұл – тағзым!» деген болатын.

(Материалдар топтамасын газетіміздің 

4-5 беттерінен оқи аласыздар).

Жаңа басшы



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мем-

лекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ерғожиннің 

ағымдағы  жылдың  3  мамырдағы  №317  ж 

бұйрығымен Ғұмаров Радик Маратұлы Бөкей орда-

сы  аудандық  мемлекеттік  кірістер  басқармасының 

басшысы болып тағайындалды.

Р.М.Ғұмаров  1983  жылдың 

5  ақпанында  облысымыздың 

Жаңақала ауылында дүниеге 

келген.  Білімі  жоғары  –  Ба-

тыс  Қазақстан  инженерлік-

гуманитарлық  университетін 

қаржы  бакалавр  мамандығы 

бойынша  бітірген.  Еңбек  жо-

лын  2002  жылы  Жаңақала 

аудандық  салық  комитетінде 

операторлықтан 

бастаған 

ол  аталмыш  салада  түрлі 

қызмет 

сатыларынан 



өткен.  Ал,  2014  жылдың  10 

ақпанынан  бізге  келгенге 

дейін  Жаңақала  аудандық 

салық  басқармасының  ақпараттарды  қабылдау  және  өңдеу 

орталығы бөлімшесін басқарған.

Қасиетті өлкеде басшылық тізгінін қолға алып жатқан Радик 

Маратұлына  орынтағың  тұғырлы,  қызметің  табысты  болсын 

дейміз.


Жұбан елінен жеткен ән мен жыр

Құттықтаймыз!




жүктеу 360,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау