31 мамыр 2016 жыл
4
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Ұлт
тарихындағы трагедия
ген Ешматов Әубәкірді жамандап,
үстінен арыз жазып, сотталуына
себепші болғанын, «өгізге туған күн
бұзауға да келеді» дегендей, арты-
нан өзі де (Н.Алдишбаев) 10 жылға
сотталғанын жазады. Мақалада
Ә.Ешматовтың 1930-1931 жыл-
дары Сайқында мұғалім болғаны,
соңынан дәрігерлік оқуға аттанып,
барған жерінде кісі өлтірдің деген
айыппен сотталып, Сібірге айдалып
бара жатқанда пойыздың терезесі-
нен секіріп түсіп, Орал қаласындағы
облыстық прокуратураға өз аяғынан
келіп мәлім болғаны, бірақ, бір-екі
жыл өтпей жатып үкіметке қарсы
үгіт жүргіздің деген айыппен тағы
10 жылға Сібірге айдалғаны да ай-
тылады. Одан әрі Ә.Ешматовтың
1936 жылы Сібірдегі жаза өтеу кезін-
де туберкулез ауруына шалдығуы
себепті тұтқыннан босағаны, 30-
ыншы жылдардың аяқ кезінде
Қызылордадағы
пединституттың
• 1897 жылғы патшалық Ресейдің санақ дерегіне
қарасақ, сол кезде ала шапандылар, яғни, өзбектер
1 миллион 690 мың, ал, қазақтың саны 4 миллион-
нан асатын адамды құраған.
• Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Әлхамдулилла,
6 миллион болдық» десе, тағы бір деректе, яғни,
серб ғалымы Деан Субботичтің 1921 жылы шыққан
еңбегінде «1911 жылы қазақтар 8,5 миллион бол-
ды» деп көрсетілген.
• Кеңестік биліктің алғашқы 1920-1930 жылдарын-
да қазақтар 4 миллионға жуық адамнан айырыла-
ды, олай дейтініміз, 1921-1922 жылдардағы аштық
кезінде 1 млн. 700 мың, 1932-1933 жылдары 2 млн.
300 мыңға жуық адам көз жұмғанын айғақтайтын
деректер бар.
• Соңғы ресми мәлімет бойынша, 1932-1933
жылдар аралығында КСРО-дағы ашаршылықтан 9
миллионға жуық адам шығыны болды. Ал, бейрес-
ми деректерде 13 миллион деп көрсетіліп жүр.
• Сұрапыл 1928-1932 жылдар аралығында
«ұжымдастыру» деген ұранмен қазақтан 6 миллион
509 мың ірі қара, 18 миллион 566 мың қой, 3 милли-
он 516 мың жылқы тартып алынды.
• Жалпы есеп бойынша 1929-33 жылдары
аралығында Қазақстандағы мал басы 47 миллион-
нан 4,5 миллионға дейін кеміді.
• 1929-1931 жылдардағы 80 мың адамды қамтыған
372 шаруалар көтерілісі аяусыз басып жаншылды.
• Осы жылдары қазақ зиялыларының ашаршылық
туралы қаққан дабылдары кеңестік жүйе тарапынан
«ұлтшылдар», «халық жауы» деп танылып, қудалау
науқаны жалғасты.
• 1937-38 жылдары Қазақстанда 125 мыңдай
адам репрессияға ұшыраса, оның ішінде, 25 мыңға
жуығы ату жазасына кесілді.
• Кеңес Одағы тұсында қазақ жерінде «халық
жауы» атанғандарды тұтқындап, азаптаған ГУЛАГ-
тың 953 лагері жұмыс істеді.
•
1989
жылы
Мәскеудегі
«Мемориал»
қозғалысы үлгісімен деректерді іздестіру-зерттеу
жұмыстарымен айналысатын «Әділет» тарихи-
ағарту қоғамы дүниеге келді.
• Тәуелсіздік жылдары аралығында 146 мыңнан
астам күнәсіз жазғырылған отандасымыздың атта-
ры жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты.
• Заңнамаға сәйкес 340 мыңнан астам заңсыз
қуғын-cүргінге ұшыраған азамат ақталды.
• Тоталитаризм құрбандары жерленген жерлерде
ондаған ескерткіш белгілер орнатылған. Бұрынғы
ГУЛАГ лагерьлерінің орындарында мемориалдық
кешендер жұмыс істей бастады.
• 1997 жыл – Жалпыұлттық татулық пен саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы ретінде
жарияланды.
Деректер мен дәйектер
Зұлмат заманның зұлымдығы
1950 жылдың аяқ кезі. Ордадағы
М.Горький атындағы орта мектептің
бюджеттік интернатында жатып
оқыдық (бүгінде онда балалар кітап-
ханасы орналасқан). Сол уақытта
жас шамасы қырықтың ар жақ-бер
жағындағы Рахима есімді апай біз-
ге аспаз болды. Ол кісі жатақханаға
таяу орналасқан жатаған кішкене
үйде Ешматов Әубәкір деген ағасы
екеуі тұрғаны есімде. Ағасы мүгедек
болатын. Басы қалтылдап, қол-аяғы
дірілдеп, қолына таяқ ұстап, көше
кезіп жүретінін талай көрдік. Тілі
күрмеліп, сөзін түсіндіре алмай-
тын. Мұғалімдеріміздің, былайғы
кісілердің де айтуынша, Әубәкірді
мүгедек жасап, осындай ғаріп күйге
ұшыратқан зұлмат заманның салда-
ры екен. Өзі мұғалім әрі аса білімді
кісі болған көрінеді.
Ә.Ешматов 1909 жылы Орданың
«Сартөлген» қыстағында дүниеге
келіпті. Әубәкірдің екі қарындасы
болған. Үлкені есімі жоғарыда
аталған бізге аспаз болған апай. Са-
пия атты кіші қарындасы Жәнібекте
тұрып, дүниеден өтті. 1990 жылдары
«Орда жұлдызы» газетінде Алма-
ты қаласының тұрғыны Х.Шопанов
деген кісінің «Өткендердің ізімен»
атты көлемді мақаласы жариялан-
ды. Автор Ордада туып-өскен
Сақауов Темірғали деген кісі Ал-
маты қаласының Пастер көшесі
бойындағы №98 үйде тұтқынға алы-
нып, 1937 жылдың 23 қарашасында
үштіктің үкімімен атылғанын ба-
яндайды.
Сондай-ақ,
Алматы
облысындағы «Кетпен» орталау
мектебінің директоры Палтушев пен
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұрғали
Алдишбаевтар
басараздығынан
өзінің
жұмыстасы,
оқу
ісінің
меңгерушісі есімі жоғарыда келтіріл-
Кезінде Кеңестік тоталитарлық жүйе
миллиондаған адамдардың тағдырын тәрк
етті. Сондай солақай саясаттың азабын
тартқандардың бірі Ешматов Әубәкір де-
ген жерлесіміз болатын. Мамандығымызға
сай түртпектеп жүріп, көзіміз көргеннен
басқа ізденістің нәтижесінде ол кісі хақында
осы кезге дейін белгісіз болып келген біраз
жәйттердің беті ашылды.
орыс тілі және әдебиеті бөліміне
оқуға түсіп, облыстағы Сырда-
рия ауданының Зинкетер орталау
мектебінде мұғалім, оқуын одан
әрі жалғастыру үшін құжаттарын
ҚазПИ-ге аударып, Алматы облы-
сы Ұйғыр ауданының Нарын және
Кетпен орталау мектептерінде оқу
ісінің меңгерушісі әрі орыс тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі болғаны
баяндалады. Автор мақаласын
аяқтай келе: «Сонымен, Әубәкір Ал-
маты облыстық сотының 6 октябрь
1942 жылғы үкімімен 10 жылға сот-
талып кеткен. Қазір қайда жүргені,
өлі-тірісі белгісіз. Тірі не артында
ұрпақ болса, Ешматовтың Алматы
облыстық прокуратурасының 1990
жылғы шешімімен ақталғанын білу-
лері қажет»,-дейді.
Осы тұрғыда аталмыш мақалаға
орай, авторға жауап ретінде жазыл-
ған редакция түсіндірмесін келтіре
кеткен де жөн болар. Онда былай
делінген: «Бұл мақалада көрсетіліп
отырған Ешматов Әубәкір Ұлы Отан
соғысы кезінде Орда ауданына
қайтып келген. Соғыс кезінде Макар,
Жиекқұм орталау мектептерінде
орыс тілінен сабақ берген. Мектеп-
тер ажырап кеткеннен кейін Ордада
М.Горький атындағы орта мектеп-
те жұмыс істеп жүріп, денсаулығы
мүлде нашарлаған соң пенсияға
шыққан. Жоғарыда айтылғандай,
көптеген қиыншылықтардың салда-
рынан мүгедектікке ұшыраған. Ол
1973 жылы Орда селосында қайтыс
болды. Макар орталау мектебін-
де істеп жүрген кезде соғыста ері
қайтыс болған әйелмен отау құрған.
Одан екі қызы бар. Үлкен қызы Рим-
ма Алматы орман шаруашылығы
институтын үздік бітіріп, қазір Сочи
қаласында дендрарий паркінде
жұмыс істейді, семьялы. Екінші
қызы Карима да Алматы орман
шаруашылығы институтын үздік
бітірген. Ол Шымкент қаласында,
семьялы, жұмыста. Қыздардың ана-
сы кіші қызының қолында еді, қайтыс
болыпты деп естідік. Ал, мақалада
айтылатын үлкен қарындасы Рахи-
ма Орда селосында тұрып, еңбек
етті. Қазір сол Шымкенттегі сіңлісі
Каримамен тұрады. Қарындасы Са-
пия Жәнібекте тұрып, қайтыс болды.
Оның бір ұлы бар».
Өткендердің ізін іздеп, игілік-
ті іс жасаған автор мақаласының
түйінінде былай дейді: «СССР
Жоғары Советі Президиумының 16
январь 1989 жылы «30, 40 және 50-
інші жылдардың басында жазықсыз
жазаланғандар жайлы әділеттілікті
қалпына келтіру жөніндегі Указы
қазір толық іске асты. Сақауов, Еш-
матов, Алдишбаевтар сияқты тек-
тен-текке жазаланғандар ақталды.
Сондай ауыртпалық заман енді
халық басына төнбесін. Сол үшін
адамдарымыздың өткен тарихта не
болып, не қойғанын нақтылы дерек-
тер негізінде үздіксіз біле жүргені
дұрыс. Сұмдық күндердің сұмырай
істері жайлы талай-талай жазылар.
Мәселе жазықсыздарды ақтауда
ғана емес, заңсыздық дегенді түп
тамырымен
жоюда.
Праволық
мемлекеттің мақсаты да осы емес
пе?!» деп тәмамдапты.
Біздің де оған алып-қосарымыз
жоқ, ардақты ағайын!
А.ХАМЗИН,
тарихшы-өлкетанушы.