ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ
№37 (794)
23 маусым
2016 жыл
Газет 1931 жылдың
5 тамызынан шыға бастады.
e-mail: akketikaraii@mail.ru
ТҮ
ПҚ
АРАҒА
Н
Сонымен қатар жылдағы дәстүр бойынша
Түп қараған орталық аудандық ауруханасы
ұйым дастыруымен өтетін байқау негізінде
«Жылдың ең үздік дәрігері» атағын Садуақа сов
Қайрат Маратұлы иеленді. «Жылдың ең үздік
мейірбикесі» ата ғын жылы жүзбен қарсы алып,
өзінің аналық шуағын шашатын мейірбике
Фазылова Амираға берілді.
Ауданымызда көбінің денсаулықтары
сыр бергенде, дәл тауып, диагнозын қойып,
емін беретін Қайратты елдің бәрі құрмет
тейді.
Көпшіліктің балалары мен немерелерінің
сүндет тойын жасауына септігі тиіп жүрген
Қайрат Садуақасовты ауданда бәрі «қолы
жеңіл» деп мақтап жататыны да бар. Қолы
икемді, емге епті дәрігер бір жылдары ау
дандық аурухананы да басқарған бо латын.
Отаны асқан білімділікпен жасайтын бұл
дәрігер қолынан талай адам бейнетіне
қарай соқыр ішегін кестіріп, тіпті перзент
ханадағы қиын босанушыларды шалғай
дағы облыс орта лығына салдыр латып қоя
бермей, дүние есігін ашқан сәбидің кіндігін
де кестіріп жа тыр ғанын жиі естиміз. Білігін
де, білімін де дәлелдеген дәрігердің талай
адамның ажа лына араша болып, еміне дем
болатынына сене отыра Қайраттай азамат
дәрігері бар ау данның денсаулық саласы ақ
самайтына се неміз.
Милана ЕЛЕУСІНОВА.
Өткен аптада «Жасыл ел» жастар жасағы
маусымдық жұмысына кірісті. Биыл оның са
пында 40 қызжігіт бар екен. Көпшілігі сту дент
тер, жасы 16ға толған мектеп оқушы лары да
бар. Осы бағдарламаны қолға алып, үйлестіріп
отырған «Жастар орталығының» же текшісі
Гүлшат Бөлтенованың айтуынша, жас тар
негізінен тазалық жұмыстарымен және отырғы
зылған көшеттерді күтіпбаптаумен ай на лы
сатын болады.
– Жастар жасағына аз қамтылған отба сы
лардан шыққан балаларды көбірек тартуға
тырыстық. Айына 40 мың теңге жалақысы бар.
Биыл оларға арнайы тапсырыспен бір үлгідегі
жұмыс формасын тіктірдік, дейді Гүлшат.
«Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы ның
ашылуына «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалы төрағасының орынбасары Демеген
Садықов, аудандық әкімдіктің ішкі саясат
бөлімінің басшысы Алмагүл Ордабаева қа
тысып, жасақ мүшелеріне табысты жұмыс
тіледі. Сонымен бірге жасақ мүшелеріне облыс
орталығынан келген Н.Жантөрин атындағы
драма театрының гастрольдік қойылымына
тегін билеттер берілді.
«Жасыл ел» жастар жасағының еңбек мау
сымы 1 айға созылады. Одан соң тағы бір айға
жаңа жасақ жасақталатын болады.
Анар РАХИМБЕКОВА.
Түлектерді ақ жолға шығарып
салуға аудан әкімі Темірбек
Асауов, Маңғыстау об лысы білім
басқармасының басшысы Зей неп
Тастемірова, «Нұр Отан» пар
тиясының Түпқараған аудандық
фи лиа лы төрағасының бірінші
орынбасары Демеген Садықов,
«Жас Отан» жастар қана тының
өкіл дері мен үкіметтік емес ұйым
дар қатысты.
Дәл осы кеште ҰБТ қорытын
дысы атап өтіліп, үздіктер мара
патталды. Облыс әкімі Алик
Айдарбаев қолынан алтыннан
белгі тағынған ауда ны мыздың 5
оқушысына атаана ларымен бірге
аудан әкімінің қо лынан Алғыс хат
және бағалы сыйлыққа ноутбук алды.
Бір мектептің бір сыныбынан 4 «Алтын белгі»
мен 5 «Үздік ат тес тат» иелерін оқытып шы
ғарған, құрылғанына 2 жыл толса да жетістік
тері жетерлік, ауданды ғана емес, облысты
респуб ли калық, халықаралық байқау ларда
танытып жүрген Тілеубаева Қа лам қас басқа
ратын Ақшұқыр мектеплицейі «Үздік мектеп»
номинациясымен мара патталып, бағалы сый
лық ноутбук иеленді.
Сонымен қатар халықаралық ғылыми жо
балар байқауына қатысушылар мен 100 па
йыздық көрсеткіш берген үздік ұстаздар, жүзден
жоғары балл жинаған түлектер де кеш бары
сында марапатталды.
Милана ЕЛЕУСІНОВА,
1-2-ші беттегі суреттерді
түсірген автор.
Семинарды ашқан Қазақстандағы Konrad
Adenauer қор өкілдігінің директоры Томас
Хельм еліміздегі журналистика саласындағы
проблемалардың Германияда да барын атап
өтіп, заман ағымына қарай журналистердің
жаңа медианы меңгеру керектігін айтты.
Түске дейін инфографика және оның ди
намикалық түрлерін жасау, лонгрид, тақырыпты
іздеу жүйесінің тез тауып, оқы
лымын көбейту жолдары сияқты
тақырыпта «MediaNet» халық
аралық журналистика орта лы
ғының директоры Әділ Джа лилов
журналистердің білімін то лық
тырса, түстен кейінгі тренер Наз
гүл Қожабек ақпаратты текс еру,
ғаламторда жарияланған фото
немесе өзге ақпарттың түп нұс
қасын кім, қашан жарияла ғанын
анықтау және деректер қорын
қалай табуға болатынын үйретті.
Сонымен қатар смарт фон қо
сымшалары арқылы жур налис
тердің жұмыстарын жеңіл дету
мүмкіндіктерімен
та ныс тырды.
Се минар бары сында жур на лис
тер топқа бөлініп, практикалық тап сыр ма ларды
орындады. FAQ, лайфхак, лонгрид туралы
біліп, білімдерін жетілдірген журна листер жаңа
медиаға бір қадам жақын дай түсті деуге
болады.
Милана ЕЛЕУСІНОВА.
ИГІ БАҒДАРЛАМА
ЖАСЫЛ ЕЛ –
ЖАСТАРДЫҢ ЕНШІСІ
Елбасымыздың ұсынысымен қолға алынып, бүгінде ауқымды да маңыз-
ды шара болып қалыптасып алған «Жасыл ел» бағдарламасы біздің ау-
данымызда да жалғасты. Бағдарлама тек табиғатты қорғау мен экологияны
сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулуға да бағытталған.
Елімізде 2008 жылдан бастап ірі жұмыстар атқарылуда. Бағарламаға 200
мыңдай адам атсалысып, 44 миллиондай ағаш көшеттері отырғызылған.
Маңғыстаулық журналистер жаңа
медиа мүмкіндіктерін үйренді
«МediaNet»
халықаралық
журналистика
орталығы
және
«KonardAdenauer» қорының ұйымдастыруымен, Маңғыстау облыстық
әкімдігінің қолдауымен облыс журналистеріне арналған "БАҚ жұмы-
сында қолданылатын форматтар және қолданбалы құралдар" тақы ры-
бында семинар-тренинг өтті.
АҚ ЖЕЛЕҢДІ АБЗАЛ ЖАНДАР
ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР
АНЫҚТАЛДЫ
Аудан әкімі Темірбек Асауов медицина саласының қызметкерлерін
құттықтады. Маусым айында тойланатын кәсіби мереке қарсаңында
аудан әкімі аудандық денсаулық саласында қызмет етіп жүрген бір топ
қызметкерлерге Алғыс хат табыстаса, ауданның бас дәрігері Гүлшат
Бақытқызы Шалабаева Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Бағила
Қалиеваны, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосқаны үшін
Кенжеғали Қаниды марапаттады.
«АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!»
ТҮПҚАРАҒАН ТҮЛЕКТЕРІН ТҮЛЕТТІ
Түпқараған ауданына қарасты 8 мектептің 187 түлегіне аудан орталығы –
Форт-Шевченко қаласында «Ақ жол, жас түлек!» атты шара ұйым дас-
тырылды. Осы түлектер ішінде 16 түлек халықаралық ғылыми жоба
жеңімпаздары ретінде ҰБТ-ден босатылған. 144 түлек биыл елімізде он
үшінші рет ұйымдастырылған ҰБТ-ға қатысты. Мектеп бітірушілер 77
пайызын құраса, орташа ұпай – 87,7 пайыз. Бұл облыс бойынша ең жоғары
көрсеткіш. 5 «Алтын белгі», 5 «Үздік аттестат» иелерін түлетіп отырған
ауданның білім саласындағы жетістіктер жетерлік.
2
akketikaraii@mail.ru
АТАКӘСІП
«Аштықта жеген құйқаның дәмі естен
кетпейді» деген сөз бар. Құйқа естен кет
песе кетпейтін шығар, құйқаны берген
адам қайда?
Осы теңіз жағалаған дүйім елдің талайдан
бері несібесін ортайтпай, қазанын құрғатпай
келген балықшылар еді, олар естен шығып
бара жатыр.
Тарихтың тереңіне үңіліп қарасақ, балық
шылық деген кәсіп бұл өңірде бірнеше ға
сырдан бері бар көрінеді. Осыдан 800900
жыл бұрын үлкен портты қала болған бұл
жердің халқы балық ауламады дегенге кім
сенер? Әріге бармағанның өзінде, Маңғыстау
ға орыс әскерлері келместен бұрынақ жер гі
лікті ха лық ауқармағын күнелтіс қылғаны ту
ралы де ректер бар. П.Юдин 1892 жылы
шыққан «1870 жылғы Маңғышлақ жарты ара
лындағы Адай көтерілісі» деген кітабында:
«Адайлар еш кім нің де билігін мойындамаған
халық. Қырғыз дардың (қазақтардыңА.Қ.)
бас қа тайпала рымен байланыспай, саяқ өмір
кешкен осынау жаужүрек дала ұлдары қарақ
шылыққа аса бейім келеді. Олар балық шы
орыстарға ғана емес, басқа қырғыздарға, хи
уалықтарға, түрік мендер мен текеліктерге де
шабуыл жасап, барын тартып алып кетуге
шапшаң. Түрік мендер мен текеліктердің қа
рақ шылығы олар дан кем түспейтін, сон дықтан
екі арада қыр қыс көп болды» дей келіп:
«Адайлар бір жерде ұзақ отырмайды, үнемі
малмен көшіп жүреді. Бірақ теңіз жағалап,
балық аулай тындары да кез деседі» деп жа
зады.
Сондайақ 18321836 жылдары Маңғыш
лақты егжейтегжейлі зерттеген Ресей пат
шалық үкіметі Сыртқы істер миниcтрлігінің
қызметкері Г.С.Карелиннің, 1851 жылы Маң
ғыш лақта экспедициямен болған жазушы
Бронислав Залесскидің, орыс жағырапиялық
қоғамының мүшесі, Бөкей ордасының кеңес
шісі болған М.И.Иваниннің еңбектерінде де
бұл туралы деректер бар. 19031909 жыл
дары Маңғыстауға үш рет келген неміс
ғалымы Рихард Каруц: «Адайлар түрікмен
дермен қан ша жауласса да, өз араларына
сіңісіп кет кен түрікмендерге тиіспейтін. Ара
ласқұралас өмір сүретін. Олардың бірге ба
лық ауласып жүре тінін жиі көруге болады»
деп жазыпты.
Соған қарағанда, балықшылық – ата кәсі
біміз болса керек. Сол кәсіптің нәсіп болудан
қалғаны соңғы жиырма шақты жылда ғана.
Одан бұрын Ақкетік мынау көк теңіздің жаға
сындағы балық шаруашылығының ірі орта
лықтарының бірі болды. Сонау отызыншы
жыл дардың аштығынан елді аман алып
қалған да, соғыс кезінде майдандағы жауын
герлерді асыраған да осы балықшылар. Ау
құралын атадан балаға мирас қылған атақты
әулеттер болды. Ізтұрған Оразбаев, Сәду
Оразбаев, Өтеулі Қоңқақов, Айту Жол ма
ғамбетов, Мұқан Мұңалов, Әпуаш Нұржа
уова, Зәмзәм Өтешева, Қонысбай Аманқосов,
Ұрым Ідірісов, Тәуірхан Қанжанов сынды кеу
делері сыңғырлаған балықшылар шықты.
Бұлардың қазір көбі арамызда жоқ.
Мұнайшы келіп, балықшы судан шықты.
Каспийді тіліп, айлап жүріп, балық аулап, өң
деп, дайын өнім шығарған жүзбелі зауыт та
рымыз, алып кемелеріміз қазір қайда, ешкім
білмейді. Баяғы МРХФ атанып, дүрілдеп тұр
ған өндіріс орны жоқ болды. Осылайша талай
ғасыр бойы елдің күнкөрісін айырып, нәсібін
теріп беріп келген балықшылар тап ретінде
жо йылып кетті дейтіндей күн туды.
Бірақ бұл жағдай қазіргі бізге тарихымызды
ұмытуға, атакәсібімізді ұмытуға құқық бер
мейтін шығар. Айтыңыздаршы, бізде жыл са
йынғы Балықшылар күні неге аталып өтпей
жүр? Неге осы мерекеде «могиканның соңғы
тұяқтары» – ардагер ағаларымызды, апала
рымызды құрметтеп, ортамызға шақырып,
естеліктерін тыңдап, көңілдерін демдеп, қол
дап, көмектесіп, қамқорлығымызға ал май
мыз. Жағдай болса, дүрілдетіп той қылып,
қала мыздың қақ ортасына еңселі, әдемі етіп,
«Балықшылар» монументін қойса да артық
болмас еді. Бұл – әрине, идея – болашақтың
еншісіне қалатын шаруа ғой, бірақ осы мақа
ланы жазғандағы біздің айтарымыз – алда
келе жатқан Балықшылар күнін бір әдемі
шара етіп атап өтейікші! Бұл – қазіргі ұрпақ
тың ата кәсіптің ардагерлерінің алдындағы
парызы, міндеті деп түсінемін.
Айсағали ҚЫДЫР.
Елімізде әлеуметтік жағынан әлсіз топ аз емес екеніне әр
кезек қайырымдылық шаралары ұйымдастырылған сайын
көзіміз анық жетіп келеді. Бірі – әдемі көлік мініп, коттеджде
шалқып өмір кешіп жатса, екіншісінің – көлігі түгілі бүгінге
ішер асы болмай, күркеде өлмешінің күнін көруде. Кейбі
реулері кішкентай бүлдіршіндерімен жастай азаматынан
айрылған жалғызбасты аналар. Қоғамның осы теңсіздігіне
бейжәй қарамай, тапқанын тықпаламай, адал еңбегімен
тапқан тандырынан үзіп беретін, таразыны тең түсіруге
ниетті, қайырымды жандар біздің жанымызда бар екеніне
біз бүгін тағы куә болып, шын көңілден қуанып қайттық.
Бірі – жақсылықты жасырын жасайды, бірі – асырып жа
сайды. Шындығына келгенде ала пакетке бір банан мен бес
алманы салып, қайырымдылық жасағандарды да дабы
ралап жазып жүрміз. Бұл жолы жазғалы отырған қайы
рымды азаматтардың ісі біреулерге ой салса, екіншілерге
сабақ болса деген мақсат. Себебі бұл азаматтар ісін үлкен
іс деп бағалауға тұрарлық.
Қайырымдылық істерге ұйытқы болып жүрген жігіттердің
мешітте құран оқытып, көмек қажет деген отбасылардан
24 үй тізімін жасап, жақсылықпен қуаныш сыйлауға асығып
жатырғанын естіп, бұл бастамаларының орынды екеніне
қуана, сөзге тартып, арнайы сөйлескенді жөн көрдік. Бұ
лар – «Түпқараған жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бір
лестігінің мүшелерінен құралған ауданымыздың азамат
жігіттері екен. Мешіт жанына барғанымызда екі малды
жіліктеп, құран оқытып шыққан осы бастамашыл жігіттердің
бірі азықтүліктер тиелген «Газель» автокөлігін оталдырса,
екіншісі келесі көлікке 24 жілік салынған сары қалталарды
тиеп, жол бастады.
Өздерінің жақсылығын жария етпеуді сұраса да біз бұл
жігіттердің жақсы бастамасын қолдап, өзге де ұжымдар
мен азаматтарға ой салу болсын деген ниетте олармен
бірге жүруге сұрандық. Алғашқы көмектер табысталған
Аташ поселкесі мен Баутин ауылынан бірнеше отбасының
қуанышына куә болдық. Баутин ауылындағы 6 балалы
отбасының балаларының: «О, тамақ!» деп қуанғанына біз
де шын қуандық. Балалы үйдің ұрлығы жата ма, бар тірлігін
осы бір қуанышына сыйдырған балапандардың осыдан
кейін де тамақтары тоқ, көйлектері бүтін болып жүрсе екен
деп ойлайсың. Мәз болып қалған балалар балалық
шақтың бейқам келбетін көрсеткенмен, жүздеріндегі күл
кімен ағаларына риза екендіктерін білдіріп тұрғандай бол
ды.
ФортШевченко қаласының тұрғыны, екі мүгедек ба ла
ның анасы Анарға балаларының еміне қолданса, деген
ниетте ұсынған 20 мың теңге қаржылай көмектеріне қуа
нышымыз еселене түсті. Осы қарқынмен Аташтан 5 үй,
Баутиннен 8 үй, ФортШевченко қаласының басынан 11
үйге барып, көмек берілді. Шын ниетпен жүрген бірлестік
азаматтарына осын ша көп заттың бәрі бізге ме деп таңыр
қағандар да, алғысын жаудырып, ризашылығын білдір
гендер де көп болды.
Алдымен бұл жігіттер өздерінің азаматтық парызы мен
Алла разылығы үшін жасаған сауапты істерін тізбектеуден
бас тартты. Сөзге тарта отыра, бұл қайырымды жандардың
алдымен 600 мың теңге қаражатты аудан орталығы Форт
Шевченко қаласында тұратын, бір үйден пышаққа түскелі
отырған екі тумалас азаматтарға қолдау көрсету үшін
жинап, табыстағанын білдік. Жергілікті жердің тұрғыны,
1992 жылы туылған Жұмажанов Бауыржан 2012 жылдан
бері бауыр циррозы диагнозымен ауырады. Бірнеше ем
түрін көрген бұл жігіттің ауруына ем іздеген отбасы 2015
жылы несие алып Астанаға да апарған. Алайда еш көмегі
болмайды. Бүгінде үлкен отаға дайындық емін алып жа
тырған Бауыржанға ағасы Дәурен донор болмақ. Транс
плантация жасау үшін бір үйдің екі бірдей азаматы пышаққа
түсетіні ана мен әкеге, ағайын мен тумаға бататыны анық.
Осыған дейін елдің қаржылай қолдау көр сетуін сұрап,
әлеуметтік желіде берген хабарламасы негізінде ауыл ғана
емес, облыс орталығынан да көмек көрсеткен жандар
табылып жатырғанын Бауыржанның апасынан естіген едік.
Ер басына күн туғанда, елі барын білдіріп, дәл осы
жоғарыдағы ұйымның Бауыржанның сауығып кетуіне
тілектестік білдіргені құптарлық іс. Бұрын да еш жариясыз
осындай көмек түрлерін ұйымдастырып келген бұл жі
гіттердің жақсы ісі осымен де қорытындыланып қоймады.
Сонымен қатар қасиетті айда ораза тұтқан мұсылман ба
уырларға сәрсенбінің сәтіне салып, облыс орталығын дағы
медіреседе және аудан орталығындағы мешітте «ауыз
ашар» ұйымдастырып жатырғандарын да естідік.
Жақсылық пен жылылыққа, қайырым мен рақымға толы
айлардың сұлтаны – Рамазанда үлкен сауапты іске ұйытқы
болып, ұйымдастырып отырған жұмысшылардан құралған
кәсіподақ мүшелерінің сауапты бастамасы жақсылықтың
нышаны. Ізгілікпен қол ұшын созып, қиналған жанға қайы
рымды болып, тарыққан жанға қамқорлық көмегін беруді
жаратушы Алла да әрбір адамға бұйрық еткенін айтып
жатудың өзі артық. Біз куә болған жақсы істерді жігіттер әлі
талай жасайтынына шын сенеміз.
Милана ЕЛЕУСІНОВА.
«Бес бойдаққа бір той» спектаклін тамашалау үшін түпқарағандық
көрермен дер аудандық мәдениет үйіне жиналды. Театрдың көркем
дік жетек шісі, бас режиссері, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Тарлан»
сыйлы ғының иегері Гүлсина Мерғалиеваның мықты режиссерлігімен
сахналанған Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясы
жеңіл әзілдің артындағы әлеуметтік зілді, тұрмыстық проблемалар
мен қым батшылық, жетімдік пен жесірлік сияқты бірнеше жүктің
түйінін тарқатады. Басаяғы бір ауылдағы бір отбасының басындағы
бір оқиға арқылы жасы келіп үйленбеген Барболдан бастап, шал
іздеген Гүлбарамға (Гуля) дейін бойдақтар мен жесірлік мәселесін
көтереді. Қырманбай атты жесір шалдың насыбай тостағының
айналасында әңгіме басталып, мұңды монологы да бар қойылымға
кенже ұлы Жарбол жан бітіріп, күлдірудің көкесін көрсетеді. Мараттың
рөлін сомдаған актер кекештіктің образын оқсатады. Отты сөзге
емес, ойлы жүкті арқалаған жеңіл қалжыңнан құралған қойылымның
соңғы жағы Шүйкетай мен Күйкетай қыздарына келген жігіттердің
көрініс ішінде көрініс жасауында әдемі сомдалады. Күлкіден ішек
бүрілетін қалжың да қойылымда сол Алланың Әзіре йілімен келеді.
Сол Әзірейілге берген уәдесімен бір шаңырақта бәрі теңін тауып, бес
бойдақтың бір тойымен қорытындыланды. Театр әртістерінің өнеріне
тәнті жұрт кешегі әдемі кештен көтеріңкі көңілкүймен үйлеріне
тарқасты.
«Көргенде арманда, көрмегенде арманда» деп өнер сапарындағы
театр кешегі комедиядан соң С.Балғабаевтың «Біз де ғашық бол
ғанбыз» драмасын 16 жастан асқан көрермендерді кө руге ша қырды.
Айтпақшы, 16 жасқа дейінгі көрермендерге де базарлық ұсынылды.
Милана ЕЛЕУСІНОВА.
Балықшының баласы екенімізді ұмытып бара жатырмыз
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
ЖАҚСЫ АЙДА ЖАРЫЛҚАП ЖАТЫР
«Алаған қолым береген» деген жақсы сөз
бар. Тапқан табысынан зекет беріп, садақа
таратып, жақсылық жасау – жақсы іс ғана
емес, сауап және Алла разылығына бөлену.
АҚЖЕЛКЕН
Драма театры
Түпқарағанда
Репертуарында елудің үстінде түрлі жанрдағы
қойылымдары бар Маңғыстау облыстық Н.Жан
төрин атындағы музыкалық драма театры 14 мау
сымнан бастап, 2 күндік гастрөлдік сапарын Түп қа
раған ауданының орталығы – ФортШевченко қа ла
сы нан бастады. Жылдағыдай жазғы мау сымды
гастрөлге арнап, ел ішін аралайтын әр тістер шалғай
аудандардағы көрерменге дра малық, комедиялық,
ертегі жанрдағы қойы лым дарын ұсынды.
№37 (794) 23 маусым 2016 ж.
3
akketikaraii@mail.ru
ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
Форт-Шевченко қ. №3/23 16 мамыр 2016 жыл
Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 34/233
«Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының
10 бабының 3 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің
2016 жылғы 25 сәуірдегі №10-11-1482 ақпараттық хатының негізінде Түпқараған аудандық
мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы №34/233 «Түпқараған
аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2895 болып тіркелген, 2015 жылғы 11
желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс
енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының
әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Респуб-
ликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы
21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәсе-
лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес Түпқараған
аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Ізбен) осы шешімнің әділет
органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен
бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюд жеттік
мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Қ.Озғамбаев) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Л.АШЫҚБАЕВА
Аудандық мәслихат хатшысы А.ДОСАНОВА
Түпқараған аудандық мәслихатының
2016 жылғы 16 мамырдағы №3/23 шешімі
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3056 болып тіркелген)
г.Форт-Шевченко №3/23 16 мая 2016 год
О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от
29 октября 2015 года №34/233 «О внесении изменений в некоторые решения
Тупкараганского районного маслихата»
В соответствии с пунктом 3 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года
«О правовых актах» и на основании информационного письма департамента юстиции
Мангистауской области от 25 апреля 2016 года № 10-11-1482, Тупкараганский районный
маслихат
РЕШИЛ:
1. Внести в решение Тупкараганского районного маслихата от 29 октября 2015 года
№ 34/233 «О внесении изменений в некоторые решения Тупкараганского районного маслихата»
(зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за
№ 2895, опубликовано в информационно - правовой системе «Әділет» от 11 декабря 2015
года) следующее изменение:
преамбулу указанного решения изложить в новой редакции:
«В соответствии с Законами Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об
административно-территориальном устройстве Республики Казахстан», от 23 января 2001
года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан»,
от 21 января 2013 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам ономастики», Тупкараганский районный маслихат
РЕШИЛ:».
2. Руководителю аппарата Тупкараганского районного маслихата (А.Избен) обеспечить
государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное
опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой
информации.
3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по
вопросам бюджета Тупкараганского районного маслихата (председатель комиссии К.
Озгамбаев).
4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах
юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого
официального опубликования.
Председатель сессии Л.АШЫКБАЕВА
Секретарь районного маслихата А.ДОСАНОВА
Решение Тупкараганского районного маслихата №3/23 от 16 мая 2016 года (зарегистрировано
в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3056)
РЕШЕНИЕ ТУПКАРАГАНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА
Концертте сахна төрінен өз өнерлерін тарту еткен «Қызғалдақтар»
би ұжымының ең кішкентай тобының бишілері де демалушы бал-
ғындарды би ырғағында билетіп, көңілдерін көтерді. Аудандық
мәдениет үйімен бірлесе ұйымдастырып отырған шарада сөз алған
Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының бастауыш сынып жетек-
шісі, сауықтыру алаңының тәрбиешісі Баршагүл Ізтілеуова үнемі
жүлдемен қайтатын «Қызғалдақтар» би ұжымының республикаға
таныс екенін, құрамынан бірнеше бишілерді түлеткен үлкен ұжым
екенін айта отыра, жас жеткіншектер мен оқушыларды өнерге қадам
басуға шақырды.
Осы ұжымның жетекшісі Гүлнәр Жолдыбаеваға алғысын білдіріп,
немерелерін биге жетектеген әжелер де көрермендер арасынан
көрінді. Бүгінде би студиясы ретінде құрылған бұл ұжымның
жетекшісі Гүлнәр Жолдыбаева және өзінен тәлім алған шәкірттері
Жанар мен Айнұр осы би студиясында тәлімгер болып, бишілер ді
баптауға үлес қосуда. «Үлгілі» атағы бар бұл би ұжымының
облыстағы «Жорға» би тобында да бірнеше шәкірті – бүгінде
бишілер тәрбиелейтін ұстаздар. Әртістік пен би қойылымын шебер
ұш тастырып, қиюын келтіріп жүрген хореограф Гүлнәр Жолды баева
Түпқараған ауданындағы би өнерінің бастауы мен дамуында ерек-
ше орын алатын ұстаз.
Милана ЕЛЕУСІНОВА,
Суретті түсірген Фабиян ЖОЛДЫБАЕВА.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Қазақстанның бүгінгі
күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік
қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-
біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсы-
сын да қатты алаңдататыны анық.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес
сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды
қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін
теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра
пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал
болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз
жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу
немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, са-
рапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару,
жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға,
жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу,
лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе
өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың
барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пай-
далану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму,
нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін
баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси жә не
қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму
болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Елбасы биыл да «Қазақстан халқының әл-ауқатын арт-
тыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Демо кра-
тиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жем-
қорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап
көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құ былысты
жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу
саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді
күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын,
құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын
арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құ-
қықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-
әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану
керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конс-
титуциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес
аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік сая сат
жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық
салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері
деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның
институттарына сенімін нығайту – бүгінгі күндегі басты
мақсат болып табылады.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір
серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және
құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі
қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы
Пре зидентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жар-
лық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін же-
тілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-
алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз
етеді.
Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан
Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақ-
талуын қадағалап, аталған заңнама мен кодексі талап-
тарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіп тік
жауапкершілігін қарау белгіленген.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен
күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сы-
байлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бас тамасы
мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке
қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі ба-
сымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу
болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.
Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан
әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын
қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы
тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, Тәуелсіздігімізді
алып, әлемге танылғанымызға жиырма бес жылдай уақыт
өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында
мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне
бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қа-
былданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы
түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын ай-
қындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас
бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап,
уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет
етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы-
ның бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен
кү рес жолы.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық
Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық бо-
рышы деп білу керек.
Түпқараған ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі.
Сыбайлас жемқорлық –ІНДЕТ,
оны жою – МІНДЕТ
Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның
сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес.
Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол – әлеуметтік мәселе,
ол – коррупция. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған
заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ
бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.
«Қызғалдақтар»
билетті
Бүгінде жазғы демалыстарын мектеп жанындағы
сауықтыру алаңында өткізіп жатқан мектеп
оқушыларына Түпқараған аудандық мәдениет
үйінің «Қызғалдақтар» би ұжымы биден шашу
шашты. Балақайларға көңілді жаз сыйлауды
мақсат еткен шығармашылық ұжым тегін концерт
ұйымдастырып, өз репертуарларындағы
«тентектер», «орман жануарлары» көңілді
билерімен қатар өзге ұлт билерін, көркем
гимнастикадан нөмірлер ұсынды.
№37 (794) 23 маусым 2016 ж.
БӘРЕКЕЛДІ!
Білім
ЕСКЕРТУ
№37 (794) 23 маусым 2016 ж.
4
akketikaraii@mail.ru
ТҮ
ПҚ
АРАҒА
Н
Редакцияның мекен-жайы: Форт-Шевченко қаласы, кіші әкімдіктің жаны, «Ермахан» дүкенінің 2-қабаты. ТЕЛ/факс: 8(72938) 2-25-96, e-mail: akketikaraii@mail.ru
Меншік иесі:
Газет Ќазаќстан Республикасы Мәдениет және
аќпарат министрлігінде 6.02.2013ж.
тіркеліп, №13362-Г куєлігі берілген.
Газет “Маңғыстау - Медиа” ЖШС
Ақпарат және дизайн
орталығында беттелдi.
Таралымы:1230.
Индекс: 65809.
Газеттің бағасы
келісімді.
“CASPY PRINT” ЖШС
баспаханасында
басылды.
130000, Ақтау қаласы,
22 ш/а.
Тел: 750999, 750666.
Беттеуші дизайнер - Асем РАБАЕВА
Редактор - Милана ЕЛЕУСІНОВА
Тілші: Айсағали ҚЫДЫР,
аудандық қоғамдық-саяси газет
ТҮ
ПҚ
АРАҒА
Н
Директор -
Дархан УӘЛИХАНОВ
АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
23 МАУСЫМ
түнде: +25 күндіз: +29
24 МАУСЫМ
түнде: +26 күндіз +27
25 МАУСЫМ
түнде: +24 күндіз +27
26 МАУСЫМ
түнде: +23 күндіз +24
Жетекшісі - Әбдіғалым СӘРКЕНОВ
Фототілші - Анар РАХИМБЕКОВА
Газет жарияланымдарындаѓы
автор пiкiрi редакцияныњ т‰пкiлiктi
кµзќарасы болып есеп телмейдi.
Жарияланѓан материалдарды
сiлтемесiз кµ шiрiп басуѓа болмайды.
Жарнама, хабарландырулар
мазм±нына редакция жауап
бермейді.
Редакцияѓа жолданѓан
материалдарѓа ре цензия
жасалмайды жєне ќолжазба ав торѓа
ќайтарылмайды.
Тақырыптық суреттер ғаламтордан
алынады
27 МАУСЫМ
түнде: +22 күндіз +23
ХАБАРЛАНДЫРУ
ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛСЫН
Есірткінің қандай түрлері бар?
– Медицинада ауруды басу үшін қолданыла
тын (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин,
кофеин, омнопин, промедол, метадон, көкнәр,
және т. б. заттар жатады.
– Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш,
ана ша, марихуана және т. б.
– Психикаға белсенді әсер ететін заттар – ан
фетамин (финамин) сиднокарт.
– Қолдан жасалған эфедрин немесе эфед
рин нен алынған эфедрон, первитін, экс трази,
фентози дәрідәрмектері және т. б.
– Ұйықтататын және седатифтік заттар –
бар битураттар, бензодиазипиндер, натрий ок
си бу тироты және т. б.
– Галлюценогиндер (фенциклидин, кетами,
ЛСД, псилоцибин, және т. б.).
– Холинолиттік әсері бар кейбір дәрідәр
мектер (паркинсонға, аллергияға қарсы қол да
нылатын циклодол, демидрол, пиполь фен және
т. б.).
– Өндірісте және тұрмыста қолданылатын
хи миялық заттар құрамындағы органикалық
ұшпа заттар (бензин, бензол). Бұларды көбінесе
иіс кейді. Адам организмі мен пси хикасына күш ті
әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолда нылатын
есір т кінің түрі – анаша.
Анаша – сұр түсті химиялық зат, облыстық
және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқы
мынан алынады.
Есірткі қолданудың қандай жолдары
бар?
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары
бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, өйткені
қалай болсын, бұл қабылдау есірткіні бірден
қан арқы лы тез миға жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға бо ла
ды (егу, иіскеу, шайнау).
Ең көп тарағаны – шаншу немесе егу арқылы
қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті.
Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол
себепті нашақорлар денелеріне ине салуға
болатын жерлер іздей бастайды. Инені қол та
мырларынан басқа да тамырларға салады.
Көбі несе атааналар балалардың қо лының
тамырын қадағалап, аман екен деп алаңсыз
жүре береді. Ал олар аяқ, жауырын та мыр ла
рына салдыруы мүмкін.
Есірткінің адам организіміне әсері қан
дай?
Адам организміне түсетін барлық есірткі түр
лері қан арқылы адамның барлық дене мүше
сіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, улан
дырады. Есірткіні алғаш қолданған адам ның
басы қатты ауырып, әлсіздік басады.
Есірткіні андасанда қолданатындардың іші
өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті бол
майды, жиі құсады, аяққолдарының сіңірі оқ
тыноқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауру ла
рымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқ палы
жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шал ды
ғады. Та маққа тәбеті жоғалады, жиі шөл дейді.
Олардың көз жанары солғын бо лады.
Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әб ден
есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эн до
рофин заттары оған үйренеді де жүйке жасу
шаларын өлтіре береді. Адамның миы еш
теңеге зейін қомайтын, әлсіз болып қала ды.
Сондықтан, дәл қазір адамзат ұрпағына тө
ніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын,
қо ғамға, адамдарға осы дерттің зар даптарын
түсіндіру қажет.
Елбасы өзінің халыққа Жолдауында: «Сала
уатты өмір салтын қалыптастыру» туралы бағ
дар ламасында нақты айқындап, көрсетіп берді.
Бо лашақ Қазақстанның жастары сала уатты да,
тәрбиелі, шыныққан да шымыр, эколо гиялық
са уатты, ауасы таза, көк желекті да мыған елде
тұруы керек» – деп айтып өткен.
Олай болса, ұрпақтың амандығы, өз денсау
лығымыз өз қолымызда.
Б.И.КАЛИЕВА,
Түпқараған аудандық орталық
ауруханасының наркологдәрігері.
Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі запастағы 29 жасқа дейінгі офицер лерді
келісімшартпен, «Артиллерия», «Медицина қызметі»
мамандықтары бойынша әскери қызметке шақы
рады.
Әскери қызметтің басымдылықтары:
1. Лайықты жалақының кепілдендірілген және
уақы тылы төленуі – бастапқысы 120 000 теңгеден
200 000 теңгеге дейін.
2. Мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз
ету – тұрғын үй қорында қызметтік тұрғын үй
болмаған жағдайда тұрғын үйді жалдауға арналған
ақшалай төлемақы (мөлшері отбасы мүшелерінің
санына және жұмыс орнына байланысты) төленеді.
Маңғыстау облысы бойынша бір отбасы мүшесіне
35730 теңгені құрайды.
3. Жыл сайынғы негізгі демалысын беру. Жыл
сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы еңбек
сіңірген жылдарына байланысты: 40 тәулік.
Әскери қызметшіге демалыс беру кезінде екі
лауа зымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға
жәрдемақы төленеді.
Ниет білдірген азаматтар мына мекенжай
бойынша хабарласуға болады: Түпқараған
ауданы, ФортШевченко қаласы, Еркеғұлов
көшесі, №2. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.
Телефон: 8/72938/22164.
Ескертпе: 9:00 18:00 уақыт аралығында
хабарласуларыңыз сұралады.
Есірткісіз
еліміз, көркейеді жеріміз
Есірткі дегеніміз не? Есірткі – (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқымен
ұмыттыру мен жансыздадыруды білдіреді. Бұл – адамның көңілкүйін, санасе
зі мін, мінезқұлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адам
ның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз.
Әлеу меттік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.
Қазіргі жаз мезгілі кезінде көптеген адамдар су
айдындарында демалуға немесе ұсақ балық ау
лауға шығуы және ешқандай құралсайман дарының
тү гел дігіне көз жеткізбей, қызығушылықпен су ай
дындарына баруы, әртүрлі себептермен қайғылы
қазаға ұшырауы көптеп кездесуде. Былтырғы 2015
жылы суға кеткен адам саны – 5, ал құтқарылған
адам саны – 2. Осы суға кеткен 5 адамның 3уі –
балық аулау кезінде суға кеткендер. Балық аулау
кезінде су қоймаларындағы қайғылы оқиғалар
кезінде ең бастысы сабырлық сақтаңыз! Суда
болудың әрбір секундында қарсы ісқимыл жасаңыз.
1015 минут мұздай суда тұру адам өміріне қауіпті.
Басыңызды су астына батырмауға тырысыңыз! Зар
дап шеккенге көмек көрсету үшін арқан, белдік,
тақтайша берген дұрыс. Содан тез арада жылы үй
жайға немесе машинаға жеткізу, егер зардап
шеккеннің тыныс алуы кенет төмендесе, жасанды
тыныс жасаңыз, содан кейін ыстық сусын ішкізу.
Одан әрі емдеуді дәрігерлер жүргізуі тиіс. «Жедел
құтқару қызметі» қай ғылы оқиғаларды болдырмау
үшін мыналарды ескертеді:
– Ауа райының дұрыс болуы.
– Демалу және балық аулау үшін теңізге шығу
кезінде «Жедел құтқару бөлімшелерімен» келісу
қажет.
– Терең жерлерге және белгі қойылған орын да
рынан асуына тыйым салынады.
Өзіңізге, денсаулығыңызға абай болыңыз, өйткені
үнемделген бес минут Сіздің барлық өміріңізді ауыс
тыра алмайды. Атааналар балаларды қараусыз
қал дыр маңыз! Егер сіз оқиғаға куә болсаңыз, ол
туралы дереу 112 немесе 50558 құт қару қызметі нің
телефоны бойынша хабарлаңыз.
«ФортШевченко қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі.
ФортШевченко қаласының
«Жедел құтқару қызметі».
Су айдындарында
АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!
«Жедел құтқару қызметі» мем лекеттік мекемесінің алға қойған ең басты мақсаты
– су қой мала рын да қайғылы оқи ғалардың алдын алу, сонымен қатар судағы
төтенше жағ дайлар салдарын жою бойынша анық жоспар ланған, жап пай өткізілетін
және жұмысты ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.
Жалау Мыңбаев атындағы мектепгимназиясын бітіргендігі туралы (бұрынғы А.Е. Баутин орта
мектебін) 1998 жылы
Утешов Тұрсынбек Сайынбаевич атына берілген МОБ №0039439 орта білім
туралы аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
***
Азирбаев Орысбай Тилегенович атына берілген Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық
селосы жеке тұрғын үйді орналастыру және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 13199004126 санды
жеке меншік құқықтағы 0,2 га жер теліміне жеке меншік құқығын беретін актісі жоғалуына байланысты
жарамсыз деп танылсын.
САТЫЛАДЫ
ФортШевченко қаласында Досан Тәжіұлы көшесі, 6/2 қос қабатты тұрғын үйден, үш бөлмелі
үй сатылады. Суы, жылуы, газы бар. Бағасы келісім бойынша.
Байланыс телефоны: 87053923402, 87013162993.
ХАБАР АЙТАМЫЗ
«ӨЗІҢНЕН БАСТА!»
«Таушық селосы әкімінің аппараты» Таушық селосының әкімі Ш.Азирбаевтың «Өзіңнен баста!»
акциясы аясында 2015 жылдың қаңтаржелтоқсан айларындағы жылдық табысы 1 968 603 теңге 84
тиын, Түпқараған ауданы, Таушық селосы, А.Тілеуұлы көшесінде 0,2 га жер аумағында тұрғын үйі бар
екенін акция аясында жария етеді.
Руы Қалша Жеменей
Елеусінов Серік Балмұханұлының жылдық садақасы (24 маусым – қонақасы)
25 маусым күні болатынын хабарлаймыз.
Хабар айтушы: отбасы, балакеліндері.
Мекенжайы: ФортШевченко қаласы, М.Әбдіхалықов көшесі, 69 /2 үй.
«Теңізшевройл» ЖШС Баутин селосының тұрғындарын
Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды
бас қа ру жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша ақпарат беруге
арналған кез десуге шақырады
«Теңізшевройл» ЖШС Баутин селосының тұрғындарын Келешек кеңею жо басы
Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖҰЕҚБЖ) бойынша ақпарат
беруге арналған кездесуге шақырады.
Кездесу
2016 жылғы 28 маусымда сағат 16:00де Баутин селосы, 8 март
көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Жалау Мыңбаев атындағы мектепте өтеді.
Аталған кездесуге қатысты сұрақтарыңызды
tcofp@tengizchevroil.com электрондық поштасы немесе
+7 7122 27 19 74 телефон нөмірі арқылы жолдауға болады.
Түпқараған ауданы прокуратурасының ұжымы аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Абдуллаев Асан
Хасанұлының жолдасы
Ержанова Ботакөз Қауымбайқызының
ауыр науқастан қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туғантуысқандарының қайғысына
ортақтасып, көңіл айтады.
Түпқараған ауданының тұрғындары назарына!
Достарыңызбен бөлісу: |