2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет41/181
Дата20.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#39332
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   181
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Мектепке дейінгі даярлық сыныптары үшін каникул күндері мектептердің ішкі тәртіп 
ережелеріне сәйкес белгіленеді (ҚР БҒМ №595 бұйрығы).
 
Тәрбиелеу-білім беру процесі: 
- перспективалық жоспарға
- тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне (аралық, қорытынды) 
сәйкес жүзеге асырылады. 
Перспективалық жоспар – әрбір айға білім беру ұйымының кестесіне 
сәйкес Үлгілік оқу жоспарында айқындалған ұйымдастырылған іс-әрекеттері 
бойынша тәрбиешімен, денешынықтыру нұсқаушысымен, қазақ тілі мұғалімі 
және 
музыка 
жетекшісімен 
құрылады. 
Перспективалық 
жоспарда 
ұйымдастырылған іс-әрекеттердің тақырыбы мен Үлгілік оқу бағдарламасы 
мазмұнына сәйкес міндеттері айқындалады. Ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің 
ұзақтығы 25-30 минутты құрайды. 
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес 
топтардың толықтырылуы:
1) мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) - 25 баладан 
артық емес. 
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормасына сәйкес 
мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында 
кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу 
үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды. 
Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды атқарады:

перспективалық жоспарды және циклограмманы (балалардың 
мектепалды сыныбында болатын мерзімге) құрастырады; 


64 

ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізеді; 

таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің 
түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперименттік, дербес және т. б.), 
серуен, жеке жұмыс ұйымдастырады; 

балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг 
(бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізеді; 

ата-аналармен жұмыс жүргізеді; 

білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға қатысады; 
(жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.); 

ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс- 
шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді. 
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттерінің бірі – болашақ бірінші 
сынып оқушысының мектепте оқуға қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру 
болып табылады.
Осы міндетті іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептер 
жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі 
ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар 
үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін) мектепалды даярлық курстары 
өткізіледі. 
Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш 
мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік 
дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайларына табысты бейімделуін 
қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру. 
Курстардың мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
бағдарламасының негізінде әзірленген (
www.irrd.kz
) және балалар әрекетінің 
түрлерін кіріктіру арқылы іске асырылады. 
Курс балаларда мектепке психологиялық дайындықтың қажетті деңгейін 
қалыптастыруға, құрдастарымен және педагогтермен қарым-қатынас жасауға 
бағытталған белгілі бір логикаға құрылған өзара байланысты кіріктірілген 
сабақтар жүйесін ұсынады. Әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі – ойын- 
сабақтар. Барлық сабақтар балаларға қызықты саяхат ретінде (мысалы, квест, 
логикалық ойындар, саяхат сабақ т. б.) өткізіледі, олардың барысында бала оқу 
міндеттерін қолжетімді тәсілдермен шешуге үйренеді. 
 
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын 
талаптар
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-
ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті 
ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал 
ететін жабдықтар
мен басқа да жарақтарды пайдалану. 
Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары
мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын 
материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен 


65 
ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала 
жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады. 
Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен 
әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына 
мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек. 
Дамытушы орта мыналарды:
• Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды; 
• инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда — оған қажетті жағдайлар 
жасауды; 
• білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық 
жағдайларды ескеруді; 
• балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс. 
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:
- қауіпсіз; 
- қолжетімді; 
- әртүрлі; 
- мазмұнды; 
- көп атқарымды; 
- өзгермелі; 
- тартымды. 
Мектепалды даярлық топтарында (сыныптарында) заттық-кеңістіктік 
дамытушы ортаға қойылатын талаптар:
дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар
сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі 
материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, 
боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті 
ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың 
жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы 
иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен 
карточкалар.
Сонымен қатар, көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың 
болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын 
барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын іске асыруда
шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады. 
Сондай-ақ, балаларға ойын барысында бастама танытуға, өз 
қызығушылықтарына сәйкес әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беру үшін 
педагогтерге дамытушы ортаны жеткілікті және әртүрлі материалдармен байыту 
ұсынылады. 
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында 
заттық-кеңістіктік ортаны ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына 
сәйкес зоналар бойынша жарақтандыру ұсынылады. 
 

жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау