Жаратылыстану
«Здравствуй, птичья страна!» атты экологиялық мереке сағаты болып өтті. Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарға «Қанатты кемпірқосақ» атты кітап көрмесін ұсынып, қанатты өкілдер әлемі, құстардың қызықты сәттері жайында мағлұматтармен таныстырды. Балалар «Құсты дауысынан таны», «Суреттерді құрастыр» атты сайыстарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күймен құстар туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсірді. Сонымен қатар, «Құстар – кітап кейіпкерлері» атты әдеби викторинаның (слайд бойынша жасалған) сұрақтарына жауап берді. Балалар барлығы бірлесе құстарға арналған үйшіктер жасап, оларды ағаштарға ілді. Құстар күні біздің кітапханада жас оқырмандарымыз таңғажайып және қызықты қанатты достарының әлемі жайында білімдерін тереңдетті. (№2)
Қысқы демалыс уақытында, әртүрлі жастағы оқырмандар арасында, құстарға үйшіктер дайындау үшін«Покормите птиц зимой» шеберлік сағатын өткізді. Балалар кітапханашымен бірлесе отырып, қаламыздағы құстардың түрлерін, қыстайтын құстарды, жылы жаққа ұшатын құстарды естеріне түсірді. Олар бірлесе өздерінің қанатты достарына, үйшіктер жасады. Дайын болған үйшіктерді, барлық балалар жұмыла ілуге аттанды. Жаз айында қызықты ойындар, байқаулар, сонымен қатар жаздық оқулар ұйымдастыру №2 кітапхана-филиалы жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. 16 маусым күні кітапхана қызметкерлері №16 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» лагерінің балаларымен «Знай, люби и береги природу» атты экологиялық сағатын өткізді. Кітапханашылар балаларға танымдық ақпараттарды ойын түрінде жеткізуге тырысты. Олар: «Если бы природа смогла заговорить...», «Если бы я стал художником» және «Если я стану поэтом» атты қызықты ойындарға қатысты. Әдеби викториналарға белсенді жауап берген лагерь демалушылары табиғат туралы қойылым қойып, өлеңдер шығарды. Шара барысында «Паутина жизни» атты ойынға қатысып, табиғаттың қадір-қасиетін, олардың өзара байланыстары бар екенін түсінді.
Жер, жер шары – бұл біздің ортақ үй, мұнда су-жер тіршіліктері адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге барлығына орын бар.
28 сәуір №2 кітапхана-филиалында өте қызықты және көңілді «Паутина» атты экологиялық ойын ұйымдастырылды. Бұл ойында қатысушы оқырмандарға тордың көмегімен сұрақтар жазылған шеңберді өту жүктелді. Балалар екі командаға бөлінді. Сұрақтар жеті бағыт бойынша ұсынылды. Ұсынылған өрмекшінің белгісі түріндегі бағытта – қатысушыларға жүру кезегі бұйырды, маржан белгісінде қосымша ұпайлар беріліп, судың тамшысы белгісінде ұпайлар алып тасталынды. Оқырмандар гүлдер, саңырауқұлақтар, құстар және т.б. табиғаттың таңғажайып сырлары жайында тамаша мағлұматтар алды. «Жук» және «Бабочка» атты екі команда да өз белсенділіктерін және білімдерін көрсетіп, іс-шара соңында достық жеңді. Қатысушы барлық бала кітапхананың атынан диломдармен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |