Адамгершілік, мейрімділікті дәріптеу
Б аланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде кітапхана шешуші роль атқарады. А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Ата-анам- алтын тұғырым» атты сурет салу байқауы өтті. №16 орта мектебі және Абай атындағы №2 лицей-мектебінің оқушылары, байқауда өз шеберліктерін көрсетіп, шығармаларды ойдағыдай орындап шықты.(ОҚБК) Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Қазақ тарихындағы әйелдер», «Аналардың әуестену әлемі», «Ана - сұлулықтың символы» атты бөлімдерден тұратын «Аналар күнінің ғажайыбы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің ерекшелігі - «Ата-анама мың алғыс!» деген атаумен қағаздан жасалған түймедақ гүлінің әр жапырағына олар аналарына ізгі тілектерін жазды. Көрменің «Ата-анам - алтын тұғырым» деп аталатын бөлімінде алғыс айту мерекесіне орай балалардың өз қолдарымен салған суреті топтастырылды. Балалар тамаша суреттерімен ата-аналарын қуантуға барынша тырысып, үлкен жүрекпен жасаған туындылары көркем де әсерлі болып шықты.Ал «Доброта в нас и вокруг нас» әңгіме 1 наурыз – алғыс айту күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасына келіп, қызықты іс-шараның куәсі болды. Аталмыш мерекенің тарихынан мол мағлұмат алып, балалар «Курт – драгоценный камень» атты бейне-фильмді тамашалау арқылы лагерь жанындағы қазақтардың жасаған жанашырлығы мен мейірбандығының арқасында тұтқын әйелдердің аман қалғандарын білді. Шараның негізгі мақсаты – балаларды мейірімділікке тәрбиелеу арқылы адамгершілік құндылықтарын байыту, достық пен бейбітшіліктің қадірін ұғындыру. Шара барысында әр елдің салты бойынша балалар бір-бірлерімен ойын түрінде сәлемдесу рәсімін көрсетіп, жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Кеш соңында балалар үйіне «Подари книге жизнь» акциясы бойынша кітапханамызға оқырмандардың сыйға тартқан кітаптары табысталды. Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.ОҚ балалар кітапханасында өткен «Отбасым-бақыт мекенім» атты кездесу кеші адамзат өміріндегі ең басты құндылық -«Отбасыға», оның маңыздылығына арналды. Балаларға ата-аналарымен бірге, ребустарды шешіп, отбасы туралы жұмбақтарды құрастыру тапсырмасы жүктелді, сонымен қатар қатысушы отбасылар кездесу барысында жүректің көмегімен бір-бірлеріне өз отбасында жиі қолданатын мейірімді жүрек жарды сөздерін айтты. Іс-шара соңында №9 орта мектеп психологы П.А. Кабылдина «Паутина» атты ойын-тренингін өткізді. Іс-шара өте көңілді және қызықты өтті. Балалар отбасы құндылықтары жайында жан-жақты мағлұматтар алды. «Библиотека, книжка, я - вместе верные друзья» отбасылық қарым-қатынасына бағытталды. «Жұлдыз» бала-бақшасындағы бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге кітапханаға қонаққа келді, олар кітаптар патшалығына келіп, жастарына байланысты ең қызықты және ең үздік кітаптармен танысты. Ата-аналар отбасы туралы мақал – мәтелдерді айтып естеріне түсірді. «Узнай по голосу маму, сына, дочь» атты ойын о йнады. Кітап әлеміндегі кездесу өте қызықты және танымды өтті. (ф№5)«Алғыс айту» күніне «Дари добро» атты №3 мектеп оқушылары арасында алғыс айту сағаты болып өтті. Балалар «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қ ажет?» аттыпроблемалық сұрақтар арқылы өз пікірлерін білдірді.Сонымен қатар балалар мақал- мәтел айтып жарысты Іс шара арасында «Автограф» ойынын ойнатылды. Әр оқушыға артына қағаз бекіту арқылы басқа балалар бір-біріне деген жақсы тілектерін жазып, алғыс айтысты.
Достарыңызбен бөлісу: |