ЖҰЖ тармақтарын орындау бойынша ақпарат
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалы туралы
«Цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі шараларды ескере отырып (3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық сервистер, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беруде және басқа), цифрлық индустрияны дамытуға бағытталған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және қабылдау, коммуникацияларды дамыту және оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қол жеткізу» 1 т. бойынша:
Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 2016 жылғы 17 маусымда ҚР Үкіметінде Премьер-Министрдің қатысуымен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының жобасының концепциясын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) таныстырды.
Мемлекеттік бағдарламаның жобасы 2016 жылдың ішінде мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп әзірленді.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның дамуының басым бағыттарының бірі экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртуы дегені өздеріңізге белгілі. Осыған байланысты, Президент Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды.
2017 жылы мамыр айында Перезиденттің Жолдауын іске асыру мақсатында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Министрлік мүдделі органдармен бірлесіп ҚР Үкіметіне «Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын енгізуі тиіс, 2017 жылғы қыркүйек айында – Мембағдарлама бекітілуі тиіс.
Осыған орай, қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының жобасын, Мемлекеттік бағдарламаның жобасына мүдделі органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын келісе отырып, әрі қарай пысықтау жұмыстары мақсатты түрде жүргізілуде. Бұл үшін, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде енгізілетін жобалық басқару шеңберінде Премьер-министр канцеляриясы және Ұлттық экономика минисрлігі ұсынған үлгілік құрылымға сәйкес енгізу штабы қалыптасты. Осыған орай, Бағдарламаның жобасына мүдделі органдардың өкілдерінің қатысуымен ұсыныстарды талқылау бойынша кеңестер өткізіледі.
Сонымен а.ж. 11 сәуірінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бұйрығымен Мемлекеттік бағдарламаны дайындау және қабылдау бойынша Жол картасы (ұйымдастыру іс-шараларының жобасы) бекітілді.
А.ж. 12 сәуірінде «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) мүдделі органдарға, ұйымдарға және ассоциацияларға келісілуге бағытталды.
Ағымдағы уақытта Қаулы жобасы 16 атқарушы органдармен, 12 орталық мемлекеттік органдармен және ҚР Президентіне есепті 12 органдармен келісілді.
2017 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша Қаулы жобасын Ұлттық экономика, Заң және Қаржы министрліктерімен келісу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінде өткен кеңестің хаттамасына сәйкес, айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, Мемлекеттік бағдарламаның жобасын жетілдіру тапсырылды, сонымен қатар уәкілетті органдармен және ұйымдармен бірлесіп тұрақты негізде ІТ-саласын дамытуда пайда болған сұрақтарды талқылау үшін ІТ-қоғамдастықтардың өкілдерімен кездесулер өткізу тапсырылды.
Мәселен, 2017 жылғы 9 және 22 маусымда вице-министрдің төрағалығымен Мемлекеттік бағдарламаны жаңа ұсыныстармен толықтыру мақсатында IT-қоғамдастықтардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, 2017 жылғы 20 маусымда А. Жұмағалиевтің Қазақстанды цифрландыру мәселесіне қатысты хатына ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы келіп түсті.
2017 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінде өткен кеңестің қорытындысына сәйкес, Үкіметке Қаулы жобасын енгізу мерзімі 2017 жылдың 1 тамызына ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан - 3D-принтинг, онлайн-сауда, ұялы банкинг, цифрлық сервис, сонымен қатар денсаулық сақтау және білім мәселелеріне қатысты.
Қазіргі уақытта 3D-принтинг бойынша іс-шара Мемлекеттік бағдарламаның Жоспарының жобасында «робототехника 3D-принтингін өндірісте қолдану» іс-шарасы деп қарастырылған (ҚР ИДМ, АКФ ПИТ (келісу бойынша) орындауға жауапты) (2017-2020 жж.). Сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкі Мемлекеттік бағдарламаға «электронды төлем және электронды сауда инфрақұрылымын дамыту» іс-шарасын ұсынды, ҚР денсаулық сақтау министрлігі «интероперабельность платформасын дамыту» жобасын ұсынды. (бөлімдерінде: денсаулық сақтау жүйесінің мониторингі; науқастың денсаулығын қадағалау және мониторингі, аурудан алдын ала сақтандыру ұлттық сервисі; электронды рецепт және жолдама беру ұлттық бірегей сервистері; мобильдік қосымшалармен және IoT құрылғыларымен интеграцияны қолдау ; науқастарға арналған денсаулық сақтау біліктілігінің бірегей базасын іске асыру; медициналық қызметкерлер және медициналық ЖОО-ы; клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау) (2017-2020 жж.).
Сонымен қатар ұялы банкингті дамыту мәселесі ықтимал шешімдерді пысықтау сатысында екендігін айта кетеміз.
Талшықты-оптикалық инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша:
Интернет желісімен кеңжолақты қамту базасы шеңберінде қазіргі заманғы байланыс қызметтерін ауылдық елді-мекендерге енгізудің деңгейін арттыру мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (Бұдан әрі - Министрлік) «Қазақстан Республикасының ауылдық елді-мекендерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу» жобасын (Бұдан әрі - Жоба) іске-асыру жұмыстарын жүргізуде.
2017 жылғы 11 мамырдағы Ақпарат және коммуникациялар, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің және де «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Ұ. Маминнің төрағалығымен өткен Кеңестің қорытындысы бойынша, байланыс саласының уәкілетті органына «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінде талшықты-оптикалық желілер салу» Жобасының экономикалық тиімділігін нақтырақ есептеу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының шеңберінде іске асырылатын байланыс қызметтерінің тарифтерін бекіту құзыреттерін беру қажеттілігі қарастырылды.
Осыған байланысты, Министрлік Парламент Мәжілісінде қарауда жатқан Заң жобаларының шеңберінде жоғарыда көрсетілген құзыреттерді бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Заңнамалық деңгейде құзыретті бекіткеннен кейін, Министрлікпен көрсетілген байланыс қызметтеріне тариф белгіленеді және Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің ұсыныстары ескеріле отырып жобаның концепциясы түзетіледі.
"ЭКСПО-2017" объектілерінің бірінің базасында қажетті инфрақұрылымы бар және салық жеңілдіктерін; оңайлатылған визалық және еңбек режимдерін қамтитын қолайлы жағдайлары бар халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру» 2 т. бойынша:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес қазіргі уақытта ЭКСПО-2017 объектілерінің бірінің базасында IT-стартап Халықаралық технопаркін (бұдан әрі – Технопарк) құру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде
techpreneurs.kz сайты құрылды – әр дайым ақпаратпен толығып отыратын технологиялық кәсіпкерлерге арналған платформа. Әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізіледі. АХҚО бойынша Конституциялық заңға өзгерістер енгізуге қатысты және ЭКСПО объектілерінде Технопарк орналастыру бойынша «АХҚО» АҚ және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» өкілдерімен бірнеше кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар, венчурлық қорлардың қызметі бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, акселераторлар мен халықаралық іскерлік байланыстарды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осылайша, ағымдағы жылдың 7 мен 9 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы қаржы министрінің Израиль мемлекетіне ресми сапары щеңберінде, «Цифрлық Қазақстан» және «Цифрлық Израиль» Мемлекеттік бағдарламалары аясында ынтымақтастық орнату мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» холдингінің өкілдері «Цифрлық Израиль» Бюросының мүшелерімен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, Израиль мемлекетінің венчурлық қорларымен және акселераторларымен кездесулер өткізілді және де Қазақстанның стартап-экожүйесін дамыту мәселелері бойынша Инновация басқармасымен ынтымақтастық орнату мақсатында конференция өткізілді, израиль мамандары акселерациалық бағдарламаларға, менторства бойынша қатысты.
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 объектілерінің бірінің базасында IT-стартап Халықаралық технопаркін құру Мемлекеттік бағдарламаның жобасына іс-шаралардың бірі ретінде қосылды.
Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 146 бұйрығымен IT-стартап халықаралық технопаркінің жұмыс тобының құрамы анықталды және бекітілді және а.ж. 11 сәуірінде Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен IT-стартап халықаралық технопаркін құру бойынша Жол картасы бекітлді.
Аталған жұмыс тобының шеңберінде Жол картасына сәйкес, мәселелердің бірқатары қарастырылады:
2017 жылдың 20 сәуіріндегі № 04-11/Д-376/1//17-43/06-165 (1.3-т). хатпен мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға келісуге жолданған AIST HUB қызмет етуін ескере отырып ««Астана» Халықаралық қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі – МФЦА) қызметін регламенттейтін Конституциялық заңға және нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер енгізу жобасы. Ұсынылған өзгерістер МФЦА аумағында шетелдік және отандық ивесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін, сонымен бірге ақпаратты коммуникациялық технологиялар саласында қызметті реттеу бойынша комиттеті құру үшін қажетті толықтыруларды қамтитынын атап өтуге болады.
- Технопаркті құру бойынша іс-шараларды ары қарай қаржыландыру механизмі.
- Технопаркті орналастыру үшін павильонды бөлу.
А.ж. 26 сәуірінде ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен мүдделі м.о. және ұйымдардың қатысуымен жоғарыда аталған сұрақтарды талқылау бойынша кеңес өткізілді.
А.ж. 6, 11, 18 мамырында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының басшылығымен мүдделі м.о. және ұйымдардың қатысуымен жоғарыда аталған сұрақтарды талқылау бойынша жұмыс кездесулері өткізілді.
Кездесулердің нәтижесінде МФЦА шеңберінде ЭКСПО-2017 объектілерінің бірінің базасында IT-стартап Халықаралық технопаркін құру бойынша Жол картасы 2017 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің № 189 бұйрығымен бекітілді. Жол картасы 2017 жылдың 26 мамырындағы № 04-11/Д-1332//17-5/05-1692 мүдделі м.о. және ұйымдарға орындауға жіберілді.
А.ж. 25 мамырында ҚР Премьер-Министрінің Б.Ә. Сағынтаевтың мүдделі м.о. және ұйымдардың қатысуымен технопаркті құру бойынша жұмыстардың барысы туралы кеңес өткізілді.
А.ж. 21-нен 24 мамыры аралығында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» холдингінің өкілдері ICM саласындағы басты сұрақтарды талқылау үшін ИКТ бойынша министрлер және жоғары лауазымды тұлғалар ұшін Сингапурдың ақпараттыұ коммуникациялары мен БАҚ дамыту бөлімі өткізетін ICM бойынша министрлердің форумына қатысты.
Сингапурдың стартап-экожүйесін зерттеу және Сингапурдың акселераторларымен, инкубаторларымен, венчурлік қорларымен және мемлекеттік агенттіктерімен мүмкін серіктестіктің сұрақтарын пысықтау іссапардың мақсаттарының бірі болды. Осылай келесі ұйымдармен кездесулер өткізілді: NUS Enterprise, TNB ventures, SG Innovate, CIOSummitAsia, Action Community of Entrepreneurship (ACE), StaffOnDemand.
Кездесу барысында Сингапурда стартап-экожүйесінің пайда болу тарихы, стартап-экожүйесін дамыту шеңберінде жоғарыда көрсетілген ұйымдардың қызметі, стартапттардың бизнес инкубация және акселерация бағдарламалары, басқа ұйымдармен халықаралық серіктестікке, Астанада Технопаркті құру бойынша ұсынымдарға қатысты ақпарат ұсынылды.
Кездесулер нәтижесінде Технопарк құру кезінде Сингапурдың тәжірибесін қолдану жоспарлануда.
Сонымен қатар, а.ж. 22 маусымында АХҚО қызметін реттейтін, Конституциялық Заңға және нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер енгізу жобасы бойынша АХҚО қызметкерлерімен жұмыс бабында кездесу өткізілді, нәтижесінде АХҚО -ң Конституциялық Заңына өзгерістер енгізбеу шешіміне келді.
Сонымен қатар, Министрлік Технопаркті ЭКСПО көрмесінің аумғында Sembol Construction салған бизнес-орталықта орналастыру нұсқасын пысықтады. Осылайша, Министр Д.А. Абаев бастаған делегация нысанды қарады, қазіргі ауқытта нысанды жалға алу немесе құрылыс жүргізу нысанын сатып алу мәселесі шешілуде.
«Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін, оның ішінде бизнес үшін барынша оңтайландыру, құжаттардың мерзімдері мен тізбесін қысқарту, қайталанатын рәсімдерді жою және оларды толық электрондық форматқа көшіру» 22 т. бойынша: Министрлік 2017 жылдың 27 наурызынан 14 сәуір аралығында және 2017 жылдың 17 сәуірінен 4 мамыр аралығында күнделікті негізде мүдделі органдардың және ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бизнес-процесстерді талдау бойынша кеңестер өткізді. Қазіргі таңда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және электрондық Үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қарастырды. Талдау қорытындысы бойынша 200-ден астам мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерін оңтайландыру бойынша жұмыс жобалары әзрленді және 2017 жылы 26 сәуірінде №04-13/1770-И, 2017 жылы 19 мамырында № 03-13/2070-И мүдделі органдарға келісілуге жіберілді.
Сонымен қатар, бұл іс-шараны іске асыру барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және электрондық Үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қарастыру жоспарланғандығын айта кетеміз. Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерді қарастыру бекітілу жоспарланған.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта реестрдағы 723 мемлекеттік қызметтің 548-і (75,79 %) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және электрондық Үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетіндігін айта кетеміз.
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді таңдау бойынша а.ж. 26 маусымында Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, Мемкорпорация арқылы көрсетілуге тиіс 71 мемлекеттік қызметтің таңдап алынды.
Осылайша, нормативтік құқықтық актілерге уәкілетті мемлекеттік органдар тиесілі өзгерістер енгізгеннен кейін, бірегей провайдер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 85,5 % (619 қызмет) құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |