2017 жыл бойынша орындалуы жөніндегі ақпарат 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-іс-шаралары



жүктеу 2,27 Mb.
бет3/13
Дата22.05.2018
өлшемі2,27 Mb.
#15621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы» (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстан Республкасы Үкіметінің қалуы жобасы әзірленуде.


Кешенді жоспарда онкологиялық аурумен сырқаттанушылықты төмендету бойынша басым іс-шараларды іске асыру, скринингтерді жетілдіру және МСАК-қа біріктіруді дамыту арқылы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауды жақсарту, ҚР-да онкологиялық аурумен ауыратын науқастарды емдеу сапасын арттыру, қатерлі ісіктерді диагностикалауда дербестендрілген тәсілдерді дамыту, онкологиядағы цифрландыруды, паллиативтік көмекті және оңалтуды дамыту, кадр ресурстарын дамыту, обырдың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін дамыту арқылы профилактикалық бағытты жетілдіру қарастырылған.

2017 жылы онкология жөніндегі үйлестіру кеңесінің 9 отырысы өткізілді ( ҮК 3 отырысы көшпелі отырыс – Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары, ШҚО). ШҚО-да ҮК бірлесіп 2017 жылы маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті.



Жіті миокард инфаркті және инсульт

Кардиологиялық көмек көрсетететін республиканың барлық стационарларында ЖКС индикаторларының электрондық базасы әзірленіп, енгізілді. РЭДСО бірлесіп тіркелімнің бастапқы нысандары пысықталды (ЖКСТ).

МСАК 53 ұйымында АББ; АГ, ЖҚЖ, ҚД менеджментінің электрондық базасы басқа да («Емхана» ААЖ, ДАЭТ, БХТ) АЖ-мен біріктіріу үшін электрондық база әзірленіп, енгізілді.

АББ-да қатысатын пациенттер үшін мобильді қосымшасы тұжырымдамасы әзірленді.

ЖМИ кезінде медициналық көмек көрсету және АББ енгізу бойынша біріктірілген моделі жөніндегі үйлестіру кеңесінің 13отырысы өтті,соның ішінде 5-уі КжІАҒЗИ базасында және өңірде 8 көшпелі отырыс өткізілді.

Кардиология, эндокринология, ревматология, гастроэнтерология, гепатология бейіндері бойынша 2018жылға арналған АДҚ бойынша дәрілік заттар мен ММБ өңірлік өтінімдерге келісу жүргізілді.

2017 жылғы 20-27 қыркүйек аралығында ана өлімінің есепке алынбаған жағдайларының негізгі себептеріненболған өлімнің құрылымына талдау жүргізілді және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.09.2017 жылғы № 691 бұйрығына сәйкес 2015-2016 жылдар кезеңіне 4 облыста (СҚО, ШҚО, Алматы облысы және Астана қаласы) негізгі себептерден болған өлімді кодтау кезінде әдістемелік көмек көрсетілді,мұнда жұмыс тобының төрағасы болып КжІАҒЗИ өңірлермен жұмыс бөлімінің басшысы тағайындалды.

2017 жылғы 17-18 мамырда V Халықаралық конференция және Терапевтердің Еуразиялық қауымдастығының III съезді қйымдасытырылып, өткізілді, 500 астам адам қатысты, соның ішінде жақын және алыс шетелдерден адамдар қатысты.

2017жылғы 7-9 маусымда Қазақстанның кардиологтар қауымдастығы шеңберінде КжІАҒЗИ құрылуының 40 жылдығына орайластырылған Қазақстан кардиологтарының ІХ конгресі ұйымдастырылып, өткізілді, оған 1000 астам адам қатысты, соның ішінде жақын және алыс шетелдерден – 36 адам қатысты, 5 мастер-клас өткізілді.

Жарақаттар

Медициналық ұйымдарды 1,2 және 3 деңгейлерге олардың материалдық-техникалық базасын және кадрлық базасын өңірлендіру бөлігінде «ҚР-да травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты» ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 25 маусымдағы № 514 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бұйрық жобасы әзірленді.

ТОҒЗИ жұмыскерлері өңірлерге 21 шығуды жүзеге асырды. Травматологиялық және ортопедиялық науқастарды емдеудің заманауи әдістерін енгізу бойынша 300 астам консультация көрсетілді және 30 астам операция (мастер-класс) жасалды.

Облыстардың денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп «2018-2019 жылдарға арналған жарақаттар және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру» бағдарламасы әзірленді, ол қазіргі кезде облыстардың әкімдіктерінде келісуде.

Үш облыста осы бағдарламалар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында әкімдердің орынбасарларымен келісілді.

14 өңірдің бас штаттан тыс травматологы тыңдалды.

Республиканың өңірлерінде біліктілігін арттыру курстарынан 200 астам хирург, 170 астам травматолог, 50 астам нейрохирург, 90 астам реаниматолог-анестезиолог оқытудан өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің 052 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы оқыту жоспары іске асырылды - жарақат, көп жарақат, нейрожарақат кезінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша мамандарды даярлау (барлығы 314 маман). Осы бюджеттік бағдарлама шеңберінде жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгзіу мәселелері бойынша өңірлерден 40 маман оқудан өтті.

Ақмола және Алматы облыстарында Өңірлік үйлестіру кеңестерінің бірлескен отырысы өткізілді.








Конфиденциалды аудиттің ана өлімі, перинатальды өлім-жітім және акушерліктегі сыни жағдайлар конфиденциальды аудитіне талдау жасау

011

МКҰД, АГПҰО,

АБҰҒО,


Штаттан тыс бас мамандар

4-тоқсан

Ақпарат

Орындалды

2017 жылы 27 ана өлімін талдау бойынша Ана өлімінің құпия аудиті комиссиясының 4 отырысы өткізілді.

2017 жылғы 13-14 қарашада құпия аудит бойынша халықаралық сарапшыларды (Кишинев қ., Молдава Республикасы) және ЮНИСЕФ консультанттарын тарта отырып, «Сандар нені білдіреді?» атты республикалық кеңес өткізілді. Ана мен перинаталдық өлімнің құпия аудитінің нәтижелерін, акушерлік практикАДағы қиын жағдайларды талдау, сондай-ақ аудиттің жоғарыда көрсетілген түрлерін өткізу бойынша өңірлердің әлеуетін күшейту үшін семинар өткізілді. Кеңес барысында құпия аудитті одан әрі енгізуді жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді, облыстық үйлестірушілер үшін сараптамалық әдістемелік консультация жүргізілді.

ДСДРО-ға 2017 жылғы ҚР бойынша құпия аудитке жататын ана өлімі жағдайы бойынша, құжаттарды жинауға және қамтамасыз етуге жауапты өңірлік үйлестірушілермен жұмыстар жүргізілді.








Ана мен бала өлім-жітімін азайту бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдау жөнінде Республикалық штаб отырысын өткізу

011


МКҰД, АГПҰО

АБҰҒО


Штаттан тыс бас мамандар

тоқсан сайын


Ақпарат

Орындалды

Ана өлімін төмендету жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау жөніндегі республикалық штабтың деңгейінде аналар өлімінің әрбір жағдайына өткізілген сараптамалар мен талдаулар нәтижелері талқыланады.

Басқару іс-шараларының хаттамаларын қабылдау арқылы 12 айдың ішінде Республикалық штабтың 11 отырысы өткізілді.

Күнделікті Министрлік ҚР ДСМ «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, «UMC» КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК –мен бірлесіп ауыр жағдайдағы әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді мониторинг пен бақылау жүргізеді, осы жөнінде Вице-министр Л.М Ақтаеваға күнделікті жедел ақпарат беріледі.








ДДСҰ ұсынған ана мен бала денсаулығын қорғау саласында тиімді технологияларды енгізу мониторингі




МКҰД, АГПҰО, АБҰҒО

тоқсан сайын

Ақпарат

Орындалды

  1. Батыс Қазақстан облысындағы Облыстық перинаталдық орталықта 30 медицина қызметкерін оқыта отырып Вильнюс медицина университетінің халықаралық сарапшыларының тренингі ұйымдастырылды.

  2. 2017 жылғы 14-15 сәуірде Аустрияның Вена қаласындағы Медициналық университеттің мамандарының қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

  3. 2017 жылғы 26 сәуірде Қытайдың Үрімші қаласындағы Ана мен бала денсаулығын қорғау ауруханасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалынды.

  4. 2017 жылғы 1-2 маусымда Тараз қаласында пренаталдық генетикалық скринингілеу мәселесі бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып және өткізілді.

  5. 2017 жылғы 21-23 қыркүйекте босандыру және балалық шақ бойынша халықаралық технологияларды жетілдіру және енгізу мақсатында ҚР-да перинаталдық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесі бойынша Республикалық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің жұмысында босандыру және балалық шақтың өзекті мәселелері қаралды, Қазақстан Республикасында Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының жобасы әзірленді.

  6. 2017 жылғы 6-11 қарашАДа «Медициналық көмектің біріктірілген моделі және оны енгізуге баға беру» тақырыбында өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімдерінің басшыларына арналған біліктілік көтеру циклы өтті.

  7. 2017 жылғы 17 қазанда Алматы қаласындағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы 2016-2020 жылдарға арналған ҚР-да босандыру және балалық шақтың біріктірілген моделін енгізу және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша жол картасын жүзеге асыру мақсатында тиімді перинаталдық көмек бойынша өңірлердегі үйлестірушілердің, ғылыми орталықтардың өкілдерінің және халықаралық серіктестердің (ЮНИСЕФ, ЮНФПА) қатысуымен ҚР-да тиімді перинаталдық көмекті мониторингілеу және енгізу мәселесі бойынша Республикалық семинар-кеңес өткізді.

  8. 2017 жылғы 27-29 қазанда «АГПҒО» ШЖҚ РМК базасында «УДЗ-дағы күрделі және шиеленіскен мәселелер: жүрек және ми» тақырыбында Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Университеттік Колледж ауруханасының ультрадыбыстық диагностикалау және ұрық медицинасы бойынша сарапшы, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияда акушерлік және гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностикалау халықаралық қоғамының ресми өкілі, шақырылып отырған Dr. FredUshakov дәріскердің қатысуымен ProVisio Almaty ғылыми-тәжірибелік курсы өткізілді.

  1. 2017 жылғы 24 қарашАДа АГПҒО Қазақстан, Литва, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанның танымал перинатолог-мамандарының қатысуымен неонатология және перинатологияның өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

  2. АГПҒО-да 2017 жылға арналған кураторлардың, тиімді перинаталдық күтім, антенатальдық күтім және қиын жағдайлар бойынша үйлестірушілердің өңірлерге шеберлік-сыныптарымен шығу жоспар-кестесі бекітілді. 11 айда өңірлерге «Акушерлік және гинекологиядағы қиын жағдайлар» тақырыбы бойынша аналар шығынын жедел талқылай отырып 12 көшпелі шеберлік-сыныбы ұйымдастырлды, 102 маман сертификат алды.

  3. РББ бойынша босандыру қызметінде оқытудың 11 басым бағыттары анықталды. МҰ практикалық денсаулық сақтау мамандарын оқыту АГПҒО-да 2017 жылға бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Есептеме Астан медициналық универститетіне беріледі. 11 айда «акушерлік және гинекология», «неонатология», «анестезиология және реанимация», «функциональдық диагностика», «клиникалық зертханалық диагностика» мамандықтары бойынша 672 маман даярланып және оқытылды, 12 өңірдің курсантарымен біліктілік арттыру бойынша 18 курс өткізілді.

  4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Денсаулық сақтау басқармалары тоқсан сайын 2016-2019 жылдарға арналған ҚР-да Босандыру және балалық шақ қызметінің біріктірілген моделін енгізу және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша жол картасын және Босандыру және балалық шақ қызметінің біріктірілген моделін енгізу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын орындау бойынша есептемелерін ұсынады.









Пациенттерді шетелде емдеу




МКҰД, ҰҒМО

тоқсан сайын

Ақпарат

Орындалды

«Инфрақұрылымды дамыту және денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйенің шеңберінде қаржыландыратын бағыттарды қоспағанда медициналық көмекпен халықты қамтамасыз ету» 053 бюджеттік бағдарламасының «Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйенің шеңберінде қаржыландыратын бағыттарды қоспағанда жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету» 103 кіші бағдарламасы бойынша «2017-2019 жылдарға республикалық бюджет туралы (бұдан әрі – ҚРҮҚ) Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2016 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2017 жылға мемлекеттік тапсырыс тізбесінің 65-тармағына сәйкес 2017 жылдың 12 ай бойынша бюджеттік қаражат есебінен шетелдік клиникаларға (Германия, Корея, Түркия, Индия, Чехия, Ресей, Жапония, Беларусь Республикасы, Израиль, Украина, АҚШ және Ресей) емдеуге 56 пациенттер жіберілді.

Сонымен қатар, мастер-класс шеңберінде Ұлыбритания, Индия, Корея, Ресей мен Италияның шетелдік мамандарын тартумен отандық клиникаларда (А.Н.Сызғанов атын. ҰХҒО, Асфендияров атын. ҚазҰМУ «Ақсай» университеттік клиника, Ақтөбе медициналық орталық, «University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы, Ана және баланың ұлттық ғылыми орталығы, «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ, Астана қ. «№2 Қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ РМК) туыс донордан бауырды трансплантациялау, балаларда көмей стенозы және сыртқы есту жолының микротия және атрезияны жою бойынша 31 операциялар жүргізді.








Халықты ТМККК шеңберінде санитариялық авиация түрінде медициналық көмекпен қамтамасыз ету




МКҰД, РСАО

жыл бойы

Бұйрық

Орындалды

ТМККК шеңберінде санитариялық авиация түрінде халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығының 43-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жедел медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған бұйрықтың орындалуында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады:

- Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Семей, Ақмола, ЗКО, Атырау облыстарының санитариялық авиациялық бөлімшелері облыстық жедел медициналық жәрдем станцияларына құрамына енді, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының ЖМЖ лицензия алу бойынша ұйымдастырылу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Осы мәселе бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облыстарында ЖМЖ қызметінің жұмысы енді басталды.

2017 жылдың 12 айы бойынша санитариялық авиация нысанында медициналық қызмет көрсету үшін 2210 ұшу орындалды. 2694 медициналық қызметтер көрсетілді, оның ішінде: медициналық ұйымдарға 2173 (81%) пациент тасымалданды, 362 (13%) консультация және 159 (6%) операция жасалды.

2017 жылдың есеп беру кезеңінде Республика бойынша санитариялық авиациянық мобильдік бригАДасы 2689 пациентке келесі нозологиялар бойынша медициналық көмек көрсетті:

- бірінші орында - 563 (21%) жүрек қан-айналым жүйесінің аурулары;

- екінші орында - 554 (21%) балалар жасының патологиясы;

- үшінші орында - 539 (20%) жарақаттар, жазатайым оқиғалар мен уланулар, соның ішінде жол-көлік оқиғалары - 206 (38%);

- төртінші орында - 455 (17%) жаңа туған нәрестелердің патологиясы;

- бесінші орында - 379 (14%) акушерлік тәжірибедегі шұғыл жағдайлар;

- одан әрі –199 (7%) басқа аурулар.

Оның ішінде, шетел клиникаларында (Ресей x 2, Қытай, Германия, Әзірбайжан, Польша, Египет, Корея, Түркия x 2, Үндістан) ауыр жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау үшін 11 ұшу жүзеге асырылды. Кейіннен трансплантациялау үшін тиісті медициналық ұйымға донорлық органдарды тасымалдау үшін 22 ұшу жүзеге асырылды .









Қазақстан Республикасында трансплантологиялық қызметті жетілдіру




МКҰД, РТҮО,

ОТҰҒО


жыл бойы

Ақпарат

Орындалды

Транспланттау шеңберінде 2017 жылы ТҒӨО тіндік типтеудің 3945 зертханалық қызмет жүргізілді, оның ішінде ағзаларды транспланттауды сүйемелдеу үшін 2843, гемопоэздік дің жасушалары 1046, Гемопоэздік дің жасушаларының тіркелімін қалыптастыру үшін 690 және Күту парағын қалыптасрыру үшін 1366.

Зертханалық зерттеулер сапасын сыртқы бағалаудың шеңберінде 46 медициналық ұйымы «Иммуногематология», «Биохимия», «Диагностика инфекций» және «Гематология» бағыттары бойынша қатысты, 200 қызмет.

2017 жылы өңірлік қан орталықтарынан келген 12000 архивтік үлгі гемотрансмиссиялық инфекцияларға зерттелді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 9 транспланторталықтары, 33 донор стационар мен 16 өңірлік трансплант үйлестірушілері жұмыс істейді. Бұдан басқа, 2012 жылдан бастап, орган донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру мақсатында Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Орталық) жұмыс істейді, осы орталықтың функциялары Қазақстан Республикасында трансплантология ғылымын дамыту және орган донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру болып табылады.

Трансплантациялауды ары қарай дамыту үшін 2013 жылы 24 маусымда Орталық Паула Страдыня атын. Ригалық университетімен (Латвия) ынтымақтастық туралы шартты жасасты.

Тұрақты негізде Орталықтың мамандары трансплантологиялық жетекші ұйымдарда (International Transplant Network (Стамбул қ.)) оқытылАДы, трансплантология саласында негізгі құқықтық нормалар мен даму бойынша конференциялар мен халықаралық конгрестерге қатысАДы («Legal and Ethical Aspects of Organ Donation and Transplantation» құқықтық мәселелер бойынша 2-ші халықаралық медициналық конгресс).

Клиникалық практилардың озық тәжірибесін игеру үшін трансплантация орталықтары трансплантология саласында көшбасшылық позициялардағы жетекші шетелдік клиникаларымен: Сеул ұлттық университетінің ауруханасымен (О.Корея) «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ; Чикаго университеттің медициналық орталығымен (АҚШ) «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ; Нагасаки университетімен (Жапония) «А.Н.Сызғанов атын. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы»; «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы Минск қ. «9-шы қалалық клиникалық ауруханамен»(Беларусь;«University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы, «Ана және бала ұлттық ғылыми орталығы Сеул ұлттық университетінің ауруханасымен (О.Корея) меморандумдарды жасасты.

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талқылауында сәйкессіздіктерді жою мақсатында Орталықтың базасында қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартудың ерік білдіруді тіркеу бөлігінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістерді енгізу, балаларда ми өлімінің фактісін көрсетуді жүргізу және трансплантология мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада өзге қайшылықтар бойынша жұмыс тобы құрылды.

Қазіргі күні нормативтік-құқықтық актілердің жобалары ашық НҚА сайтында (egov.kz) орналасқан, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге бағытталатын қорытындыларды алғаннан кейін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкер палатасына және жеке кәсіптік субъектілердің аккредиттелген қауымдастықтарына келісуге жіберілді.

2017 жылдың тамызында Министрлікпен трансплантология саласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сарапшысы Жозе Нунез шақырылды. Кездесу барысында Ж. Нунез елдегі трансплантациялық үйлестіру жүйесімен, соның ішінде органдардың трансплантациясын жүргізетін республикалық клиникалардың, Астана қ. донорлық стационарлардың жұмысымен танысты. Қазақстандағы мәйіт органдық донорлықты дамыту, сонымен қатар ДДҰ іске асырылатын халықаралық жобаларға Орталықты қосу мәселесін анықтап алу бойынша ұсыныстары берілді.







ҚР медициналық ұйымдарының медициналық қызмет деңгейі мен сапасына, оның ішінде пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысына халықтың қанағаттанушылығына мониторинг жүргізу






ҚДСК

тоқсан саин

ақпарат

Орындалды

        1. Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысына мониторинг жүргізу мәселелері бойынша.

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК ақпаратына сәйкес:

Ағымдағы жылдың 12 айында Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысына халықтың қанағаттанушылығына мониторинг жүргізу қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) жұмысы туралы ақпараттану мәселесі бойынша халыққа сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижелері бойынша 330 337 халық сұралды. Соның ішінде «Пациенттердіқолдау қызметі туралы біле ме?» сұрағына ҚР бойынша 271 238 (82%)халық нақты жауап берді, анағұрлым көп көрсеткіш наибольший Алматы қаласында (100%), Солтүстік Қазақстан облысында (100%), Алматы облысында (98%), Қостанай облысында (86%), Батыс Қазақстан облысында (86%), Павлодар облысында (86%), Атырау облысында (84%), Шығыс Қазақстан облысында (84%), Қарағанды облысында (83%).

2017 жылдың 12 айында Қызмет 72 315 өтінішті тіркеді, соның ішінде анағұрлым көп саны Қарағанды облысына – 22 621 (31,5%) келеді. Пациенттерді қолдау қызметіне келіп түскен барлық өтініштердің ішінен және қарау қорытындылары бойынша негізді деп танылғандары – 6574 (9%), ішінара негізділері – 14 308 (20%), негізсіз өтініштер – 48 244 (67%). Медициналық ұйымдардың пациенттерді қолдау қызметіне келіп түскен өтініштердің ішінен 83,8% (60 597) ауызша түскені, 13,5% (9 731) жазбаша түскені, 2,2% (1 626) қайталап түскені және БАҚ-тарға түскені 0,5% (361). Өңірлер бөлінісінде өтініштердің құрылымы , науқастарды қабылдауды ұйымдастырудағы жеткіліксіздік бойынша 29% (20 651) құрайды, сапасыз ем және зерттеп-қарау бойынша 11% (7 465), этика және деонтология бұзушылығы бойынша 5% (3 288), емдеуге жатқызудан бас тарту бойынша 5% (3 532), ТМККК кіретін дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша өтініштер 6% (3 962), еңбекке уақытша жарамсыздық парағының негізіділігі бойынша - 1,6% (1 114), басшыларға түскен шағымдар - 0,13% (93) құрады. Өтініштердің нәтижелері бойынша 8 475 (12%) жағдайда жауапкершіліктің тәртіптік шаралар айқындалған, 3 995 (6%) жағдайда – саралған еңбек ақы төлеуге ықпал еткен, 134 (0,2%) жағдайда – қызметкер жұмыстан босатылған. Сараланған еңбек ақы төлеуге ықпал етудің анағұрлым көп саны в Қарағанды облысында (2 929) құрады, неғұрлым тқмен саны Алматы облысында (11) құрады.

Тәртіптік шараларды айқындау бойынша неғұрлым төмен саны - Қызылорда облысы бойынша (33), анағұрлым көп саны - Қарағанды облысы бойынша (6 368) құрады.

2017 жылдың 12 айы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша Пациенттерді қолдау қызметінің және ішкі бақылау қызметінің жұмысымен халықтың қанағаттанушылық көрсеткіші 24% құрады, пациенттерді қолдау қызметінің қабылдаған шаралардың анағұрлым қанағаттану деңгейі Жамбыл облысында (89,43%), Ақтөбе облысында (79%), Ақмола облысында (78,3%), Атырау облысында (64%), қанағаттанушылықтың төмен деңгейі Қызылорда облысында (0,6%), ШҚО (5,9%), СҚО (8,26%), Алматы облысында (10%), Павлодар облысында байқалады (11,85%). Осылайша Пациенттерді қолдау қызметінің және ішкі бақылау қызметінің жұмысымен халықтың қанағаттануының төмен болуы, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз деңгейі орын алып отыр.



        1. Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына халықтың қанағаттанушылық дәрежесін айқындау мәселесі бойынша.

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іс-шараларының жоспарына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы 2017 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына халықтың қанағаттану дәрежесін анықтау мақсатында әлеуметтік сауал жүргізді. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың медицналық қызмет сапасына қанағаттанушылығын бағалау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізуге байланысты әдістемелік ұсыным әзірлеген болатын. Сауалнамада амбулаториялық-емханалық көмек және стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін бағалау мәселелері қарастырылған.

Сауалнама құпиялылықты сақтай отырып, ерікті негізде жүргізілді. Жалпы алғанда, республика бойынша 211 526 адам сұралды, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттарын, ұлттық орталықтарды қоса алғанда стационарларда – 32 882 респондент, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында – 178 644 респондент.

Жүргізілген әлеуметтік сауал қорытындысы бойынша елімізде көрсететілетін медициналық қызмет сапасына халықтың қанағаттанушылық көрсеткіші 54,4 % құрады.

Көрсетілген медициналық көмек сапасы мен деңгейіне анағұрлым жалпы жоғары қанағаттанушылық Қарағанды, Қостанай облыстарында және Астана қаласында байқалады. Қанағаттанушылықтың төмендігі – Батыс Қазақстан облысында және Алматы қаласында байқалады.

Сауалнама жүргізу нәтижелері жедел және басқару шешімдерін қабылдау үшін халықтың қанағаттанушылық деңгейін анықтауға және соңғы нәтижесінде өңірлердің медициналық ұйымдарында медициналық қызметке қолжетімділік пен сапаны арттыруға мүмкіндік береді.







Республиканың денсаулық сақтау ұйымының қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін жүзеге асыру

(сыртқы, ішкі бақылау нәтижелері және пациенттердің алдыңғы жылғы пікірлері негізінде)






ҚДСК

2017 жылдың 1- ші тоқсаны

Ақпарат

Орындалды

Халықтың хабардар етілу деңгейін арттыру, денсаулық сақтау саласында бәсекелестікті, транспаренттілік қағидаттары және медициналық ұйымды еркін таңдау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі сыртқы, ішкі аудит нәтижелері және пациенттердің пікірлері негізінде меншік нысанына қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі медициналық ұйымдарды ретингтік бағалауды жүргізеді.

Медициналық ұйымдардың қызметін бағалау «Медициналық ұйымдардың қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 бұйрығына сәйкес жылдың және жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2012 жылдан бастап жүргізіледі. Рейтиннгті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медицинаық қызметтердің сапасын, пайдалану тиімділігін қоса алғанда медициналық ұйым қызметінің әртүрлі аспектілерін бағалау жағынан неғұрлым маңызды көрсеткіштер іріктеп алынған.

Медициналық ұйымдарды және ғылыми-зертеу институттарын/ғылыми орталықтарды 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында саралау қорытындысы бойынша көшбасшылық және артта қалу позициясы бөлінген болатын. Өңірлердегі денсаулық сақтау ісінің жағдайы туралы ақпаратқа пациенттердің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін, ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасы туралы өңірлердің рангалық орны бойынша олардың пікір айту мүмкіндігін беру үшін Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының http://www.rcrz.kz және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің http://www.mz.gov.kz ресми сайттарында ашық қолжетімділікте нәтижелері жарияланған болатын.

ҚР өңірлерін саралау нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша индикаторлар бөлігінде мынадай индикаторларға неғұрлым аз қол жеткізілді:

- «Ана өлімі, 100 мың тірі туылғанға шаққанда»,

- «Өңірде медициналық ұйымдар қызметінің тиімділігі (өңірдің медициналық ұйымдар бойынша нәтижелілігінің орташа коэффициенті)»,

- «Ведомстволық бағыныстағы аккредиттелген медициналық ұйымдардың үлес салмағы»

- және «жалпы өлім-жітім, 1000 халыққа шақанда».

Қалған 11 индикаторға өңірлер бөлігінде саралаудың соңғы қорытындысына үлкен әсер етпеген елеусіз айырмашылықтарға қарамастан, жалпы алғанда өңірлер қол жеткізді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың қызметін бағалау қазіргі уақытта әзірлеу поцесіндегі жаңа әдістемелік ұсыным бойынша жүргізілетін болады.







Call-орталықтарының қызметін жетілдіру





ҚДСК


шілде,

желтоқсан



Ақпарат

Орындалды

Қазақстанның барлық өңірлерінде денсаулық сақтау басқармалары жанынан өңірлік медициналық Call-орталықтарында жұмыс істейді. Call-орталықтарының аймағы 693 астам медициналық ұйымды құрайды.

2017 жылдың 12 айында өңірлердің Call-орталықтарында өтініштердің саны 1 497 165 құрады, соның ішінде қала халқынан (қалалық телефондар арқылы) 89,41% (1 338 637), ауылдық жерлерде тұратын халықтан 4,66 пайызды (69 749), ұялы телефондардан келіп түскен қоңыраулар 5,24 пайызды (78 500), денсаулық сақтау ұйымдардың мамандарынан түскен қоңыраулар 0,64 пайызды (9558) құрады.

2016 жылдың ұқсас кезеңімен 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырған кезде (408 556 өтініш) өңірлердің Call-орталықтарында өтініштердіңсаны 3 есеге ұлғайғаны байқалады.

Өңірлердің бөлінісінде Call-орталықтарындағы өтініштердің санына жүргізілген талдау өтініштердің анағұрлым көп санымына өңірлерден келіп түсті:


  • Солтүстік Қазақстан облысынан (өтінішітердің жалпы санынан 57,7 пайыз – 864 310);

  • Астана қаласынан ( өтінішітердің жалпы санынан 12,9 пайызынан – 193 317);

  • Шығыс Қазақстан облысынан – (11,7 пайыз – 174 982);

  • Алматы қаласынан (7,6 пайыз – 113 626);

  • Маңғыстау облысынан (4,8 пайыз – 71 343);

  • Қарағанды облысынан (1,4 пайыз – 20 526).

Call-орталықтарынан неғұрлым аз түскен өтініштердің саны:

  • Атырау облысынан (0,1 пайыз – 2 034);

  • Ақмола облысынан (0,2 пайыз – 3 328);

  • Жамбыл облысынан (0,3 пайыз – 3 934);

  • Алматы облысынан (0,4 пайыз - 5275);

  • ОҚО (0,4 – 6 191);

  • БҚО (0,4 пайыз – 6 244), бұл өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарының жеткіліксіз ақпараттық насихат жүргізетінін көрсетіп отыр.

Өңірлердің Call-орталықтарына түскен барлық өтініштердің 98,54 пайызы (1 475 349) анықтамалық-ақпараттық сипатта, 2,78 пайызы (41 552) шағымдар.

Call-орталықтарындағы анықтама өтініштерінің құрылымында дәрігердің қабылдауына жазылуға қатысты (44,36 пайыз - 64 506), амбулаториялық қызмет көрсету (9,21 пайыз – 135 872), ТМККК мәселелері (9,06 пайыз – 133 611), МСАК ұйымдарына азаматтардың бекітілу мәселелері (7, 59 пайыз – 3 153), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері (6,54 пайыз – 96 444), МӘМС бойынша мәселелер (6,54 пайыз – 96 444) өтініштер басымдық танытып отыр.

Анықтама алу бойынша анағұрлым көп өтініштердің саны СҚО байқалады, 864 310 қоңырау, оның ішінде 30 276 (3,50 пайыз), шағымдар 864245 (99,9 пайыз) – анықтама бойынша өтініштер, сонымен қатар 5 жергілікті Call-орталықтары жұмыс істейді: «Облыстық шұғыл медициналық жәрдем орталығы» ШЖҚ МКК, «Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МКК, «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК.

Шағымдардың құрылымында негізгі себептер ТМККК шеңберінде уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеу (30,18 пайыз – 12 541), дәрігердің қабылдауына жазылу (22,90 пайыз – 9 517), МСАК ұйымдарына халықты бекіту бойынша (7,59 пайыз – 3 153), үйде шақыруларға қызмет көрсету (5,97 пайыз – 2 479), медицина персоналымен толық қамтылмауы (5, 55 пайыз – 2 306), этика және деонтология бойынша (2 280 – 5,49 пайыз), емдеу-диагностикалық емшалар бойынша медицина қызметкерлері тарапынан түсіндірудің болмауы (3,74 пайыз – 1 555) болып табылады.

Өңірлер бөлінісінде Call-орталықтарына шағымдардың анағұрлым көп саны Солтүстік Қазақстан облысынан – 30 276 шағым, бұл 3,50 пайызды құрайды, Қостанай облысынан – 3 138 шағым, бұл 36,34 пайызды құрайды, Қарағанды облысынан – 2 231шағым, бұл 10,87 пайызды құрайды, Павлодар облысынан – 1 498 шағым, бұл 18,35 пайызды құрайды.

Бүгінгі таңда өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарында, өңірлік Call-орталықтарында және медициналық ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз деңгейі орын алып отыр, өңірлік Call-орталықтардың медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл механизмі жоқ.



«Қазір және осы жерде» қағидаты бойынша медициналық көмек көрсету мәселелерін шешуде Call-орталықтарының қызметі жұмысының тиімділігін жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда. Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына «Қазір және осы жерде» қағидаты бойынша медициналық көмек көрсету мәселелерін шешуде Call-орталықтардың өызметінің жұмысын күшейту және жандандыру бойынша, өңірлік Call-орталықтардың жұмыс істеуі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыру, Call-орталықтардың жұмыскерлерін ынталандыру және имиджін арттыру бойынша хат жіберілді. Коммуникативтік дағдылар мәселелері бойынша негізгі медицина персоналын оқытуды ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде (басшылар, МСАК ұйымдарының тіркеу персоналы, стационарлардың қабылдау бөлімшелері, жедел медициналық көмек кезекші бригадалары, Call-орталықтарының қызметкерлері).







«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын регламенттейтін Үкітем қаулысына өзгерістер енгізу




ФК

қазан


Қаулы жобасы

Орындалды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 және «Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 719 қаулысы






Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынатын дәрілік заттардың шекті бағаларын регламенттейтін бұйрықты әзірлеу және бекіту




ФК

Жыл ішінде



Бұйрық



Орындалды

Бұйрық Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте 15762 тіркелді.










Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын реттеу




ФК

Жыл ішінде

Бұйрық

Мерзімдері бұзылып орындалды.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 639 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 53 бұйрығы






Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысы саласында нормативтік құқықтық акт әзірлеу




ФК

жыл ішінде

Ақпарат

Орындалды

ЕАЭК шеңберінде 38 нормативтік құқықтық акт оның ішінде 26 дәрілік заттар және 12 медициналық мақсаттағы бұйымдарға қаытсыты нормативтік құқытық акінің жоспары әзірленді,.








жүктеу 2,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау