Осылайша, біз сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандарына:
а) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;
б) лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің;
в) қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың маңызды ерекше.
Бұрын айтқанымыздай, сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық жаза маңызды роль атқарады.
Бұл шаралар панацея емес – олар белгілі бір жағдайда ең бір тиімді мүмкіндік беретін күрестің қажетті бір бөлігінің бөлінбейтін факторы. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі сыбайлас жемқорлықпен күресте қарсы қазіргі заман талаптарына толығырақ жауап береді, бірақ сонда да болса қылмыстық кодексте бұл тұрғыдан алғанда кейбір кемшіліктер бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбылмалы, міндетті түрде және тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қылмыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Сондықтан да үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды.
Бірақ бұл процесс мақсат болып табылмайды, оның нақты теориялық базаға негізделуі, ішкі және халықаралық тәжірибелердің тарихи дәстүрлер ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сондықтан да іс жүргізудегі пайда болған қажеттіліктерді объективті жағдайларда абайлап және орынды түрде өзгерту керек.
Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып осы тұрғыдағы заңдылықты жетілдірудің негізгі ұсыныстары мынадай:
Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның және лауазым адамының өз қызмет бабы бойынша берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кез келген қылмысы оны жасауды жеңілдетедіжәне оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын есепке ала отырып "лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын" жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған дұрыс болар еді (ҚР ҚК 54-бабы).
Қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасағандарға соттар белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты жаза түрін өте сирек қолданады. Ішінара біз зерттеген 40 қылмыстық іс бойынша Қызылорда облысы аудандық және қалалық соттары 2000-2004 жылдар ішінде оның тек 9%-ғана осындай жаза қолданған. Жазаның осындай түрін негізсіз сирек қолдану сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандардың қызметіне өзінің негізгі жазасын өтеп келгеннен соң орналасуына мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндікті, әрине олар ''бұрыңғы байланыстарын'' және, сонымен қатар оларға ''қарыз'' адамдарды пайдалана отырып іске асырады. Осының бәрі халықтың әлеуметтік әділеттілікке деген сенімін қалпына келтіре алмайды, сонымен қатар жазаның өз мақсаттарына жетуiне көмегін тигізбейді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өз қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған адамдарға міндетті түрде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсiппен айналасу құқығынан айыру сияқты жазаны қолданған өте дұрыс болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 41-бабын осыған байланысты төмендегі келесі мазмұнда толықтыру ұсынылады: ''Белгілі бір қызмет лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсiппен айналысу құқығынан айыру жазасы, егер ол осы кодекстің Ерекше бөлімінде тиісті бапта сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза ретінде қаралмаса, егер сот бұл қылмысты лауазым иесі, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер өз қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып жасағанын анықтаса бұл қосымша жаза ретінде қолданылады'' .
Заң шығарушы әділ түрде көптеген қылмыстарды өз қызмет бабын пайдалану арқылы жасалатынын көрсетеді. Осы жағдай бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігін арттырады, себебі мұндай қылмыстар субъектісінің қызмет өкілеттілігін пайдалану арқылы жасалады және сондықтан да бұл қылмысты жасау жеңіл болады.
Бірақ та біздің пікірімізше, заң шығарушының бұл мәселеде белгілі бір дәйектілік ұстанымы жоқ. Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде - қызмет бабын пайдалану іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Қылмысты адамның қызмет бабын пайдаланып жасауы белгілі бір іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі дәрежесін арттырады, сондықтан бұл белгі тиісті заңда көрініс табуы қажет. Мысалы мұндай құрамдарға ҚК–тің 181-бабы 3-бөлігі, 180-бап 2-бөлігі, 196-бап 3-бөлігі, 206-бап 3-бөлігi, 207-бап 3-бөлігi, 251-бап 4-бөлігi, 259-бап 4-бөлігi және т.б. жатады. Осындай құрамдардың ауырлататын түрі ретінде қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануды көрсету өте орынды болар еді.
Сыбайлас жемқорлық көлемінің өсуі билік органдарын бұл құбылысқа қарсы күреске бағытталған көптеген нормативті-құқықтық актілерді қабылдауға мәжбүр етеді. Бірақ мұндай шаралардың тиімділігі, оны бірінші болып міндетті түрде орындауға тиісті лауазым иелерінің оны елемеуіне байланысты өте төмен. Бұны соңғы кездері жүргізілген көптеген зерттеулер дәлелдеп отыр. ''Мемлекеттік қызмет туралы'' заңның негізгі ережелері де қағаз жүзінде қалды, ал онда мемлекеттік қызметшілерді табыстары және мүліктік жағдайы жайлы декларация толтыруға міндеттейді. Декларация толтырудан бас тарту – жұмыстан шығаруға негіз болады. Осыған қарамастан, бұл талап орындалмайды. Шенеуліктердің сыбайлас жемқорлық туралы заңды мүлде елемеуінің мұнан басқа да мысалдарын келтіруге болады. Оны бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік шаралардың тиімділігінің төмендігі күмән тудырмаса керек. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңдылыққа әдейі орындалмағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы қылмыстық- құқықтық норманы белгілеу қажет.
Әрине сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар деп нені түсінуге болады деген сұрақ тууы мүмкін. Мұны түсіндіру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының ''Соттардың парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы'' 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы Қаулысы ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №18 ''Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы'' нормативтік қаулыларын келтіруге болады. Соңғы қаулыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңды бұзушылық деп мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін және басқа да өзінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен сол артықшылықтар алуы сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғаларға аталған игіліктері мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы деп түсіну керек делінген (13).
Коррупциямен ұйымдасқан қылмыс бөлінбейтін, бөлшектенбейтін криминальды одақты құрады. Ұйымдасқан қылмыстың қанатының кең жайылуына коррупцияланған ұйымдар себепші. Н.Л.Павленконың дұрыс пікірі бойынша ''Коррупция дегеніміз ұйымдасқан қылмыс пен мемлекеттік органдарының бірігіп кетуінің басты тәсілі'' [14, 109 б.]. Егер басқа елдерде ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік шеңберге кіруге енді ғана талпынып жатса отандық ұйымдасқан қылмыстың әуел бастан өз құрылымдары бар. Сондықтан да Қазақстандағы коррупция дегеніміз – тамыр-таныстық қана емес, сонымен қатар көп пайда табуға жетудің тәсілі. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз ұйымдасқан қылмыстың негізі деген ғалымдардың пікірлері логикалық тұрғыдан дұрыс. Шын мәнінде ''ұйымдасқан қылмыстың ерекшеліктеріне коррупциямен байланыс жасау жатады, ал бұд экономика саласында маңызды операция жасауға қажетті ақпарат алуға, дер кезінде құқықтық жазадан құтылуға мүмкіндік береді'' [15, 145-154 бб.].
Осылайша мемлекеттік билік органдарына сенімді және кең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Міне сондықтан да біз жоғарыда атап өткеніміздей ұйымдасқан қылмыс табысының заңсыз пайдасының 50% дейіні пара алуға кетеді. Мемлекеттік аппаратпен коррупциялық қарым-қатынасы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың көбеюі қауіп тудырып отыр. Егер 2002 жылы 8 коррупциялық байланысы бар 78 ұйымдасқан қылмыстық топ (4,8%) анықталса, ал 2003 жылы 37 (12,9%) анықталды.
Айтылғандарды түсіндіре келе мынандай қорытынды жасауға болады: мемлекеттік аппаратпен ұйымдасқан қылмыс арасындағы байланысты бұзу сыбайластыққа салынған қызметшілермен ұйымдасқан қылмысқа берілген мықты соққы болып табылады. Әрине бұл өте күрделі мәселе.Мұны орындау үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы кешенді бағдарлама жасау қажет. Осындай шаралардың өз өкілеттіліктерін ұйымдасқан қылмыстың топ мүддесі үшін пайдаланатын қызметшілердің қылмыстық жауапкершілігін күшейткен жөн болар еді
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік түрлері
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға кінәлі деп танылуы мүмкін тұлғалармен қатысып, құрамында ҚР ҚК көзделген қылмыс құрамының белгілері бар кез келген қоғамға қауіпті іс-әрекеттері жататының айтты.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар – осы Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 249(үшінші бөлігінің 2) тармағында), 307 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін санкциялар және 21-әрекеттер егжей-тегжейлі сипаттаулары берілді.
1. 189-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу
2. 190-бап. Алаяқтық
10. 361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
11. 362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану
12. 364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
13. 365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
14. 366-бап. Пара алу
15. 367-бап. Пара беру
16. 368-бап. Парақорлыққа делдал болу
17.369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
18. 370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
19. 450-бап.Билiктi терiс пайдалану
20. 451-бап. Билiктi асыра пайдалану
21.452-бап. Биліктің әрекетсіздігі
Сабақта әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қаралды (05.07.2014 ж ӘҚБтК 34 Тарау - 01.01.2015 ж күшіне енген)
1. 674-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру (200 АЕК мөлшерiнде айыппұл)
2. 677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (600 АЕК мөлшерiнде айыппұл)
3. 678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi (750, 1500 АЕК мөлшерiнде айыппұл)
4. 679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы (600 АЕК мөлшерiнде айыппұл)
5. 680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы (100 АЕК мөлшерiнде айыппұл)
6. 681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау (100 АЕК мөлшерiнде айыппұл)
Ақырында оқытушы, әрбір жеке құқық бұзушылық нақты, ол нақты адаммен, белгілі бір жерде және уақытта жасалады, қолданыстағы құқықтық ұйғарымға қарама-қайшы, нақты анықталған белгілермен сипатталатының айтып жеткізді. Адам өзінің мінез-құлқыңда осы нормаларды ұстануға немесе олардан бас тартуы мүмкін. Бірақ, бірқатар нормаларды сақтамау оларды бұзған тұлғаға қатысты әр түрлі санкциялар қолдануды тудырады. Осы қоғамда қабылданған, оның ерекшеліктерін ескере отырып, санкция қолдану түрлі құжаттармен регламенттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |