2016 жылдың І жартыжылдыққа



жүктеу 184,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі184,5 Kb.
#21882



исх: 7-02/2160 от: 20.09.2016

2016 жылдың І жартыжылдыққа

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің атқарылған жұмыстары жөніндегі АҚПАРАТЫ
Жұмыспен қамту:

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстарды жүргізіп келеді.

2016 жылдың 1 шілдесіне дейінгі жағдайға жұмысқа орналасу мәселесімен 3755 адам жолығып, оның ішінде 3632 адам жұмыссыз деп танылды. 2015 жылғы 10 шілдесіне дейін жұмысқа орналасу сұрағымен 3396 адам жолығып, оның ішінде 3352 адам жұмыссыз деп танылды.

Есепті мерзім ішінде барлығы 2167 мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды, соның ішінде 858 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 205 адам жастар практикасына (соның сыртында 2015 жылдан жалғастырғандар - 126 адам), 44 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (соның сыртында 2015 жылдан жалғастырғандар - 61 адам), 1004 адам қоғамдық жұмыстарға, 44 адам кәсіптік оқуға жолданды, 12 адам несие алды. 2015 жылғы 10 шілдесіне дейін барлығы 2165 адам жұмысқа ораналасты, соның ішінде тұрақты жұмысқа 947 адам, жастар практикасына -174 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына -68 адам орналастырып, жыл басынан қоғамдық жұмыстарға -910 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша – 66 адам, оқуға -63 адам жолданды.

2016 жылдың 1шілдесіне дейінгі жағдай бойынша 1062 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайызды құрайды. Жаңадан 1704 жұмыс орындары ашылды. 2015 жылғы 10 шілдесіне жұмыссыз ретінде есепке тіркелген азаматтар саны 923 адам. Жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайызды құрайды.

2016 жылдың 1 шілдесіне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен жолыққан мүмкіндігі шектеулі жандар – 101 адам. Мемлекеттік қолдау шараларымен 92 мүгедек қамтылды (соның ішінде 01.01.2016ж. жағдайға есепте тұрғандар есебінен – 41 адам):

- тұрақты жұмысқа орналасқаны – 14 адам;

- жастар практикасына жолданғаны - 3 адам;

- қоғамдық жұмысқа жолданғаны – 74 адам;

- кәсіптік оқуға жолданғаны – 1 адам.

Жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауға мұқтаж адамдарды, жұмысқа орналастыру мақсатында нысаналы топтар белгіленіп, олар үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылды. 2015 жылдың есептік кезеңіне әлеуметтік жұмыс орнына 68 адам, соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 37 адам жолданды. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқандарды еңбек ақымен қаржыландыру үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4320,0 мың теңге бөлінді.

Өткен мерзім ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұратын 39 адам жұмысқа орналастыру мәселесімен жолықты, одан 4 адам тұрақты жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 10 адам қоғамдық жұмыстарға, 1 адам бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жолданды.

2016 жылдың өткен мерзімінде 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, есепті мерзім ішінде 385 адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының (әрі қарай - Бағдарлама) I - бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 3 нысанды - №39 орта білім беретін мектеп, №33 «Орленок» балалар бақшасын және көзі нашар көретін балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланды. Жұмыс барысында 136 жаңа жұмыс орнын ашу және ашылған жұмыс орындарына 68 адамды жұмыссыздар есебінен Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланды. Бүгінгі күнге барлық объектілер бойынша жөндеу жұмыстары басталып, 136 жаңа жұмыс орындары ашылды, содан 26 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолданды. 2015 жыл 01 шілдедеге қарасты Жұмыс барысында 90 жаңа жұмыс орнын ашу және ашылған жұмыс орындарына 45 адамды жұмыс сұраған жұмыссыздар есебінен жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге жөндеу жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы нақты 41 жұмыссыз адам жұмысқа жолданылды.

Бағдарламаның II-бағыты «Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру» шеңберінде 2016 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 54 адамға 158000 мың теңге қаражатқа сұраныс берілді. Есепті мерзім ішінде микрокредит алуға ниет білдірген 600 адамға түсінік-кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 12 адамның бизнес-жобалары мақұлданып, өткен жылдардан қайтарылған қаражат есебінен 11800 мың теңге, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 24000 мың теңге, барлығы 35800 мың теңге несие берілді. Бүгінгі күні шағын несие алуға ниет білдірген 45 адамның құжаттары жинақталып, «БҚО қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының қарауына жолданды.

2015 жылға 65 706 мың теңге қаражат бөлінді. 2015 жылы микрокредит алуға ниет білдірген 200 адамға кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, Бағдарламаны жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi қалалық комиссия отырысында 27 адамдардың жобалары мақұлданып, 2 адам 6,0 мың.тенге. көлемінде несие алды



Бағдарламаның III-бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» 2015 жыл 01 шілде бойынша еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша 4 адамды кәсіптік оқудан өту үшін 572 мың теңге, 31 адамды қайта даярлаудан өткізу үшін 5306 мың теңге, 32 адамды біліктілігін арттыру курстарынан өткізу үшін 1830 мың теңге, грант бойынша 17 адамды қайта даярлау үшін 2915 мың теңге, республикалық бюджеттен барлығы 84 адамға кәсіптік оқуды ұйымдастыру үшін 10623 мың теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 70 адамды кәсіптік оқытудан өткізу үшін 2628 мың теңге қаражат қарастырылды.

2015 жыл 01 шілде бойынша еңбек нарығына қажетті мамандықтарға 18 адамды қайта даярлау курсына оқытуға 3 676 мың теңге қаражат бөлінді. Оқыту мерзімі қыркүйек айында басталады.

Кәсіптік оқуды ұйымдастыру үшін барлығы 154 адамға 13251 мың теңге қаражат бөлінді. Мұның сыртында 49 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

Есепті мерзім ішінде 44 адам кәсіптік оқумен қамтылды. Атап айтқанда, жұмыс берушілердің сұранысы негізінде көгалдандырушы мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен 10 жұмыссыздың барлығы да тұрақты жұмысқа орналасты, 7 адам біліктілігін жетілдіру кустарынан өтті. Қазіргі уақытта дербес компьютер операторы мамандығы бойынша 7 адам қайта даярлау курсында оқуда. Сондай-ақ, 18 жастан 24 жасқа дейінгі жастардан 12 адам, 55 жастан асқан 15 адам білімдерін жетілдіру және қайта даярлау курстарында оқуда.



Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға республикалық бюджеттен 38 адамға 7318 мың теңге және жергілікті бюджеттен 70 адамға 5273 мың теңге, барлығы 108 адамға 12591 мың теңге қаражат бөлінді. Есепті мерзім ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 44 адам жолданды, сонымен қатар қала аумағындағы 31 мекемемен 61 адамға жасалған келісімшарттар ұзартылды. Есепті кезеңге әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 30 адамның 14-і, немесе 46.7 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.

2015 жылы республикалық бюджеттен 46 адамға 5 575 мың теңге және жергілікті бюджеттен 74 адамға 7 992 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге қала аумағындағы 20 мекемемен келісімшарттар жасалып, әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адам жолданды.



Жастар практикасын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 57 адамға 13 056,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 188 адамға 35 883,0 мың теңге, барлығы 245 адамға 48 939 мың теңге қаражат бөлінді. Есепті мерзім ішінде 205 адам жастар практикасына жолданды, 35 жас маманмен жасалған келісімшарттары ұзартылды. Есепті кезең ішінде жастар практикасын аяқтаған 39 адамның 24-і, несесе 61,5 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.

Жастар практикасын ұйымдастыруға 2015 жылы 51 адамға 10 917 мың теңге және жергілікті бюджеттен 47 адамға 10 000 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге қала аумағындағы 37 мекемемен келісім шарттар жасалып, 65 адам жастар практикасына жолданды.

2015 жылы жастар практикасына жергілікті бюджет есебінен 19618,0 мың теңге бөлінді.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 1505 адамға 72453 мың теңге қаражаттың бөлінуі қамтамасыз жасалды. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 1004 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.

Есепті мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын және мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру бағытында 21 жиналыс-кеңестер кеңес өткізіліп, 6 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, теледидар арқылы 14 сұхбат, 3 хабарландыру, радио арқылы 3 сұхбат беріліп, газеттерде 3 мақала, 4 хабарландыру жарияланды. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларының оңды іс-тәжірибелермен көпшілікті ақпараттандыру мақсатында жасақталған Медиа-жоспарға сәйкес телеэфир арқылы 2 сюжеттік хабар ұйымдастырылып, газеттерде 6 мақалалар циклі жарияланды, сондай-ақ қала әкімдігі мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ресми сайттарында 10 материал орналастырылды.

2015 жылы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды ұымдастыруға 56 мекемелермен келісімшарт жасады. 2015 жылы қоғамдық жұмыстармен 910 адам қамтылған. Қоғамдық жұмыс қатысушыларының еңбек ақысының мөлшері 21364 теңге құрайды. Аталған шараға жергілікті бюджет есебінен 67712,0 мың теңге бөлінген.

2015 жылғы 1 шілдесіне дейін жұмысқа орналасу мәселесімен 95 мүмкіндігі шектеулі адам жолығып, жұмыссыз деп танылды, соның ішінде 37-сы әйел адам, 26 адам - 29 жасқа дейінгі жастар.

Әлеуметтік қорғанысты қажет ететін барлығы 94 мүгедек белсенді шаралармен қамтылды:

* тұрақты жұмысқа - 15 адам; Тұрақты жұмысқа 128 бағдарлама қатысушылары жұмысқа орналастырылды.

*қоғамдық жұмыста - 74 адам;

*әлеуметтік жұмыс орындарында -3 адам, соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 адам;

*жастар практикасында – 1 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша;

*қайта даярлау курстарында 1 адам.



Мүгедектер мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау:

Орал қаласы (с.і.: Желаев, Зашаған, Круглоозерный) бойынша тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері, барлығы: 130 адам, с.і. ҰОС қатысушылар -81 адам, ҰОС мүгедектері – 49 адам. (01.07.2015 жылы: ҰОС ардагерлері, барлығы: 171 адам, с.і. ҰОС қатысушылар -111 адам, ҰОС мүгедектері – 60 адам). 01.07.2015 жылмен салыстырсақ, ҰОС ардагерлерінің саны 41 адамға немесе 24%-ға азайды.

ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгендер - 929 адам болса, оның ішінде: ҰОС қатысушыларына теңестірілгендері – 503 адам, ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендері - 426 адам. (01.07.2015 жылы: ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгендер - 960 адам, болса оның ішінде: ҰОС қатысушыларына теңестірілгендері – 524 адам, ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендері - 436 адам). 01.07.2015 жылмен салыстырсақ, ҰОС қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірілгендер саны 31 адамға немесе 3,2%-ға азайды.

Жалпы аурулықтарына байланысты 8611 мүгедектер бар, о.і.: І топ – 927 адам, ІІ топ – 3485 адам, ІІІ топ – 2966 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 1118 бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 115 бала. Зейнеткерлер саны– 41869 адам. (01.07.2015 жылы: жалпы аурулықтарына байланысты 8735 мүгедектер бар, о.і.: І топ – 913 адам, ІІ топ – 3635 адам, ІІІ топ – 3015 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 1076 бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 96 бала. Зейнеткерлер- 40321 адам). 01.07.2015 жылмен салыстырсақ, жалпы аурулықтарына байланысты мүгедектердің саны 124 адамға азайды немесе 1,4%-ға, сондай ақ, зейнеткерлер 1548 адамға немесе 3,8%-ға өсті.

ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сүйене отырып мүгедек жандарға тағайындалған ОЖБ - на сәйкес мемлекеттік қызметтер 8 стандарт бойынша атқарылады:


  1. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»: 01.07.2016 жылы І-топтағы зағип жандар және жүру қабілеттері нашар сондай ақ, есту қабілеттері нашар 839 мүгедектер тіркеліп, оларға 688 адам келісім шарт бойынша жеке көмекшілер және ымдау тіл мамандары ретінде қызмет көрсетеді, оның ішінде 675 жеке көмекші І -топтағы зағип жандар және қозғалуы қиын 662 мүгедек жандарға қызмет көрсетуде; 13 ымдау тілі мамандары есту қабілеті нашар 177 мүгедекке қызмет көрсетуде.


Салыстырма кестесі

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

Қамтылған мүгедектер

Жеке көмекшілер, ымдау тілі маманы

Игерілген қаражат

Қамтылған мүгедектер

Жеке көмекшілер, ымдау тілі маманы

Игерілген қаражат

793

617

35,7

839

688

75,4


2) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»: Жыл басынан тифло-техникалық құралдарды 76 мүгедектер қажет етеді, осының 14 адамы қамтылып отыр. Сурдо-техникалық құралдарды (видеокомпьютерлерді, мобильдік телефондарды, вибрсағаттарды, телефакстарды, көпфункцитоналды жүйелерді) 90 адам қажет етті, ал қамтылғандары 38. Тифлотехникалық құралдарды (тифло-магнитола, тифло-плеер, диктафон, таяқ, сағатты) 76 мүгедектер қажет етті, оның ішінде 14 мүгедек (жиналмалы және тірек таяқшаларымен, магнитолалармен, диктофондармен, сағаттармен) қамтамасыз етілген.

Тифло-техникалық құралдармен қамтудың салыстырмалы кестесі

Өткен жылмен салыстырғанда қажеттілік 5,5% немесе 4 адамға өскен.



01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

Құралдарды қажет етеді


қамтылғандар

%

орындалуы

Құралдарды қажет етеді


қамтылғандар

%

орындалуы

72

1

1,3%

76

14

18,4%



Сурдо-техникалық құралдармен қамтудың салыстырмалы кестесі

Қазіргі кезеңді өткен жылмен салыстырғанда мүгедектердің қажеттілігі 32,3% немесе 22 адамға өскен.



адам

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

Құралдарды қажет етеді

қамтылғандар

%

орындалуы

Құралдарды қажет етеді

қамтылғандар

%

орындалуы

68

11

16,1%

90

38

42,2%

01.07.2016 жылы арнаулы гигиеналық құралдарға (жөргөктер, жаялықтар, нәжіс қабылдағыштар, несеп қабылдағыштарға) мұқтаж мүгедектердің саны 568 адам. Қамтылғандары (жөргөктермен, нәжіс қабылдағыштармен, несеп қабылдағыштамен) 232 адам. 2016 жылға гигиеналық құралдарды сатып алу үшін 83,8 млн. теңге бөлінді, осының 58,1 млн.теңгесі игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда мүгедектердің қажеттілігі 6,1% немесе 33 адам.



Салыстырма кестесі

млн. теңге

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

Құралдарды қажет етеді


қамтылғандар

%

орындалуы

қаражат

Құралдарды қажет етеді


қамтылғандар

%

орындалуы

қаражат

535

34

6,3%

59,9

568

232

40,8%

58,1

3) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»: Қала бойынша кресло-арбада отыратын мүгедек жандар 456. 01.07.2016 жылые кресло-арбаға 79 мүгедек құжаттарын тапсырған. 11 адам кресло-арбамен қамтамасыз етілді. Өткен жылмен салыстырғанда мүгедектердің қажеттілігі 13,1% немесе 12 адамға азайған.

Кресло-арбаға мұқтаж және қамтылғандар туралы салыстырма кестесі

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

Құралдарды қажет етеді


қамтылғандар

%

орындалуы

Құралдарды қажет етеді


қамтылғандар

%

орындалуы

91

5

5,5%

79

11

13,9%


4)«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»: Жылдың басынан есепке тіркеліп құжаттарын тапсырған адамдардың саны 401. 01.07.2016 ж жолданған емделушілер саны 177. Өткен жылмен салыстырғанда қажеттілік 39,3% немесе 260 өтінішке азайған.

Салыстырма кестесі

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

Құралдарды қажет етеді


қамтылғандар

%

орындалуы

Құралдарды қажет етеді


қамтылғандар

%

орындалуы

661

120

18,2%

401

177

44,1%


5 «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»: 01.07.2016 ж 51 адам құжаттарын тапсырды. Соның 42 адамының құжаттары әзірленіп ӘДМ-не жолданды. 5 адам кезекте тұрса, 4 адамның құжаттары қарастырылуда. Өткен жылмен салыстырғанда мүгедектердің қажеттілігі 45.7% немесе 16 адамға өскен.

Медициналық-әлеуметтік мекемесінің салыстырма кестесі

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

МӘМ-не орналастыру қажеттілігі

орналасқандар

Орындалған%

МӘМ-не орналастыру қажеттілігі

орналасқандар

Орындалған%

35

25

71,4%

51

42

82,3%


6) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»: Жылдың басынан 118 адам жолығып, оның ішінде: жалғыз басты қарттар -78, мүгедек балалар -34, 18 жастан жоғары стационарлық психоневралогиялық аурулықтарына байланысты - 6 адам. Өткен жылмен салыстырғанда мүгедектердің қажеттілігі 90,3% немесе 56 адамға өскен.

Әлеуметтік қызмет көрсету туралы салыстырма кестесі

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

жолыққандар

орналасқандар

орындалу %

жолыққандар

орналасқандар

орындалу %

62

60

96,7%

118

118

100%


7) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»:

Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сай жүргізілуде. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу болып табылады. 01.07.2016 ж бері 2 адам тіркеліп оларға тиісті куәліктері берілді. Өткен жылмен салыстырғанда қажеттілік 84,6% немесе 11 адамға азайған.



Салыстырма кестесі

адам

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

жолыққандар

берілді

орындалу %

жолыққандар

берілді

орындалу %

13

13

100%

2

2

100%



8) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»: 01.07.2016 ж Протез-ортопедиялық құралдарға жолыққандар саны (балдақ, корсет, ортопедиялық аяқ-киім, таяқ, арба, протездер т.б.) 231 адам, қамтылғандары 26 мүгедек облыстық басқарма арқылы Алматы филиалының протездік шеберханасына жолданды. Өткен жылмен салыстырғанда қажеттілік 27,8% немесе 89 өтінішке азайған.
Протездік-ортопедиялық құралдардың мүгедектерге қажеттілігі және орындалғаны туралы

салыстырма кестесі

адам

01.07.2015 жыл

01.07.2016 жыл

Құралдарды қажет етеді

қамтылғандар

%

орындалуы

Құралдарды қажет етеді

қамтылғандар

%

орындалуы

320

3

1%

231

26

11,2%

Қолданылып жатырған іс-шаралар барлық санаттағы мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған, әсіресе қазіргі жағдайда маңыздылығы жоғары болып отыр, бұл орайда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі мамандарының үнемі назарында және осы аталған әлеуметтік жұмыстар бойынша мүгедек жандары бар мұқтаж азаматтарға, жанұяларға көмектесу барысында жалғасын таба береді.



Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге арналған мемлекеттік қызметтер алты стандарт бойынша атқарылады:

  1. Тұрғын үй көмегіхалықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.

Тұрғын үй көмегі негізінен – әрбір отбасының кірісіне байланысты, неғұрлым отбасының кірісі төмен болған сайын, соғұрлым тұрғын үй көмегі жоғары болады.

2014 жылдың мамыр айынан «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) және www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үй көмегін көрсетуде халықтың ауқымын өсіру мақсатында жұмыстар жүргізілді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту 2011–2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй көмегі секторымен және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бөлімінің мамандарымен жиналыс өткізіп бағдарламаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 01.07.2016 ж. аралығында 217 пәтерлі тұрғын үйлер Поповича1, Саратовская 26, С.Восток 15/1 мекенжайлары бойынша тексерілді.

Сонымен қатар облыстық және жергілікті маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарына тұрғын үй көмегі жөнінде ақпарат берілді. Күн сайын тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде көмек алушыларға телефон арқылы және ауызша ақпарат беріледі.

2016 жылдын 129,3 млн. теңге бөлу жоспарланды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 14,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 114,4 млн. теңге қаржы бөлінді .

01.07.2016 ж. аралығында тұрғын үй көмегін 2947 отбасы (3302 адам) ол 5,9% немесе 184 отбасыға азырақ, өткен 2015 жылмен салыстырғанда (3131 отбасыға, соның ішінде 3607 адам). Тұрғын үй көмегіне 52,8 млн. теңге тағайындалды, ол 22,4 % немесе 9,3 млн. теңге көбірек, өткен 2015 жылға қарағанда (43,2 млн. теңге).

Өтініш санының азаю себебі жалақы өсімі бөлғандыңтан (жәрдемақы деңгейі 25% өсти, зейнетақы 9%, базалық зейнетақы 7%). Комуналдық төлемдер тарифтің өсуіне байланысты орта есеппен бір отбасыға тұрғын үй көмегінің сомасының өсуі байқалады.

Күрделі жөндеу бойынша 01.07.2016 ж. тұрғын үй көмегі 113 отбасыға (ол 128 адамға) төленді. 2015 жылдың 1 жарты жылдыгына қарағанда (64 отбасы), халық санының өсуі 1,8-ге байқалады.

Күрделі жөндеу бойынша төлем сосмасы 586,5 мың теңге, ол 46,8% көбірек немесе 186,9 мың тенге, 2015 жылға қарағанда ( 399,6 мың тенге).



2) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» бойынша 2016 жылы жергілікті бюджеттен 35,5 млн. теңге төлеу жоспарланды. Жыл басынан 6 айға 647 отбасының 1647 балаларына 15,4 млн. теңге тағайындалып, 646 отбасының 1644 балаларына 15,4 мың теңге төленді. Осы кезеңді 2015 жылмен салыстырғанда 11 отбасыға төмендеген, немесе 1,7% себебі жәрдемақы алушылардың табыстары азық-түлік себетінің құнынан жоғары болуына байланысты, сонымен қатар жәрдемақы алушылардың өтініш беру төмендеуі (01.07.2015 ж. 658 отбасының 1574 баласына 13,4 млн. теңге тағайындалып, 626 отбасының 1508 баласына 12,8 млн. теңге төленді).

3) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» бойынша 2016 жылы жергілікті бюджеттен 5,0 млн. теңге төлеу жоспарланды. Жыл басынан 6 айға 51 отбасының 229 адамға 2,0 млн. теңге тағайындалып, төленді. Осы кезеңді 2015 жылмен салыстырғанда 8 отбасыға төмендеген, немесе 15,7% себебі көмек алушылардың табыстары кедейшілік шегінің құнынан жоғары болуына байланысты (01.07.2015 ж. 59 отбасындағы 255 адамға 1,8 млн. теңге тағайындалып, төленді).

4) «Өтініш берушінің (отбасының)атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» -0

5) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» бойынша. 2016 жылы жергілікті бюджеттен 17,6 млн. теңге төлеу жоспарланды. Жыл басынан 6 айға 174 отбасының 174 балаларына 10,3 млн. теңге тағайындалып, төленді. Осы кезеңді 2015 жылмен салыстырғанда 21 балаға көбейген, немесе 13,8% себебі үйде оқыту үшін психологтік-дәрігерлік-педагогикалық консультация қорытындысы бар мүгедек балалардың саны көбейуіне байланысты (01.07.2015 ж. 150 отбасының 153 баласына 8,3 млн. теңге тағайындалып, төленді).

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті тағайындауға 2016 жылы жергілікті бюджеттен 4200,0 мың теңге төлеу жоспарланды. Пилоттық жоба 2016 жылдың 1 маусымынан басталды, 384,3 мың теңге игерілді. ШАК 15 отбасындағы 69 адамға 454,3 мың теңге тағайындалып, 15 отбасындағы 69 адамға 302,0 мың теңге төленді.

6)«Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» стандарты бойынша:

2013 жылғы 20 қарашада №18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес,

2016 жылы 297,7 млн. теңге бөлініп,1 шілде айына 221, 8 млн. теңге игерілді, яғни жоспардың 74,5%. (2015 жылы 463,6 млн.теңге бөлініп,оның ішінде: ЖБ-тен 306,8 млн. РБ-тен 9 мамыр күніне 156 765,0 мың теңге, 2015 жылы 1 шілдеде 345,7 млн теңге немесе 74,5% игерілді).

2016 жылдың 1 шілде айына айсайынғы әлеуметтік төлемдер:

а) жергілікті деңгейдегі дербес зейнеткерлерге айсайынғы материалдық көмек 2016 жылы 1 АЕК (2121 теңге), 31 адам жалпы соммасы 375,4 мың теңге төленді, қазіргі кезеңмен 2015 жылға салыстарғанда (33 адамға жалпы сомасы 315,3 мың теңге) 19% артық төленген.

б) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы № 49 «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы негізінде 2016 жылы 2,9 АЕК (6151 теңге), 29 адамға жалпы соммасы 1039,6 мың теңге төленді, 2015 жылдың 1шілдесіне салыстырғанда (32 адамға 873,5 мың теңге) 19,0% артық;

в) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына айсайын 2016 жылы 2 АЕК (4242 теңге) көлемінде 130 адамға жалпы соммасы 6006,9 мың теңге төленді, (2015 жылы 121 адамға, жалпы соммасы 4819,0 мың теңге) 24,7% артық.

г) көз жанарынан айырылған 2 топтағы зағип мүгедек жандарға және қант диабеті ауруына шалдыққан азаматтарға қала көліктерінде жүруіне байланысты берілетін жолақысы 2016 жылы 1 АЕК (2121 теңге) 133 адамға, жалпы соммасы 1794,4 мың теңге төленді, 2015 жылмен салыстырғанда (153 адамға, жалпы соммасы 1451,6 мың теңге), 23,6% артық.

д) коммуналдық қызметтерге шығындарды өтеу үшін материалдық көмек Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес беріледі:

1)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі ҰОСМ мен ҰОСҚ) – 10605 теңгеден 148 адамға жалпы соммасы 8876,4 мың теңге алды, 2015 жылы қазіргі кезеңмен салыстырғанда (176 адамға жалпы соммасы 8680,9 мың теңге) 2,3% артық.

Сондай- ақ 9 мамыр Жеңіс күніне орай ҰОСМ мен ҰОСҚ 150 000 теңгеден 139 адам жалпы соммасы 20850,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек алды, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 47,2% төмен (176 адам жалпы сомасы 44200,0 мың теңге).

ҰОСМ мен ҰОСҚ жесірлеріне 15 000 теңгеден 495 адамға жалпы соммасы 7425,0 мың теңге төленді, осы жылмен салыстырғанда 33,4% кем (567 адамға 22211,0 мың теңге).

ҰОС жылдарында қажырлы еңбегі үшін марапатталған ададамдарға 190 адамға 15 000 теңге көлеміңде жалпы сомасы 2850,0 мың теңге, 2015 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда (229 адамғажалпы сомасы 9010,0 мың теңге) 31,6% кем, сонымен қатар ҰОС жылдарында алты айдан кем емес жұмыс жасаған адамдарға 4238 адамға 10 000 теңгеден 42380,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда 25,5% кем (4776 адамға жалпы сомасы 166460,0 мың теңге).

2) Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар:

- Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2 АЕК көлемінде, сонымен қатар Ауғанстан аумағынан әскерлерін шығару күніне (15ақпан) орай 30 000 теңгеден 512 адамға 28537,9 мың теңге төленді, 6,3% артық (538 адамға 26828,8 мың теңге).

- Чернобыль АЭС-індегі апаттан, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған және қатысқан адамдарға 2 АЕК, ЧАЭС-де апатқа ұшырағандарды еске алу күніне (26 сәуір) 30 000 теңге 222 адамға 12328,7 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 13,4% (214 адамға 10868,5 мың теңге).

3) Жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары: блокададағылар, тұтқындар, жалдамалы құрамдағылар, СЯСП мүгедектері және т.б. 214 адамға жалпы соммасы 7648,4 мың теңге төленді, өткен жылмен салыстырғанда (206 адамға жалпы сомасы 9866,4 мың теңге) 77,5% кем.

Қалалық азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша материалдық көмек көрсетілді:

- онкологиялық және туберкулез ауруына шалдыққандардың емделуiне табысын есепке алмай 15 АЕК (31815 теңге) 1904 адамға жалпы соммасы 61770,5 мың теңге төленді, 2015 жылмен салыстырғанда 275,8% (756 адамға жалпы сомасы 22397,0 мың теңге).

- жерлеуге (табысын есепке алғанда) –15 АЕК (31815 теңге ) 13 адам жалпы құны 409,5 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 54,2% (27 адамға жалпы құны 756,1 мың теңге)

- емделуге және күн көріске (табысын есепке алғанда) 554 адамға жалпы құны 7108,4 мың теңге, 2015 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда (543 адамға жалпы құны 12260,9 мың теңге) 58% кем, сонымен қатар, мүгедек балаларға 233 адамға жалпы құны 5053,9 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 62% артық (141 адамға жалпы құны 3120,0 мың теңге), ал 2016 жылы 1- маусым балалар күніне 508 балаға 5080,0 мың теңге төленді.

- санаториялық-курорттық емделуге 42 адамға 2310,0 мың теңге төленді, өткен жылмен салыстырғанда 1,5% артық (28 адамға 1540,0 мың теңге).
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2015 жылы алты айдың есебі бойынша түрлі себептермен (өз өтініші бойынша, басқа елді мекенге көшуіне, қайтыс болуына байланысты, т.б.) бөлімшенің есебінен шыққаны

2016 жылы алты ай бойынша денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде арнайы әлеуметтік қызметтер тағайындалды (үйде әлеуметтік қызметкер көмегі): 118 адам (жалғызбасты қариялар – 78, мүмкіндігі шектеулі балалар – 34, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар – 6), бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе артық (01.07.2015ж. 58 адам: жалғызбасты қариялар мен І,ІІ топ мүгедек саны -44, мүмкіндігі шектеулі балалар – 12, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асақан адамдар – 2.)

2016 жылы алты айдың есебі бойынша түрлі себептермен (өз өтініші бойынша, басқа елді мекенге көшуіне, қайтыс болуына байланысты, т.б.) бөлімшенің есебінен шыққаны 133 адам: (қариялар – 75, мүмкіндігі шектеулі балалар – 52, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар – 6), бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 1,9-ға артық (01.07.2015ж. 70 адам: қариялар – 59, мүмкіндігі шектеулі балалар – 9, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар – 2.)

2016 жылдың алты айдың қорытынды есебі бойынша бөлімшеде – 891 қызмет алушы( жалғызбасты қариялар мен І, ІІ топ мүгедегі саны – 712, мүмкіндігі шектеулі балалар –141, психоневрологиялық аурулары бар адамдар – 38), 2015 жылдың алты айдың көрсеткішімен салыстырсақ, 20 адамға кем (01.07.2015ж. 911 қызмет алушы: жалғызбасты қариялар мен І, ІІ топ мүгедегі саны – 715, мүмкіндігі шектеулі балалар –160, психоневрологиялық аурулары бар адамдар – 36)


«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2016 жылдың 1-қаңтарында 34 адам (2015ж.32 адам) болған. 2016 жылдың қаңтарында-18 (2015ж. 16адам), ақпанда-16 (2015ж. 13адам), наурызда-8 (5 адам) адам, сәуірде-5 (6 адам), мамырында -1 (3 адам), маусымда-2 (9 адам) қабылданды.

2016 жылы Орталыққа қабылданған қызмет алушылардың саны -84 адам, (01.07.2015ж. 84 адам). 21-не жеке құжаттары қалпына келтірілді (01.07.2015ж. 23адам), уақытша жұмысқа орналасқандар- 13 (01.07.2015ж. 2 адам), Қарттар үйіне орналасқаны – 2 (01.07.2015ж. 4 адам), мүгедектік тағайындалған-1 (01.07.2015ж. 1 адамға).

Қазіргі күні тұрып жатқаны – 9 адам.



Соның ішінде жолдама бойынша келгендер:





Барлығы келгені

ОҚЖҚжӘББ

жолдамасы

Орал қалалық

ІІБ қабылдап-тарату

Облыстық аурухана

Өз өтініші

Түрмеден келгендер

1қаңтарында

34

31

1

1

-

1

қаңтар

18

14

-

1

3

-

ақпанда

16

9

4

1

-

2

наурыз

8

4

1

1

1

1

сәуір

5

1

-

1

1

2

мамыр

1

-

-

-

-

1

маусым

2

1

-

1

-

-




84

60

6

6

5

7

Әлеуметтік бейімделу орталығының қызметі: құжаттарын рәсімдеу, әлеуметтік қолдау, медициналық, психологиялық көмек көрсету, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алуға жәрдемдесу, денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындау, уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру.

Қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтіндерге арналған Орталықтың жанындағы тәулiктiң түнгi уақытында уақытша болу бөлімшесі бар. Уақытша болу бөлімшесінде кәмелетке толған қызмет алушылар, оның ішінде түрлі себептер бойынша жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, баспанасы жоқ немесе одан айырылған азаматтар қабылданады.

Түнектегі адамдар тәуліктің түнгі уақытында жазғы мезгілінде сағат 21 - ден 9 - ға дейін, қысқы мезгілінде сағат 18 - ден 10 - ға дейін бола алады.

6 ай ішінде 147 адамға қызмет көрсетті, 2015 жылмен салыстырғанда 9 адамға артық (01.07.2015ж. 138 адам)

Ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында арнаулы әлеуметтік қызмет және медициналық қызметтер көрсетеді:

1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;

2) дәрігерге дейін көмек көрсету.

Түнде болу бөлімшесінде ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі қызмет алушылардың арасында ресоциализацияның орындылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді. 6 ай ішінде ұтқыр әлеуметтік патруль 195 адамға қызмет көрсетті.
Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығы

2016 жылдың 6 айында көмекке жүгінген 49 әйелдің (21-не психологиялық, 8- не құқықтық, 19-не психологиялық және құқықтық кеңестер) берілді, 2015 жылмен салыстырғанда 12 адамға аз (01.07.2015ж. 60 әйел адам көмекке жүгінді, оның ішінде психологтың көмегіне –35, заңгердің кеңесіне –25 әйел адам).

Биылғы жылдың 6 айында паналаған 24 адамның (12-ы әйел, 12-і бала. Оның 8-уі ІІБ-ның жолдамасымен, 4-уі Жұмыспен қамту орталығының баяндамасымен келді), 2015 жылмен салыстырғанда 22 адамға кем (01.07.2015ж. паналаған адам саны- 46, оның ішінде 15 әйел адам және 31 бала).

Биыл 2016 жылы 24 адам (01.07.2015ж. 15 адам) тері және педикулезге қарсы тексеруден өткізілді, күн сайын қан қысымы, дене температурасы өлшеніп, 6 адамға жедел жәрдем және №3 қалалық емханадан 2 балаға бала дәрігері шақыртылып, амбулаторлық ем беріліп, физиотерапия өткізілді. 23 адамға (01.07.2015ж. 46 адамға) дәрумендеу терапиясы жүргізілді.

27 ақпанда орталықты паналаушы және бұрын көмекке жүгінген әйелдер үшін «Наша реакция на стресс» тақырыбында семинар өткізілді.

6 наурызда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жастар ресурстық орталығымен бірлескен шара өткізіліп, қабырға газеті шығарылып, сыйлықтар берілді.

Наурыз мерекесі күніне орай «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік шара өткізіліп, орталық қызметкерлерінің қатысуымен «Орыс және украин» халықтарының салт – дәстүрі, ұлттық тағамдары мен киімдері көрсетіліп, әндері орындалып, билері биленді.

20, 21 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қолдауымен «Бақытты отбасы » жобасы аясында орталық директоры Г.Шамкелова, заңгер кеңесші Ә.Боранғалиев және психолог Н.Қуанғалиева отбасыларды қолдау мақсатында қоғамдық қабылдаулар өткізді.

22 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп «Бақытты отбасы » жобасы аясында «Отбасы қатынасы үйлесімділігі» атты семинар-тренинг өткізілді.

10 маусым күні «Жайық даусы» қоғамдық бірлестігімен және қала мектептерінің психолог мамандарының қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдерге құқықтық кеңес пен ақпараттық қолдау көрсету» тақырыбында семинар өткізіліп, орталықты паналаушы әйелдермен арт терапия жүргізілді.

6 наурызда республикалық «24 kz» телеарнасына орталық жұмысы туралы сұхбат берілді.

«Приуралье» газетінде 2015 жылғы №5 нөмерінде «Начать все с чистого листа...», «Пульс города» 2015 жылғы №11 нөмерінде «Дом помощи и надежды», республикалық «Жас Қазақ» газетінің 2015 жылғы 3 сәуірде «Барар жер, басар тауы жоқ», «Пульс города» 2015 жылғы №12 нөмерінде «Цель-поддержка семьи», «Пульс города» 2015 жылғы №19 нөмерінде «Проекты для счастья семей» және 17 маусымда шыққан «Уральская неделя» газетінде «Кризисный центр в Уральске: без мужей и отцов» атты орталықтың жұмысы туралы мақалалары көрініс тапты.

2015 жылдың 6 наурызында Жастар ресурстар орталығымен бірлескен шара өткізілсе, 2016 жылы 5 наурызда «Қуантайық Ананы» атты шара өткізіліп, паналаушыларға материалдық көмектер көрсетілді.

2016 жылдың 18 наурызында Наурыз мерекесіне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қорымен бірлескен мерекелік шара ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар көрсетілді. Қатысқандар саны – 32 адам.

Биылғы 2016 жылдың 28 сәуір күні директор – Г.Шамкелова мен психолог – Н.Қуанғалиева БҚО прокуратурасының ұйымдастыруымен Салтанат сарайында «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылық бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтармен күрес және оның алдын алу» тақырыбында өткізілген аймақтық конференцияға қатысты.

29 сәуір күні заңгер – Н.Мақұлов БҚО сотында ұйымдастырылған «ҚР гендерлік саясат туралы» конференцияға қатысып, орталық жұмысы туралы есебі тыңдалды.

2016 жылдың 27 сәуір күні фельдшерлер: Н.Құрметова мен А.Беркитова СӨС орталығымен, №1 емхана гинекологымен бірлесе «Әйелдердің репродуктивті денсаулығы» тақырыбында орталыққа бұрын жүгінген және паналаған әйелдермен семинар өткізді. Қатысқандар саны – 17 адам.13 мамыр күні орталық психологы Н.С.Қуанғалиева «Арба» бірлескен қоғамдық ұйымымен бірлесіп «Өзіңді және өзгені таны!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Қатысқандар саны – 13 адам.

2016 жылдың 24 қаңтар күні заңгер – Н.Макулов пен психолог – Н.Куангалиева «Қазақстан-Орал» телеарнасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында өткізілген «Открытая студия» ток-шоуына, 11 ақпанында Фельдшер – А.Беркитова «Қазақстан-Орал» телеарнасында «Қатерлі ісікті жеңгендер» тақырыбында өткізілген «Заман сөз» ток-шоуына қатысты.



2016 жылдың 25 ақпанында педагог – А.Сүлейменова Достық үйінде Қазақстан ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі отырысында «Аналарды қорғау - басты міндет» тақырыбында баяндама жасады.

2016 жылдың 4 мамырында Батыс Қазақстан облыстық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, Орал қалалық маслихатының депутаты – Ләззат Тұяқбайқызы Рысбекованың ұйымдастыруымен өткізілген Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «25 қайырымды іс» атты ізгі шара барысында орталықтың көмегіне жүгінуші 10 әйелдің отбасына 60 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. 29 маусымда орталық директоры Г.І.Шамкелова облыс әкімінің орынбасары әкім М.Тоқжановтың отырысында орталықта істелген жұмыстың 3 жылдық есебін берді.
жүктеу 184,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау