8 мамыр күні «Вахта памяти» акциясы өткізілді. Акция бір мезетте бірнеше жерде – «Слава» мемориалы, Бауыржан Момышұлы бюсті, жерлес батырларымыз Т.С.Вербицский мен И.М.Астафьев ескерткішінде үнсіз еске алу басталды. Үлкен митингте Шемонаиха ауданы қорғаныс істер бөлімінің басшысы подполковник Д.Жииндинов және ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Степанова, Жастар орталығының директоры К.Буднецкий сөз сөйледі.
1 маусым аудандық Мәдениет үйі алаңында «Ғажайып әлеміне саяхат» атты концерттік театрланған көрсетілім мен бағдарлама ұйымдастырылды, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды, аудандық Мәдениет үйі және «Шығармашылық үйі» КММ әртістері өнер көрсетті. «ШАРМиДО» ҚБ мен Шемонаиха ауданы әкімшілігінің «Жастар орталығы» КММ атсалысты, олар балаларға арнап ойын алаңдарын және «Дартс», «Балық аулау», асфальтта сурет салу мен «Бодиарт» конкурстарын ұйымдастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |