2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Наркологиялық   диспансерлерде   және   ауруханаларда,   оның   ішінде

алкоголизм   мен   нашақорлықты   мәжбүрлеп   емдеуге   арналған

мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерде – 25. 

Соның   ішінде   Жамбыл   облыстық   туберкулезге   қарсы   диспансерге

2014 жылғы 24-25 қыркүйекте 1 арнаулы болу өткізілді.

Денсаулық   сақтау   және   әлеуметтік   даму   министрлігіне   бағынысты

мекемелер   ҰАТ   құру   және   әрекетке   енгізуге   дейін   таңдаулы   және   Адам

құқықтары   жөніндегі   уәкіл   аппараты   қызметкерлерінің   мониторингтік

сапарлары   шеңберінде   жеке-дара   мекемелерінде   адам   құқықтарын   қоғамдық

бақылау   (қоғамдық   мониторинг)   жүзеге   асырылған       орындар   болып

табылатынын атап өту қажет.

Аталған   факт   есепті   кезеңде   ҰАТ   өңірлік   топтары   болған   мандатпен

басқарылған барлық мекемелердің ішінен медициналық мекемелердің арасынан

ҰАТ топтарын мекемеге кіргізбеу, сондай-ақ жалпы ұстау жағдайларына және

аталған   ұсынымдарды   орындамауға   қатысты   ескертулерге   тіке   жауап   беру

фактілері көбірек орын алды.

Осылайша,   қызметкерлердің   ҰАТ   қызметі   туралы   хабардар   болмауы

себебінен мекемелерге уақыт кідірісімен кіру орын алды. Кіру тек облыстық

денсаулық   сақтау   басқармалар   мен   Адам   құқықтары   жөніндегі   ұлттық

орталықпн   телефон   арқылы   консультация   алуынан   кейін   ғана   жүзеге

асырылды.   Осындай   жағдайлар   Солтүстік   Қазақстан   облысының   облыстық

психоневрологиялық   диспансер   мен   облыстық   наркологиялық   диспансерде,

Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық наркологиялық диспансерге, Батыс

Қазақстан   облысының   облыстық   наркологиялық   мамандандырылған   емдеу-

профилактикалық мекемеде, Алматы қ. медициналық-әлеуметтік коррецияның

қалалық   наркологиялық   орталығында,   Солтүстік   Қазақстан   облысының

Благовещенка ауылының емдеуге арналған наркологиялық ұйымында болды.

Сондай-ақ төмендегі мекемелердің әкімшілігі ҰАТ топтарына жоспарлық

алдын   ала   болуына   рұқсат   бермеген   еді:   Астана   қ.   психикалық   денсаулық

проблемасының   медициналық   орталығы,   Алматы   психикалық   денсаулық

орталығы,   Жамбыл   облыстық   психиатриялық   диспансері   мен   Павлодар

облыстық   туберкулезге   қарсы   диспансері.   ҰАТ   қатысушылары   аталған

мекемелерге қайта баруға мәжбүр болды.  

 Мекемеге кіргізбеу фактілері бойынша тиісті актілер жасалып, уәкілетті

органдарға   жолданылған   еді,   сондай-ақ   Адам   құқықтары   жөніндегі   ұлттық

орталық   институтқа   ұйымдық-техникалық   қолдауды   қамтамасыз   ету

шеңберінде   Денсаулық   сақтау   және   әлеуметтік   даму   министрлігіне   тікелей

хаттар   жолданған   еді,   бұның   нәтижесінде   аталған   министрлік   2015   жылдың

басында барлық бар проблемалар туралы мәлім ету масқатында селекторлық

отырысты өткізді.

5.2. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың жағдайын

бағалау 

31



ҰАТ қатысушылары наркологиялық ұйымдарда алдын ала болған кезінде

аталған   мекемелерде   азаптау   мен   іс-әрекеттердің   басқа   да   қатыгез   түрлерін

қолдандың нақты фактілерін анықтамады. 

Сонымен қатар, шешімін табуды қажет ететін төмендегідей проблемалар

белгіленді.

ҰАТ   қатысушылары   бірқатар   мекемелер   күрделі   жөндеу   жұмыстарын

жүргізуді   қажет   ететін   ғимараттар   мен   үйжайларда   орналасқан:   Батыс

Қазақстан   облысының   облыстық   наркологиялық   диспансері   (ғимарат   1983

жылы   салынған),   Қарағанды   облысының   Жезқазған   қ.   облыстық

наркологиялық   орталықтың   наркологиялық   бөлімі   (ғимарат   1956   жылы

салынған), Шығыс Қазақстан облысының облыстық наркологиялық диспансері,

Батыс   Қазақстан   облысының   облыстық   наркологиялық   мамандандырылған

емдеу-профилактикалық мекемесі.

  Одан басқа, Оңтүстік Қазақстан  облысының облыстық наркологиялық

диспансері 1979 жылы салынған ғимаратта орналасқан, бұл ретте медициналық

мұқтаждарға   техникалық   бейімделмеген.   Жекелеген   мекемелерде   кейбір

құрылыстардың   бірін   ауыстыруды   қажет   етеді:   моншаларды,   асханаларды,

ауладағы туалеттер.

Жалпы   мекеменің   аталған   үлгідегі   медициналық   қызмет   көрсетумен

қалыптасқан   жағдай   оң   деп   бағаланады,   тек   жекелеген   мекемелерде

медициналық   персоналдың   жеткіліксіздігі   байқалуда.Осылайша,   Солтүстік

Қазақстан облысының Благовещенка аулындағы мәжбүрлеп емдеуге арналған

наркологиялық   ұйымдар   медициналық   персонал   жеткіліксіз,   дәрігер-

психотерапевт,   дәрігер-наркологтар   мен   терапевттердің   айрықша   жетіспейді;

Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық наркологиялық ауруханада психолог

пен психотерапевт бос орындары бар.  

 

  

Алматы қалалық медициналық-әлеуметтік коррекция наркологиялық орталығы 



Барлық   типтегі   жабық   мекемелердің   тараған   проблемаларының   бірі

қанағаттанарлықсыз   санитарлық-гигиеналық   жағдайлар   болып   табылады.

Наркологиялық   ұйымдар   да   бұдан   ерекшеленбейді.   Бұл   ретте   санитарлық

тораптардың,   шұңғылшалардың   жеткіліксіздігі,   жеке   бас   гигиена

32



құралдарының   жоқтығы,   антисанитарлық   күйдегі   қора-қопсы   туалеттердің

болуы,     және   қалыпты   санитарлық-гигиеналық   қамтамасыз   етудегі   басқа   да

шектеулер   адамның   ар-қасиетін   қорлайтын   қатыгез   іс-әрекеттер   нысанының

бірі   болып   табылатынын   түсіну   қажет.   Бұл   ретте   бірқатар   мекемелер

мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржыландырудың жеткіліксіздігіне сілтеме

жасайды,   алайда   бар   болған   санитарлық   және   гигиеналық   тораптарды

мұнтаздай күйде ұстау айтарлықтай қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Осылайша,   ҰАТ   қатысушылары   төмендегідей   наркологиялық

ұйымдардың   санитарлық-гигиеналық   жағдайлары   қанағаттанарлықсыз   деп

таныды: Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансер (6 палатаға 1 санторап,

қанағаттанарлықсыз күй, сабынның болмауы, қабатта 1 душ кабинасы); Батыс

Қазақстан   облыстық   наркологиялық   мамандандырылған   емдеу-

профилактикалық мекемесі (ғимараттағы санитарлық тораптар суды үнемдеу

мақсатында   жабық,   науқастар   қанағаттанарлықсық   күйде   тұрған   қора-қопсы

туалеттерді пайдаланады, жеке заттарды жууға арналған үйжайдың жоқтығы);

Алматы   қ.   қалалық   медициналық-әлеуметтік   коррекция   наркологиялық

орталығы;   Павлодар   облыстық   наркологиялық   диспансер;   Қарағанды

облысының   Сарань   қ.   облыстық   мамандандырылған   емдеу-профилактикалық

мекемесі; Солтүстік Қазақстан облысының Благовещенка аулының мәжбүрлеп

емдеуге   арналған   наркологиялық   ұйымы;   Шығыс   Қазақстан   облыстық

наркологиялық   диспансер;   Батыс   Қазақстан   облыстық   наркологиялық

мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесі және т.б. 

Тамақтанудың   қанағаттанарлықсыз   жағдайы   да   маңызды

проблемалардың   бірі   болып   табылады.   ҰАТ   қатысушылары   ыдыстың

жеткіліксіздігі (Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансер); ас үлесінде еттің,

сүт   өнімдерінің   жоқтығы   (Ақтөбе   облыстық   наркологиялық   диспансер);

берілетін   тамақтың   сапасын   бақылау   жүргізілмейтіндігі   (Жезқазған   қ.

облыстық   наркологиялық   орталықтың   наркологиялық   бөлімі,   Қарағанды

облысының   Сарань   қ.   облыстық   мамандандырылған   емдеу-профилактикалық

мекемесі) фактілерін анықтады.

Кейбір   мекемелерде   тамақтану   үшін   арнайы   үйжай   жоқ   (Шығыс

Қазақстан облыстық наркологиялық диспансер), ал кейбірінде, керісінше, бар

үйжай   пайдалынбай,   науқастар   палаталарында   тамақтанады   (Солтүстік

Қазақстан   облысының   Благовещенка   аулының   мәжбүрлеп   емдеуге   арналған

наркологиялық ұйымы).

Көптеген   наркологиялық   мекемелерге   тән   тағы   бір   проблема

науқастардың   сыртқы   дүниемен   тұрақты   байланысының   жоқтығы   болып

табылады, бұл кітапхана мен кезеңдік басылымдардың болмауымен, теледидар

қарау уақытының аса шектелгендігімен, кездесулер үшін арнайы жабдықталған

комнаталардың   болмауы   себебінен   туысқандармен   араласу   мүмкіндігінің

болмауымен   сипатталады.   Мұндай   проблемаларға   Маңғыстау   облысының

арнайы   емдеу-профилактикалық   мекемесінің,   Қостанай   облыстық

наркологиялық   диспансерінің,   Алматы   қалалық   әлеуметтік-әлеуметтік

коррекция   наркологиялық   орталығының,       Жезқазған   қ.   облыстық

наркологиялық орталықтың наркологиялық бөлімінің, Қарағанды облысының

33



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау