2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

ғасырдың   ортасында,   немесе   одан   да   ерте   салынған,     бір   бөлігі   жөндеу

жұмыстарын   қажет   ететін,   сондай-ақ   апатты   жағдайдағы   ғимараттар   мен

үйжайлар   болып     табылады.   Мысалы,   Шығыс   Қазақстан   (ОВ-156/19),

Қарағанды (АК-159/1), Алматы (ЛА-155/16) облыстарындағы, Астана қ. тергеу

изоляторлары,   ЛА-155/6,   ОВ-156/22,   ГМ-172/1,   ГМ-172/8   түзеу   мекемелері.

Санитарлық-гигиеналық   нормалар   мен   талаптарды   сақтамау,   санитарлық

тораптардың,   кәріздердің   қанағаттанарлықсыз   жағдайы,   төсек   орын

құралдарының лайықсыз күйі  Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе

облыстарынының тергеу изоляторларында және Солтүстік Қазақстан, Шығыс

Қазақстан,   Қостанай,   Қызылорда   облыстарының,   Алматы   және   Астана

қалаларының жекелеген түзеу мекемелерінде байқалады.

  

  



 

         ОВ-156/3 мекемесінің АИ,                  Санторап, ЕС-164/4  мекемесі                    Семей қ. ТИ камерасы 

             Өскемен қ.

         Горный ауылы, СҚО

Ұсынылған есептерді талдау қамауда ұстау және бостандығынан айыру

орындарында   медициналық   және   медикаментоздық   қамтамасыз   ету

жеткіліксіздігі,   медициналық   мамандардың   кадрлық   тапшылығы   сияқты

проблемалар шешілмей қалғанын көрсетіп отыр. Мекеме аумағында сотталушы

мүгедектердің   жүріп   қозғалуы,   соның   ішінде   қыдыру   проблемасы   бар,

мүгедектерге   арналған   арбалардың   тозуы   Солтүстік   Қазақстан   және   Шығыс

Қазақстан   облыстарының   түзеу   мекемелерінде   белгіленген,   Павлодар

облысының   тергеу   изоляторларында   стандартты   үйжайлар   жағдайында

мүгедектерді орналастыру үшін құрылғылардың болмауы белгіленген.

    

ЕС-164/4 мекемесі, 

Горный ауылы, СҚО

19



ҰАТ   қатысушыларының   есептерінде   сыртқы   дүниемен   байланыстың

шектілігі   (мекемелерде   кезеңдік   баспасөз   басылымдарының,   кітаптардың,

радионүктелердің жоқтығы немесе аз болуы, туысқандармен телефон арқылы

сөйлесулерді уақытын ерікті азайту) белгіленген. Уақытша оқшаулау және ұзақ

мерзімге     бостандықтан   айыру   орындарында   азаптауды   және   қатыгез   іс-

әрекеттерді алдын алудағы маңызды фактор осындай мекемелерде орналасқан

тұлғалардың   шағымдарды   беру   тетіктеріне   қолжетімділігі   болып   табылады.

Көптеген есептерде тергеудегі- қамауға алынғандар, сотталушылардың заңды

құқықтары мен мүдделері, олардың мемлекеттік органдарға және құқық қорғау

ұйымдарына   жүгіну   тәртібі   мен   процедурасы   туралы   ақпараттың   жоқтығы

немесе жеткіліксіз қол жетімділігі, шағымдарды берудің тиісті каналдарының

жоқтығы белгіленген. 

  

                      УК-161/2 жататын үйжайы, Қостанай қ.                        ОВ-156/3 мекемесінің медсанбөлімі, 

       Өскемен қ.

Әрине,  уәкілетті   органның   жазалауды  орындау,  сотталушыларды   ұстау

және     жазалауды   өтеу   тәртібінің   жағдайларын   жақсарту,   азаматтық

қоғамдастықтың пенитенциарлық мекемелерінің қызметіне қатысуы   жүйесін

жетілдіру үшін жүргізіп отырған жұмысын атап өту қажет.

Сонымен   қатар,   жалпы   жағдай   назарды   және   ең   бастысы,   тұрғын

үйжайларды сәйкес келтіру үшін, жаңа мекемелерді салу, тиісті медициналық

қамтамасыз ету, материалдық-тұрмыстық ұстау жағдайларын қамтамасыз ету

үшін айтарлықтай бюджеттік қаражатты тартуды қажет ететіндей баға беріледі.

Тұлғалардың   қамауда   ұстау   және   бостандықтан   айыру   орындарында

аталған   жағдайдарды   ұзақ   уақыт   бойы   орналасуы   қатыгез   және   ар-намысты

қорлайтын іс-әрекеттер болып танылуы мүмкін.

ҰАТ қатысушыларының тікелей өздері болған мекемелердің әкімшілігіне

жіберген бірқатар ұсынымдар қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша нақты

ұсыныстарды қамтиды.

Есепті   жылы   арнаулы   болулардың   айтарлықтай   санын   ҰАТ

қатысушылары ҚАЖ мекемелеріне бару үшін сұратқан еді. Барлығы 12 болу

өткізілді, оның 4 – тергеу изоляторларында, 8 – түзеу мекемелерінде.

11 арнаулы болулар нәтижесінде материалдар прокуратура органдарына

жолданған   еді,   болу   барысында   келіп   түскен   шағымдар   Адам   құқықтары

20



жөніндегі   уәкіл   офисінің   қарауына   қабылданды.   Прокуратура   органдары

жіберілген   материалдарда   баяндалған   барлық   фактілер   бойынша   тексерістер

өткізді. 

2014   жылы   ҰАТ   қатысушылары   мекемелерде   арнаулы   болудың

нәтижесінде   қылмыстық-жазалау   әрекеттер   жасауда   күдікті   лауазымды

тұлғаларға қатысты 3  қылмыстық іс қозғады.

1. БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/1   мекемесінде орналасқан тергеудегі-

тұтқынға   алынған   А.А.   Бурлаковтың   шағымы   бойынша   (полиция

қызметкерлерінің азаптауды қолдану фактісі бойынша);

2.

Астана   қ.   бойынша   ҚАЖД   ЕЦ-166/5   мекемесі   -   сотталушы



С. Ушениннің шағымы бойынша - (қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану

фактісі бойынша) -  кейіннен іс тоқтатылды;

3. Астана   қ.   бойынша   ҚАЖД   ЕЦ-166/5   мекемесі   –   Б.   Әуелбековтің

шағымы   бойынша   -   (қызметтік   өкілеттіктерін   асыра   пайдалану   фактісі

бойынша) -  кейіннен іс тоқтатылды.

ҚР   ІІМ   ҚАЖК   барлық   мекемелерінде   дерлік   «әкімшілікке   деген

ниеттілігі»   қағидасы   бойынша   кемсітушілік   тің   бар   болуын   атап   өту   қажет.

«әкімшіліктің   ерікті   көмекшісі»   институтының   реттелмеген   заңнамалық

құқықтық   актілері   ҚР   ІІМ   ҚАЖК   пенитенциарлық   мекемелерінде   тәртіпті

сақтау   үшін   әкімшіліктің   сотталушы   топтарға   жіберіп   отырған   зорлық   пен

кемсітушіліктің жаңашыл құралы болып табылады.

ҰАТ қатысушыларының мекемелердегі «этап қабылдау» процедурасына

деген   қарым-қатынасы   бір   мағыналы   емес:   процедура   ерікті   сипатта,   оған

мекеменің қызметкерлері де, камуфляждағы және маскалардағы ішкі әскердің

бақылаушылық құрамы да қатысады. Мұндай процедура нормативтік-құқықтық

актілерде   бекітілуі   қажет,   мекемелерге   жаңадан   келіп   жатқан   сотталушылар

үшін заңды салдарлар әкелуі тарапынан болжамды болуы керек.

Алғашқы   арнаулы   болулар   «этап   қабылдау»   кезінде   туберкулезбен

науқастанған   сотталушыларға   қатысты   азаптауларды   қолдану   туралы

мәлімдемелерден   туындаған   еді.   Сотталушылардың   айтуы   бойынша   ҰАТ

қатысушыларының есептерінде қатыгез, ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді

қолданатындығы   көрсетілген   еді.   Мысалы,   Солтүстік   Қазақстан   облысы

бойынша   ҚАЖД   ЕС-164/8   мекемесінде   болған   кезде   жаңадан   келген

сотталушылар арнайы құралдарды қолдану, түнгі уақытта «қояндар» кейпінде

ұзақ   уақыт   бойы   отыруға   мәжбүрлеу,   жалаңаш   күйде   унитаздарды   жуу,

жыныстық   сипаттағы   қоқан-лоқылар   көрсету   және   т.б.   туралы   куәландырып

отыр.

21



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау