2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

психологиялық   коррекция   әдістерінің   спектрін,   сотталушылардың   өндірістік

әлеуетін және еңбекпен қамтуын кеңейту қажет.

Сотталушыларға және теургеудегі қамауда орналасқан тұлғаларға түзеу

мекемелері   мен   тергеу   изоляторларында   өз   құқықтары   мен   мүдделерінің

бұзылғаны   туралы   шағымдармен   жүгінуде   кедергі   жасау   практикасын,

қоғамнан   уақытша   оқшаулау   орындарында   жүгіну   тетіктерінің   жоқтығын

ескере отырып, қамауда және бостандығынан айыру орындарында орналасқан

тұлғалардың өздерінің құқық қорғау ұйымдары мен құқық қорғау органдарына

жүгінуге   берілген   құқықтарын   іске   асыруға   қолжетімділігін   және

хабардарлығын   қамтамасыз   етуді   ұсынып   отырмыз.   Бұл   ретте   мекемелер

қызметкерлерінің   заңсыз   әрекеттеріне   шағымданған   тұлғаларды   қудалау

практикасын жоюды ұсынып отырмыз.

  Қауіптер  мен қиындықтарға  толы жұмыстың сипатын  ескере отырып,

мекемелер   мен   ұйымдар   қызметкерлерінің   еңбек   жағдайларын   жақсартуға,

олардың әлеуметтік қорғалуына, қоғамның сенімін арттыруына назар аудару

қажет.


Қоғамды   мекемелердің   қызметіне,   әсіресе,   оңалту   және   білім   беру

бағдарламалар үдерісіне және т.б. тарту практикасын жетілдіру қажет.

1.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бағынысты мекемелерде

орналасқан тұлғалардың жағдайы 

3.1. Жалпы жағдай

Осы баяндамада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты мекемелерде

қалыптасқан жағдайға толықтай сипаттама беруге мүмкіндік болмады, себебі

осындай төрт мекеменің арасынан ҰАТ қатысушылары екі рет тек бір тергеу

изоляторында   болды.   Алайда,   ҰАТ   қатысушылары   мекеменің   жұмысындағы

бірқатар   кемшіліктерді   ашып   анықтады,   және   олар   мекеме   әкімшілігі   мен

Комитет басшылығы деңгейінде шешілуі қажет.

Жалпы мекеменің жұмысы қанағаттанарлықтай болып бағаланады. ҰАТ

қатысушылары қатыгез іс-әрекеттер немесе азаптаулар көріністерін тіркемеді.

   


3.2. Жағдайды бағалау

ҰАТ қатысушылары  мекеме  жұмысында  төмендегідей   ақауларды  және

НҚА кейбір сәйкессіздігін белгіледі:

-

табиғи жарықтандырудың жеткіліксіздігі;



-

орындықтардың тиісті санының жоқтығы;

-

мониторинг   кезінде   туалеттердің   сантехникалық   құрылғыларының



жұмыс істемеуі (қамаудағылар нәжістерін өздері төгіп кетіруі және т.б.) 

Сотталушылар   мен   тергеудегі   қамауға   алынғандар   заңда   белгіленген

мерзімде   олардың   хаттарына   жауап   ұсынбаған   мемлекеттік   органдардың

жұмысына шағымданды.

ҰАТ   қатысушылары   әзірлеген   ұсынымдарының   тізілімі   мекеменің

әкімшілігіне берілді. Алайда оларды орындау мекеменің барлық үйжайларын

28



ағымдағы жөндеуге жасалынған жобалық-смета құжаттамасы (ЖСҚ) бойынша

белгілі ақшалай қаражатты бөлу кезінде ғана мүмкін. 

 

3.3. Қорытынды мен ұсынымдар

ҰАТ қатысушыларының ведомствоның бір мекемесінде алдын ала болуы

бойынша   жалпы   жағдайы   туралы   қорытынды   жасауға   мүмкін   емес.   Алайда

қадағалау   органы   мекеме   әкімшілігінің   ұсынымдарды   орындауына   назар

аударуы керек.

ҰАТ қатысушыларының адами ар-қасиетті қорлау, қатыгез іс-әрекеттер

немесе   азаптаулар   оқиғаларын   анықтамауы   мекеме   басшылығына   осындай

фактілер мен көріністерге жол бермеуіне деген назарын азайтуға себеп болмай

тұр, сондай-ақ жеке құрамды азаптауды алдын алу жөніндегі заңнамамен, осы

саладағы халықаралық стандарттар   мен ҰАТ туралы нормативтік құқықтық

актілермен таныстыруын міндеттейді.

2.

Қорғаныс министрлігіне бағынысты мекемелерде орналасқан



тұлғалардың жағдайы 

4.1. Жалпы жағдай

Қазақстан   Республикасы   Қорғаныс   министрлігінің   әскери   полиция

бөлімдерінің гауптвахталарында орналасқан тұлғаларға арналған мекемелердегі

жалпы   жағдайды   ҰАТ   қатысушылары   жалпы   қанағаттанарлықтай   деп

сипаттайды. Мекемелердің (гауптвахталардың) атына бірқатар ескертулер бар,

тұрғын үйжайлардың (камералардың) күйі «тұрғын үйжайлар» деген  атауы мен

белгіленуіне   терезелердің   жоқтығынан,   соның   салдарынан   табиғи

жарықтандырудың жоқтығынан сәйкес келмейді.

Кейбір   гауптвахталар   жөндеу   жұмыстарын   жасау   үшін   ішінара   немесе

толықтай жабық тұрды. Медициналық көмек көрсету жұмысында кемшіліктер

бар.   ҚР   ҚМ   Тараз   және   Ақтөбе   гарнизондарындарының   гауптвахталары

алаңдатушылықты   тудыруда,   ондағы   жалғызбасты   камераларда   терезелер,

сантораптар жоқ және ҰАТ қатысушылары оларды ауа мен жарық кірмейтін

«тас қаптар» деп сипаттама берді.

ҰАТ   қатысушылары   барлығы   ҚР   ҚМ   әскери   полициясының

4 гауптвахтасында болды.



4.2. Жағдайды бағалау

ҚР   Қорғаныс   министрлігінің   әскери   полиция   бөлімдерінің

гауптвахталарының  жалпы жағдайының сипаттамасы  қалыптасқан жағдайды,

бірінші кезекте, қадағалау органдары мен министрлік басшығының барынша

назарын қажет ететін ұстау жағдайларын бағалауға мүмкіндік береді.жағдайды

өзгерту   бойынша   кідірткісіз   шаралар   қолдану   және   оны   лауазымды

тұлғалардың түсінуі қажет.

Ілесіп   жүрген   тұлғалардың   ақпараты   бойынша   жыл   сайын

гауптвахталарда   орналасқан   әскери   қызметшілердің   саны   азайып   келуі

29



белгіленуді,  бірінші  кезекте,  бұл  елдің  әскери   күштеріндегі   әскери  тәртіптің

нығаюымен байланысты.

Алайда,   бар   болған   проблемалаық   мәселелер,   атап   айтқанда,

гауптвахталардың орналасуы, медициналық қызметшілердің гауптвахталардан

алыста   орналасуы,   әскери   қызметшілердің   басқа   гарнизоннан   қабылда

практикасы, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бойынша мәселелерді де

шешу қажет.

 

4.3. Қорытынды мен ұсынымдар

Қоғам мен мемлекеттік, соның ішінде қадағалау органдарының азаматтық

сектордың пенитенциарлық мекемелерінің проблемаларына ерекше назары ҚР

Қорғаныс   министрлігінің   әскери   полициясының   мекемелерінің   бақылау   мен

назарының   тиісті   деңгейін   төмендетті.   Қазақстандағы   стандарттар

сотталушыларды,   тергеудегілерді   (тұтқынға   алу   түріндегі   алдын   кесу

шарасымен)   немесе   ҚР   Қорғаныс   министрлігінің   әскери   бөлімшелерінде

әкімшілік   тұтқынға   алуға   ұшырағандарды   қамауда   ұстауға   арналған   барлық

мекемелер үшін бірдей.

ҰАТ   қатысушыларының   мекеме   әкімшілігіне   жіберген   ұсынымдар

тізілімін әскери қадағалау органы бақылауға алуы керек. Айтарлықтай назарды

тұрғын   үйжайларын   (камералар   мен   ғимараттарды)   санитария,   гигиена

талаптарын, сыртқы дүниемен байланысты, мекемелер қызметкерлерінің және

онда   орналасқан   тұлғалардың   конституциялық   құқықтары   мен   міндеттерін

білуін   қамтамасыз   етумен   бірге   әрекеттегі   заңнаманың   нормаларына   сәйкес

келтіруге бөлу қажет.

5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне бағынысты

мекемелерде орналасқан тұлғалардың жағдайы

5.1. Жалпы жағдай

«Халық   денсаулығы   мен   денсаулық   сақтау   жүйесі   туралы»   Қазақстан

Республикасы Кодексіне сәйкес ҰАТ қатысушылары төмендегідей мәжбүрлеп

емдеуге арналған   ұйымдарда болады: мамандандырылған туберкулезге қарсы

ұйымдар,  мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдар, медициналық

сипаттағы   мәжбүрлеу   шараларын   қолдануға   арналған   психиатриялық

стационарлар   (жалпы   үлгідегі   мәжбүрлеп   емдеуге   арналған   психиатриялық

стационар, мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационар, интенсивті

қадағалаумен мамандырылған типтегі психиатриялық стационар). 

Аталған мекемелерге ҰАТ қатысушылары 2014 жылғы наурыз-қарашада

кіруге рұқсат  алды. Қарастырылып  жатқан кезеңде  71 медициналық ұйымда

болды, оның ішінде: 

Туберкулезге қарсы диспансерлерде, ауруханалар   мен туберкулезге



қарсы кабинеттерде – 21;

Психоневрологиялық диспансерлерде, психиатриялық ауруханаларда



– 25;

30



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау