Арақашықтықтағы үлкен айырмашылық болғанда күзетілетін объекті сейсмикалық қауіпті аймақтан тіс жерде болады, егер мынадай жағдай сақталса
, (7)
онда N – ЖЗ зарядтар саны; - ЖЗ жалғыз зарядының салмағы, кг; - ЖЗ жалғыз зарядынан күзетілетін объектіге дейінгі қашықтық, м.
8. Жалпы массасы Q болатын N жарылыс заттар зарядтары тобын бір мезетте емес жарған кезде күзетітілетін объектіден ең жақын заряд пен ең қашық орналасқан зарядқа дейінгі ара қашықтық 20 % аспайтын шамаға ғана ерекшеленетін болғанда, қауіпсіз қашықтық (м) келесі түрде есептеледі
. (8)
N мен Q анықтаған кезде салмақтары жарылатын топтағы зарядтардың ең көп салмағынан 3 есеге немесе одан да аз болатын зарядтарды есепке алмауға болады.
Салмағы болатын ең қашық оналасқан зарядтарының қорғалатын объектіге дейінгі арасы 20 % басқа болған жағдайда, келесі шарт орындалған жағдайда, соңғысы сейсмикалық қауіпті емес аймақта болады:
. (9)
N анықтаған кезде жарылатын топтағы зарядтардың ең көп салмағынан шамасы 3 есеге немесе одан да аз болатын зарядтарды есепке алмауға болады.
Зарядтар тобын жарған кезде әр топтағы жарылыстардың арасындағы бәсеңдету 20 мс аз болса, осындай зарядты салмағы зарядтар тобына теңеп алынатын заряд ретінде қарастырылады.
- (8), (9) формулалары арқылы анықталады, мұндағы N – топтар саны.
9. Осы Қосымшаның 6, 7, 8-тармақшаларында келтірілген қауіпсіз арақашықтықты анықтау әдістер қанағаттанарлық техникалық жағдайдағы ғимараттар жатады.
Ғимараттарда зақымданған жағдайда (қабырғаларында жарықтар және т.б.) 5 - 9 формулалары бойынша белігленген қауіпсіз арақашықтық ұлғаяды. Бұл ұлғайтулар мамандандырылған ұйымдардың қорытындысы бойынша белгіленеді. Осындай қорытындылар болмаған жағдайда қауіпсіз арақашықтықтың ұлғайтылуы 2 еседен кем болмайды.
Қауіпсіз арақашықтықты анықтаудың көрсетілген әдістері бірегей сипаттағы ғимараттар мен имараттар үшін (атомдық электр станция ғимараты, мұнаралар, биіктікті ғимараттар, монументті қоғамдық ғимараттар және тағы сол сияқты), сондай-ақ, жауапты немесе күрделі инженерлік имараттар үшін (көпірлер, әртүрлі қолданыстағы реакторлар, гидротехникалық құрылыстар, радиодіңгектер және тағы сол сияқты) қолданылмайды. Осындай объектілер үшін сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, шешіледі.
Осы Қағидаларда көзделмеген жарылыс шарттары, сондай-ақ, үлкен қашықтықта зарядтар тобы әсерінің сейсмикалық бағыты, қайталанбалы жарылыстар кезінде ғимараттардың зақымдануы, дәрменді жарылыстардың (1000 т ЖЗ және одан жоғары) сейсмикалық әсерінің ерекшеліктері сияқты факторлар, аттестатталған сараптама ұйымдарды тарту арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |