2014 жылғы 30 желтоқсан №343 Астана қаласы Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»


-параграф. ЖМ жұмыс орындарына жеткізу тәртібі



жүктеу 6,11 Mb.
бет2/44
Дата18.12.2017
өлшемі6,11 Mb.
#4653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

2-параграф. ЖМ жұмыс орындарына жеткізу тәртібі

71. ЖМ жеткізу оқыған қызметкерлер арқылы белгіленген бағыт бойынша жүргізіледі.

72. ЖЗ және бастамашыл құралдар қалталарда, кассеталарда, зауыт қаптамаларында жеткізіледі. Бастамашыл құралдар мен соққыштарды тек жарушытар жеткізеді (тиеп-түсіру жұмыстарын қоспағанда).

Детонаторы бар соққыштар іші жұмсақ материалмен қапталған қатты қалталармен (кассеталар, жәшіктер) тасымалданады.

73. Жарушы бастамашыл құралдар мен ЖЗ бірге тасымалдағанда, ЖМ салмағы 12 кг артық болмайды. Жарғыш тасымалдайтын соққылардың салмағы 10 кг аспайды.

Бастамашыл құралдарсыз ЖЗ қалтамен тасымалдағанда салмағы 24 кг дейінгі салмаққа рұқсат беріледі.

Зауыттық қаптамадағы ЖЗ тасымалдау, ауыр заттарды тасымалдаудың орнатылған ережелері шамасында жүргізіледі.

74. ЖМ қоймадан жұмыс орындарына жеткізу техникалық жетекшісінің рұқсаты бойынша жүргізіледі.

ЖЗ, бастамашыл құралдар және ату жару аппараттарын тасымалдау төмендегі шарттарды сақтау кезінде жүргізіледі:

1) көлік құралының жүк көтергіштігінің 2/3 бөлігінен артық болмауы;

2) бастамашыл құралдар ішкі бөлігі толықтай жұмсақ төсенішпен қапталған тығыз жабылатын қораппен көліктің алдыңғы жағына орналасуы;

3) ЖЗ қаптамаларының бастамашыл құралдар қораптарына сүйкелмеуін қамтамасыз ету амалдарын жасағанда;

4) дәрілер мен перфорациялық зарядтарының зауыттық қаптамамен немесе арнайы қораптармен орналасуы және басқа ЖМ 0,5 метр қашықтықтан жақын болмауы;

5) қораптарды және басқа ЖМ ыдыстарының соғылмауы және бір-біріне үйкелмеуі үшін қатайтылуы тиіс.

В және Ғ үйлесіміділік тобын қосапағанда, ЖМ арнайы автокөліктердің толық жүк көтерілімдігіне дейін біріктіріп тасымалдауға болады.

75. Жарғыштар пен тасымалдағыштарды оларға берілген ЖМ бірге жұмыс орындарына осы мақсатқа арнайы берілген көлік құралымен жеткізіледі.

76. Жер асты жағдайында ЖМ тасымалдау, осы мақсатта жабдықталған, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін шахталық көлік құралдарының барлық түрлерімен жүргізіледі.

77. Адамдар көтеріліп-түсіп жатқан уақытта шахта оқпанымен ЖМ тасымалдауға болмайды. ЖМ тиеп-түсіргенде, қозғағанда, шахта оқпанында, оқпан маңындағы аулада және оқпан үстіндегі шахта ғимаратында жарғыш, таратушы, ЖМ тиеп-түсіруші жұмысшылар, оқпаншы және ЖМ жеткізуге жауапты қадағалаушы тұлғалардың ғана болуына рұқсат беріледі.

78. Шахта оқпанымен ЖМ көтеріп-түсіру диспетчердің (шахта кезекшісі) жауапты қадағалаушы тұлғаға хабарлама бергеннен кейін жүргізіледі.

ЖМ бар қораптар мен қаптар көтерме биіктігінің 2/3 бөлігінен жоғары және көтерме есігінен биік болмайды.

Қаптар мен қораптардағы ЖМ вагонетка ернеуінен аспайды, вагонеткалар көтермеге бекітіледі.

Бастамашыл құралдар ЖЗ бөлек түсіріледі (көтеріледі).

79. ЖМ бар жарғыштар мен ЖЗ Бар тасығыштар қиғаш қазбаларда көтеріліп – түскенде, вагоншалар ішіндегі әр орындықта бір жарғыш немесе бір ғана тасығыш орналасады.

80. ЖМ қалтасы бар жарғыш және ЖЗ қалтасы бар тасығыш бір уақытта көтеріліп түскенде көтерме ішінде еден бір адамға 1 шаршы метр (бұдан әрі – м2) есептеледі. Көрсетілген тұлғаларға өздерімен бірге осы Қағидалардың 73-тармағында көрсетілген көлемнен артық емес ЖМ мөлшері болуына рұқсат беріледі.

ЖМ бар жарғыштар мен ЖЗ Бар тасығыштар кезектен тыс көтеріліп-түседі.

81. ЖМ жер асты қазбаларымен тасымалдау секундасына 5 метр (бұдан әрі – м/с) артық емес жылдамдықпен жүзеге асырылады. Машинист көтеру машинасын не жүкшығырды немесе электр тасығышты солқылдатпай, еппен іске қосады және тоқтатады.

82. Жер асты қазбаларында көлік құралдарымен ЖМ тасымалдау (жеткізу) мына жағдайларды сақтап жүргізіледі:

1) ЖМ тиеп-түсіру жұмыстары арнайы орындарда жүргізіледі;

2) теміржол көлік құралымен тасымалдағанда ЖЗ мен бастамашыл құралдар арасында бос вагоншалармен бөлінген бөлек вагоншалармен тасымалданады, сонымен қатар ЖЗ және бастамашыл құралдар бар вагоншалар ара қашықтығы немесе осы вагоншалар мен электрлік тасығыш арасындағы қашықтық 3 метрден кем болмайды.

Басқа жүктер тиелген вагоншалардың болуына рұқсат берілмейді;

3) детонаторлар жабық қақпағы бар жанбайтын материалдан жасалған, іші ағашпен қапталған көлік құралымен тасымалданады. Бастамашыл құралдар бар қораптар, қалталар, кассеталар жұмсақ материалдармен төселіп, бір қатар биіктікке орналастырылады. Басқа ЖМ ернеуіне дейін тиеп, барлық көлік құралдарымен тасымалдауға болады;

4) ЖЗ контактілі электрлі тасығышпен жанбайтын материалдан жасалған қақпағы бар вагоншалар арқылы тасуға болады. Түйіршіктелген ЖЗ жанбайтын матамен жабуға болады;

5) ЖМ бар көлік құралдарының (қатардың) алды-артында арнайы ажыратушы жарық белгілері болады және осы белгілермен шахтадағы (қазбадағы, кеніштегі) барлық жұмысшылар таныстырылады;

6) ЖМ тау қазбаларымен тасымалдау кезінде қарсы көлік жүргізушілер мен адамдар тоқтап, ЖМ бар көлік құралын өткізіп жібереді;

7) ЖМ тасымалдауға (жеткізуге) қатысы бар адамдар мен көлік құралдары жүргізушілері, қауіпсіз жұмыс жасау үшін арнайы нұсқаулықтан өтеді;

8) ЖМ рельстік көлік құралымен тасымалдау кезінде электровоз машинистен, жарғыштан немесе таратушыдан, ЖМ тасуға қатысты жұмысшыдан өзге тұлғалардың поезда болуына рұқсат берілмейді, еріп жүруші адамдар поезд соңындағы вагоншада орналасады. Поезға жаяу еріп жүруге, поезд жылдамдығы еріп жүрушілер жылдамдығынан артық болмаған кезде рұқсат беріледі;

9) ЖМ жабдықталған вагошаларда, контейнерлерде, құлыпқа жабылып, пломбаланған басқа да ыдыстарда, ЖМ қоймасымен тасымалдағанда, алып жүрушісіз тасымалдауға рұқсат беріледі;

10) ЖЗ (құрамында гексоген және нитроэфирі жоқ) участкелік сақтау пункттерінен жару жұмыстарын жүргізу орындарына, қауіпсіз тасымалдау шараларын сақтап, тиеп-жеткізу машиналары қалақшаларында тасымалдауға болады.

83. Қолдан ашылатын қақпалы және шығыршықты теспеде ЖМ көтеріп-түсіру жұмыстарын төмендегі жағдайларды ескере отырып, жүргізуге болады:

1) жарылыс жұмыстарына қатысы жоқ тұлғалардың забойда болуына рұқсат берілмейді;

2) ЖМ көтеріп-түсіруді кемінде екі адам жүргізеді;

3) қақпа мен шығыршық автоматты түрде тежегіш құрылғылармен, ал жалғама ілгек - сақтандырғыш құлыппен жабдықталады;

4) ЖЗ көтеріп түсіру бастамашыл құралдардан бөлек жүргізіледі.

84. ЖМ шығыршық арқылы көтерілуші қазбаларға (пештерге) көтеріп-түсіру технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.


4. ЖМ сақтау, пайдалану және есепке алу тәртібі

1-параграф. ЖМ сақтау тәртібі

85. ЖМ бұл мақсатқа арналған арнайы бөлмелерде және жоба бойынша жабдықталған орындарда сақталады. ЖМ сақталу жоғалуын, ал сақтау шарты олардың бүлінуін болдырмайды.

ЖМ сақталатын орындарды (жарылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге жақын орналасқан ЖМ қорабын және ауысымдық ЖМ сақтау сейфтерін қоспағанда) пайдалануға ие – мекеме, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органнын бөлімшесі және ішкі істер өкілдері кіретін қабылдау комиссия арқылы жүргізіледі. Қабылдау актімен ресімделеді.

86. Әрбір тұрақты, уақытша, стационарлық ЖМ қоймаларына, үлестіру камераларына осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша паспорттар әзірленеді. Паспорттың бір данасы ЖМ сақталатын орында сақталады.

87. Ғылыми және оқу ұйымдарда ЖМ осы мақсатқа арналған сейфтерде сақталады. Тұрақты пайдалануға рұқсаты бар ЖМ жаңадан жасалған ЖЗ немесе бастамашыл құралдармен бірге (бір сейфте) сақтауға рұқсат берілмейді. Электр детонаторлар мен капсюль-детонаторлар металл гильзаларда таңбалауды жүргізетін кәсіпорын таңбаланған ЖМ электр детонаторлар мен капсюль детонаторлар есебін жүргізеді, тұтынушыларға олардың мекенжайына жіберілген өнім нөмірлері туралы деректерді ұсынады.

88. ЖМ мен ЖЗ бар ашылған жәшіктер, қаптар, қораптар және контейнерлер сақтау орындарында қақпақмен жабылады немесе байланады. Электронды аспаптары бар ЖМ өнімдерінің зауыттық нөмірлерінің есебін жүргізуге рұқсат беріледі.

89. ЖМ қоймаларындағы ЖМ сақтағыштар құлыптанады, пломбыланады немесе мөр салынады. ЖМ бар қоймалары тәулік бойы күзетілетін жағдайда сақтауыштар пломбыланбайды немесе мөр салынбайды.

90. ЖМ пайдаланумен жүргізілетін жұмыстар алты айдан артық мерзімге тоқтатылған кезде қалған ЖМ тұрақты сақтау орындарына шығарады.

91. ЖЗ мен ЖМ сақтау және беру орындары бәрін өлшегіш жабдықтармен және сусымалы ЖЗ мен ЖМ, бау ұзындықтарын өлшеуге арналған өлшеуішпен жарақталады.
2-парагараф. ЖМ қабылдау, жіберу және есепке алу тәртібі

92. ЖМ сақталатын жерге жеткізілгенде кешіктірмей сақтау қоймаларына, алаңдарға орналастырылады, көліктік құжаттар, наряд жүк құжаттары немесе наряд-жолдама негізінде кіріске енгізіледі.

93. ЖМ кіріс және шығысының есебін ЖМ қоймасында осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Жарылғыш материалдардың кіріс және шығыс есебі журналында және осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында қағаз және электронды форматта жүргізіледі.

ЖЗ сақтау орындары цифрлық және матрицалық кодты есептеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық құралдармен, сондай-ақ ашып жазуға және сәйкестендіру деректерін ЖМ есепке алудың электрондық нысанда енгізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақталады.

94. ЖЗ өнімдерін дайындаушылардың жеке зауыттық нөмірлері жарғыштарға таратқан кезде Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында тіркеледі.

Бастамашыл құралдардағы электр детонаторларды және металлдық қауыздағы капсюл-детонаторларды лазерлік таңбалау тәсілімен сәйкестендіру санымен немесе матрикалық әдіспен таңбалайды.

Сәйкестендіру деректері сандық немесе матрикалық кодта мынадай тәртіпте ашылып жазылады:

алғашқы екі сан – капсюл-детонаторларды дайындаушының нөмірін көрсетеді;

үшінші сан – капсюл-детонаторлардың дайындалған жылының соңғы санын көрсетеді;

төртінші және бесінші сандар – капсюл-детонаторлардың дайындалған айын көрсетеді;

алтыншы және жетінші сандар – капсюл-детонаторлардың дайындалған күнін көрсетеді;

сегізінші сан немесе әріп – капсюл-детонаторлардың дайындалған (таңбаланған) жабдық кодын көрсетеді;

тоғызыншыдан он үшінші сандар өнім нөмірінің ретін көрсетеді.

ЖЗ бар өнімдерді таңбалауда көрсетілген сәйкестендіру деректері жарушыға беру кезінде Жарылғыш материалдарды беру және қайтару журналының сәйкес бөлімдерінде тіркеледі.

Таңбалау сәйкестендіру деректерінің ЖЗ бар өнімді пайдаланудың барлық мерзімінде сақталуын және сәйкестендіру деректерін техникалық құралдармен есептеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Капсюл-детонатор таңбаланған дайындаушы нөмірі, жабдық коды дайындаушының тауарға ілеспе құжаттарында көрсетіледі.

Егер электрдетонаторлар мен капсюль-детонаторлардың металл гильзаларының құрылымдық өлшемдері оған бірыңғай сандық немесе таңбалау кодтарын лазерлі таңбалау әдісімен енгізу мүмкін болмаса немесе мұндай таңбалау енгізу нәтижесінде таңбалау және бұдан кейін пайдалану кезінде электрдетонаторлар мен капсюл-детонаторлар қауіптілігінің дәрежесі артатын болса бірыңғай сандық немесе таңбалау кодтарын ынтагерлік білдіру құарлдарына немесе оларыдң корпусына берік бекітілетін биркаларға (стикерлерге) салуға рұқсат беріледі.

Металл гильзадағы электрдетонаторлар мен капсюл-детонаторларға салынатын бірыңғай сандық немесе таңбалау кодтары, ЖЗ бар өнімдердің корпустары мен биркалары (стикерлері) ЖЗ бар өнімдерді пайдаланудың барлық мерзімі бойында бірыңғай деректердің сақталуын және бірыңғай деректерді техникалық құралдармен санау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Тиісті таңбалау ЖЗ қорабына, сондай-ақ ЖЗ бар өнімдер қорабы мен корпусына енгізіледі.

95. Есеп нысаны:

1) ЖМ кіріс және шығысы есебі журналының қағаз нұсқасы нөмірленіп, тігіліп, мөрмен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің пломбасымен бекітіледі.

Қағаз және электрондық журналды ЖМ берілуі жүргізілетін базистік және шығыс қоймалардың меңгерушілері жүргізеді.

ЖМ әрбір атауы бөлек есептеледі.

ЖМ қалдықтары әрбір атаулары бойынша есептеледі және тәулік соңына қағаз және электронды журналға тіркеледі. Журналға тәулігіне саны өзгерген ЖМ тіркеледі;

2) ЖМ беру мен қайтаруды есепке алудың қағаз нұсқадағы журналы нөмірленіп, тігіліп, мөрмен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының өкілетті органының аумақтық бөлімшесінің пломбасымен бекітіледі.

Журналды ЖМ берілуі жүргізілетін немесе қалған қалдық қабылданатын қоймалар мен тарату камераларында қойма меңгерушісі мен үлестірушілер жүргізеді.

Әрбір тәулік соңына есеп жүргізіліп, қанша және қандай (атауларымен) ЖМ жұмсалғаны, сызықшаның астында шығыны тіркеледі (жіберілген жарғыш материалдар қайтарылғаннан шегергенде). Журналмен бөлінген, тәулік бойына жұмсалған ЖМ, ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында күнделікті енгізіледі (жазылады).

Жаппай жарылыс жүргізгенде тікелей жұмыс орнында ЖМ таратуға және қайтаруға, арнайы дайындалған ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында ресімдеу арқылы рұқсат беріледі. Жоғарыдағы көрсетілген ЖМ шығын мәліметтері ЖМ қоймасындағы журналда тіркеліп, 7, 11-бағанға жұмыс орнына жеткізген адам қол қояды.

ЖМ қозғалысы учаскелік сақтау пункттерінде осы Қағидалардың 9-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында жазылады;

3) осы Қағидалардың 10-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес наряд-жүк құжаты жарылыс материалдардың сақталатын бір орнынан келесі орынға дейін жіберілуіне қызмет етеді.

Төрт данада жасалып, басшы мен бас бухгалтер қол қойып, белгіленген реттік саны, берілген мерзімі және алушының атауы көрсетіліп тіркеу Кітапбында белгіленеді.

Наряд-жүк құжатты бухгалтерия ЖМ алушыға сенімхатпен қоса қоймаға ұсыну үшін береді.

Наряд-жүк құжатының бір данасы қоймада сақталады, алушыға жолдама құжаты ретінде беріледі, екі дана алушының сенімхатымен бухгалтерияға беріледі. Бір данасы бухгалтерлік жүргізуде жарылғыш материалының қоймасынан есептен шығару үшін, ал екіншісі есептеу кезінде немесе растама ретінде алушыға жіберіледі.

ЖМ бір қоймадан екінші қоймаға берген кезде, бір мекемеге тиесілі наряд-жүк құжаты үш данада жазылып беріледі. Қойма меңгерушісі ЖМ беріп, екі данасын қоймада қалдырады, бір данасы алушыға жолдама құжаты ретінде береді.

Бір қоймадан екінші қоймаға ЖМ жеткізген кезде, ЖМ алған жеткізуші және қойма меңгерушісі (таратушы) жарылыс материалдарды бергенде, наряд-жүк құжатында ЖМ алғанына және берілгеніне қол қояды.

Жеткізушілерге ЖМ учаскелік сақтау пункттеріне және жаппай жарылыс орындарына тасымалдауына қоймадан наряд-жүкқұжаты арқылы жіберіледі. Бұл жағдайда наряд-жүк құжатына жарылыс жұмыстарының мекеме жетекшісі немесе ауыстырушы тұлға екі данаға қол қояды. Қойма меңгерушісі (үлестіруші) талап етілген ЖМ жіберіп, наряд-жүк құжатының бір данасын қоймада сақтайды, екіншісі жеткізушіге жолдама құжат ретінде беріледі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген жарылыс жұмыстарының өндірісіне наряд-жолдама жарғыштарға (шебер-жарғыштар) ЖМ жіберілуіне қызмет етеді.

Жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде бақылаушы адам наряд-жолдамаға қол қояды.

Газ немесе шаң қауіпті шахталар мен кеніштерде, наряд-жолдамаға жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жердің учаске бастығы немесе жарылыс жұмыстар мен желдету қызметі жетекшісінің орынбасары қол қояды және ұйымның техникалық жетекшісі қол қояды. Жарылыс жұмыстарынан кейін жарғыштың (шебер-жарғыш) атына жазылған наряд-жолдамасына жұмысқа жетекшілік еткен қадағалау тұлғасы наряд-жолдамасында жарылыс материалдарының дұрыс шығынын тағайындап, қол қоюмен растайды. ЖМ қалғанын және жұмыстың соңына жарғыштар наряд-жолдамасын ЖМ қоймасына (үлестіру камералары, учаскелік сақтау пункттері) жеке өткізеді.

Бұрын алынған ЖМ шығынның есебін бермеген жарғыштарға (шебер-жарғыш) ЖМ берілмейді.

Наряд-жолдаманы тарату және Жарылғыш материалдардың қайтарылу есебінің журналына ЖМ таратылуының жазылуына негізделеді, ал жұмыс аяғында толтырылған Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналында есептен шығарады.

96. ЖЗ көлік құралдарының, оның ішінде көліктік-зарядтық машиналардың ауысымдық тұтынуынан артық емес мөлшерде беруді ЖМ қоймасының персоналы жарғыштар (жеткізушілер) ауысым басында ұсынатын және ЖМ наряд-рұқсаттамасы немесе наряд-жолдамасымен қалдырылатын, жарылыс жұмыстарының жетекшісі мен ұйымның бас бухгалтері қол қойған ілеспе хат бойынша жүргізеді.

Тиеу люктерінің қақпақтары мен көліктік-зарядтау машиналары дозаторларының нүктелері ЖЗ берген қойма меңгерушілерінің (үлестірушілердің) ЖМ қоймасында жүргізушілердің (жеткізушілердің) қатысуымен пломбыланады.

Ілеспе хат ауысымның әр автомашинасы жүргізушісіне жазылып беріледі және оған сәйкес аға жарушы блокқа келген автомашинада пломбының болуын тексереді, ЖЗ түсіріп болған соң оларды алғандығын ілеспе хатта қол қоюмен растайды. Ілеспе хаттың жыртылмалы талоны аға жарушыға беріледі.

Ілеспе хаттар мен ілеспе хаттардың жыртылмалы талондары ауысым соңында ЖМ қоймасына немесе карьердегі ЖМ қоймасының учаскелік үлестірушісіне өткізіледі және наряд-рұқсаттаманы жабу мен ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналына сәйкес жазба жүргізу үшін қызмет етеді.

ЖЗ қалдығы болған кезде жалпы жарылыс өндірісінен кейін зарядтау машинасында аға жарушы ілеспе хатта тек ЖЗ блокта қалған санын ғана растайды және ЖМ қоймасының жұмыскері (учаскелік үлестіруші) немесе ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған бақылаушы тұлға дозаторлардың ағуын пломбылайды. Машина жүргізушісі (жеткізуші) қайтадан ресімделген ілеспе хат бойынша ЖЗ қоймаға қайтарады немесе оларды басқа блокқа міндетті түрде жаңадан енгізу орнын ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналында көрсетумен енгізеді.

97. Кіріс-шығыс құжаттарында қарындашпен жазуға, түзетулерге, өшірулерге рұқсат берілмейді және өшірілген жазуларды түзетулер жаңа сан қоюмен жасалады. «Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды есепке алу журналының» 4 және 9-бағандарында осы журналдың 4 және 9-бағандарының басып шығарылған электрондық нұсқасының сәйкес ақпаратын желімдеуге рұқсат беріледі. Әрбір түзетуді енгізген тұлға түсіндіріп жазады.

95-тармақта санамаланған қағаз кіріс-шығыс құжаттар ұйымда үш жыл, электрондық – 5 жыл сақталады.

98. ЖМ қоймасына наряд-жолдамаға және наряд – жүк құжатына, ЖМ жіберілуіне қол қоюға рұқсаты бар тұлғалардың қол қою үлгілері ұсынылады. Қол қою үлгілерін мекеменің техникалық жетекшісі бекітеді. ЖМ құжаттары басқа адам қол қойған жағдайда рұқсат берілмейді.

99. ЖМ үлестіру камераларындағы реттік саны ЖМ қоймасы үшін белгіленгендерге сәйкес болады.

100. ЖМ базистік қоймасында жарылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті ЖМ жарғыштарға (шебер-жарғыштарға) беру және ЖМ қалдықтарын қабылдау операцияларын жүргізуге болады.

101. ЖМ алу үшін теміржол станциясына, кемежайға, басқа көлік пунктіне келгенде қабылдаушы адам сенімхатпен және қаруланған күзетпен жіберіледі.


3-параграф. ЖМ есепке алуды, сақталуын және бар-жоғын тексеру тәртібі

102. Қоймадағы жарылғыш матариалдардың дұрыс сақталуын, есебін және қоймада болуын ұйым басшысы тағайындаған адамдар ай сайын және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның мемлекеттік инспекторы кезең сайын тексереді.

103. Тексерілген кезде ашылмаған жәшіктерді, қаптарды, пакеттерді, қораптарды және контейнерлерді пломбасы бүтін болған кезде ашпауға болады.

104. Ашылған жәшіктердегі электр детонаторлар, капсюл-детонаторлар, пиротехникалық реле саны, басқада бастамашыл құралдар қойманың тамбурында, бөлек камерада немесе қойма сыртында тексеріледі. Бұл жағдайда өнімдерді осы Қағида талаптарына жауап беретін үстелге шығарылады.

105. Тексеру кезінде ЖМ кемдігі немесе артықтығы шыққанда, оқиғаға тергеу жүргізу үшін шұғыл түрде ұйым жетекшісіне хабарланады, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және ішкі істер бөліміне хабарланады.
4-параграф. ЖМ жұмыс орындарында сақтау тәртібі

106. Жұмыс орнына жеткізілген ЖМ, қалтада, кассеталарда немесе зауыттық қаптамада болады. Барлық жағдайда ЖЗ және бастамашыл құралдар бөлек сақталады.

107. Жұмыс орнындағы ЖМ, оқталған теспелерді, ұңғыларды күзетсіз қалдыруға рұқсат берілмейді. Қадағалау тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.

Жарылыс жұмыстары тұрғылықты жерлерде немесе ғимараттың ішінде (құрылыс) жүргізілгенде, ЖМ бөлек күзетілетін бөлмеде орналасады.

108. ЖМ жер астындағы қазбалардағы учаскелік пунктерде, құлыпталған қораптарда немесе контейнерлерде (сейфтерде) орналастырылған жағдайда, тұрақты бақылаусыз (күзетсіз) сақталу орындарында жайғастыруға рұқсат беріледі.

109. ЖМ жұмыс орындарындағы қауіпті аймақтан тыс және ауысымдық қажеттілікте қауіпті аймақ аумағындағы жерлерде оқтар алдында, жаппай жарылыс жүргізілетін қауіпті аймақтағы оқтауға дайындалған, күзетші бақылауындағы бастамашыл құралсыз және соққышсыз ЖЗ қоспағанда, екі тәуліктік тұтыну мөлшерінде сақтауға болады.

110. ЖЗ оқталатын көлікте (жылжымалы оқтау шеберханасы және перфораторлық зерттеу бекетінен бөлек) тәуліктен артық сақталуға рұқсат берілмейді.

111. Шахта оқпанында, ұңғыма аузында (тоннельдерде) тереңдету кезінде ауысымға керекті ЖМ мөлшерін, шахта оқпанынан немесе аузынан ұңғыма (тоннель), ғимараттан және жер бетіндегі құрылыстардан ара қашықтығы 50 метрден жақын болмайтын күркеде немесе бастырмаларда сақтауға рұқсат беріледі.


5. Жарылыс жұмыстарын жүргізу және ЖМ сақтау кезінде қауіпсіз қашықтықтарды анықтау тәртібі

112. Жарылыс жұмыстары өндірісі кезінде адамдарға арналған қауіпсіз қашықтық жобамен немесе паспортпен белгіленеді.

Қауіпсіз қашықтық әр түрлі зақымдау факторларының ең жоғарғысына сәйкес қабылданады.

113. Жарылыс жұмыстары кезінде ғимараттар мен құрылыстардың бүлінбеуіне, қалыпты жағдайда жұмыс жасауына, сейсмикалық кері әсерін болдырмауға ЖЗ қажетті мөлшері қабылданады.

114. Жер бетінде бірнеше ЖМ нысандары (қойма, ашық алаңдар, ЖЗ дайындау және жасау пункті) орналасқанда, олардың арасында нысандардағы ЖМ жару кезіндегі детонациялық қозғалыстың берілмеуін қамтамасыз ететін ара қашықтық сақталады. Қауіпсіз ара-қашықтық осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес анықталады.

115. Адамдарды, ғимараттарды, құрылыстарды талқандау және бұзу әсері бар ауа толқынынан қорғау үшін жарылу қаупі бар жерлерді (ЖМ сақтау), қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтық, қауіпті аймақтар осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Бұл ретте қауіпсіз қашықтықты жарылыс орындарына, ЖМ қоймасына, ЖЗ сақтау алаңына, бастамашыл құралдар және ату жару аппараттары орнына, ЖМ құралдарының тиеп-түсіру, тоқтау орындарына және басқа осындай нысандарға сәйкес анықтайды.

116. Ашық жерлердегі жарылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіз қашықтық осы Қағиданың 2-қосымшасындағы жарылыс жұмыстарының түрлері мен әдістері кестесінде көрсетілген шамадан кем болмай қабылданады.
6. ЖЗ кептіру, ұсақтау, елеу, қабықшасын

жарылғыш заттармен толтыру және еріту тәртібі

117. ЖЗ кептіру, ұсақтау, елеу, сыртқы қабықшасын ЖЗ толтыру және еріту жұмыстарын осы мақсаттарға жобалап салынған ғимараттарда, ЖМ қоймасының аумағында немесе сыртында орналасқан, оның ішінде ЖМ дайындау ғимаратында немесе бастырмасы бар ашық алаңда жүргізуге болады. Көрсетілген операциялар жасалған кезде ЖМ дайындау ғимаратында бір мезгілде 3 тоннадан артық ЖЗ болмайды.

118. Кептіру, ұсақтау, ЖЗ елеу және ашық ауада сыртын толтырылуы ауа райы құрғақ кезінде жүргізіледі.

119. ЖЗ патронды ылғалдылығы 1,5 пайыз (бұдан әрі – %) дейін аммиак селитралы негізде кептіруге зауыттық қабықшасында рұқсат беріледі. Ылғалдылығы 1,5 % асқанда оларды жайып кептіреді. Ауа температурасы ЖЗ кептіру үшін бөлмелердің ішінде Цельсийдін 50 градусынан (бұдан әрі – 0С) жоғары болмайды. Түтінді күкіртті кептірген кезде температурасы 40 0С жоғары болмайды.

Бөлмедегі үстел және сөрелер үстінде орналастырылған ЖЗ қыздырып кептіргенде, қыздыру беті мен қыздырғыш ара қашықтығы 1 метрден кем болмайды.

120. Өнеркәсіптік ЖЗ кептірген кезде жылу тасымалдағышы (ауа) 60 0С температурадан жоғары емес ауа кептіргіштерін (шкафтар, камералар) пайдалануға рұқсат беріледі.

ЖЗ, сенсибилизирленген тротил және сенсибилизирленген нитроэфирі бар ЖЗ үшін температура - 30 0С.

Калориферлі ауа үрлегішті оқшауланған жеке бөлмеде немесе жалғастыра салынған жерлерге орналастырады.

121. Гексоген және нитроэфирлерді ЖЗ ұсақтауға рұқсат берілмейді.

122. Жер үстілік қоймаларда зауыттық қаптамадағы ЖЗ еріту орындарындағы ауа температурасы 30 0С немесе ЖЗ жер асты ЖМ қоймаларында ерітеді. Еруді бақылау үшін әрбір партияның түскен уақыты және шығысы жазулары жүргізіледі.


жүктеу 6,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау