2013 жылғы 26 ақпан №73-Ө-м астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (44-шығарылым) бекіту туралы



жүктеу 5,38 Mb.
бет3/17
Дата10.12.2017
өлшемі5,38 Mb.
#3609
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
мамықты, түйінді, жіпті, ілмекті алып тастау;

мата емес жайманы машинадан түсіру, таңбалау, қалдықтарды тасымалдау;

дайын матаны тақтаға ораған кезде – жапсырма қағаз бойынша өлшемді тексеру, кесектің соңын қарау;

ұршықта, орауыш және бөлу-өлшеу машиналарында, автоматтар мен агрегаттарда өрме және басон бұйымдарының барлық түрлерін, шілтеріні, шілтері жаймасы, пердені, таспаны орамаға және келепке (ақауларын кеспей) орау;

есептегіштің көрсеткіші бойынша ұзындықты байқау;

келептер мен орамаларды байланыстыру, бұйымды қатарлап салу;

әр келеп пен орамадағы өнімнің өлшемі мен сұрыбын талонға жазу;

агрегаттар мен автоматтарда таспаны ораған кездеұшар басына таспаны кигізу, тігін машинасында соңын жазу және тігу, катушкаға орау;

өнімді жұмыс орнына жеткізу;

өнімді түсіру және оны белгіленген жерге тасымалдау;

қызмет көрсетілетін машиналардың, автоматты қондырғылар мен механизмдердің жұмысын бақылау;

қызмет көрсететін қондырғыларды тазалау және майлау.

196. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, оларды пайдалану ережесін;

бұйымның түрлерін, ассортименті мен артикулін, бұйымдарды орау мен домалату ережесін;

ассортиментіне байланысты роликке (орамаға) немесе тақтаға оралатын матаның немесе жайманың белгіленген ұзындық шамасын немесе кесек санын.


Параграф 2. Матаны, жайманы, бұйымды ораушы, 3-разряд

197. Жұмыс сипаттамасы:

ұршықтарда, автоматтарда, орауыш, бөлшектеу-өлшеу машиналарында, ақаулағыш-орағыш және агрегатталған машиналарда оқшаулағыш таспалар үшін шілтерді, шілтерлі және перделі жайларды, таспаны, өрме және басон бұйымдарын, матаны (ақауды кесіп алумен) орау, өнімді жұмыс орнына жеткізу және машинаны сабақтау.

бұйымның тығыздығы мен еніне байланысты айырғышты орнату.

ораманың тығыздығы мен тегістігін реттеу.

есептегіштің көрсеткіші бойынша ораманың ұзындығын байқау.

ақауды кесіп алу, өнімнің сұрыптылығын анықтау.

әр келептегі және орамадағы өнімнің ұзындық өлшемі мен сұрыбын талонға жазу.

оралған өнімді түсіру.

келепті немесе ораманы байланыстыру және белгіленген жерге қатарлап қою.

бұйымдарды автоматтарда, агрегатталған және ақаулағыш-орағыш машиналарда ораған кезде – ұшар басына таспаны кигізу, байқау үстемеде жайманы сабақтау және тігін машинасында бұйымның соңын тігу.

тігін машинасын сабақтау, ине мен шарықты ауыстыру, үзілген жіпті жалғау.

қызмет көрсететін қондырғыларды тазалау, үйкелетін бөлшектерін майлау және ұсақ ақауларын түзету.

198. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысы мен пайдалану ережесін;

бұйымдардың ассортименті мен артикулдерін, бұйымды орау мен домалату ережесін;

әртүрлі бұйымдар үшін белгіленген ұзындық өлшемін, бұйымның сапасына қойылатын талаптарды.
37. Белдік саптаушы

87. Белдік саптаушы 2-разряд

199. Жұмыс сипаттамасы:

қысым престің немесе манипулятордың өзегіне белдекті саптау және оларды престеу;

иірімжіп оралуының тығыздығын (тегістігін) тексеру;

белгіленген талапқа сәйкес келмейтін белдектерді іріктеу;

белдекті өзекке орнату;

иірімжібі бар белдекті өзекпен арнаулы сұққымен жапсыру;

процесс (бояу, ағарту) аяқталған соң өзектен белдекті алу;

белдекті, өзекті белгіленген жерге жеткізу.

200. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

белдекке, өзекке иірімжіпті ораудың қалыпты тығыздығын (тегістігін);

сұрыбына және тоқымадағы иірімжіптің желілік тығыздығына тәуелді олардың мөлшері мен салмағын, белдектің, шарғының саптау және престеу ережесін.


38. Білікті кигізуші

88. Білікті кигізуші 2-разряд

201. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті білік саптаушының басшылығымен қысымды престің шабағына нақышталған білікті саптау;

пирамидаға білікті орнату және алу, оларды қысымды преске қыстыру;

біліктерді арбашыққа салу және оларды тасымалдау;

қысымды престі тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

202. Білуге тиіс:

қысымды престің құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

біліктерді қыстыру, оларды тасымалдау және сақтау ережесін.


Параграф 2. Білікті кигізуші, 3-разряд

203. Жұмыс сипаттамасы:

қысымды престің шабағына нақышталған білікті саптау;

суреттер кестесіне сәйкес біліктерді іріктеу;

біліктердің жұмысқа жарамдылығын анықтау үшін оларды қарау;

ақаулы біліктерді жөндеуге тапсыру;

біліктерді қабылдау және оларды пирамидаға орналастыру;

біліктерді есептеу.

204. Білуге тиіс:

қысымды престің құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

нақышталған біліктердің сапасына және олардың баспа цехына жарамдылығына қойылатын талаптарды.
39. Картаға белгі салушы

Параграф 1. Картаға белгі салушы, 2-разряд

205. Жұмыс сипаттамасы:

кареталық тоқыма станоктары үшін қолмен карталарға белгі салу;

картонды белгіленген мөлшермен карталарға кесу;

карталарда суреттерге сәйкес орнатушы және көтеріңкі шаншуды өткізу;

тақтайшаға жиынтықты орнату;

карталарды жиынтыққа біріктіру.

206. Білуге тиіс:

шаншудың көтерілуін орнату суретін, карталарды дайындауды, оларды жиынтыққа біріктіру тәртібін;

қате дайындаудан және карталарды қосудан матаның ақауларын.
Параграф 2. Картаға белгі салушы, 3-разряд

207. Жұмыс сипаттамасы:

кареталық тоқыма станоктары үшін белгі салу машинасымен карталарға белгі салу;

картонды белгіленген мөлшермен карталарға кесу;

карталарда суреттерге сәйкес орнатушы және көтеріңкі шаншуды өткізу;

тақтайшаға қысқа қазық орнату;

карталарды жиынтыққа біріктіру.

208. Білуге тиіс:

белгі салу машинасының құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

шаншудың көтерілуін орнату суретін, карталарды дайындауды, оларды жиынтыққа біріктіру тәртібін;

қате дайындаудан және карталарды қосудан матаның ақауларын.
Параграф 3. Картаға белгі салушы, 4-разряд

209. Жұмыс сипаттамасы:

тоқыма станоктары, перде машиналары, жаккарды машиналары, кесте тігетін машиналар үшін белгі салу машиналарында суреттер бойынша карталарға белгі салу;

карталарда суреттерге сәйкес орнатушы және көтеріңкі шаншуды өткізу;

карталарды нөмірлеу;

карталарды жиынтыққа біріктіру;

белгі салу мен карталарды жинаудың дұрыстығын қамтамасыз ету;

кесте тігу автоматтары үшін карталарға белгі салған кезде суретті калькада миллиметрлік қағазға үлкейту және көшіру.

210. Білуге тиіс:

белгі салу машинасының құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін, шығарылатын маталардың суреттері мен бедерлерін;

суретке сәйкес карталарға белгі салу тәсілдерін;

сурет бойынша карталарды іріктеу және байланыстыру тәртібін;

белгі салу машиналары ақауының себептерін және оларды жөндеу тәсілдерін, карталарға қате белгі салудан маталардағы кемістіктерді, суреттер бойынша карталар қорының нормаларын.
40. Төсемші

Параграф 1. Төсемші, 2-разряд

211. Жұмыс сипаттамасы:

бас киімдер өндірісінде негізгі құраушы немесе тарау-конустың машиналардың қоректендіруші торларына мамықты немесе жүнді төсеу;

технологиялық режим нормативтеріне сәйкес мамық үлесін өлшеу және төсеу;

меланж бас киімін жасаған кезде – түрлер бойынша құрамдастардың тепе-теңдігін сақтау;

тарау-конустық машинада қоректендіру және қопсыту режимін реттеу;

өсімдік киізінің өндірісі үшін (дәкемен қатырмаланған қабықты талшық жаңғаның орамасы) жартылай фабрикаттар жасау;

төсем жиегін теңестіру;

дәкені дайындау, оны үстелге жаю;

үлдіреген жерін болдырмаумен жәкеде жайғақты біркелкі бөлу, соңын кесу және төсемде шеттерін теңестіру;

төсемді орамаға домалату және оны инемен түйреу машинасына жеткізу;

өсімдік киізін инемен түйреу машинасынан түсірген соң оны қолмен шайқау;

өсімдік киізін тілімшіге салу;

қоспаны жұмыс үстеліне жеткізу;

қызмет көрсетілетін қондырғыны тазалау және майлау;

жуылмаған жүні бар қаптың тігісін сөгу және жуылмаған жүнді сұрыптау конвейеріне төсеу.

212. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын, оларды күтіп-ұстау ережесін;

қоспаның түрлерін, жуылмаған жүннің түрлері мен атауларын, дәкенің артикулдерін және өсімдік киізі үшін талшықтардың түрлерін;

қоректендіру торларына мамықты немесе мақтаны төсеу нормативтерін, өсімдік киізінің сапасына қойылатын талаптарды, жайғақты дәкеге, жуылмаған жүнді сұрыптау конвейеріне төсеу ережесін және материалдардың шығыс нормаларын, өсімдік киізін домалату және оны тілімшемен орналастыру тәсілдерін.
41. Талшық пен матаны өңдеуші

Параграф 1. Талшық пен матаны өңдеуші, 1-разряд

213. Жұмыс сипаттамасы:

талшықты қолмен түту-өңдеу.

талшығы бар ыдысты ашу.

бөгде қоспалардан тазарту.

өңделген талшықты ыдысқа салу.

талшығы бар ыдысты жұмыс орнына және өңделген соң белгіленген жерге жеткізу.

214. .Білуге тиіс:

өңделетін талшықтың түрлері мен сұрыптарын;

өңделген талшықтың сапасына қойылатын талаптарды;

жұмыстың әдістерін.


Параграф 2. Талшық пен матаны өңдеуші, 2-разряд

215. Жұмыс сипаттамасы:

талшық пен матаны өңдеу;

белгіленген технологиялық режимге сәйкес жайғастыру машинасына матаны жайғастыру, матаны машинаға сабақтау;

кептіру камерасындағы біліктер арасындағы ажыраманы, матаның қозғалыс жылдамдығын және температураны реттеу;

түту машинасында талшықты түту;

теңдердің немесе қаптардың тігісін сөгу;

белгіленген нормаға сәйкес қоректендіру торларына талшықты төсеу немесе оны қоректендіру тетіктеріне тиеу;

эмульсияны беруді реттеу;

майлау және түту сапасын бақылау;

матаны қатарлап қою, өңделгеннен кейін талшықты ыдысқа салу;

талшық пен матаны қызмет көрсететін машинаға және өңделгеннен кейін белгіленген жерге жеткізу;

машинаны желпу және тазалау.

216. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, жұмыс принципі мен күтіп-ұстау ережесін;

матаның ассортиментін, талшықтардың түрлері мен сұрыптарын, талшық пен матаны жайғастыру және кептірудің технологиялық режимін;

біліктер арасындағы айырма мөлшерін, қоректендіру торына талшықты төсеу нормасын;

өңделген мата мен талшықтың сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Талшық пен матаны өңдеуші, 3-разряд

217. Жұмыс сипаттамасы:

түту-майлау машиналарына қоспаны дайындау, автоқоректендіргішке қоспа компонентін жіберу;

қоректендіру торына салуды бақылау және дайындау рецептіне сәйкес қоспалар компонентін біркелкі беруді қамтамасыз ету;

қызмет көрсететін қондырғыны жұмысқа дайындау;

талшық салынған теңнің немесе қаптың тігісін ашу, қоспалар компонентін өлшеуге әзірлеу;

лабезде қоспалар компонентінің болуын, талшықты майлау, түту сапасын, қоспаның ылғалдығын бақылау.

218. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, жұмыс принципін және оларды күтіп-ұстау ережесін;

қоспа компоненттерінің қолданылуы мен қасиеттерін, қоректендіру торына талшықты төсеу нормасын;

өңделген мата мен тоқыманың сапасына қойылатын талаптарды.
42. Түктеу жабдығының операторы

Параграф 1. Түктеу жабдығының операторы, 2-разряд

219. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті түк салатын қондырғы операторының басшылығымен белгіленген технологиялық режимге сәйкес тарау-булау машиналарында түкті маталарды (жүннен басқа), таспаларды түктеу процесін жүргізу;

мата кесінділерін тігу;

тарау-булау машиналарын сабақтауға және тазалауға қатысу, түйілудің және майысқан жиектің болуының алдын алу;

өнімді белгіленген жерге тасымалдау.

220. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын;

жұмыс принципін, күтіп-ұстау ережесін;

тазалау және майлау режимін;

бұйымның ассортиментін.


Параграф 2. Түктеу жабдығының операторы, 3-разряд

221. Жұмыс сипаттамасы:

тарау-булау және басқа да түк салатын машиналар мен агрегаттарда белгіленген технологиялық режимге сәйкес матаны (жүннен басқа), трикотаж және мата емес жайманы, бас киімді және әртүрлі түрдегі иірімжіптер мен талшықтарды түту процесін жүргізу;

матаны, жайма мен бұйымды сабақтау және алу;

көтерілім, қырқу, қырнау және түк салу жылдамдығы мен ұзақтығын реттеу және бақылау;

жайма кесектерін тігу;

түктеу процесін, түкті булау және жазу дұрыстығын, таспаға түкті енгізуді байқау;

рецепт бойынша желімді дайындау және оны сүзу;

қызмет көрсетілетін машиналарды тазалау және үйкелетін бөліктерін майлау;

өнімді белгіленген жерге тасымалдау.

222. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысы мен іс-әрекет принципін және оларды күтіп-ұстау ережесін;

матаның, жайма мен бұйымның ассортиментін, құрылымын, түрлері мен артикулін;

түктің сапасын анықтайтын белгілерді;

жайманы тартуды реттеудің тәсілдерін.
Параграф 3. Түктеу жабдығының операторы, 4-разряд

223. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық режимге сәйкес әртүрлі маркадағы түк салатын машиналарда жүн матаны, бас киімді түту, жартылай жүнді күспені, аралас иірімжіпті және табиғи мен химиялық талшықты жіптерді екі жақты түктеу процесін жүргізу;

тікиіргішті ауыстыру;

үзілуді жамау;

қалдықтарды жинау және тапсыру, өнімді тасымалдау;

мата, күспе кеспелерінің соңын тігу;

түк салатын машинаға өнімді сабақтау;

белгіленген тартылуды сақтаумен өнімнің біркелкі түсуін қамтамасыз ету, түктеу жиілігін реттеу, өнімдегі қажетті ылғал деңгейін сақтау;

ракляны, баспа білігін қайрау және орнату;

таспаны трафереттеу және суретті енгізу;

түк салу станогында фетрдің берілген қалыңдығын сақтаумен анықталған қалыңдықта және жарқылда фетрлі бас киімдерде түкті ұйпалау;

ұйпаланған материалды пішу, онымен түк салу машинасының ұйпалау органын сабақтау;

түктеу сапасын бақылау, түк салу рамкасын тазалау және камераны қыл-қыбырдан тазалау;

күспені кітапшаға жинақтау;

түк салу машинасын құрастыруға және бөлшектеуге және сурет пен ассортиментті ауыстыруға қатысу, машиналарды желпу, тазалау, үйкелетін бөлшектерді майлау.

224. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысы мен іс-әрекет принциптерін, пайдалану, сабақтау және күтіп-ұстау ережесін, түктеудің технологиялық режимін;

түк салу машиналары жұмысшы органдарын реттеу және бұйымды түктеу процесінің жиілігінің тәсілдерін;

жартылай фабрикаттарды ұйпалау сапасын анықтау белгілерін, сұрыптау, маркалау, ұйпалаған материалды пішу ережесін;

жұмыс ерітіндісін дайындаудың ережесін және шығыс нормаларын.
43. Үтіктеу-кептіру агрегатының операторы

Параграф 1. Үтіктеу-кептіру агрегатының операторы, 3-разряд

225. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі жүйедегі үтіктеу-кептіру агрегаттарында таспаны үтіктеу процесін жүргізу;

ваннаны жуу ерітіндісімен толтыру;

ерітінді мен кептіру барабандарын қыздыру;

таспалар шүйкесін үтіктеу-кептіру агрегатына жеткізу, оны сабақтау, қоректендіру рамасындағы немесе жайылма үстелдегі таспаны ауыстыру, таспаның үзілгенін жалғау, агрегаттың жұмысшы органдарындағы оралуды алып тастау;

технологиялық процестің барысын және реттеуін бақылау, тазалағыш тетіктерді тазалау және ауыстыру;

жұмысталған таспаларды түсіру;

түскен және жұмсалатын таспалардың, сапасын тексеру, ақаулы жерді жамау;

үтіктеу-кептіру агрегатының жағдайын, жота мен механизмдер жұмысын бақылау;

қалдықтарды жинау және тапсыру, қызмет көрсететін қондырғыларды желпу және тазалау.

226. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принциптерін және оларды күтіп-ұстау режимін;

таспаның түрлері, оның сапасына қойылатын талаптарды, таспаның ақауларын, олардың туындау себептерін, алдын алу және жою шараларын, келетін және шығатын таспаны өлшеуді, таспаны үтіктеу процесінің мақсатын, жуу ерітінділерін ауыстыру режимін, қалдықтардың нормалары мен түрлерін, оларды қысқартудың тәсілдерін.

«Савио», «Октир» фирмасының (Италия) А-960, ЛГС-40 ІІІ «И-втекстильмашдеталь» (таспаны белдекке шығаруға өзгертілген) маркалы және осы тектес жоғары өнімді үтіктеу-кептіру агрегаттарында жұмыс істегенде – 4- разряд.


44. Тарақпен тарау жабдығының операторы

Параграф 1. Тарақпен тарау жабдығының операторы, 4-разряд

227. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі түрдегі тарақпен тарау қондырғыларында тарақты таспаны жасау процесін жүргізу, қондырғыны сабақтау;

берілген тарау параметрлеріне сәйкес технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету;

қоректеуші тікиіршікті ауыстыру;

кенептің көтерілуін және таспаның үзілуін болдырмау;

қызмет көрсетілетін қондырғыларда сапты жеделдету;

таспаның сапасын бақылау;

қоректенуде және шығарылымда тазды ауыстыру;

қызмет көрсетілетін қондырғылардың жұмыс органдарынан оралманы алып тастау;

таспаның үзілуі мен тарамын болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын орындау;

қалдықтарды, таралу қыл-қыбырын пневматикалық шығаруды, кенепті, таспаны тарау процесін бақылау;

қалдықтарды түрлер бойынша бөлу, таралу қыл-қыбырын іріктеу, оларды ыдысқа салу және тапсыру;

таспаны кенеп пен тазды белгіленген жерге тасымалдау;

қызмет көрсететін қондырғыны жөндеуге беруге және жөндеуден қабылдап алуға қатысу.

228. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын;

оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін таспаның түрлерін;

таспаның сапасына қойылатын талаптарды, қалдықтар нормасын.
45. Ширақжіп орау машинасының операторы

Параграф 1. Ширақжіп орау машинасының операторы, 3-разряд

229. Жұмыс сипаттамасы:

ширақжіп орау машинасының собығына мерсерленген ширақжіп жібін есумен орау және оны жотаға сабақтау;

мерсерленген иірімжіптің ширақжібін мерсерлеу сапасы, желілік тығыздығы және реңкі бойынша қабылдау;

орау процесінде ширақжіптегі жіптің үзілуін жалғау.

230. Білуге тиіс:

ширақжіп орау машинасының құрылысы мен пайдалану ережесін;

иірімжіптің түрлері мен желілік тығыздығын.
Параграф 2. Ширақжіп орау машинасының операторы, 4-разряд

231. Жұмыс сипаттамасы:

ширақжіп орау машинасында мерсерленген иірімжіп ширақжібін орау;

иірімжіпті мерсерлеу сапасы, желілік тығыздығы және реңкі бойынша қабылдау;

ширақжіп орау машинасының ұршығын сабақтау және байланған жіпті бастамалау;

бастама кезінде жіптің үзілуін болдырмау;

ширақжіптің және оның жекелеген жіптерінің қатарласуын реттеу;

иірімжіптің оралу процесін, ширақжіптің қозғалысын, ширақжіпті орау машинасы тетіктерінің және бақылау-тарту механизмдерінің жағдайын бақылау;

орау процесінде ширақжіпті тегістеу;

собықта иірімжіптің белгіленген орау диаметрін сақтау;

патрон бойынша әлсіз собықтарды және иірімжіптің біркелкі емес орналасын болдырмау;

жұмыстан кейін собықтарды түсіру, жәшікке салу, салмағы бойынша түсірілгенді және қалдықты тапсыру;

ширақжіпті орау машинасындағы бос патрондарды сабақтау, машиналарды желпу, тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

232. Білуге тиіс:

ширақжіпті орау машинасының құрылысын және негізгі механизмдерінің өзара әрекетін:

иірімжіптің түрлері мен желілік тығыздығын.


46. Инемен тесу қондырғысының операторы

Параграф 1. Инемен тесу қондырғысының операторы, 4-разряд

233. Жұмыс сипаттамасы:

инемен тесу қондырғыларының барлық түрлерінде мата емес жаймаларды дайындау процесін жүргізу;

қызмет көрсетілетін қондырғылардың жарамдығын тексеру;

тарау машинасының шанағын талшық қосындысымен толтыру;

тарау процесін, талшықты жайғақтың құрылуын, иненің өңіржиегінің жағдайын, қысып-басу құрамының жұмысын бақылау;

жайғақты инемен тесу машинасына сабақтау;

талшықты жайғақты инемен тесу машинасына беру жылдамдығын және оның тесілу тереңдігін реттеу;

тарамның, талшықты жайғақтың үзілуін болдырмау;

жұмыс істеген орамды түсіру және сабақтау;

қосарлау кезінде – инемен тесу машинасының желіжібін сабақтау;

орамды өлшеу және маркалау;

қаңқа жаймасын ауыстыру;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау.

234. Білуге тиіс:

қондырғылардың құрылысын, негізгі механизмдерінің өзара әрекетін және пайдалану принциптерін;

мата емес жайманың жұмсалуының негізгі сабақтау деректерін, мата емес жайманың сапасына қойылатын талаптарды, мата емес жайма жасау үшін қолданылатын талшықтың қасиеттері мен түрлерін;

талшықты жайғақты инемен тесу машинасына сабақтау ережесін;

тарам мен талшықты жайғақтың үзілу себептерін;

жұмыс істеген орамды түсіру тәсілдерін;

қызмет көрсетілетін қондырғыларды күтіп-ұстау ережесін.


Параграф 2. Инемен тесу қондырғысының операторы, 5-разряд

235. Жұмыс сипаттамасы:

ағынды желі құрамына кіретін қондырғыларда қосарлаудың және талшықты жайғақты инемен тесудің технологиялық процесін басқару пультінен жүргізу;

қызмет көрсетілетін қондырғылардың жарамдылығын тексеру, жұмысқа қосуға дайындау;

басқару пультінде орналасқан аспаптардың көрсеткіштері бойынша қосарлау, инемен тесу процесін бақылау;

талшықты жайғақты инемен тесу машинасына беру жылдамдығын реттеу;

талшықты жайғақтың қалыңдығын, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау;

инемен тесу қондырғысы тораптары мен механизмдерінің жұмыс үйлесімдігін қамтамасыз ету;

бекітілген кестеге сәйкес инемен тесу қондырғысын тазалау және күтіп-ұстау.

236. Білуге тиіс:

инемен тесу қондырғысының құрылысын, негізгі механизмдерінің жұмыс принциптерін;

қондырғыны пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, инемен тесу қондырғысына талшықты желіжіпті сабақтау тәсілдерін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын, оларды қысқартудың шараларын;

басқару пультінде орналасқан бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және құрылысын, инемен тесу қондырғысы жұмысының үйлесімдігін қамтамасыз ету тәртібін.
47. Ширату қондырғысының операторы

Параграф 1. Ширату қондырғысының операторы, 3-разряд

237. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары ширату қондырғысы операторының басшылығымен ширату және арқанды-ширату машиналарында табиғи және химиялық талшықтардан арқан үшін иірілген жіптен иірімжіп пен жіп, байлау жіп, торша иіру процесін жүргізу, мөлшердің дұрыс айырымын сақтаумен қоректендіру тікиіргішін ауыстыру және машинаны сабақтау.

желілік тығыздығы, қосылу саны, оралу сапасы және сыртқы түрі бойынша иіру үшін түскен иірімжіптер мен жіптерді тексеру және қабылдап алу.

тікиіршіктегі орама бойынша ақауларды іріктеу.

қызмет көрсететін машиналардың жұмыс органдарын орамадан тазарту.

иірімжіптің үзілуін жалғау.

ақауларды жөндеу.

суы бар науаны тазалау және судың деңгейін реттеу.

сақиналарды майлау және сүрту.

қалдықтарды жинау және тапсыру.

собықтарды маркалау.

түсімдерді алу және сабақтау.

алынған собықтар мен шарғыларды ыдысқа және көлік құрылғысына қатарлап салу, есеп талонын салу.

қызмет көрсететін машиналарды күтіп-баптау.

238. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысы мен пайдалану тәртібін және оларды күтіп-ұстау режимін;

өңделетін жіптер мен иірімжіптердің желілік тығыздығын және қосылу санын;

жасалатын ширатылған бұйымдар өлшемін, ширатылым мөлшері мен бағытын;

өңделетін иірімжіптің қасиеттері мен сапасын, ширатылған және ширатылмаған жіптер мен иірімжіптердің сапасына, ораманың сапасына қойылатын талаптарды, қалдықтардың түрлері мен нормаларын, түсімнің жұмыс істеу уақытының ұзақтығын, түсімді алу тәртібін.
Параграф 2. Ширату қондырғысының операторы, 4-разряд

239. Жұмыс сипаттамасы:

ширату және жіп есу-ширату машиналарында табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіп пен жіпті ширату процесін жүргізу;

иірімжіптің жағдайын тексеру;

жіпті тартуды реттеу;

қондырғы екпінін сақтаумен қоректендіру орамасын түсіру мен ауыстырудан кейін қызмет көрсететін машиналарды сабақтау және іске қосу, иірімжіптер мен жіптердің үзілуін жамау;

ширату сапасына талаптарды сақтау;

ақауларды жөндеу;

қызмет көрсететін машиналардың барлық механизмдерінің жағдайы мен жұмысын, ширатылған жіптің оралуын қарау және анықталған ақауларды жөндеуге шаралар қабылдау;

собықты маркалау;

түсімдерді алуға және сабақтауға қатысу;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

белгіленген кестеге сәйкес қызмет көрсететін машиналарды күтіп-ұстау, жөндеуден машиналарды қабылдап алуға қатысу.

240. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын;

пайдалану және күтіп-ұстау ережесін, өңделетін жіптер мен иірімжіптердің желілік тығыздығын және қосылу санын;

жасалынатын ширатылған бұйымдардың өлшемін, ширатудың мөлшері мен бағытын;

ширатылған және ширатылмаған жіптер мен иірімжіптердің сапасына қойылатын негізгі талаптарды, жасалынатын ширатылған бұйымдарға сәйкес жүгіргіштердің нөмірлерін, үзілудің алдын алу мен азайту шараларын;

түсімдер ордасы айырмасының ережесін;

жұмыс істейтін түсімдер уақытының ұзақтығын;

түсімдерді алу және есеп талондарын толтыру тәртібін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын, оларды қысқарту жөніндегі шараларды.


Параграф 3. Ширату қондырғысының операторы, 5-разряд

241. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режимге сәйкес қосарланған ширату машиналарында иірімжіпті ширату процесін жүргізу;

белдекті иірімжіппен сабақтау, орданы сыналау, жіптің тартылуын реттеу, үзілуді жамау, қоректендіру орамасын салу және ауыстыру;

бос цилиндрлерді жинау және белгіленген жерге тасымалдау;

трикотажды иірімжіппен жұмыс істегенде парафинді сақиналарды ауыстыру;

иірімжіпті ширату сапасына қойылатын талаптарды сақтау;

ширатудың технологиялық процесінің барысын, қызмет көрсетілетін машиналардың барлық негізгі механизмдері мен жұмысшы органдарының жағдайы мен жұмысын, ширатылған иірімжіптің, жіптің, дұрыс оралуын қарау;

тозған жүгіргіштерді ауыстыру, сақиналарды майлау және сүрту;

кемістіктер мен ақауларды жөндеу;

собықтарды маркалау;

қызмет көрсететін машиналарды жөндеуден қабылдап алуға қатысу.

242. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

ширатылатын иірімжіптің сапасына қойылатын талаптарды, оның ішінде: өңделетін жіптер мен иірімжіптердің желілік тығыздығын және қосылу санын, ширатудың мөлшері мен бағытын, өңделетін иірімжіптің қасиеті мен сапасын;

жасалатын ширатылған бұйымға сәйкес жүгіргіштің нөмірлерін үзілудің алдын алудың шараларын, түсімдер ордасын сыналау ережесін;

есептеу талондарын толтыру тәртібін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын, оларды қысқарту жөніндегі шараларды.


48. Таспа қондырғысының операторы

Параграф 1. Таспа қондырғысының операторы, 3-разряд

243. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі жүйедегі таспалық машиналарда (жоғары өнімдіден басқасы) таспаны өңдеу процесін жүргізу, машинаны сабақтау;

таспалық машинаның қорегіндегі және шығарылымындағы тазды, белдекті немесе куфті ауыстыру, таспаның үзілуін жалғау, жайғақтың көтерілуін болдырмау және оратылып қалған талшықты машинаның жұмысшы органынан алып тастау;

таспада, кенепте және ширақжіпте өткізулерді және басқа да ақауларды болдырмау және алып тастау;

штапельдейтін машинаның қоректену аймағында ширақжіпті жазу, машинаның жұмысшы органына айырма мен жүктеме орнату;

таспаның сапасын, таспалық машинаның механизмдерінің жағдайын және жұмысын қарау;

ақаулы қысым біліктерін, тазалау тетіктерін ауыстыру;

түсімді алуға қатысу;

жапсырма қағазды салу, әкелінген және шыққан таспаның сапасын тексеру;

таспалы тазды белгіленген жерге тасымалдау;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

таспалық машинаны жөндеуден қабылдап алуға қатысу;

қызмет көрсететін қондырғыларды тазалау және майлау.

244. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және пайдалану ережесін;

олардың механизмдерінің жұмысын және өзара әрекетін, күтіп-ұстау режимін;

талшықтар қоспасының құрамын, орданы іріктеу және қызмет көрсететін машинаны сабақтау тәртібін, таспа мен куфт түрлерін;

олардың сапасына қойылатын талаптарды, үзілу себептерін және оларды қысқарту тәсілдерін;

таспа мен куфттың сапасын бақылау тәсілдерін;

әкелінетін және шығатын таспаларды өлшеуді, қалдықтардың түрлері мен нормаларын.


Параграф 2. Таспа қондырғысының операторы, 4-разряд

245. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары өнімді таспалық машиналарда таспа өндірісі процесін жүргізу, машинаға таспаны сабақтау, машинаның қорегінде және шығуында тазды, шүйкені ауыстыру;

қондырғыны іріктеу;

таспаның үзілуін жалғау және таспалық машинаның жұмысшы органдарына оралып қалған талшықтарды алып тастау;

таспадағы өткізудің және басқа да ақаулардың алдын алу және жөндеу;

таспаның сапасын бақылау;

таспалық машинаның механизмдері мен аспаптарының жағдайын және жұмысын қарау;

түсімдерді алуға қатысу;

жұмсалған орамаларды тасымалдау;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

қызмет көрсететін қондырғыларды тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау;

таспалық машиналарды жөндеуден қабылдап алуға қатысу.

246. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың, реттеуші аспаптардың құрылысын және пайдалану ережесін;

олардың механизмдерінің өзара әрекетін, күтіп-ұстау режимін;

орданы іріктеу және қызмет көрсететін машиналарды сабақтау тәртібін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын және оларды қысқартудың тәсілдерін;

таспаның желілік қалыңдығын, таспаның сапасын бақылау тәсілдерін;

әкелінетін және шығатын таспаны өлшеуді.


49. Орау қондырғысының операторы

Параграф 1. Орау қондырғысының операторы, 2-разряд

247. Жұмыс сипаттамасы:

вицаны арбашаға орау процесін жүргізу, оны барабанға жеткізу;

вицаны барабанға байлау;

оралған шарғыны түсіру және босын орнату;

иірімжіпті жіп жүргіштің көзіне және шарғыға сабақтауға қатысу;

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау.

248. Білуге тиіс:

вицаны орау, байлау және сабақтау әдістерін;

иірімжіпті шарғыға орау сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Орау қондырғысының операторы, 3-разряд

249. Жұмыс сипаттамасы:

шүйкелік, кресті орағыш машиналарда баужіпті, кабельдік, арқандық және канаттық (жіп) иірімжіпті орау процесін жүргізу, орағыш машинаның шарғысындағы қойнауда иіруге қарсы және бұзылуға қарсы сіңірілген вицаларды орау;

әртүрлі жүйелердегі жартылай автоматтарда боялған тігін жібегін орау;

қызмет көрсететін машиналардағы мулинаға орамаларды орау және салу;

сыртқы түрі бойынша сапасын тексерумен желілік тығыздығы мен түсіне орай жібекті, жіпті қабылдау;

қызмет көрсететін қондырғы, вицаны барабанға сабақтау;

баужіптің, иірімжіптің, жіптің үзілуін жалғау;

шиелескен ораманы ажырату;

орамаларды дұрыс қатарға салуды қарау;

патронға дұрыс оралуды бақылау;

орау процесінде вицаны тарту;

иірімжіп пен баужіптің тартылуын реттеу;

иірімжіптің дұрыс оралуын және оралатын жібектің біркелкілігін, қоректеуші және ораушы ораманың (орама сынасы) біртекті қосылуын қамтамасыз ету;

оралатын бұйымдардың ақауларын түзету;

боялған тігін жібегімен жасалған ораманы түсіру;

жинау машинасының шарғысына жазба қағаз бумасын сабақтау және ыдысты сумен толтыру;

бос патрондарды жинау;

дайындалған ыдысқа орамаларды салу, оларды байлау және маркалау;

қағазды жұмыс орнына жеткізу;

қызмет көрсететін қондырғыларды және олардың жекелеген механизмдерінің жарамдылығын қарау, қондырғыны жөндеуден қабылдап алуға қатысу, қондырғыны тазалау және майлау;

қалдықтарды жинау және тапсыру.

250. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын;

пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекетін;

тігін жібегінің, оралатын иірімжіптің, жіптің негізгі қасиеттерін, сұрыптарын және желілік тығыздығын, баужіптің мөлшерін, талшықтың түрлерін, сабақтау ережесін;

оралатын бұйымдардың сапасына, жіпті шүйке мен белдекке;

иірімжіпті шарғыға орау сапасына қойылатын талаптарды, жіптің үзілу себептерін, оның алдын алу әдістерін;

жіпті буып-түю тәсілдерін.


Параграф 3. Орау қондырғысының операторы, 4-разряд

251. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі түрдегі орағыш қондырғыларда әртүрлі орамада иірімжіпті, әртүрлі түрдегі және тығыздықтағы табиғи және химиялық талшықтардан жіптерді, эластомерлі, металл жіптерді және шикізат жібекті орау процесін жүргізу;

орағыш автоматтарда және жартылай автоматтарда, шүйке автоматтарында жіптерді орау;

желілік тығыздығы, салмағы, өңдеу және түсінің түрлері бойынша жіптерді қабылдау;

орауға түскен иірімжіпті желілік тығыздығы, түсі, әкелінген және оралған ораманың сапасы бойынша бақылау;

техникалық шартқа сәйкес ақаулы орамаларды алып тастау;

дүкен – автоматты собықпен, шөлмекпен сабақтау, әкелінетін және оралатын ораманы ауыстыру;

бақылау аспабын реттеу;

дүкен- автомат жұмыс істемегенде- жіптерді бақылау-тарту құрылғысына сабақтау;

жіптердің үзілуін жалғау, орамаларды байлау, дұрыс жасалмаған собықтарды жинау, оларды сұрыптау, дүкен –автоматты қайта жасау ақаулы орынды қайта орау;

шырмалуды түзету және орау процесінің үздіксіздігі мен сапасын және шикізатты үнемдеуді қамтамасыз ететін басқа да жұмыс тәсілдерін орындау;

оралатын және оралған орамаларды (қондырғының сынасы) біркелкі түсіруді, түсірмені алуды, жіптің соңын ормаға бекітуді қамтамасыз ету;

ораудың дұрыс формасын және орамалардың, шүйкелердің мөлшерін, тарту және бақылау – тазалау тетіктерінің, жіпбағыттығыш пен түйін түюшінің жағдайын бақылау;

түтікті жазба қағазбен толтыру;

шпиндельге бос қағаз патрондарын салу;

қалдықтарды жинау және сұрыптау;

орама ақауының алдын алу, резервтік ораманы бақылау;

орау сапасын бақылау;

дайын өнімді жинап алу;

белдекті, шүйкені дайындалған ыдысқа салу, оларды тасымалдау және маркалау;

қағазды, жапсырма қағазды, жәшіктерді, байлауларды жұмыс орнына жеткізу;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау.

252. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысы, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекетін, өңделетін шикізаттың ассортиментін;

өңделетін иірімжіп пен жіптің түрлерін, қасиеттерін;

қосылу санын, желілік қалыңдығын, жіпті, шикізат жібектің түстері мен түрлерін, ораманы орау өлшемі мен тығыздығын, иірімжіпті, жіпті тарту мөлшерін, оны реттеу тәсілдерін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын, өндірілетін орамалардың сапасына қойылатын талаптарды;

буып-түю бұйымдарының ассортименті мен маркаларын, жіпті буып-түюдің тәсілдерін.

«Савио», «Шафхорст» түріндегі жоғары жылдамдықты автоматтарда (650 метр/мин. Және одан жоғары) иірімжіптерді орау процесін жүргізгенде – 5-разряд.
50. Айналдыру қондырғысының операторы

Параграф 1. Айналдыру қондырғысының операторы, 3-разряд

253. Жұмыс сипаттамасы:

трунсалды немесе айналдыру машиналарында әртүрлі түрдегі жіптерді бір қабатты шырмау процесін жүргізу.

жіпті алу.

қызмет көрсететін машиналарды сабақтау.

алынатын және жұмысталған шарғыларды ауыстыру, жіптің үзілуін жамау.

шырмау процесін, қызмет көрсететін машиналардың және тарту аппаратының жұмысын қарау.

дайын өнімді түсіру және тапсыру.

қызмет көрсететін машиналарды тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

трунсалды машинамен жұмыс істеген кезде – ұршық арқылы ілгекпен желіжіпті өткізу, ұршыққа жібі бар шарғыны орнату, мүйізшенің көзшесі арқылы жіпті өткізу.

254. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын;

пайдалану және негізгі механизмдерінің өзара әрекет ережесін;

қолданылатын жіптердің түрлері мен нақты желілік қалыңдығын, сабақтау деректерін;

дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, шырмау ақауларын, олардың туу себептерін;

алдын алу және жою тәсілдерін.
Параграф 2. Айналдыру қондырғысының операторы, 4-разряд

255. Жұмыс сипаттамасы:

айналдыру машиналарында әртүрлі түрдегі латекстік және полиуретандық эластомерлі жіптерді екі қабатты шырмау процесін жүргізу;

жіпті алу;

ұршық арқылы ілгекпен желіжіпті өткізу;

айналудың бір бағытымен ұршықты бірінші шарғыға орнату, мүйізшенің көзшесі арқылы жіпті өткізу;

біріншісіне қарама-қарсы бағытта айналатын ұршыққа екінші шарғыны орнату, мүйізшенің көзшесі арқылы жіпті өткізу;

патрондарда нөміршелер салу;

шырмау процесін, қызмет көрсететін машиналардың жұмысын қарау;

жіптің үзілуін жалғау;

әкелінетін шарғыларды ауыстыруға дайындау, қолданылған шарғыларды ауыстыру;

оралған жіптің ақаулы жерлерін түзету;

ораманың соңындағы жіптің соңын барынша аз қалдықпен тауып алу;

оралған жіптің соңын түйін түйгішімен байлау;

түсірім кезінде жіптің еркін соңын ілмекпен алынатын орамадағы жіптің біреуіне бекіту;

жұмысталған шарғыны түсіру және оларды қорапшаға салу;

өндірілген өнімдерге төлқұжаттар толтыру;

қалдықтарды жинау және тапсыру.

256. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын;

пайдалану және негізгі механизмдерінің өзара әрекет ережесін;

қолданылатын шикізаттың түрлері мен желілік тығыздығын;

дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;

ақаулау жөніндегі нұсқаманы.


51. Отпен шарпу қондырғысының операторы

Параграф 1. Отпен шарпу қондырғысының операторы, 2-разряд

257. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті отпен шарпу қондырғысы операторының басшылығымен отпен шарпу машинасында маталар (жүн және табиғи жібектен басқа) мен бұйымдарды отпен шарпу, иірімжіпті отпен шарпу процесін жүргізу;

отпен шарпу машинасын жұмысқа дайындауға қатысу;

матаны, иірімжіпті және бұйымды отпен шарпу машинасына сабақтау;

отпен шарпу сапасын, матаның арбашаға түсуін немесе шығыршыққа оралуын қарау;

қайта оралудың, бүгілудің және шет жиегінің бүктелуінің алдын алу;

өңделген маталарды, иірімжіптер мен бұйымдарды белгіленген жерге тасымалдау;

отпен шарпу машинасын күтіп-ұстау, оттықты тазалау.

258. Білуге тиіс:

отпен шарпу машинасының мақсаты мен құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін маталардың ассортиментін;

маталарды отпен шарпу машинасына тігіндеу және сабақтау ережесін;

оттықты қолдану ережесін.
Параграф 2. Отпен шарпу қондырғысының операторы, 3-разряд

259. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті отпен шарпу қондырғысы операторының басшылығымен әртүрлі жүйедегі отпен шарпу машинасында жүнді матаны, табиғи жібектен матаны және бұйымды отпен шарпу процесін жүргізу.

маталар мен бұйымдарды отпен шарпу машиналарына сабақтау, отпен шарпу сапасын қарау, бүгілудің шет жиегінің бүктелуінің, қайта оралудың алдын алу, машинадан матаның шығуын байқау.

ауа өткізгіштің, желдеткіштің, реттеу құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін тексеру.

бірқалыпты тарту мен берілген температураны қамтамасыз ету.

оттықтың жұмысын, мата мен бұйым қозғалысының жылдамдығын, отпен шарпу сапасын, желдеткіш пен газ беру жұмысын бақылау.

260. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

отпен шарпылатын маталар мен бұйымдардың ассортиментін;

маталарды отпен шарпу машиналарына тігіндеу мен сабақтау ережесін;

отпен шарпудың технологиялық режимін және ережесін;

әртүрлі талшықтардың қасиеттерін және оларға температураның әсерін;

газды оттықпен жұмыс істеу ережесін.


Параграф 3. Отпен шарпу қондырғысының операторы, 4-разряд

261. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі жүйедегі отпен шарпу машиналарында жүнді және табиғи жібек маталарын отпен шарпу процесін жүргізу, белгіленген технологиялық режимге сәйкес газды отпен шарпу агрегатында мақта қосылған синтетикалықматаны, оттықта қолмен – жартылай фабрикатта тері матасы жағынан аң терісінің шығып тұрған шашты отпен шарпу;

қондырғының автоматика жүйесінің жұмысқа жарамдығын тексеру;

оттықты жағу, матаның еніне, газ бен газ-ауа қоспасының берілуіне, мата қозғалысының жылдамдығына сәйкес температураны, жалынның енін реттеу;

аспаптардың көрсеткіштерін, басқару пультін, қызмет көрсететін құрылғылар мен механизмдердің, агрегаттардың механикалық төсегіштердің немесе төсене құрылғысының жұмысын бақылау;

матаны отпен шарпу сапасын бақылау.

262. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын;

пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

газ және газ-ауа қоспасын реттеуді және беруді, газ және газ-ауа қоспасы жүйесінің құрылысын;

матаны отпен шарпу ассортиментін, отпен шарпудың технологиялық режимі мен ережесін;

талшықтардың қасиеттерін және оларға жоғары температураның әсерін;

газ қондырғысын дұрыс қолдану ережесін.


52. Баспа қондырғысының операторы

Параграф 1. Баспа қондырғысының операторы, 5-разряд

263. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті баспа қондырғысы операторының басшылығымен әртүрлі жүйедегі баспа машиналарында берілген торлы қимаүлгі кестесіне сәйкес суретті матаға, трикотаж және мата емес жаймаға, бұйым мен көшірме қағазға басу процесін жүргізу;

басу үшін түскен матаның, жайманың, бұйымның, бояудың, көшірме қағаздың сапасын бақылау;

берілген суретке сәйкес қимаүлгіні, болат сызғышты және бояуды іріктеу;

матасы бар шығыршықты немесе байланыс арбашасын орнату;

қызмет көрсететін машинаға матаны, желім мен бояғышты салу;

суреттің раппортына сәйкес торлы қимаүлгіні, болат сызғышты және еңбектемені орнату;

суретті трафереттеу және сынақ үлгісін бояу;

суретті басу процесін қарау және реңктер мен раппорт тазалығын қамтамасыз ету;

болат сызғышты, қимаүлгіні алу, тазалау және жуу;

бояуларды қызмет көрсететін машиналарға жеткізу және оларды орындарына қою.

264. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принципін;

оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

суретті толтыру үшін түскен матаның, жайманың, көшірме қағаздың және бұйымның ассортиментін, қызмет көрсететін машинаға матаны сабақтау ережесін;

суреттердің және оларды салудың түрлерін, матаға, жаймаға, бұйымға бояуды енгізудің кезектілігін, трафереттеу әдістерін;

қызмет көрсететін машиналарда қимаүлгілердің орналасу реттілігін, қимаүлгіге, болат сызғышқа және матаға сурет толтыру сапасына қойылатын талаптарды.

265. Жұмыс үлгілері:

1) баспа агрегатында сурет салу, жылумен өңдеу, жуу, тұрақтандыру, кеңейту, кілем жаймасын кеңейту процесін жүргізу;

2) қосқышта, толғағышта, жуу ванналары мен кептіру-кеңейту машиналарында жұмыс ерітіндісін беруді, температураны және жайманың өту жылдамдығын реттеу.


Параграф 2. Баспа қондырғысының операторы, 6-разряд

266. Жұмыс сипаттамасы:

берілген кестеге сәйкес электронды басқарылатын әртүрлі жүйедегі баспа машиналарында алты түске дейінгі торлы қимаүлгімен матаға, трикотаж жаймасына, көшірме қағазға суреттерді басу процесін жүргізу.

бояудың сапасын, қимаүлгінің, болат сызғыштың тазалығын және олардың суретке сәйкестігін тексеру.

болат сызғыш пен қимаүлгіні қызмет көрсететін машинаға орнату.

суретті трафереттеу және сынақ үлгісін басу.

жалпақ басу машиналарында болат сызғышты қайрау, оларды қырнау.

бүріккі корпусының металл бөлігін қырнау.

электромагнитті жалғастырғышты ретке келтіру.

өнім мен қағаздың тартылуын және өту жылдамдығын реттеу, суретті дұрыс толтыруды, реңк пен раппорт тазалығын бақылау. Қызмет көрсететінмашиналардың жұмысын және электронды аспаптардың тартылуын және керзі барысын түзеуді қарау.

сурет раппортының орнын ауыстыру.

суреттің қанықтығына байланысты болат сызғыштың өту санын реттеу.

қызмет көрсететін машиналардың жұмысындағы ақауларды түзеу, кареткалардың жұмысын реттеу, кареткалардағы түйреуішті ауыстыру.

267. Білуге тиіс:

баспа машиналарының құрылысын, қондырғыларды пайдалану және негізгі механизмдерінің өзара әрекетін, баспа машиналарының қолданылатын бақылау-реттеу аспаптарының реттеуші құрылғыларының мақсатын, жұмыс принциптерін және оларды күтіп-ұстау ережесін;

қолданылатын бояулардың сапалық белгілерін, трафереттеу тәсілдерін және матаға суретті басу ережесін;

бояуды енгізу кезектілігін және баспа машиналарында қимаүлгілердің орналасу ретін, суретті салғаннан кейін матаны кептіру режимін;

матаның ассортиментін, толтырмалы матаның сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Баспа қондырғысының операторы, 7-разряд

268. Жұмыс сипаттамасы:

тапсырмаға сәйкес, торлы, тегіс, дөңгелек (ротациялық) қимаүлгідегі, фотофильм баспалы, технологиялық процесті автоматты реттейтін машиналарда матаға және әртүрлі талшықты жаймаға алты және одан көп түсті суреттерді басу процесін жүргізу;

кептіру камерасының жұмысын, суретті дұрыс толтыруды, реңктер мен оның раппортының тазалығын бақылау;

станоктағы болат сызғышты ауыстыру және қайрау;

сынақ үлгісін басу және оның эталонға сәйкестігін тексеру;

болат сызғыштың қысылуын, ротациялық баспа машиналарындағы қимаүлгідегі баспа бояуының деңгейін және насостың қысымын реттеу, қызмет көрсететін машиналардың жұмысындағы ақауларды түзеу.

269. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және механизмдерінің өзара әрекетін, қызмет көрсететін машиналар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының реттеуші құрылғыларының мақсаты мен жұмыс принциптерін және оларды пайдалану мен күтіп-ұстаудың ережесін;

суреттер мен оларды салудың түрлерін, қолданылатын бояулардың сапалық белгілерін, қимаүлгілердің сапасына қойылатын талаптарды және олармен матаға сурет басу ережесін;

кептірудің технологиялық режимін, бояуды енгізу реттілігін және қимаүлгілерді орналастыру ретін.
53. Жуып-шаю қондырғысының операторы

Параграф 1. Жуып-шаю қондырғысының операторы, 2-разряд

270. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық режимге сәйкес әртүрлі жүйедегі жуып-шаю машиналарында, аппараттарда, агрегаттарда, ағынды желіде матаны, жайманы және бұйымды жуып-шаю процесін жүргізу;

жуып-шаю баркасында, әртүрлі жүйедегі машиналарда иірімжіпті, бас киімді, теріні жуып-шаю;

жуып-шаю және жуу машиналарында матаның ластанған жерін жуу;

белгіленген рецептура бойынша жуу ерітіндісін әзірлеу;

жуудан кейін матаны машинамен немесе қолмен үздіксіз жаймаға тігу, тігістерді сөгу;

терілерді қажетті қалдық ылғалдығы деңгейіне дейін кептіру;

түйірленген және қатты шелденген терілерді жазу;

өңделетін өнімдерді жұмыс орнына жеткізу;

қызмет көрсететін машиналарды, қорапшаларды, барабандарды суық сумен және жуу ерітіндісімен толтыру және оны белгіленген температураға дейін қыздыру;

ерітіндінің деңгейін қарау;

қызмет көрсететін механизмдердің жұмысын, температурасын және жуу ерітіндісінің қоюлануын реттеу;

уудан кейін теріні жазу және кесу;

матаны жуу сапасын тексеру, жуудан кейін тиеу, сығу және белгіленген жерге тасымалдау;

суды және жуу ерітіндісін ауыстыру;

жұмыс ерітіндісінің қоюлануын тексеру үшін оның сынамасын алу;

жуып-шаю қондырғысын күтіп-ұстау.

271. Білуге тиіс:

жуып-шаю қондырғысының құрылысын, жұмыс принципін, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

жуылатын иірімжіптің, бас киімнің, матаның, жайманың, бұйымның ассортиментін, терінің түрлерін, мата мен жайманы тігу, теріні жазу мен кесу ережесін;

жуу сапасына қойылатын талаптарды, жуу ерітіндісінің қасиеттерін, химиялық материалдардың шығыс нормативтерін және ерітіндіні дайындау әдістерін, жуу және сығудың технологиялық режим нормативтерін.
Параграф 2. Жуып-шаю қондырғысының операторы, 3-разряд

272. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық режимге сәйкес кептіру қондырғысымен агрегатталған әртүрлі жүйедегі машиналарда, аппараттарда, агрегаттарда, жуып-шаю желілерінде матаны, жайма мен бұйымды жуып-шаю және арнаулы өңдеу процесін жүргізу;

өңделетін өнімдерді жұмыс орнына жеткізу;

аспаптар мен механизмдердің көмегімен технологиялық режимді, жуып-шаю және кептіру сапасын бақылау.

273. Білуге тиіс


жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау