2008 жылєа арналєан облыстыќ



жүктеу 64,3 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі64,3 Kb.
#9794


Облыс әкімдігінің

2017 жылғы « » қазандағы

№ қаулысына қосымша




Жоба

2018-2020 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 428 655 099 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша – 35 726 181 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша – 548 846 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 4 000 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша – 392 376 072 мың теңге;

2) шығындар – 423 082 862 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 690 482 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 1 236 152 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 926 634 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2 600 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2 600 000 мың теңге;

5) бюджет профициті – 3 662 719 мың теңге;

6) бюджет профицитін пайдалану – - 3 662 719 мың теңге.

2. 2018 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;

облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) 50 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша Шымкент қаласынан басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 100 пайыз;

Шымкент қаласының бюджетіне – 50 пайыз;

облыстық бюджетке Шымкент қаласынан - 50 пайыз болып белгіленсін.



3. 2018 жылға облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттерге берiлетiн субвенциялар мөлшерiнің жалпы сомасы 215 729 442 мың теңге болып қарастырылсын, оның iшiнде:

Бәйдібек ауданына

8 507 193




мың теңге;

Қазығұрт ауданына

13 540 493




мың теңге;

Мақтаарал ауданына

30 892 508




мың теңге;

Ордабасы ауданына

11 787 430




мың теңге;

Отырар ауданына

8 105 013




мың теңге;

Сайрам ауданына

18 614 684




мың теңге;

Сарыағаш ауданына

30 099 007




мың теңге;

Созақ ауданына

5 387 899




мың теңге;

Төлеби ауданына

10 988 126




мың теңге;

Түлкібас ауданына

8 755 756




мың теңге;

Шардара ауданына

9 046 263




мың теңге;

Арыс қаласына

8 232 191




мың теңге;

Кентау қаласына

7 250 698




мың теңге;

Түркістан қаласына

25 687 087




мың теңге;

Шымкент қаласына

18 835 094




мың теңге.

4. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде, еңбек нарығын дамытуға бағытталған, іс-шараларын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін.

Көрсетілген трансферттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

5. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін, оның iшiнде:

облыстың білім басқармасы;

облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы;

облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша.

Көрсетілген трансферттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

6. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттерінің қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға;

көлік инфрақұрылымын дамытуға.

Көрсетілген трансферттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

7. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттерінің қарастырылғаны ескерілсін, оның iшiнде:

облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы;

облыстың құрылыс басқармасы бойынша.

Көрсетілген трансферттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

8. Облыс әкімдігінің 2018 жылға арналған резервi 400 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

9. 2018 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

10. 2018 жылға азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

11. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат

хатшысы
жүктеу 64,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау