Екі типті коаксиалды кабелді салыстыру
Кабель қанша жуан болса, онымен жұмыс істеу соншама қиын болатыны заңдылық. Жіңішке коаксиалды кабель иілгіш, орнатуы да қарапайым және қымбат емес. Жуан кабельді иіу қиын және осыған сәйкес оны орнату да қиындау. Бұл өте маңызды жетіспеушілік, әсіресе, егер кабельді құбырлар мен науалар арқылы орнату керек болса. Жуан каоксиалды кабель жіңішке кабельден қымбатырақ, бірақ ол сигналдарды алыс қашықтыққа береді.
Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық
Жіңішке каоксиалды кабельдерді компьютерлерге қосу үшін BNC-коннектор қолданылады. BNC семьясында бірнеше құрауыштар бар:
BNC-коннектор. BNC-коннектор немесе пісіріледі, немесе кабель соңында қысылады.
BNC Т-коннектор. Т-коннектор желілік кабель мен комьютердің желілік платасын қосады.
BNC баррел-коннектор. Баррел-коннектор жіңішке коаксионалды кабельдің екі үзігін біріктіру үшін қолданады.
BNC-терминатор. «Шина» топологиялы желіде «бос» сигналдарды сіңіруге арналған терминаторлар кабельдің әрбір шетіне орнатылады. Әйтпесе желі жұмыс істемейді.
Коаксиалды кабельдер класстары және өрт қауіпсіздігінің талаптары талаптары.
Қандай да болмасын коаксиалды кабельдің классын таңдау кабельдің қай жер арқылы өтетініне байланысты. Коаксиалды кабельдің екі классы бар:
поливинилхлоридті;
пленум аумағында орнату үшін. (сурет№7)
Поливинилхлориді (PVC) – бұл көптеген коаксиалды кабельдердегі сыртқы орау немесе оқшаулаушы ретінде қолданылатын пластик. PVC кабель жеткілікті иілгіш, оны ғимараттың ашық жерлерінде орнатуға болады. Бірақ та өртену жағдайында бұл улы газдар бөліп шығарады.
Пленум (plenum) бұл фалш – төбе және жабу аралығындағы кішкентай кеңістік, әдетте оны желдеткіш ретінде пайдаланады. Өрт қауіпсіздігінің талаптары мұнда орнатыла алатын кабельдер типін қатаң түрде шектейді, егер өрт болған жағдайда олар бөліп шығаратын түтін немесе газдар барлық ғимаратқа тарайды.
Пленум кабелінің оқшаулау қабаты және сыртқы орауы арнайы өртке қарсы тұратын материалдардан жасалынады, олар өрт болған жағдайда түтінді аз шығарады. Бұл химиялық улану қаупін азайтады. Сонымен қатар бұл кабельдерді құбырға орнатпай ашық саал беруге болады. Әйтседе олар поливинилхлоридтілерге қарағанда қымбатырақ және қаттырақ.
Пленумды кабель
Сурет 7. Өрт қауіпсіздігінің талаптары бойынша пленум аумағында орнату үшін арнайы кабельдер типі қарастырылған.
Тапсырма
Зертханалық жұмыстағы берілген теориялық материалды мұқият оқып шығыңдар.
Жоғарыда суреттелген кабельдер типтерінің салыстырмалы мінездемесін құру.
Қандай кабель жақсы, қайсысы нашар және неліктен деген қорытынды шығараыңдар.
Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
Қолданылатын кабельдердің негізгі топтары. Олардың негізгі мінездемелері.
Коаксиалды кабельдің құрылымы. Қиылысатын кедергілер. Өшу. Коаксиалды кабельдің типтері.
Жіңішке коаксиалды кабельдің мінездемесі.
Қалың коаксиалды кабельдің мінездемесі. (жіңішке коаксиалды кабельден айырмашылығы). Трансивер.
Коаксиалды кабельді қосуға арналған жабдық.
Коаксиалды кабельді пайдаланудағы өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Достарыңызбен бөлісу: |