§ 130. МАШИНАМЕН ҚАЛЫПТАУ ӨЗЕКШІСІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзекті машиналарда ірі көлемді күрделілігі орташа өзектерді алмалы-салмалы бөлшектері аз өзекті қораптарда және күрделі өзектерді құм бүріккіш машиналарда жасау. Газ арналарын өткізіп, лекті конвейерде мұқият өңдеп және өзектерін сырлай отырып күрделі каркастарды орнату. Қарапайым және күрделілігі орташа өзектерді құрастыру. Өзекті қоспалардың сапасын тексеру. Өзекті машиналарды баптау.
Білуге тиіс: әртүрлі типті өзекті машиналардың құрылысы, жұмыс қағидаты және баптау ережесі; өзекті қоспаларды дайындау тәсілдері және олардың сапасын айқындау әдістері; бекіткіштердің өзектердің сапасына тигізетін әсері; тез кебетін қоспаларды пайдалану тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен қолданылу тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
Өзектерді жасау:
1. Диаметрі 150 мм астам құбырларға арналған иіндер мен келтеқұбырлар.
2. Май сорғылардың корпустары.
3. Диаметрі 300 мм астам мойынтіректердің корпустары.
4. Клапандарды итергіштерді бағдарлаушы.
5. Ауыл шаруашылығы машиналарының кескіш аппараттарының саусақтары.
6. Компрессорлардың поршеньдері.
7. Поршеньдер, поршень ішпектер мен дизель поршеньдерінің бастары.
8. Вагондар мен тендерлердің арбаларының өкшеліктері.
9. Жылу радиаторлары.
10. Автотіркеуіштердің тартпа қамыттары.
§ 131. МАШИНАМЕН ҚАЛЫПТАУ ӨЗЕКШІСІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзекті машиналарда ірі көлемді және күрделілігі орташа өзектерді алмалы-салмалы бөлшектері аз өзекті қораптарда жасау. Күрделі өзектерді құрастыру. Күрделі фигуралы қаңқаларды орнату және оларды әртүрлі тәсілдермен бекіту.
Білуге тиіс: күрделі құймаларға арналған өзектерді жасаудың жүйелілігі; өзектерді жасауда қолданылатын өзекті материалдар мен қоспалардың қасиеттері және олардың сапасын сыртқы түрі мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындау тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
Өзектерді жасау:
1. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары.
2. Вагондар мен тендерлердің құйма арбаларының жақтаулары.
3. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлері блоктарының бастары.
4. Автомобильдердің беріліс қораптарының картерлері.
5. Вагондар мен тендерлердің букстерінің корпусы.
6. Компрессорлардың корпустары.
7. Жылу қазандықтары.
8. Коллекторлардың шығатын құбырлары.
§ 132. МАШИНАМЕН ҚАЛЫПТАУ ӨЗЕКШІСІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электронды басқару жүйесі бар өзекті машиналарда күрделі өзектерді алмалы-салмалы бөлшектерінің саны көп өзекті ыстық қораптар бойынша жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен механизмдерді баптауға қатысу.
Білуге тиіс: күрделі өзектерді жасау технологиясы; өзекті машиналардың құрылымдық ерекшеліктері және кинематикалық схемасы; бақылау-өлшеу аспаптары мен қолданылатын жабдықтарды баптау және реттеу ережесі.
§ 133. ҚОЛМЕН ҚАЛЫПТАУ ӨЗЕКШІСІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым ірі өзектерді және күрделілігі орташа шағын көлемді өзектерді үшке дейін алмалы-салмалы бөліктері бар өзекті қораптар, шаблондар бойынша, газ арналарын тартып және білте тартып, каркас пен рамасын орната отырып және өзекті өңдей және сырлай отырып жасау. Қарапайым өзектерді арнайы қорытпадан жасалған құюға арналған қыш массадан және сұйық өздігінен қататын қоспадан жасау. Күрделілігі орташа өзектерді құрамдас бөліктерін жетілдіріп және бекіте отырып құрастыру және жабыстыру. Біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптау өзекшісінің басшылығымен 3-5 алмалы-салмалы бөліктері бар күрделілігі орташа өзектерді жасаған кезде күрделі өзектерді толтыру, нығыздап басу, алмалы-салмалы бөліктерін алып тастау және сырлау, сондай-ақ қораптарды құрастыру, рамалар мен каркастарды салу, білте тарту және арналарын кесу жұмыстарын орындау. Өзектерді шаблондар мен кондукторлар бойынша өңдеу және кесу. Бүршіктерді қол егеумен немесе тегістеуші қағазбен тазалау. өзекті қораптарды дайындау (тазалау, дымқылдату).
Білуге тиіс: ширатпа жасауға арналған машинаның құрылысы; өзектерді жасауда қолданылатын өзекті қоспалар мен басқа да материалдардың құрамы мен қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу ережесі; қарапайым өзекті қораптардың құрылысы; дайын өзектердегі газ шығарғыштардың беріктігіне қойылатын талаптар; өзектерді кептіру режимі; өзектерді құрастыру кезінде олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру және бекіту тәсілдері; өзектерді бүріккішпен, қолмен немесе батырып алу арқылы бояу тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
Өзектерді жасау:
1. Тежегіш башмақтар.
2. Құю воронкалары.
3. Құм салғыш ыдыстар.
4. Автотіркегіш бастарының корпустарынан басқа автотіркегіш бөлшектер.
5. Сифон жұлдызшалар.
6. Шынжыртабандардың буындары.
7. Тік бұрышты иллюминатор.
8. Диаметрі 200-300 мм қораптар мен шаблондар бойынша жасалған құбырлардың иінділері, үштіктер мен әртүрлі кеңістікте бұрылған бұрмалар.
9. Құбырлардың иінділері, үштіктер мен әртүрлі кеңістікте бұрылған бұрмалар.
10. Іштен жану қозғалтқыштарының шығарғыш коллекторлары.
11. Көп жүк көтергіш вагондардың жақтаулы сырғымаларының қораптары.
12. Компрессорлардың май ажыратқыштарының корпусы.
13. Қоректендіргіш қораптардың корпусы .
14. Диаметрі 300 мм мойынтіректердің корпусы.
15. Тепловозаралық қосылыстардың розетка корпустары.
16. Қозғалтқыштардың су сорғыларының қақпақтары.
17. Құю машинасының модулі.
18. Байланыстырушы муфтілер.
19. Салмағы 4 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптардың жалғамалары.
20. Тежегіш байланыстырушы жеңдердің басұштары.
21. Бұрма шамдардың тұғырлары.
22. Илемдеу станоктарының жастықтары.
23. Порешеньді паровоздардың сүйретпелері.
24. Жоғары және төмен қысымды компрессорлар цилиндрлерінің поршеньдері.
25. Әртүрлі теңсалмақтар.
26. Кокс пештеріне арналған есік рамалары.
27. Экскаваторлар мен транспортерлердің роликтері.
28. Бұрма ауыстырғыштардың өзектері.
29. Дөңгелек өзектер.
30. Цилиндр өзектер.
31. Желдетуге арналған құбырлар.
32. Құм сауыттардың бүркігіштері.
33. Диаметрі 500 мм дейінгі құйма тістері бар тістегеріштер.
34.Диаметрі 700 мм дейінгі электр машиналарының мойынтірек қалқандары.
§ 134. ҚОЛМЕН ҚАЛЫПТАУ ӨЗЕКШІСІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа ірі өзектерді бірнеше алмалы-салмалы бөліктері бар өзекті қораптар бойынша және екі өлшемге дейін каркас пен рамасын орната отырып жасау. Күрделілігі орташа өзектерді арнайы қорытпадан жасалған құюға арналған қыш массадан және сұйық өздігінен қататын қоспадан жасау. Өзектің жіңішке бөлігіне, өзекті өңдеу, егеу, босу және шаблонмен тексере отырып, газ арналарын өткізу және білте тарту. Күрделі орташа көлемді және күрделілігі орташа ірі өзектерді шаблондар бойынша жасау. Күрделі құймаларға арналған күрделі өзектерді күрделі кондукторлар мен шаблондар бойынша егеулеп және сәйкестендіре отырып құрастыру. Өзектерді жабыстыру немесе өзара байланыстыру, жіктерін бітеу, бояу және кептіру. Біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптау өзекшісінің басшылығымен күрделі фасонды өзектерді жасаған кезде қалыптарды ұру, күрделі өзектерді тазалау және бояу, рамалар мен каркастарды орнату, білте тарту және арналарды кесу жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: күрделілігі орташа өзектерді жасау процессі және оның жүйелілігі; өзектерді жасауда қолданылатын өзекті қоспалардың құрамы мен қасиеттері; өзекті қоспаларды дайындау және тез кебетін бекіткіштерді қолдану тәсілдері; өзектерді жасауда қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларының құрылысы; өзекті қораптарға қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері
Өзектерді жасау:
1. Оқтау тәрізді гидропульттерге арналған бөшкелер.
2. Локомотивтер мен вагондардың букстері.
3. Вагондардың біріздендірілген дефлекторлары.
4. Домна газының науасы.
5. Салмағы 3 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар.
6. Борт клюзі.
7. Диаметрі 300-400 мм қораптар мен шаблондар бойынша жасалған құбырлардың иінділері, үштіктер мен әртүрлі кеңістікте бұрылған бұрмалар
8. Іштен жану қозғалтқыштарының шығарғыш коллекторлары.
9. Іштен жану қозғалтқыштарының су бөшкелерінің корпусы.
10. Диаметрі 300 мм астам мойынтіректердің корпусы.
11. Ролик букстерінің корпусы.
12. Үю машиналарының мульділері.
13. Илемдеу станоктарының муфтілері.
14. Салмағы 4-10 т құймаларға арналған металл қалыптардың жалғамасы.
15. Илемдеу станоктарының сымдары.
16. Жүк көтергіштігі 2500 кг дейінгі қалыптау машиналарының тұғыры.
17. Диаметрі 800 мм дейінгі электр машиналарының тұғыры.
18. Металл кескіш станоктардың суппорттары.
19. Бастаушы тартпа берілісінің тістегершіктері.
20. Диаметрі 500-1000 мм дейінгі құйма тістері бар тістегіштер.
21. Диаметрі 700-1200 мм дейінгі, биіктігі 600 мм электр машиналарының мойынтірек қалқандары.
§ 135. ҚОЛМЕН ҚАЛЫПТАУ ӨЗЕКШІСІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі фасонды өзектерді бірнеше ажыратқышы және алмалы-салмалы бөліктері бар, каркастары мен рамасы бар, газ шығару жүйесі күрделі өзекті қораптар бойынша жасау. Күрделі өзектерді арнайы қорытпадан жасалған құюға арналған қыш массадан және сұйық өздігінен қататын қоспадан жасау. Күрделі өзектерді шаблон бойынша жасау. Күрделі құймаларға арналған өзектерді күрделі кондукторлар мен шаблондар бойынша егеулеп және қиыстырып келтіре отырып құрастыру. Жіктерін өңдей отырып, бояп және кептіріп, өзектерді жабыстыру және болтпен бекіту. Күрделі өзектерді жасау кезінде рамалар мен өзектерді салу, қораптарды құрастыру, білте тарту, саңылауларын қыздыру және арналарды кесу жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: күрделі өзектерді жасау процесі және жүйелілігі; өзекті қораптардың құрылысы және мақсаты және оларға қойылатын талаптар; бекіткіштердің өзектер сапасына тигізетін әсері; қалыптарды құю кезінде сұйық металдың өзектерге тигізетін әсері.
Жұмыс үлгілері
Өзектерді жасау:
1. Тепловоз дизельдерінің жұмыс цилиндрлерінің тығындары.
2. Тепловоз дизельдерінің гильзалары.
3. Серіппелердің ұяшықтары.
4. Салмағы 3-10 т астам құймаларға арналған металл қалыптар.
5. Металл кескіш станоктардың арбалары.
6. Диаметрі 400 мм астам қораптар мен шаблондар бойынша жасалған құбырлардың иінділері, үштіктер мен әртүрлі кеңістікте бұрылған бұрмалар.
7. Домна пештерінің себу аппараттарының шағын конустары.
8. Инжекторлар корпусы.
9. Компрессорлардың жоғары және төмен қысымы цилиндрлерінің клапандық қораптарының корпусы.
10. Ролик букстердің корпустары.
11. Салмағы 10 т астам құймаларға арналған ішпектер.
12. Ұзындығы 2500 мм және одан көп редукторлардың рамалары мен корпустары.
13. Жетектердің рамалары.
14. Домна пештері кауперлерінің торлары мен бағаналары.
15. Домна пештерінің соплосы.
16. Буфер стакандар.
17. Жүк көтергіштігі 2500 кг жоғары қалыптау машиналарының стакандары.
18. Диаметрі 800 мм астам электр машиналарының тұғырлары.
19. Фасонды өзектерге арналған ұзындығы 1200 мм дейінгі диаметрі жартылай сомалы ұшталған өзектер.
20. Қарапайым өзектерге арналған ұзындығы 1200 мм дейінгі диаметрі жартылай сомалы ұшталған өзектер.
21. Контейнерлердің бұрыштама фитингілері.
22. Диаметрі 1000 мм астам құйма тістері бар тістегеріштер.
23. Домна пештерінің скип көтергішінің шкивтері.
24. Диаметрі 1200 мм астам, биіктігі 600 мм астам электр машиналарының мойынтірек қалқандары.
§ 136. ҚОЛМЕН ҚАЛЫПТАУ ӨЗЕКШІСІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі өзектерді көп ажыратқышы және алмалы-салмалы бөліктері бар, каркастары мен рамасы бар, газ шығару жүйесі күрделі өзекті қораптар бойынша жасау. Күрделі өзектерді арнайы қорытпадан жасалған құюға арналған қыш массадан және сұйық өздігінен қататын қоспадан жасау. Фасонды шаблондар бойынша қайрау және күрделі құймаларға арналған өзектерді дәлме-дәл қиыстыра отырып және бекітіп құрастыру. Өзектерді сынақ құймаларына арнап жасау. Өзекті қоспалардың сапасын, өзектерді жасау мен кептіруді бақылау.
Білуге тиіс: күрделі өзектерді жасау тәсілдері; пластика қоспасынан жасалған өзектердің құймалардың сапасына тигізетін әсері.
Жұмыс үлгілері
Өзектерді жасау:
1. Дизель картерлерінің блоктары.
2. Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлері блоктарының бастары.
3. Салмағы 10 т астам құймаларға арналған металл қалыптар.
4. Домна пештерінің үлкен сепкіш аппараттарының конустары мен воронкалары.
5. Дизельдердің ауа үрлегіштерінің корпустары.
6. Орталықтан тепкіш сорғылардың корпусы.
7. Блюминг жетектері редукторларының корпустары.
8. Күрделі жұмыс цилиндрлерінің қақпақтары.
9. Бу машиналарының цилиндрлеріне арналған таспалар.
10. Жарты блоктар.
11. Дизельдердің поршеньдері.
12. Илемдеу станоктарының рамалары.
13. Балғалардың үлкен тұғыры.
14. Шыңдау машиналарының, бульдозерлердің, металл кескіш станоктардың тұғыры.
15. Фасонды өзектерге арналған ұзындығы 1200 мм астам диаметрі жартылай сомалы ұшталған өзектер.
16. Қарапайым өзектерге арналған ұзындығы 1200 мм астам диаметрі жартылай сомалы ұшталған өзектер.
17. Шөміштерге арналған шетмойын.
18. Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлері.
§ 137. ӨЗЕКТЕРДІ, ҚАЛЫПТАР МЕН ҚАЛЫПТАУ МАТЕРИАЛДАРЫН КЕПТІРУШІ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым қалыптар мен өзектерді тартпалары немесе сөрелері бар кептіру шкафтарында, камераларда, көшпелі кептіргіштердің көмегімен, тұрбасыз темір пештерде және басқа да құрылғыларда кептіру. Қалыптау және отқа берік материалдарды әртүрлі кептіргіш пештерде кептіру. Материалдар мен жанармайды пешке жеткізу. Қалыптау материалдарының ірі бөліктерін қажетті көлемдерге дейін бөлшектеу. Қалыптарды, өзектер мен қалыптау материалдарын пешке салу кептіргеннен кейін түсіру және оны белгіленген жерге дейін жеткізу. Пештерді, кептіргіштерді дайындау және жағу және оған жанармай құю.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін кептіргіш пештер мен транспортерлердің құрылысы; қарапайым қалыптарды, өзектерді немесе қалыптау машиналарын кептірудің шарттары мен режимі.
§ 138. ӨЗЕКТЕРДІ, ҚАЛЫПТАР МЕН ҚАЛЫПТАУ МАТЕРИАЛДАРЫН КЕПТІРУШІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа қалыптар мен өзектерді кептіру шкафтарында немесе кептіру камераларында, көшпелі кептіргіштердің, тұрбасыз темір пештер мен басқа да құрылғылардың көмегімен жұмыс орындарында кептіру. Балқытылатын үлгілердің қалыптарын кептіру және оларды тесу. Қалыптау материалдарын механикаландырылған кептіру машиналарында кептіру. Жанармайдың кептіру құрылғыларына берілуін реттеу. Кептіру құрылғыларына ауа жіберу. Қалыптарды, өзектер мен қалыптау материалдарын, кранның, тельфердің, пневматикалық көтергіштердің көмегімен немесе қолмен сөрелерге, арбаларға орналастыра отырып, кептіргіш шкафтар мен пештерге арту және кептіргеннен кейін түсіру.
Білуге тиіс: бір типті кептіру құрылғыларының құрылысы мен жұмыс қағидаты; күрделілігі орташа қалыптарды, өзектер мен қалыптау материалдарын кептіру тәртібі, шарттары және режимі; кептіру құрылғыларындағы температураны реттеуге арналған аппараттар мен форсункалардың құрылысы; қалыптарды, өзектер мен қалыптау материалдарын кептірілу сапасын сыртқы түрі бойынша айқындау тәсілдері; қалыптар мен өзектерді кептіру үшін орнату ережесі.
§ 139. ӨЗЕКТЕРДІ, ҚАЛЫПТАР МЕН ҚАЛЫПТАУ МАТЕРИАЛДАРЫН КЕПТІРУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жұқа қабатты құймалар мен өзектерді тұрақты және үздіксіз жұмыс істейтін кептіргіштерде кептіру. Ірі күрделі қалыптар мен өзектерді итермелі арбасы бар кептіргіштерде, сондай-ақ көшірмелі құрылғылардың көмегімен жұмыс орнында кептіру. Қалыптау материалын «қайнаушы қабатта» кептіру әдісімен құрылғыларда кептіру және суыту. Кептіргіштерді қалыптармен және өзектермен толтыру. Қалыптар мен өзектерді кептіру және оларды кептіргеннен кейін түсіру. Қалыптар мен өзектерді пешке салған және түсірген кезде механизмдерді басқару. Температураны кептірудің белгіленген режиміне сәйкес реттеу. Кептіргіш құралдардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Контейнерлерді ілмектеу, жүктерді көтеріп-түсіру үшін байлау.
Білуге тиіс: әртүрлі типті кептіргіш пештердің, шкафтардың, көшірмелі кептіргіштер мен көтеріп-түсіргіш құралдардың құрылысы; «қайнаушы қабатта» кептіру әдісімен кептіру және суыту құрылғыларының құрылысы мен жұмыс қағидаты; күрделі қалыптар мен өзектерді шкафтарда, пештер мен жұмыс орындарында кептіру режимі; кептіру пештерінде қолданылатын жанармайдың түрлері мен қасиеттері; жанармайды кептіру агрегаттарына жеткізу тәсімі; қалыптау материалдарының қасиеттері, сорттары мен мақсаты; қалдық ылғалдылықтың нормасы; кептіру пештері мен шкафтарының пайдалы көлемі; ылғал өлшеуіш пен термощупті пайдалану ережесі.
§ 140. ҚҰЮ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТАСЫМАЛДАУШЫ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды, құй өндірісінің қалдықтарын және құю құралдарын, бір уақытта 400 кг дейін жүкті жұмыс орындарына сөрелерге, қатарларға және т.б. жеткізе отырып, оларды қол арбаның немесе аспалы конвейердің сөрелеріне және басқа да көлік құралдарына қолмен орналастырып арту, тасымалдау және түсіру. Көлік механизмдерін тазалау және майлау.
Білуге тиіс: көтеріп-түсіргіш құралдардың құрылысы; дайын өнімдерді, сондай-ақ құю өндірісінің қалдықтары мен құю құралдарын арту, тасымалдау және түсіру кезінде оларды ұстау ережесі; цехтардың, қоймалардың және олардың кіре берістерінің орналасуы.
§ 141. ҚҰЮ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТАСЫМАЛДАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаларға, дайын құймаларға арналған күрделі пішінді ірі өзектерді, бір уақытта 400-750 кг жүкті кесу учаскесіне, қорамжәшік пен үлгілерді қалыптаушылардың жұмыс орындарына, басқа құю құралдары мен құю өндірісінің қалдықтарын қолмен немесе көтергіш механизмдердің көмегімен отырып арту, тасымалдау және түсіру. Құймаларды партияларға балқыма номерлерін белгілей отырып салу. Көтеріп-түсіргіш механизмдерге қызмет көрсету және олардың шағын ақаулықтарын жою.
Білуге тиіс: құймаларды, құй өндірісінің қалдықтарын және құю құралдарын тасымалдау кезінде қолданылатын қарапайым көтеріп-түсіргіш құралдардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; тасымалданатын материалдардың номенклатурасы; дайын өнімдерге қойылатын талаптар; жанармай және майлау материалдарының түрлері.
§ 142. ҚҰЮ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТАСЫМАЛДАУШЫ
3-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды, құю өндірісінің қалдықтарын және құю құралдарын бір уақытта 750 кг астам жүкті тасымалдай отырып, көтеру механизмдерінің көмегімен арту, тасымалдау және түсіру. Көлік механизмдерін алдын ала жөндеу. Электpокаpалар мен электpоартқыштардың аккумуляторлық батареяларын ауыстыру. Тасымалданған материалдарды есептеу.
Білуге тиіс: құймаларды, құй өндірісінің қалдықтарын және құю құралдарын тасымалдау кезінде қолданылатын, әртүрлі құрылымды көтеріп-түсіргіш құралдардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; электpокаpалар мен электpоартқыштардың аккумуляторлық батареяларының қайта зарядталу мерзімі; жүкті алу және тапсыру құжаттарын ресімдеу тәртібі.
§ 143. ҚҰЮ ЦЕХТАРЫН ЖИНАП ТАЗАЛАУШЫ
1-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Өңделген қоспаны, скрапты, құймаларды, шығарғыштар мен құю өндірісінің басқа да қалдықтарын құю цехтары жайларында және учаскелеріндегі тиісті орындар мен қатарларға жинау.
Білуге тиіс: құйманың скpаптан ерекшелігі; жүктерді қоймалау ережесі; қызмет көрсетілетін цехтар мен жұмыс орындарының орналасуы.
§ 144. ҚҰЮ ЦЕХТАРЫН ЖИНАП ТАЗАЛАУШЫ
2-pазpяд
Жұмыс сипаттамасы. Құю өндірісінің қалдықтарын тазалағыш барабандардың жанынан, магнит ажыратқыштың астынан және басқа да механизмдерден, оларды сараптай отырып жинау. Туннельдердегі өңделген қоспаны қолмен жинап тазалау.
Білуге тиіс: қоса дайындағыш аппараттың, магнит ажыратқыштар мен басқа да механизмдердің жұмыс қағидаты; құю өндірісінің қалдықтарын іріктеу тәсілдері.
§ 145. ҚҰЮ ЦЕХТАРЫН ЖИНАП ТАЗАЛАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құю өндірісінің қалдықтарын тазалағыш барабандардың жанынан, магнит ажыратқыштың астынан және басқа да механизмдерден, оларды сараптай отырып жинау. Туннельдердегі өңделген қоспаны шаңсорғыштардың және көтеріп тасымалдау механизмдерінің көмегімен жинап тазалау. Тасымалдау механизмдеріне, өндірістік шаңсорғыштарға қызмет көрсету және алдын ала жөндеу. Аккумуляторларды зарядтау және разрядтау. Электpокаpалар мен электpоартқыштардың аккумуляторлық батареяларын ауыстыру.
Білуге тиіс: құю өндірісінің қалдықтарын тасымалдау кезінде қолданылатын көтеріп тасымалдау механизмдерінің, өндірістік шаңсорғыштардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; электpокаpалар мен электpоартқыштардың аккумуляторлық батареяларының қайта зарядталу мерзімі; қоспа дайындағыш аппараттың, магнит ажыратқыштар мен басқа да механизмдердің жұмыс қағидаты; құю өндірісінің қалдықтарын іріктеу тәсілдері; электротехника бойынша негіздеме.
§ 146. МАШИНАМЕН ҚАЛЫПТАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 300 кг дейінгі қалыптау машиналарында қарапайым құймаларға арналған қалыптарды жасау. Қарапайым пішінді ұсақ және орташа көлемді құймаларға арналған қабықшалы жарты қалыптар мен өзектерді машинада қалыптау. Машиналарды толтыруға дайындау және қарапайым және күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды толтыру. Қарапайым құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру. Эмульсия жағу және қалыптаушы құрамды үлгілерге жағу. Жарты қалыптарды күйдіруге арналған пештерге орнату. Қабықшаны үлгі тақташадан алып тастау. Қабықшалы қалыптарды қарапайым өзектерді орната отырып құрастыру. Өзектерді қарапайым шаблонның көмегімен тексере отырып орнату.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типті қалыптау машиналарының, қабықшаларды күйдіруге арналған пештер мен құралдардың, қосалқы механизмдердің, құрылғылар мен үлгі-қорамжәшік құралдарының құрылысы мен жұмыс қағидаты; қабықшалы қалыптарды жасаудың жүйелілігі; қарапайым құймаларға арналған қалыптарды аз жүк көтеретін қалыптау машиналарында жасау; қабықшалы қалыптар мен өзектерді жасауда қолданылатын қалыптау материалдарының, эмульсиялар мен қоспалардың негізгі қасиеттері; қалыптарға құйылатын металдың негізгі қасиеттері; аз жүк көтеретін қалыптау машиналарының жұмыс режимі; қарапайым және күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды бекіту және желдету тәсілдері; шаблондардың көмегімен өзектерді орналастырудың дұрыстығын тексеру тәсілдері; құю жүйесінің құрылысы; қалыптау қоспасын дайындау тәсілі; үлгі тақташаларды қыздыру және қабықшаларды күйдіру температурасы.
Жұмыс үлгілері
М а ш и н амен қалыптау:
1. Барабандағы құймаларды тазалау жұлдызшалары.
2. Вагон пештерінің оттықтары.
3. Редукторлардың қақпақтары.
4. Поршеньдер.
5. Қарапайым пішінді жылу радиаторлары (қатарсыз).
6. Буфер стакандар.
7. Диаметрі 300 мм дейінгі фланецтер.
8. Қарапайым пішінді тоңазытқыштар.
§ 147. МАШИНАМЕН ҚАЛЫПТАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 300-700 кг қалыптау машиналарында күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды, күрделі және жұқа қабатты құймалардың, сондай-ақ қарапайым және күрделілігі орташа ірі күрделі құймалардың қалыптарын жүк көтергіштігі 300 кг дейінгі қалыптау машиналарында жасау. Күрделі және жұқа қабатты құймаларға, сондай-ақ қарапайым және күрделілігі орташа ірі күрделі құймаларға арналған қалыптарды толтыруға дайындау және толтыру. Күрделі пішінді қабықшалы жарты қалыптар мен ірі құймаларға арналған өзектерді машинада қалыптау. Күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру. Бірнеше қарапайым шаблондардың көмегімен тексере отырып өзектерді орнату. Қарапайым қалыптар мен күрделілігі орташа қалыптарды құм бүріккіштің көмегімен жасау. Қабықшалы қалыптарды ыстық күйінде пульвербакелитпен жабыстыру. Қабықшалы қалыптарды күрделі өзектерді орната отырып құрастыру.
Білуге тиіс: әртүрлі типті қалыптау машиналарының құрылысы мен жұмыс қағидаты; жүк көтергіштігі орташа қалыптау машиналарында күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды, күрделі және жұқа қабатты құймалардың қалыптарын жүк көтергіштігі төмен қалыптау машиналарында жасау тәсілдері; күрделі құймалардың қабықшалы қалыптарын жасау жүйелілігі; қалыптау материалдары қасиеттерінің құйманың сапасына тигізетін әсері; металдың құрамы және құюшылық қасиеттері; негізгі және қосалқы материалдардың қасиеттері және қалыптау құрамы мен эмульсия дайындау тәсілдері; құю жүйесі; қабыршақтарды күйдіру режимі; қолданылатын құралдардың, құрылғылар мен үлгі-қорамжәшік құрылғыларының барлық түрлерінің құрылысы және оларды пайдалану ережесі; күрделі және жұқа қабатты құймаларға арналған бекіту және желдету тәсілдері; күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды өңдеуге және құрастыруға қойылатын талаптар; күрделі шаблондардың көмегімен өзектерді орнатудың дұрыстығын тексеру тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
Машинамен қалыптау:
1. Толық салмақты арнайы балласт.
2. Тежегіш барабандар.
3. Қозғалмалы құрамның қос дөңгелегінің букстері.
4. Тығындар, кpонштейндер мен кеме арматурасының құрсаулары.
5. Құлыптар, тірек үшкілдер, орталықтаушы розеткалар мен автотіркеуіштердің қамыт тартпалары.
6. Беріліс қораптарының картерлері.
7. Экскаваторлардың шөміштері.
8. Вагон пештерінің корпустары.
9. Бөліп құю машиналарының мульділері.
10. Әртүрлі құймалар, үштіктер, тұтқалар.
11. Кеме арматурасының қарапайым құймалары.
12. Көлденең бөгеттер, 5 дейін өзегі бар комингстер.
13. Газ шілтердің соплосы.
14. Стакандар, таpелкалар, кеме арматурасының цилиндpлері.
15. Автомобильдердің артқы дөңгелектерінің күпшектері.
16. Металл кескіш станоктардың суппорттары, кронштейндері.
17. Ток түсіргіштер.
18. Диаметрі 300 мм астам фланецтер
19. Қозғалмалы құрамның қос дөңгелегінің орталықтары.
Қалыптарды құрастыру:
1. Локомотивтер мен вагондардың тежегіш башмактары мен қалыптары.
2. Редукторлардың қақпақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |