2-шығарылым 1-бөлім


§ 59. ҚОЛМЕН ДӘНЕКЕРЛЕЙТІН ЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ



жүктеу 5,02 Mb.
бет16/26
Дата03.03.2018
өлшемі5,02 Mb.
#11013
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
§ 59. ҚОЛМЕН ДӘНЕКЕРЛЕЙТІН ЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі аппараттарды, құрылымдарды және түрлі болаттан жасалған құбыржолдарды, түсті металлдарды және қорытпаларды қолмен доғалық және плазмалық дәнекерлеу. Динамикалық және дірілді жүктемелерде жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық құрылымдарды, күрделі конфигурациялы құрылымдарды қолмен доғалық және газ-электрмен дәнекерлеу. Шектелген дәнекерліктегі металдар мен қорытпалардан, сондай-ақ титан және титан қорытпалардан жасалған тәжірибелік құрылымдарды дәнекерлеу. Блоктай орындалған дәнекер жігінің барлық кеңістік жағдайындағы күрделі құрылымдарын дәнекерлеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымын; титан қорытпалардың түрлерін, олардың дәнекерлік және механикалық қасиеттерін; тот басудың түрлері мен оны тудыратын факторларды; дәнекерленетін бұйымдардың арнайы сынама әдістері мен әрбірінің қызметі; бақыланатын атмосфералы камераның тартып шығаратын жүйесінің тәсімдерін; дәнекер жалғаманы термиялық өңдеудің негізгі түрлерін; дәнекер жіктері металлография негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Жүк көтергіштігі 30 тонналық көпір крандарының аралық арқалықтары – дәнекерлеу.

2. Мартен цехтары, металлургиялық кәсіпорындардың бункерлік және түсіретін эстакадалары құрылымдары жұмыс алаңдарының арқалықтары, жұмыстың ауыр режиміндегі крандардың кран астындағы арқалықтары, жүретін экскаваторлардың бұрмалары – дәнекерлеу.

3. Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм.) жоғары қазандықтардың барабандары – дәнекерлеу.

4. Көлемі 5000 куб.м. және одан жоғары мұнай өнімдеріне арналған газгольдерлер мен резервуарлар - монтаждау кезінде дәнекерлеу.

5. Магистральді газ-мұнай өнімі құбыржолдары – монтаждау кезінде дәнекерлеу.

6. Сферикалық және тамшы тәріздес сыйымдылықтар мен жабындар – дәнекерлеу.

7. Вакуумды және криогенді сыйымдылықтар, қалпақтары, сфералар мен құбыржолдар – дәнекерлеу.

8. Бұрғылау құбырлары мен муфталарының құлыптары – екі жақты дәнекерлеу.

9. Газқұбыр компрессорларының, бу турбиналарының, қуатты ауа үрлегіштерді жұмысшы дөңгелектері – қалақтар мен күректерді дәнекерлеу.

10. Аммиак синтезінің колонналары – дәнекерлеу.

11. Жеңіл алюминий-магний қорытпаларынан жасалған құрылымдар – дәнекерлеу.

12. ЛЭП радиомачталарының, телебашняларының және тіректерінің құрылымдары – монтаждау кезінде дәнекерлеу.

13. Бу турбиналарының қораптары – раковиналарды дәнекерлеу және балқыту.

14. Сутекті және сутекті-сумен салқындататын ірі құбыргенераторлары статорларының корпустары – дәнекерлеу.

15. Ауыр дизельді қозғалтқыштар мен сығымдағыштардың корпустары – дәнекерлеу.

16. Бу кемелік қазандықтар – түптерін дәнекерлеу, маңызды жіктерін бір жақты жапсарлас жікпен дәнекерлеу.

17. Бұрғылау қашауларының табандары мен қалқандары, бұрғылау бу өткізгіштері – дәнекерлеу.

18. Мұнай және газ құбырлары – жарылған жерлерді жөндеген кезде дәнекерлеу.

19. Мұнай және газ скважиналары және пішін енгізу скважиналары құбыржолдарын орап байлау – дәнекерлеу.

20. Екі қабатты болаттан және басқа да биметалдан жасалған резервуарлар мен құрылымдар – дәнекерлеу.

21. Алмалы-салмалы нысандағы темір бетон құрылымдары арматураларының өзекшелері – бұлаулау тәсілімен дәнекерлеу.

22. Металл және темір металл көпірлердің аралық құрылымдары – дәнекерлеу.

23. Қысымы 4,0 МПа-дан жоғары бу қазандықтарының құбырлық элементтері (38,7 атм.) – дәнекерлеу.

24. Қысымды құбыржолдар; гидроэлектр станциялардағы турбинаның спиральді камералары мен жұмыс дөңгелектері камералары – дәнекерлеу.

25. Орташа, жоғары қысымда газбен жабдықтау сыртқы желілерінің құбыржолдары – монтаждау кезінде дәнекерлеу.

26. І және ІІ санаттағы технологиялық құбыржолдар, І және ІІ санаттағы бу мен су құбыржолдары – дәнекерлеу.

ЭЛЕКТР ДОҒАЛЫҚ ДӘНЕКЕРЛЕУ

1. Сынамалы қысымы 20,0 МПа-дан жоғары (200 кгс/кв.см. жоғары) арнайы болаттан жасалған жылу алмастыру аппараттары мен басқа да ыдыстар - дәнекерлеу.

2. ПЦ бракеттері көмкермеге дәнекерлеу.

3. Қоспаланған болаттан жасалған қылталар - 4,0 МПа (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымдағы герметикалық жапсармен дәнекерлеу.

4. Төсеммен қоршалған кіру люктерінің есіктері мен жағалары – дәнекерлеу.

5. Ауа қысымы 40,0 МПа (400 кгс/кв.см.) буферлік сыйымдықтар - дәнекерлеу.

6. Блокты гидравликалық сынауға арналған тығындар – дәнекерлеу.

7. Қысымы 4,0 МПа (40 кгс/кв.см. жоғары) жоғары көміртекті және төмен қоспаланған болаттан жасалған коллекторлар, камералар, құбырлар, баллондар, цистерналар, резервуарлар - дәнекерлеу.

8. Жүзетін бұрғылау құрылымының тіреу бағаналары – монтаждау кезінде дәнекерлеу.

9. Жоғары төзімді арнайы болаттан жасалған құрылымдар – ОК монтаждау жіктерін тігінен және төбеде дәнекерлеу.

10. Кабельді қораптар - қысымы 4,0 МПа (40 кгс/кв.см. жоғары) жоғары сынамада дәнекерлеу.

11. Ультрадыбыстық немесе гаммаграфиялық бақылауға жататын 100% жапсарлас жіктердің корпустық құрылымдары мен тораптары – дәнекерлеу.

12. Арнайы жасалған бактардың корпустары (түбіндегі төсем, көлденең қоршаулар, шатыры) – дәнекерлеу.

13. ТА жаппалары мен құбырларының корпустары – 21 басыл. негізгі корпусқа дәнекерлеу.

14. Жоғары төзімді болаттан жасалған алмалы-салмалы корпустың жаймалары – гидравликалық сынамадан кейін дәнекерлеу.

15. Корпус аралықтары, коминг алаңшалар, ТА және дейдвудты құбырлар – дәнекерлеу және түзету.

16. Мортирлер, қылталары, бұрамалары, орындықтар, стакандар және өзгелер – дәнекерлеу және жапсыру.

17. Ішкі төзімді цистерналарды, рецессорларды, қоршауларды және кірмейтін аралық жаймаларын (стрингерлерді) қаптау - өз араларында дәнекерлеу және жапсыру.

18. Контейнерлерді қаптау және шпангоуттары – дәнекерлеу.

19. Құтқару құрылғыларын қаптау және шпангоуттар, сондай-ақ соларға дәнекерленетін комингстер, штокты құрылғылар – дәнекерлеу және жабыстыру.

20. Сыртқы төзімді цистерналар мен қоршауларды қаптау – дәнекерлеу және жабыстыру.

21. ОК, ПР қаптау – жіктері мен паздарын дәнекерлеу.

22. Жүк көтергіштігі 30 т-дан жоғары аралық крандардың сырты, траверстері, арқалықтары – дәнекерлеу.

23. ОК корпус аралық байланыстардың және теңдей төзімді құрылымдардың жаймалары мен жиынтығы – ОК-ға дәнекерлеу және жабыстыру.

24. Тірке платформалар мен кіргізбейтін қоршаулардың жаймалары мен жиынтықтары – дәнекерлеу және жабыстыру.

25. Шельф жаймалары мен ұшы төзімді қоршаулардың жиынтықтары – дәнекерлеу және жабыстыру.

26. Толықтай сыртқы борт қысымымен жұмыс істейтін өзге де капсулалар, камералар, гондолдар және т.б. – дәнекерлеу.

27. ПТУ рамасының қаттылық қабырғалары мен жақтары, негізгі тетіктердің тұғырлары – дәнекерлеу және жабыстыру.

28. 21 басыл. негізгі корпустың алмалы-салмалы жаймалары мен бітеулері – дәнекерлеу.

29. Қоршау ұштары жиынтығының кесіктері, сыртқы және ішкі цистерналар – ОК және ПЦ қаптамаларына дәнекерлеу.

30. Жұмыс қысымы 40,0 МПа (400 кгс/кв.см.) қысымдағы және одан жоғары жүзетін бұрғылау құрылғыларындағы құбыржолдар – дәнекерлеу.

31. Негізгі және қосалқы бу құбыржолдары – 4,0 МПа-дан жоғары қысымдағы (40 кгс/кв.см. жоғары) арматура мен тарамдарды дәнекерлеу.

32. Құбыржолдар – рентгенографирлеумен жіктерінің сапасын бақылай отырып қол жетімсіз жерлерді дәнекерлеу.

33. Қысымы 20,0 МПа-дан жоғары (200 кгс/кв.см. жоғары) биметалл құбыржолдар – фланецтерді түзету және дәнекерлеу.

34. Сынамалы қысымы 4,0 МПа-дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) қазандық құбырлары, тұрақты қысымы 2,5 МПа-дан жоғары (25 кгс/кв.см. жоғары) бұралатын жапсарлар - дәнекерлеу.

35. Дәнекер жіктері – айнаны пайдалана отырып қол жетпейтін жерлерді дәнекерлеу.

ҚОРҒАУ ГАЗДАРЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ

1. 4,0 МПа-дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) гидравликалық қысыммен алюминий және мыс қорытпаларынан жасалған жылу алмастыратын аппараттар – дәнекерлеу.

2. Қалайылы қола және кремнийлі латуньнен жасалған арматура - 4,0 МПа ( 40 кгс/кв.см. жоғары) қысымда ақаулықтарын дәнекерлеу.

3. 4,0 МПа-дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымда титан қорытпалары мен тотқа төзімді болаттан жасалған баллондар - дәнекерлеу.

4. 20,0 МПа-дан жоғары (200 кгс/кв.см. жоғары) қысымда арнайы қорытпалар мен болаттан жасалған иллюминаторлар - корпусқа алдын-ала дәнекерлеп жабыстыру.

5. Түсті металдан жасалған қалпақтар, ернеушелер, корпустар, қақпақтар, құбырлар - 4,0 МПа 9-дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымда сынамалап дәнекерлеу.

6. 20,0 МПа-дан жоғары (200 кгс/кв.см. жоғары) қысымда жұмыс істейтін қорытпалар мен тотқа төзімді болаттан жасалған құрылымдар – дәнекерлеу.

7. 5,0 МПа-дан жоғары (50 кгс/кв.см. жоғары) қысымда рентгеногаммографияға, гидро- және пневмосынамаға ұшырайтын қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі тотқа төзімді болаттан жасалған арнайы құрылымдар – дәнекерлеу.

8. Тотқа төзімді болаттан жасалған контейнерлер, корпустар - 5,0 МПа-дан жоғары (50 кгс/кв.см. жоғары) қысымда сынамалап дәнекерлеу.

9. Тотқа төзімді болаттан жасалған келте құбырлар – бұрылмайтын жіктерді дәнекерлеу.

10. Арнайы болаттан және қорытпалардан жасалған монтажды корпустың жапсарлары – қол жетпейтін жерлерін дәнекерлеу.

11. 4,0 МПа–дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымдағы жүйелерде мыс-никель, мыс, алюминий, титан қорытпалардан, тотқа төзімді болаттан жасалған құбырлардың жапсарлары - дәнекерлеу, арматураны жабыстыру.

12. 5,0 МПа –дан жоғары қысымдағы (50 кгс/кв.см. жоғары) тотқа төзімді болаттан жасалған құбыржолдар - айнаны пайдаланып қол жетпейтін жерлерді дәнекерлеу.



13. Суды тұщыландыратын мыс құрылғылар - 0,6 МПа (6 кгс/кв.см.) қысымда дәнекерлеу.
2002 жылы шығарылған, БТБА қолданыста болған шығарылымы бойынша олардың атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі


Р/с №

Осы бөлімде орналастырылған кәсіптердің атаулары

Разрядтар диапазоны

БТБА-ның қолданыста болған бөлімдері бойынша кәсіптер атаулары, 2002 жылғы шығарылым

Разрядтар диапазоны

Шығарылым №

Бөлімнің қысқартылған атауы


1

2

3

4

5

6

7

1.

Газбен кесуші

1-5

Газбен кесуші

1-5

2

дәнекерлеу жұмыстары

2.

Газбен дәнекерлеуші

2-6

Газбен дәнекерлеуші

2-6

2

-"-

3.

Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы

2-6

Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы

2-6

2

-"-

4.

Дәнекерлеу және газплазмамен кесетін жабдықтың баптаушысы

3-6

Дәнекерлеу және газплазмамен кесетін жабдықтың баптаушысы

3-6

2

-"-

5.

Лазер қондырғыларының операторы

3-6

Лазер қондырғыларының операторы

3-6

2

-"-

6.

Проекциялық аппаратура және газбен кесетін машинаның операторы

2,4

Проекциялық аппаратура және газбен кесетін машинаның операторы

2,4

2

-"-

7.

Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі

3-6

Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі

3-6

2

-"-

8.

Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші

2-6

Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші

2-5

2

Дәнекерлеу жұмыстары

9.

Электронды сәулелі дәнекерлеу құрылғысымен дәнекерлеуші

3-6

Электронды сәулелі дәнекерлеу құрылғысымен дәнекерлеуші

3-6

2

-"-

10.

Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі

2-5

Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі

2-5

2

-"-

11.

Электр дірілмен ерітіп дәнекерлеуші

2-4

Электр дірілмен ерітіп дәнекерлеуші

2-4

2

-"-

12.

Электр газбен дәнекерлеуші

2-6

Электр газбен дәнекерлеуші

2-6

2

-"-

13.

Автоматты және жартылай автоматты машиналармен электр дәнекерлеуші

2-6

Автоматты және жартылай автоматты машиналармен электр дәнекерлеуші

2-6

2

-"-

14.

Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші

2-6

Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші


2-6

2

-"-

«ҚАЗАНДЫҚ, СУЫҚТАЙ ҚАЛЫПТАУ, СЫМ ТАРТУ

ЖӘНЕ СЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ» бөлімі
§ 1. СУЫҚТАЙ ТҮСІРУ АВТОМАТТАРЫНЫҢ АВТОМАТШЫСЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарында тойтармаларды, бұрандаларды, бұрандалы шегелерді, шайбаларды, тірек кнопкаларды, белдікшелерді және де басқа сымның (шыбық тәрізді) екі диаметріне дейін отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. Сым және шыбық тәрізді автоматқа жіберу. Шеге немесе сым текстерін шеге жасайтын автоматтарда дайындау. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдарды түрлі құрылым автоматтарында түсіру. Жартылай автоматта гайкаларды бұрандаларға бұрау. Бір соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарын баптау.

Білуге тиіс: суықтай түсіру, гайка кесу және шеге жасайтын автоматтардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі; қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының және қолданылатын айлабұйымдардың қызметі мен қолдану ережесі; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалары; сызбалар мен калибрлердегі квалитеттердің белгіленуі және кедір-бұдырлық параметрлері.

§ 2. СУЫҚТАЙ ТҮСІРУ АВТОМАТТАРЫНЫҢ АВТОМАТШЫСЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Екі соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарында тойтармаларды, бұрандаларды, бұрандалы шегелерді, шайбаларды, тірек кнопкаларды, белдікшелерді және де басқа сымның (шыбық тәрізді) төрт диаметріне дейін отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. "Вафиос-70" үлгідегі шеге жасайтын автоматтарда шеге, текс және шплинттер жасау. Комбайн автоматтарда және ағынды желілердегі жабдықтарда бұрандалар, бұрандалы шегелер, теспелер және серіппелік шайбалар жасау. Автомат станоктарда суықтай шыбық тәрізді металлдан жасалған кескіндер жасау. Бекіту бұйымдарының ілгектерін станоктарда ию. 8-11 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдардың түрлі құрылымын автоматта түсіру. Бір матрицадағы бос өзекшелі бұйымдарды (тойтармаларды) түсіру. Үлгі немесе шаблон бойынша әмбебап және арнайы өлшеу құралымен жасалатын бөлшектерді тексеру. Кесетін аспаптың жай-күйін, майлау және салқындату жүйесін қадағалау. Бұрандалардың қалпақшаларын кесетін автоматтарда кесу. Екі соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін автоматтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомат тетіктерінің құрылымы мен қызметі және олардың кинематикалық тәсімдері; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану ережесі; кедір-бұдырлықтың шегі және отырғызу, квалитеттер және параметрлер туралы түсініктер.

§ 3. СУЫҚТАЙ ТҮСІРУ АВТОМАТТАРЫНЫҢ АВТОМАТШЫСЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көп соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін алмалы-салмалы матрицалы автоматтардан сымның (шыбық тәрізді) төрт диаметрден жоғары отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. Диаметрі 17 мм-ге дейінгі дайындамалардан болттарды, гайкаларды және басқа да бұйымдарды көп позициялық, құрастырылған, калибрлі автоматтар мен комбайн автоматтармен түсіру, илемдеу, кесу, бөлшектеп кесу. Барлық үлгідегі «Вафиос-70» басқа, шеге жасау автоматтарында шеге және текстер жасау. Болт түсіру автоматтарымен түзу және крест тәрізді шлицті бұранданы және ішкі алты қырлы болттарды түсіру. Жетектерді, арнайы болттарды және басқа да осыған ұқсас бұйымдарды сығымдаушы жартылай автоматтардан түсіру. Жұлдызшаларды екі соққылы түсіру және кесу автоматтарынан түсіру. Екі матрицадағы бос өзекшелі тойтармаларды түсіру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдардың түрлі құрылымды автоматтарынан түсіру. Құнды металлдан жасалған монометалл құрылымдарды және олардың қорытпаларын түрлі құрылымдағы автоматтардан түсіру. Көп соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін автоматтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтардың құрылымы; дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, кедір-бұдырлықтың шектері және отырғызу, квалитеттері мен параметрлері; өңделетін металдар мен материалдардың механикалық қасиеттері.

§ 4. СУЫҚТАЙ ТҮСІРУ АВТОМАТТАРЫНЫҢ АВТОМАТШЫСЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 17 мм-нен жоғары дайындамалардан болттарды, гайкаларды және басқа да бұйымдарды көп позициялық, құрастырылған, калибрлі автоматтар мен комбайн автоматтармен түсіру, илемдеу, кесу, бөлшектеп кесу. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді, бұйымдарды түрлі құрылымдағы автоматтардан түсіру. Қымбат бағалы металлдардан жасалған плакирленген қабатты биметалды байланыстарды және олардың қорытпаларын көп позициялы автоматтарда бұйым дайындамаларының құрамдас бөліктерін дәнекерлей отырып түсіру. Көп позициялы, құрастырылған, калибрлі суықтай түсіру автоматтары мен комбайн автоматтарын баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі автоматтардың құрылымы, кинематикалық тәсімі мен баптау тәсілдері; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымдары; кедір-бұдырлықтың шекті және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.


§ 5. БІЛІКТЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Суықтай қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі және ыстықтай 20 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металдан жасалған түрлі біліктер мен сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін кейіннен сызғыш және шаблон бойынша түзете отырып біліктеу. Ірі жайпақ және сұрыпты металл біліктерде суық және ыстық күйде берілген конфигурациясын қамтамасыз ете отырып, кіші радиуста дөңгелетіп бұрыштарын ию және біліктеу, төсемдер арқылы ию және түзету. Түсті металдан жасалған сымдарды таспаға тарату. Біліктілігі жоғарылау біліктеушінің басшылығымен қалыңдығы суықтай 10-дан жоғары 20 мм-ге дейінгі және ыстық күйде 20-дан 30 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металлдан жасалған бөлшектердің түрлі біліктерінде біліктеу, түзету және ию. Біліктерді реттеу. Сығымдағыштар мен біліктегіштердің біліктеу, түзету және ию процесін жергілікті және қашықтықтан басқару пультімен басқару. Ілмектеу жұмыстарын орындау, кран машинистіне белгі беру және жұмыс орны шеңберінде жүкті көтеру, жылжыту және қалау кезінде қадағалау.

Білуге тиіс: бір үлгідегі біліктер мен сығымдағыштардың құрылымы мен жұмыс қағидаты, біліктеу және ию кезіндегі жұмыс тәсілдері мен операцияларының кезектілігі; бөлшектерді біліктегіштерде және сығымдағыштарда өңдеу кезінде бекіту тәсілі; металдың ыстықтай және суықтай біліктеу және ию кезіндегі бұзылуы; суықтай және ыстықтай біліктеуге арналған әдіптер; арнайы айлабұйымдар мен аспаптардың құрылымы; ыстықтай біліктеу үшін металдың қызу деңгейі; ілмектеу жұмыстары ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Тізбек буындары – біліктеу.

2. Жолақты, төрбұрышты немесе бұрыш болаттан жасалған сақиналар – қолмен жеткізе отырып ию.

3. Ернеушелерге арналған жаймалар – дәнекерлегенде жиектерін біліктерде жеткізе отырып ию.

4. Түтін камераларының жаймалары – біліктегіштерде ию.

5. Жайпақ металдан жасалған диаметрі 1500 мм-ге дейінгі цилиндрлі ернеушелер – біліктеу.

6. Коникалық келте құбырлар – біліктеу.

7. Құбыржолдар мен түтін құбырлары – біліктеу және түзету.

§ 6. БІЛІКТЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металлдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 10-нан жоғары 20 мм-ге дейінгі және ыстық күйінде 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін біліктерде, сығымдағыштарда және қолмен ию. Суықтай күйде қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі және ыстықтай 20 мм-ге дейінгі жайпақ металлдан жасалған конусты ернеушелер мен жартылай ернеушелерді ию. Бір-екі иіні бар бөлшектерді иетін машиналарда ию. Сығымдағыштарда және қолмен жиектерін түзету, ернеушелерін шаблондар мен сызғыш бойынша түзету. Түсті метал таспаларын біліктеу және калибрлеу. Ыстық күйінде қалыңдығы 30 мм-ге дейінгі шыбық тәрізді металдан жасалған бөлшектерді көлденең біліктеу машиналарында біліктеу. Біліктілігі жоғарылау біліктеушінің басшылығымен қалыңдығы суықтай 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі және ыстық күйде 30-дан 40 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металлдан жасалған бөлшектердің түрлі біліктерінде біліктеу, түзету және ию. Біліктерді баптау. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі біліктер мен сығымдағыштардың құрылымы, жұмыс істеу қағидаты мен баптау ережесі; жайпақ металдың қалыңдығына, радиусының иілгіштігіне және болаттың маркасына қарай біліктерді реттеу тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары; біліктеу және ию кезінде металдың бұзылуына әсер ететін металдардың механикалық қасиеті; июге және біліктеуге арналған түрлі қалыптардың, айлабұйымдардың және төсемдердің құрылымдары.

Жұмыс үлгілері

1. Дәнекер барабандар – ыстықтай және суықтай түзету және біліктеу.

2. Ыдыс бұйымдарының корпустары мен жартылай корпустары дайындамалары – біліктеу және пакетпен ию.

3. Қопсытқыш тістері – қалыптап біліктеу.

4. Металл шаруашылық бұйымдары – корпустар мен жартылай корпустарды пакетпен біліктеу және ию.

5. Конустар - қашауларды біліктеу.

6. Диаметрі 1500-ден жоғары 3000 мм-ге дейінгі жайпақ металдан жасалған цилиндрлі ернеушелер - біліктеу.

7. Бұрыштары үлкен коникалық металл құрылымдарға арналған келте құбырлар – ию.

8. Фонарьлар, ағысты түзеткіштер, радиаторлар, корпустар мен кронштейндер – біліктеу, ию.

9. Үлкен қалыңдықтағы жайпақ металдан жасалған цилиндрлер – ыстықтай және суықтай түзету және біліктеу.

§ 7. БІЛІКТЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металлдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі және ыстық күйінде 30-дан жоғары 40 мм-ге дейінгі түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Қалыңдығы 60 мм-ден жоғары шыбық тәрізді металдан жасалған бөлшектерді көлденең біліктеу машиналарында ыстықтай біліктеу. Жоғары көміртекті, арнайы маркадағы болатты, жоғары дәлдіктегі құнды және түсті металдарды суықтай илемдеу. Суықтай қалыңдығы 10 мм-ден жоғары және ыстықтай 20 мм-ден асатын жайма металдан жасалған конусты ернеушелер мен жартылай ернеушелерді ию. Үш немесе одан да көп иілген бөлшектерді иетін машинада ию. Бір және көп клеткалы стандарда жоғары көміртекті және арнайы маркадағы болаттан жасалған таспалар мен үлгілік пішіндерді илемдеу. Біліктеуге арналған металл қыздыру режимін реттеу. Барлық түрдегі баллондардың түптері мен мойындарын биллетирлеу. Түзетудің, июдің және біліктеудің барлық түрлеріне арналған біліктерді баптау.

Білуге тиіс: біліктердің, сығымдағыштар мен көлденең біліктейтін машиналардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі; ыстықтай және суықтай біліктеу процесіндегі жайма металлдың қасиеттері; біліктеу жұмыстарына арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; ыстық және суық күйінде июдің және біліктеу жолдары; көтергіш механизмдердің, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; арнайы айлабұйымдардың құрылымы; аспапты бөлшектеу, құрастыру, реттеу ережесі; металлды қыздыру режимін.

Жұмыс үлгілері

1. Иінді біліктер – ию.

2. Болат кескіндерден жасалған сақиналар – біліктердің қабырғаларын ию.

3. Капсюльді бұйымдарға арналған металлды таспалар – дәлме-дәл биллетирлеу.

4. Сыртын қаптауға арналған жаймалар мен металл құрылымдар – ию.

5. Диаметрі 3000 м-ден жоғары цилиндрлі ернеушелер – жайма металлдан біліктеу.

6. Коникалық аралық келте құбырлар – шаблон бойынша ию.


жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау