2-шығарылым 1-бөлім


§ 71. АҒАШ ҮЛГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІЛЕУШІ



жүктеу 5,02 Mb.
бет5/26
Дата03.03.2018
өлшемі5,02 Mb.
#11013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
§ 71. АҒАШ ҮЛГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІЛЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бедерлі өзекті қораптарының саны, ішкі бөліктері мен алмалы-салмалы бөліктері көп күрделі және бірегей ағаш үлгілерді жасау. Көшірмелер мен макеттер жасау. Эксперименталды құймаларға арналған күрделі үлгілерді жасау. Анағұрлым күрделі токарлық, жоңғылау және үлгі жұмыстарына арналған бедерлі шаблондар жасау. Күрделі үлгілерді бақылау тақташаларында және әртүрлі құралдар мен аспаптардың көмегімен тексеру.

Білуге тиіс: күрделі шаблондар мен құрылғыларды құрастыру тәсілдері; үлгілер мен өзекті қораптардың тиімді құрылымы; күрделі өткелдері бар күрделі геометриялық фигураларды белгілеу ережесі; механикалық өңдеуге арналған әдіптердің мемлекеттік стандарттары; анағұрлым күрделі бөлшектерді үлгілер, қаңқасы және шаблондар бойынша қалыптау тәсілдері және түрлері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

Ағаш үлгілерді жасау:

1. Артерштевеньдер мен кронштейндер.

2. Илемдеу станоктарының табан балкалары.

3. Қуаты 736 кВт (1000 л.с.) астам іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары.

4. Дизельдер мен трактор қозғалтқыштары цилиндрлерінің бастары.

5.Экскаваторлардың шөміштері (алдыңғы және артқы қабырғалар).

6. Дәлме-дәл тіс жоңғылау станоктары қораптарының корпусы.

7. Турбиналардың корпустары.

8. Қайрау станоктары жылдамдықтарының қораптары.

9. Бұрма ауыстырғыштарының айқастырмалары мен олардың өзектері.

10. Мартен пештерінің үю машиналарының мульділері.

11. Дәлме-дәл тіс жоңғылау станоктары столдарының негіздері.

12. Салмағы 25 т астам нығыздауыштардың тұғырлары.

13. Сорушы және шығарушы құбырлар.

14. Конвертерлер, шойынпештерге, күйдіру пештеріне арналған оттегі фурмалары.

15. Диаметрі 1800 мм астам соғу нығыздауыштарының цилиндрлері.

16. Қуаты 25 000 кВт астам бу турбиналарының цилиндрлері
§ 72. МЕТАЛЛ ҮЛГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІЛЕУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым металл үлгілерді біліктілігі анағұрлым жоғары металл үлгілер жөніндегі үлгілеушінің басшылығымен жасау және жөндеу. Қарапайым үлгілерге арналған дайындамаларды кесу және егеу. Контуры тік сызықты ағаш үлгілерді арматуралау. Ағаш үлгілерге арналған көтергіштер мен қысқыштарды жасау.

Білуге тиіс: слесарлық, ұсталық және жоңғылау жұмыстарының негізгі тәсілдері; жасалатын және жөнделетін металл үлгі негіздердің мақсаты; қарапайым слесарлық және бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты мен қолданылу тәсілдері; қарапайым құралды қайрау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 200 мм дейінгі және ұзындығы 100 мм дейінгі тығындар - металл үлгілерді жасау.

2. Төрт бұрышты қақпақтар - металл үлгілерді жасау.

3. Кептіру тақташалары – арамен кесу.


§ 73. МЕТАЛЛ ҮЛГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым үлгілерді алюминий, шойын, болат және басқа да металдар мен қисықтығы аз өзекті қораптардан жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа металл үлгілерді жасау бойынша жекелеген операцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары металл үлгілер жөніндегі үлгілеушінің басшылығымен орындау. Қарапайым кокильдерді жасау. Қарапайым үлгілер мен өзекті қораптардың қабыршақтарын дәнекерлеу. Кокильдер мен өзекті қораптардың қарапайым үлгілерін тақташаларда белгілеу. Үлгі астына қойылатын тақташаларға ажыратылмайтын үлгілерді орнату.

Білуге тиіс: жасалатын және жөнделетін металл үлгі негіздерге қойылатын техникалық талапта; өңделетін металдардың негізгі механикалық қасиеттері; әртүрлі слесарлық және бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты мен қолданылу тәсілдері; құралдарды қайрау және толтыру тәсілдері, шектеулер мен орнату жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 200 мм астам және ұзындығы 100 мм астам тығындар - металл үлгілерді жасау.

2. Тегершіктер, үштіктер және басқа да осы тәрізді бұйымдар - үлгілер мен өзекті қораптардағы қабыршақтарды дәнекерлеу және бітеу.

3. Құю жүйесінің элементтері – түпкілікті слесарлық өңдеу.


§ 74. МЕТАЛЛ ҮЛГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа үлгілерді алюминий, шойын, болат және басқа да металдар мен қисық бетінің саны аз балқымалардан, өзекті қораптардан жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа кокильдерді жасау. Күрделі пішінді үлгілерді жасау бойынша жекелеген операцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары металл үлгілер жөніндегі үлгілеушінің басшылығымен орындау. Күрделі емес металл үлгілерді жөндеу. Күрделілігі орташа кокильдер мен өзекті қораптарды, үлгілерді тақташаларда белгілеу. Күрделі үлгілер мен өзекті қораптардағы қабыршақтарды дәнекерлеу. Үлгі астына қойылатын тақташаларға алмалы-салмалы үлгілер мен кокильдерді орнату. Эскиздер сызу. Беткі сызығы қисық ағаш үлгілерді құрсаулау және арматуралау. Шөгуі мен механикалық өңдеуге қажетті әдіптерді айқындау.

Білуге тиіс: операциялардың жүйелілігі және үлгілерді жасау мен жөндеудің анағұрлым тиімді тәсілдері; орындалатын жұмыс көлеміндегі металл технологиясының негіздері; слесарлық іс; қалыптау машиналарына үлгі орнату және орталықтан тепкіш машиналардың металл қалыптарын монтаждау тәсілдері; қолмен және машинамен қалыптауға арналған қалыптау еңістерінің өлшемдері; металдың шөгуі мен механикалық өңдеуге қажетті әдіптер; слесарлық және бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты мен қолданылу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 300 мм дейінгі арқан блоктар - металл үлгілерді жасау.

2. Локомотивтер мен вагондардың тежегіш қалыптары - металл үлгілерді жасау.

3. Диаметрі 150 мм дейінгі редукторлардың корпустары мен қақпақтары - металл үлгілерді жасау.

4. Диаметрі 500 мм дейінгі тегершіктер - металл үлгілерді жасау.

5. Еңістер - металл үлгілерді жасау.

6. Фигуралық кескіндер - металл үлгілерді жасау.

7. Үштіктер – үлгілерді үлгі астындағы тақташаға орната отырып, түпкілікті слесарлық өңдеу.

8. Қарапайым пішінді фитингілер – металл үлгілерді құрастыру, жөндеу.

9. Өзекті қораптар – жұмыс беті бойынша сәйкестендіре отырып, ажыратпасы бойынша арматуралау.


§ 75. МЕТАЛЛ ҮЛГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі фасонды үлгілерді алюминий, шойын, болат және басқа да металдар мен өзекті қораптарының саны көп балқымалардан, тұрақты метал қалыптардан, күрделі пішінді кокильдер мен шаблондардан жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа ірі үлгілерді жасау. балқымаларды дәнекерлеуге дайындау. Үлгілер мен өзекті қораптарды табиғи ұзындығына сызу. Үлгі астына қойылатын тақташаларға қисық сызықты контурлы күрделі, жұпталған үлгілерді орнату.

Білуге тиіс: үлгілер мен өзекті қораптардың алмалы-салмалы бөліктерінің мақсаты мен орналасуы; бөлшектердің құймаларын шойыннан немесе түсті металдардан қалыптау технологиясының негіздері; металл үлгілерге қойылатын талаптар; бақылау-өлшеу және жұмыс құралдары мен қолданылатын құрылғылардың құрылысы; шектеулер мен орнату жүйесі.

Жұмыс үлгілері

Металл үлгілерді жасау:

1. Диаметрі 300 мм астам арқан блоктар.

2. Қуаты 36,8 кВт (50 л.с.) дейінгі іштен жану қозғалтқыштары блоктарының картерлері.

3. Металл кескіш станоктардың беріліс қораптары.

4. Диаметрі 150 бастап 200 мм дейінгі редукторлардың корпустары мен қақпақтары.

5. Қозғалтқыштар корпусының қақпақтары.

6. Диаметрі 500 мм астам тегершіктер.

7. Күрделі пішінді фитингілер – металл үлгілерді құрастыру, жөндеу.

8. Диаметрі 500 мм дейінгі құйма тісті тістегершіктер.


§ 76. МЕТАЛЛ ҮЛГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Фигуралы қуыстық, жұқа қабатты фасонды құюға арналған өзекті қораптарының саны көп, күрделі және ірі үлгілерді алюминий, шойын, болат және басқа да металдар мен балқымалардан жасау және жөндеу. Күрделі және ірі металл үлгілерді белгілеу. Үлгілерді, өзекті қораптарды, көшірмелерді, макеттер мен металл қалыптарды тексеру және өңдеуге арналған күрделі фасонды шаблондарды жасау. Бөлшектердің сызбалары бойынша үлгілердің әртүрлі түрлері мен кесіктерін сызу. Күрделі үлгілерді монтаждау. Қажетті қалыптау еңісін, шөгуі мен механикалық өңдеу әдіптерін мемлекеттік стандарт бойынша айқындау.

Білуге тиіс: металдарды механикалық өңдеу тәсілдері; күрделі бөлшектерді үлгілер бойынша қалыптау тәсілдері; күрделі үлгілерді жасау кезінде қажетті есептер мен геометриялық құрылым.

Жұмыс үлгілері

1. Турбиналардың диафрагмалары - металл үлгілерді жасау.

2. Қуаты 36,8 кВт (50 л.с.) астам іштен жану қозғалтқыштары блоктарының картерлері - металл үлгілерді жасау.

3. Вертлюга корпусы - металл үлгілерді жасау.

4. Диаметрі 200 бастап 1000 мм дейінгі редукторлардың корпустары мен қақпақтары - металл үлгілерді жасау.

5. Желдеткіштердің қанатшалары - металл үлгілерді жасау.

6. Роторлар мен статорлардың күректері - металл үлгілерді жасау.

7. Тепловоз дизельдерінің поршеньдері - металл үлгілерді жасау.

8. Металл кескіш станоктардың тұғыры - металл үлгілерді жасау.

9. Маңдайшалар - металл үлгілерді жасау.

10. Алмалы-салмалы ішпектері мен қабырғалары бар құбырлар - терең фигуралы өзекті қораптарды жасау.

11. Беті сфера тәрізді және ауыспалы диаметрлі фитингілер – металл үлгілерді жасау және толық қалпына келтіру.

12. Автотіркегіштің тартпа қамыттары - металл үлгілерді жасау.

13. Диаметрі 500 мм астам құйма тісті тістегершіктер - металл үлгілерді жасау.


§ 77. МЕТАЛЛ ҮЛГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІЛЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өзекті қораптарының саны көп, ішкі қуыстық және алмалы-салмалы бөліктері бар күрделі, ірі, бірегей фасонды металл үлгілерді жасау және жөндеу. Күрделі үлгілерді негізгі нүктелерін ауыстыра отырып, белгілеу тақташасында белгілеу. Үлгілерді, өзекті қораптарды, көшірмелерді, макеттер мен металл қалыптарды тексеру және өңдеуге арналған күрделі фасонды шаблондарды жасау. Шаблондар мен үлгілерге күрделі қисық сызықтарды салу. Әртүрлі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының көмегімен бақылау тақташаларындағы күрделі үлгілерді монтаждау.

Білуге тиіс: күрделі шаблондарды құрастыру тәсілдері; үлгілердің тиімді құрылымы және үлгілер мен өзекті қораптардың ажыратпасының тегістігін айқындау тәсілдері; күрделі әрекетті күрделі геометриялық фигураларды белгілеу ережелері; анағұрлым күрделі бөлшектерді үлгілер мен шаблондар бойынша қалыптау тәсілдері мен түрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары мен блоктардың бастары - металл үлгілерді жасау.

2. Гидравликалық қораптар - металл үлгілерді жасау.

3. Автотіркегіштер бастарының корпустары - металл үлгілерді жасау.

4. Диаметрі 1000 мм астам редукторлардың корпустары мен қақпақтары - металл үлгілерді жасау.

5. Қозғалтқыш блоктарының қақпақтары - металл үлгілерді жасау.

6. Аша бұранданың қалақтары - металл үлгілерді жасау.

7. Диафрагмалардың күректері - металл үлгілерді жасау.

8. Вагон арбаларының рамалары - металл үлгілерді жасау.

9. Реактивті қозғалтқыштардың ірі көлемді редукторлары - металл үлгілер мен өзекті қораптарды жасау.

10. Роторлар мен кір сорғылардың тұғыры - металл үлгілерді жасау.

11. Конус бұрандалы әртүрлі және әр көлемді фитингілер – металл үлгілерді жасау және толық қалпына келтіру.

§ 78. ЭПОКСИДТІ ШАЙЫРДАН ЖАСАЛҒАН ҮЛГІЛЕР

БОЙЫНША ҮЛГІЛЕУШІ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эпоксидті шайырдан қарапайым үлгілерді жасау үшін дайындау жұмыстарын орындау. Плазалардың негіздерін жасау. Гипс жасау. жіктерді гипспен немесе ермексазбен бітеу. Дайын үлгілерді майсыздандыру және ацетонның көмегімен ажыратушы құрам мен желімді сүрту. Дайын өнімнің бетін бояу. Қарапайым металл арматура мен ағаш қорамақалыпты дайындау. Қарапайым қалыптарға біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілеушінің басшылығымен эпоксидті шайыр құю. Жасалған өнімді таңбалау.

Білуге тиіс: слесарлық және ағаш ұсталық жұмыстарының негізгі тәсілдері; қарапайым кескіш және бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; гипстің, ермексаздың, ацетон мен лакты бояу қабаттарының негізгі қасиеттері; эпоксидті шайырды пайдалану ережелері.

Жұмыс үлгілері

1. Тік желілі контейнерлер– үлгілерді жасау.

2. Ағаштан жасалған қорама қалып – дайындау және құрастыру.

3. Плазалар мен штамптар – құюдан кейінгі бөлшектеу.

4. Тік желілі қысқыштар - жасау.


§ 79. ЭПОКСИДТІ ШАЙЫРДАН ЖАСАЛҒАН ҮЛГІЛЕР

БОЙЫНША ҮЛГІЛЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эпоксидті шайырдан жасалған қарапайым үлгілерді жасау және қалпына келтіру. Күрделілігі орташа үлгілерді жасау үшін дайындық жұмыстарын орындау; үлгінің өлшемдерін сызбамен салыстыру; үлгінің жиегін штампталатын материалдың қалыңдығына сәйкес резиналау. Сымнан арматура дайындау. Ағаш қорамақалып жасау. Жоңғылау үшін база дайындау. Құю композициясын жасау және қалыптарға эпоксидті массаны оны кейіннен өңдей отырып құю. Ажыратқыш құрамды дайындау және оны үлгілерге қолмен және бүріккішпен жағу.

Білуге тиіс: бір типті ағаш өңдеу станоктарының құрылысы мен жұмыс қағидаты; эпоксидті негізді пайдалану ережелері; құралды қайрау және толтыру тәсілдері; үлгілерге қойылатын талаптар; арнайы бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Контейнерлердің түбі – үлгілерді жасау.

2. Дельта-ағаштың өлшемі бойынша жасалған дайындамалар - жасау.

3. Контрүлгілер, штамптар мен қарапайым құрылғылар - үлгілерді жасау және қалпына келтіру.

4. Қарапайым ложементтер - үлгілерді жасау.

5. Ұзындығы 700 мм дейінгі қисық сызықты плазалар - үлгілерді жасау.
§ 80. ЭПОКСИДТІ ШАЙЫРДАН ЖАСАЛҒАН ҮЛГІЛЕР

БОЙЫНША ҮЛГІЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эпоксидті шайырдан жасалған күрделілігі орташа үлгілерді жасау және қалпына келтіру. Ағаш өңдеу станоктарында күрделі үлгілерге арналған дайындамалар мен бөлшектерді жасау. үлгілердің өлшемдерін сызбалармен салыстыру, қималар жасау. күрделі шаблондарды қағаз бен картонға белгілеу және үлгі жиегі бойынша сызу. Үлгілерді барлық контуры бойынша штампыланатын материалдың қалыңдығы бойынша резинамен ұзарту. Күрделілігі орташа қорамақалыпты ағаштан жасау. Өзекті үлгі контуры бойынша жасау. Қалыпты құрастыру және оны түтігі бойынша арматуралау. Жіктерді гипспен немесе ермексазбен бітеу. Ажыратушы құраммен майлау. Композицияны эпоксидті шайырдан қолмен және қоспалағышта дайындау; компоненттерді өлшеу, шайырды қыздыру, толықтырғыштар мен басқа да компоненттерді енгізу, дайындау қалыптарын құю. Дайындау үлгілерінің көлемін сызбадағы көлемге дейін үлкейту. Қабыршықтар мен жарықтарды бітеу, жоңғылау, үлгінің бетін эпоксидті шайырмен сырлау.

Білуге тиіс: әртүрлі типті ағаш өңдеу станоктарының құрылысы; жасалған үлгілерге қойылатын талаптар; белгілеу ісінің негіздері; арнайы кесу құралының құрылысы және оны қайрау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; эпоксидті композиция компоненттерінің қасиеттері, химиялық құрамы мен сипаттамасы; органикалық еріткіштер; рычагты таразыда өлшеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Күрделілігі орташа контейнерлер – үлгілерді жасау.

2. Контрүлгілер, штамптар, күрделілігі орташа құрылғылар – үлгілерді жасау және қалпына келтіру.

3. Ложементтер, қысқыштар, контейнерлер, диаметрі 2, 3, 5 мм электродтар (малеин ангидридімен, фталий ангидридімен және т.б. суық және ыстық тәсілмен қатайту) – диэлектрикпен қаптау.

4. Күрделілігі орташа ложементтер - үлгілерді жасау.

5. Ұзындығы 700 бастап 1000 мм дейінгі қисық сызықты плазалар - үлгілерді жасау.

6. Құйма шығарғыш жүйесі – есептеу және жасау.


§ 81. ЭПОКСИДТІ ШАЙЫРДАН ЖАСАЛҒАН ҮЛГІЛЕР

БОЙЫНША ҮЛГІЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эпоксидті шайырдан жасалған күрделі үлгілерді жасау және қалпына келтіру. Үлгілердің өлшемдерін бақылау тақташасындағы сызбалар бойынша, әртүрлі құралдар мен аспаптардың көмегімен тексеру. Қалыптарды құрастыру. Күрделі арматураны сызбалары бойынша байланыстыру және оны негізіне орнату. Құю жүйесі мен шығарғыштарды есептеу және орнату, жоңғылау базасын тақташада тығыз қиюластыру арқылы орнату. көп орынды күрделі қалыптарды дайындау және стиракрилмен құю. Эпоксидті композицияны дайындау. Дайындау қалыбын құю, ұстаудан кейін бөлшектеу, ажыратқыш құрамды алу, бетін шаблон бойынша жетілдіру.

Білуге тиіс: әртүрлі типті ағаш өңдеу станоктарының құрылысы және кинематикалық схемасы; негізгі геометриялық тәуелділіктер; қалыптарды құюға қажетті эпоксидті шайыр массасын есептеу; техникалық таразыда өлшеу ережесі; орындалатын жұмыс ауқымындағы органикалық химия негіздері; әртүрлі реактивтерді пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Күрделі контейнерлер - үлгілерді жасау.

2. Контрүлгілер, штамптар, күрделі құрылғылар - үлгілерді жасау және қалпына келтіру.

3. Күрделі ложементтер - үлгілерді жасау.

4. Плазаларға өткізгіштер - үлгілерді жасау.

5. Ұзындығы 1000 мм дейінгі қисық сызықты плазалар - үлгілерді жасау.

6. Электрод ұстағыштар - үлгілерді жасау.


§ 82. ЭПОКСИДТІ ШАЙЫРДАН ЖАСАЛҒАН ҮЛГІЛЕР

БОЙЫНША ҮЛГІЛЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және эксперименталды үлгілерді және фигуралы қуыстары мен беті, алмалы-салмалы бөліктері бар шебер-үлгілерді жасау. Күрделі және ірі үлгілерді, шебер-үлгілер мен кузов бөлшектерінің калибрлерінің сыртқы және ішкі беттерін ағаш өңдеу станоктарында өңдеу. Қималары бойынша ауыспалы радиустары бар модельдеу жұмыстарына арналған шаблондарды жасау. Күрделі шебер үлгілерді жөндеу. Эпоксидті шайырдан жасалған сыртқы кузовтық шебер үлгілерді кубқа және автомобиль кузовының жалпы блогына байланыстыру. Күрделі үлгілерді жасаудың анағұрлым тиімді технологиялық жүйелілігін айқындау. Бетін шаблондар бойынша жетілдіру. Блоктың әртүрлі қималарына ось сызықтары мен торларды жазу. Күрделі шебер үлгілердің көлемін әртүрлі құралдар мен аспаптардың көмегімен бақылау тақташасында тексеру.

Білуге тиіс: сыртқы кузовтық шебер үлгілерді кубқа байланыстыру үшін базалық негіздерді есептеу әдістері; шебер үлгілерді сызбалар бойынша жасау және жетілдіру тәсілдері, негативті және позитивті үлгілерді алу; күрделі өткелдері бар күрделі геометриялық фигураларды белгілеу ережесі; үлгілер ажыратпаларының тегістігін айқындау тәсілдері; сыртқы кузовтық шебер үлгілерді кузовтардың жалпы блоктарына құрастыру ережесі; автомобиль кузовы блоктарының түпкілікті құрылымдық өлшемдерін тексеру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Автомобильдің шебер-үлгілерін жасау:

1. Есіктер.

2. Түбі.

3. Қанаты.

4. Қақпағы.
§ 83. ЗІМПАРАШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым штампталған бөлшектерді, құймалар мен соғылмаларды зімпарашы станоктарда құрғақ тәсіл арқылы абразивті дөңгелектермен сыдыру. Құймалардың, шығарғыштардың, құйылмаларды, кедір-бұдырлардың, бүршіктердің кесілген жерлерін тазалау. Дәнекер жіктерін тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін тасымалданатын және стационар зімпаралау станоктарының құрылысы туралы негізгі мәліметтер, оның негізгі бөлшектерінің атауы мен мақсаты; өңделетін металдар мен бөлшектердің атауы, олардың таңбалануы; анағұрлым кең тараған қарапайым бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары; зімпаралау және жылтыратқыш дөңгелектердің мақсаты мен қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

Сыдыру және тазалау:

1. Слесарлық кескіш.

2. Сыналар.

3. Тік бұрышты соғылмалар.
§ 84. ЗІМПАРАШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа, тік бұрышты және дөңгелек пішінді бөлшектерді зімпаралау станоктарында құрғақ тәсіл арқылы абразивті дөңгелектермен сыдыру және тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін зімпаралау станоктарының құрылысы; қолданылатын құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары; тегістеу дөңгелектерін орнату және түзету ережесі; шектеулер, орналастыру, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері туралы негізгі түсініктер; бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және қолданылу шарттары; өңделетін металдардың қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

Сыдыру және тазалау:

1. Біліктер.

2. Бітеуіш.

3. Поршень сақиналар.

4. Роторлар.

5. Үштіктер.

6. Фитингілер.

7. Тістегеріштер.
§ 85. ЗІМПАРАШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі кескінді, қисық сызықты және тік бұрышты пішінді бөлшектерді тасымалданатын, стационар және ілмелі зімпаралау станоктары мен жылтырату тұғырларында құрғақ тәсіл арқылы абразивті дөңгелектермен тазалау және жетілдір. Бөлшектерді ультрадыбыстық бақылаумен, түрлі-түсті, люминесцентті және магнит ұнтақты дефектоскопия арқылы тазалау және жетілдіру.

Білуге тиіс: әртүрлі зімпаралау және жылтырату станоктарының құрылысы мен баптау тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылысы; тегістеу дөңгелектерінің сипаттамасы – қаттылығы, түйіршіктілігі, тұтқырлығы; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы; шектеулер мен қондырмалар.

Жұмыс үлгілері

Тазалау және жетілдіру:

1. Ашалы бұрандалар.

2. Тығындар.

3. Дискілер.

4. Металл қалыптар.

5. Май сүзгілердің корпусы.

6. Шөміштер.

7. Клавишті музыкалық аспаптардың металл рамалары.

8. Өлшеу шүмектері мен металл диафрагмалары бар дәнекерлеу қоспалары.

9. Желдеткіштер күпшектері.
§ 86. ҚҰЮ МАШИНАЛАРЫН БАПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Балқытылатын үлгілер бойынша құюға арналған қарапайым үлгілерді жасау жөніндегі қызмет көрсетілетін машиналарды баптау. Үш тип шегінде қысыммен құюға арналған машиналарға кіші және орташа көлемді нығыздаушы қалыптарды орнату. Күрделілігі орташа жаңа нығыздаушы қалыптарды сынау. Машиналар мен қарапайым нығыздаушы қалыптарды ағымдағы жөндеу және олардың ақаулықтарын жою.

Білуге тиіс: бір типті құю машиналарының құрылысы, жұмыс қағидаты және олардың буындарын реттеу тәртібі; қарапайым және күрделілігі орташа нығыздаушы қалыптардың құрылымы, оларды құрастыру және орнату тәртібі; құйылатын металдың қажетті температурасы; күрделілігі орташа жаңа нығыздаушы қалыптарды сынау тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.

§ 87. ҚҰЮ МАШИНАЛАРЫН БАПТАУШЫ

4-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Балқытылатын үлгілер бойынша құюға арналған қарапайым және күрделілігі орташа үлгілерді жасау жөніндегі қызмет көрсетілетін механизмдерді баптау. Қысыммен құюға арналған әртүрлі типті машиналарға ірі нығыздаушы қалыптарды орнату. Қызмет көрсетілетін машиналарда күрделі жаңа нығыздаушы қалыптарды сынау. Әртүрлі құю машиналарын тексеру, сынау және іске қосу. Күрделі нығыздаушы қалыптарды ағымдағы жөндеу. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpларының (pоботтарының) қармауыштарын баптау.

Білуге тиіс: қысыммен құюға арналған машиналардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; балқытылатын үлгілер бойынша құюға арналған күрделі үлгілерді жасау машиналарын және басқа да құю машиналарын баптау тәсілдері; машиналардың барлық бөлшектерін реттеу тәртібі; күрделі және ірі нығыздаушы қалыптардың құрылымы, оларды құрастыру және орнату тәртібі; металдардың құю қасиеттері, қоспалардың құрамы; жұмыс pежимдері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; күрделі нығыздаушы қалыптарды сынау тәсілдері; бір типті өнеркәсіптік манипулятоpлардың (pоботтардың) құрылысы; манипулятоpлардың жұмысқа қабілеттілігін және дәлдігін тексеру ережесі.


§ 88. ҚҰЮ МАШИНАЛАРЫН БАПТАУШЫ

5-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Балқытылатын үлгілер бойынша құюға арналған күрделі және дәлме-дәл үлгілерді жасау жөніндегі құю машиналарын баптау, сондай-ақ құю-сығу машиналарын баптау және реттеу, гидpавликалық жетегі бар күрделі және ірі нығыздаушы қалыптарды орнату. Нығыздаушы қалыптарды қажетті дәлдікке дейін жетілдіру. Гидpавликалық жетегі бар жаңа нығыздауыш қалыптарды қолмен басқарған кезде әртүрлі типті құю машиналарында сынау. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpларының (роботтарының) жекелеген тораптарын баптау.

Білуге тиіс: әртүрлі типті құю машиналарының құрылысы мен кинематикалық схемалары; күрделілігі әртүрлі нығыздаушы қалыптардың құрылымы және оларды сынау тәсілдері; әртүрлі өнеркәсіптік манипулятоpлардың (pоботтардың) құрылысы;

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау