2-шығарылым 1-бөлім



жүктеу 5,02 Mb.
бет22/26
Дата03.03.2018
өлшемі5,02 Mb.
#11013
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
§ 1. ҚҰРСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі горндарда қыздыру және бандаждарды ыстық күйінде екі дөңгелек орталықтарынан шешу. Бандажды шешкенде олардың қызу температурасын айқындау. Қос дөңгелек орталықтарына бандаждарды отырғызу кезінде жоғарылау білікті құрсаушының басшылығымен жұмыстарды орындау. Горнның жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: бандаждың қызу температурасын өлшеуге арналған көмір, газ және электр қыздыру горндарының, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; қос дөңгелек орталықтарынан бандаждарды шешуге қойылатын талаптар; бандажды шешу кезіндегі температуралық режим; термиялық қарындаштар мен қорғасынды балқыту температуралық режимінің көмегімен қызу температурасын айқындау тәртібі; рұқсат шегі және отырғызу жүйесі.


§ 2. ҚҰРСАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қос дөңгелек орталықтарына бандаждарды отырғызу және түрлі аспаптар мен айлабұйымдарды пайдаланып оларды бандаж сақиналармен бекіту. Бандаждарды үшкірлеу және қырнау көлемін және оларды отырғызғанда қызу температурасын айқындау.

Білуге тиіс: электр горндардың электр тәсімдері; қос дөңгелектер орталықтарына бандаждарды отырғызуға қойылатын талаптар; қос дөңгелектер элементтерінің өлшемдері; қос дөңгелек орталықтарына бандаждарды отырғызу кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, айлабұйымдар мен аспаптардың құрылымы; бандаждарды тарту кезінде тарту көлемін айқындау тәсілдері, қос дөңгелектерді қалыптастыру жөнінде нұсқаулықты; бандаждар мен қос дөңгелек орталықтарының жанама беттерін өңдеу және дайындау сапасын айқындау тәртібі; рұқсат шегі және отырғызу жүйесі.

§ 3. ЦЕМЕНТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚОСПА ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес және бекітілген рецептура бойынша көмір араластыратын құрылғыда немесе қолмен бөлшектерді цементтеуге арналған қоспа құрамын дайындау және құрастыру. Көмір араластырғыш құрылғыларға құрамды бөліктерді толтыру және даяр қоспаны түсіру.

Білуге тиіс: көмір араластырғыш құрылғының құрылымы және жұмыс істеу қағидаты; цементтеуге арналған қоспа дайындау ережесі; қоспаға қойылатын талаптар; қоспаны қоймалау және сақтау ережесі, қоспа даярлау рецептурасы.


§ 4. ТЕРМОӨҢДЕУДЕГІ ОҚШАУЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жай және орташа күрделіктегі конфигурациялы бөлшектерді отқа төзімді массамен айлабұйымдар мен аспаптарды пайдаланып қолмен майлау және оқшаулау. Отқа төзімді масса алуға арналған шамотты саз балшықты, асбестті немесе басқа да оқшаулағыш материалдарды даярлау. Отқа төзімді массаны қоршаған ортада алдын ала кептіру.

Білуге тиіс: бөлшектерді оқшаулау ережесі мен жолдары; бөлшектердің оқшаулауға жататын жерлері; оқшаулауға арналған отқа төзімді масса даярлау ережесі; отқа төзімді массаға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері. Майлау және оқшаулау:

1. Тегіс біліктер.

2. Сақиналар.

3. Осьтер.

§ 5. ТЕРМОӨҢДЕУДЕГІ ОҚШАУЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы өңделуі қиын жерлері бар бөлшектерді отқа төзімді массамен айлабұйымдар мен аспаптарды пайдаланып қолмен майлау және оқшаулау. Отқа төзімді масса даярлау.

Білуге тиіс: оқшаулау қоспасының құрамы; берілген рецепті бойынша отқа төзімді масса дайындау тәсілдері; оқшаулаудың түрлері; бөлшектердің ішкі бөлшектеріне оқшаулау толтыруға арналған айлабұйымдар мен аспаптарды пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері. Майлау және оқшаулау:

1. Шлицтері бар біліктер.

2. Тісі бар төлкелер.

3. Түрлі тісі бар дөңгелектер.

§ 6. ҚЫЗДЫРУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Таспаны, созба сымды, шыбықтарды, штангілерді, тубаларды, шайбаларды, сымдарды, бекіткіштерді, түсті және қара металлдан жасалған бөлшектер мен бұйымдардың түрлі дайындамаларын газ, мазут, электр, патенттеу, қыздыру пештері мен бұлауларда және кезеңімен және үздіксіз істейін электр контактілі машиналарда қыздыру, күйдіру, жіберу, қалыптандыру және патенттеу. Термиялық өңдеу температуралық режимін және пеш, бұлау арқылы өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың өту жылдамдығын мөлшері мен маркасына қарай жоғарырақ білікті қыздырушының басшылығымен қамтамасыз ету. Рельстерді, дөңгелектер мен бандаждарды қыздыру аппараттарында, үстелдерде, құдықтарда, пештерде, қыздыру машиналарында қыздыру және шыңдау процесін жүргізуге қатысу. Пештерге бөлшектерді, бұйымдарды, бекіткіштерді толтыру. Пештерді іске қосу және ажырату. Техникалық шарттарға сәйкес призмаларға бөлшектер орнату. Қыздыру дәрежесін аспаптар бойынша айқындау. Барабандарға сым және таспа орамдарын салу және шешу. Сымның ұштарын дәнекерлеп немесе байлап бекіту. Сымның ұшын пешке, бұлауға салу. Сынауға арналған сым және таспа үлгілерін кесу. Көтергіш-көлік механизмдерін пайдаланып металлды пакеттерге, транспортерлерге, вагоншаларға, платформаларға қалау және пештерді толтыру. Пештің жұмыс камерасына суық ауаның түсуінен сақтау үшін саңылауларды майлау және толтыру. Пештің, форсункалар мен басқа да аппаратураның жұмысын жұмыс орнында қадағалау. Оттықты тазарту және қожды шығару. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: шынықтыру. Күйдіру, қалыптау, патенттеу технологиялық процесінің негізі; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидаты, кеңінен таралған арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары; қыздыру және салқындату температурасы; өңделетін металлдардың негізгі қасиеті мен олардың таңбалануы; өңделетін бөлшектерге, бұйымдарға техникалық шарттар.

§ 7. ҚЫЗДЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Созба сымды, диаметрі 1,0 мм-ге дейінгі сымды кезеңімен және үздіксіз істейтін газ, мазут, патенттеу, шыңдау, плазмалық және электр пештерде шыңдау, күйдіру және патенттеу. Электр контактілі машиналарда, кезеңімен және үздіксіз істейтін плазмалық және электр пештерінде түсті және қара металлдан жасалған бөлшектер мен бұйымдардың түрлі дайындамаларын, шыбықтарды, штангілерді, құбырларды, шайбаларды, бекіткіштерді шыңдау, күйдіру, жіберу, қалыптау. Жоғары жиіліктегі ток құрылғыларында илемдеуді қыздыру және шыңдау процесін жүргізу. Рельстерді, дөңгелектерді, бандаждарды, ашаларды қыздыру аппараттарында, құдықтарда, пештерде, шыңдау машиналарында жоғарылау білікті қыздырушының басшылығымен қыздыру және шыңдау процесін жүргізу. Шыңдауға арналған стеллаждарда металлды жіберу, жаю және жиектеу. Редукторды орнату және шешу, шыңдау аппаратын қыздырылған рельске кигізу және оны шыңдағаннан кейін шешу. Металлды автоматты түрде беретін және қалтаға шығаратын бақылау-өлшеу аспапты қадағалау. Термиялық өңдеу температуралық режимін және пеш, бұлау арқылы өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың өту жылдамдығын мөлшері мен маркасына қарай қамтамасыз ету. Пештердің, бұлаулардың, орау аппараттары мен барабандарының жұмысын қадағалау. Пештердің дұрыс және уақытылы толтырылуын және босатылуын және термоөңдеу режимін бақылау. Бөлшектерді, бұйымдарды термоөңдеу сапасын үлгілердің механикалық қасиетіне сынау жүргізу бойынша тексеру. Металлды таңбалау және маркалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; түрлі маркадағы металлды термиялық өңдеу процесі; жоғары жиіліктегі ток құрылғыларда металлды шыңдау технологиясы; түрлі үлгідегі ағысты шыңдау аппараттарында және шыңдау үстелінде металлды шыңдау режимдері, бөлшектерді, бұйымдарды термиялық өңдеудің температуралық режимі; салқындататын ортаның қасиеті, кейіннен өңдеу операциялары; жабдықтың жұмыс режимі; термиялық өңделетін бөлшектердің, бұйымдардың техникалық шарттары; қарапайым және орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; металлды таңбалау жүйесін.

§ 8. ҚЫЗДЫРУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Таспаны, диаметрі 1,0 мм-нен жоғары сымды үздіксіз істейтін газ, мазут пештерде режимнің белгіленген технологиялық процесі бойынша шыңдау, күйдіру және патенттеу. Болаттың түрлі маркалары калибрленген металын, биметал сымды және болаттың жоғары көміртекті және қоспаланған маркасынан жасалған сымдарды түрлі құрылымдағы пештерде шыңдау, күйдіру, жіберу, қалыптау. Рельстерді, дөңгелектерді, бандаждарды, ашаларды қыздыру аппараттарында, құдықтарда, пештерде, шыңдау машиналарында қыздыру және шыңдау процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша термиялық өңдеу режимін реттеу. Металдарды дұрыс күйдіруге дайындау, пештердің және қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Күйдірілген калибрленген металлдың сапасын тексеру. Қорғау газының тазалығын сынамалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері; қыздыру, шыңдау, күйдіру, жіберу, қалыптау, патенттеу және олардың режимін таңдау ережесі; болаттың түрлі маркадағы калибрленген металын термиялық өңдеу процесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызметі және пайдалану шарттары; арнайы айлабұйымдардың құрылымы; температуралық режимді реттеу тәсілдері; күйдірілген металлдың сапасына қойылатын талаптар; ақау белгілері мен оның алдын алу тәсілдері.


§ 9. ҰСТАЛЫҚ-ПРЕСТЕУ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдан жасалған қарапайым қалыптағыштар мен шыңдағыштарды эскиз, шаблон және сыртқы түріне қарай бақылау және қабылдап алу. Бақылау-өлшеу аспаптарының бөлшектерін тексеру. Роквелль және Бринелль аспаптарында бұйымдардың қаттылығын сынау. Қабылданған және іріктелген бөлшектерді таңбалау.

Білуге тиіс: қарапайым нысандағы қалыптағыш пен шыңдағыштарды қабылдау ережесі, техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттар; қалыптағыштар мен шыңдағыштар жасау технологиялық процесінің негіздері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары; ақаулықтың негізгі операциялар бойынша түрлері және оның сыныптауышы; қабылданған және іріктелген бөлшектерді таңбалау тәртібі; қабылданған және іріктелген бөлшектердің құжаттамасы; қызметтік құжаттарды толтыру және ресімдеу тәртібі; рұқсат беру және отырғызу жүйесін; ұсталық сығымдау жұмыстарының негізгі түрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Болттар, гайкалар, шпонкалар – бақылау және қабылдау.

2. Диаметрі 100 мм-ге, ұзындығы 1000 мм-ге дейінгі тегіс біліктер – бақылау және қабылдау.

3. Ара дискілері – қабылдау және бақылау.

4. Комбайнның бағыттайтын қалпақтары – бақылау және қабылдау.

5. Рессорлар кронштейндері – түзеткеннен кейін қабылдап алу.

6. Балғалар, кескіш, дөкір балға – қабылдау және бақылау.

7. Диаметрі 200 мм-ге дейінгі біріктіретін муфталар – бақылау және қабылдау.

8. Илемдеу стандары қайшыларының пышақтары – бақылау және қабылдау.

9. Қарапайым қамтыттар – шаблон бойынша игеннен кейін қабылдау.

§ 10. ҰСТАЛЫҚ-ПРЕСТЕУ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдан жасалған орташа күрделіктегі қалыптағыштар мен шыңдағыштарды бақылау және қабылдап алу. Бақылау-өлшеу аспаптарының бөлшектерін тексеру. Эскиз, шаблон және сызба бойынша суықтай және ыстықтай күйінде бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдармен бөлшектерді тексеру. Тік бұрышты және қисық бұрышты кесілетін металл мен бөлшектерді июді бақылау. Қарапайым аспапты, жай және орташа күрделіктегі серіпппелерді құю процесін бақылау. Шыңдағыштардың геометриялық өлшемдерін (желілік және көлемдік) жұмыс орындарында тексеру. Жоғарылау білікті бақылаушының басшылығымен химиялық талдау, механикалық және металлографиялық сынақ жүргізуге арналған материалдардың үлгілерін іріктеу. Қабылданған және іріктелген өнімді есепке алуды және есептілігін жүргізу.

Білуге тиіс: орташа күрделіктегі шыңдағыштарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандартары; қабылданатын бұйымдардың қызметі, оларды сынау және тексеру тәсілдері; шыңдағыштарды техникалық бақылау тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; ұсталық өңдеудің негізгі түрлері; бақыланатын бөлшектер жасауда қолданылатын жабдықтар; түрлі маркадағы металлды қыздырудың температуралық режимі; дайындамаларды қыздыру температурасын айқындауға арналған термоэлектрлік аспаптарды пайдалану ережесі; рұқсат шегі мен отырғызу жүйесін; қабылданатын шыңдағыштарды өңдеудің барлық түрлеріне арналған әдіптер; қызмет көрсетілетін учаскеде өңделетін металлдың механикалық қасиеті.

Жұмыс үлгілері

Қабылдау және бақылау:

1. Диаметрі 100-ден асатын 200 мм-ге дейінгі, ұзындығы 1000-нан жоғары 3000 мм-ге дейінгі тегіс біліктер.

2. Салмағы 500 кг-ға дейінгі фланецті басқышты біліктер.

3. Төлкелер, сальниктердің қақпақтары.

4. Үймелейтін машиналардың құлыптары.

5. Дискілер, рычагтар және сақиналар.

6. Бір тұмсықты көтергіш кран ілмектері.

7. Диаметрі 200 мм-ден асатын біріктіретін муфталар.

8. Қысқаштар, дөңгелек қысқаштар, тістеуіктер.

9. Түрлі қимадағы және мөлшердегі серіппелер.

10. Орташа мөлшердегі пуансондар мен матрицалар.

11. Струбциналар.

12. Домна пештері қождарының фурмалары.

13. Салмағы 100 кг-ға дейінгі барлық үлгідегі шатундар.

14. Диаметрі 800 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер.

§ 11. ҰСТАЛЫҚ-ПРЕСТЕУ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Еркін шыңдаумен, қалыптағышпен жасалатын түрлі маркадағы күрделі қалыптағыштар мен шыңдағыштарды сызба, эскиз, шаблон және техникалық шарттар бойынша бақылау және қабылдап алу. Параллельдік, перпендикулярлықтың бұрыштық көлемін тексеру, жазықтықтардың шалыстықтарын түрлі жолдармен (бетін айналдырып соғу) және өлшеу аспаптарымен (тереңдік өлшегіштермен, бұрыш өлшегіштермен және т.б.) тексеру. Жасалатын бөлшектердің мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Соғы және қалыптаудың температуралық режимінің сақталуын кезең-кезеңімен тексеру. Талдау және сынау жүргізуге арналған материалдардың үлгілерін іріктеу.

Білуге тиіс: күрделі қалыптағыштарды, шыңдағыштар мен серіппелерді қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызметі және пайдалану шарттары; ұсталық қалыптау цехтарындағы ақаулық түрлері; дайындамаларды қалыптау, шыңдау және қыздыру кезінде бастапқы материалға байланысты ақаулық себептері; бұйымдарды ию, шыңдау, қалыптау, түзету және серіппелерді бұрау технологиялық процестері; түрлі маркадағы металдың қасиеті; механикалық өңдеу әдіптері; ақаудың алдын алу әдістері; рұқсат шегі және отырғызу жүйесін.

Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау:

1. Диаметрі 200 мм-ден асатын, ұзындығы 3000 мм-ден жоғары тегіс біліктер.

2. Иіндерінің саны екіге жететін иінді біліктер.

3. Салмағы 500 кг-нан асатын фланецті сатылы біліктер.

4. Қозғалғыш дөңгелектер.

5. Жараның шеттерін таратуға арналған ілмектер, жүрек айнасы, хирургиялық қашау.

6. Ұзындығы 2000 мм-ге дейінгі түпті рессор жаймалары мен рессорлар.

7. Илемдеу стандарының өткізбе сымы.

8. Кокс пештердің ригельдері.

9. Дөңгелек, бұрандалы кескіш.

10. Тұтас құйылған күрделі конфигурациялы рычагтар.

11. Ұштық, цилиндрлі, шпондық, бұрыштық фрездер – құю процесінде бақылау.

12. Салмағы 100 кг-нан асатын барлық үлгідегі қозғалтқыш шатундар.

13. Диаметрі 800 мм-ден асатын тісті дөңгелектер.

14. Шатун эксцентриктері.

§ 12. ҰСТАЛЫҚ-ПРЕСТЕУ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі шыңдағыштарды, қалыптағыштар мен серіппелерді бақылау және қабылдау. Химиялық спектральды талдау деректері мен жалынның түсіне қарай шыңдағыштарды мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау. Күрделі аспапты құю процесін бақылау. Болаттың маркаларын термоэлектрлік әдіспен айқындау. Люминесцентті әдіспен ақаулықтарды анықтау. Ақаудың пайда болу себептерін айқындау және зерттеу, алдын алатын іс-шараларды әзірлеу. Өңделетін металлдың сапасын және сұрыптығын сыртын қарап және механикалық сынау жолымен тексеру.Металлдың маркасына, дайындамалардың мөлшері мен күрделігіне және отынның түріне қарай қызу температурасын айқындау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарды реттеу.

Білуге тиіс: күрделі шыңдағыштарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; бақылау әдістері, ұсталық өңдеу түрлері; цехтың, учаскенің жабдықтары мен оларда жұмыс істеу жолдары; бақылау-өлшеу аспаптарын теңшеу және реттеу ережесі; түрлі маркадағы металлды қыздыру температурасын мен режимі, қабылданатын бөлшектердің қызметі мен жұмыс шарттары; цехта немесе қызмет көрсетілетін учаскеде өндірілетін өңдеудің барлық түріне арналған әдіптер.

Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау:

1. Иіндерінің саны екеуден көп иінді біліктер.

2. Көп сатылы біліктер.

3. Екі тұмсықты көтергіш кранның ілмектері.

4. Домна пештерінің үлкен конусын ілмектеуге арналған сырғалар.

5. Домна пештерінің кіші конустары штангілерінің құбырлары.
§ 13. ТЕРМОӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті және қоспаланған болаттан және түсті металлдан жасалған қарапайым бөлшектерді, аспаптарды және шыңдағыштарды термоөңдеудің барлық түрінен кейін геометриялық мөлшерлері мен деңгейлерін сызбалар және техникалық шарттар бойынша тексеріп бақылау және қабылдау. Бриннель, Роквелль және Шор аспаптарында бұйымдардың қаттылығын тексеру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен қызмет көрсетілетін учаскеде белгіленген режимдердің сақталуын тексеру. Оралған егеу бөлшектерінің қаттылығын айқындау. Талдауға арналған үлгілерді іріктеу.

Білуге тиіс: түрлі маркадағы болаттан жасалған қарапайым бөлшектерді, шыңдағыштар мен аспаптарды термоөңдегеннен кейін қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; түрлі маркадағы болаттан жасалған бұйымдар мен аспаптарды термиялық өңдеудің негізгі түрлері мен режимдері; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі мен пайдалану шарттары және олармен тексеру тәсілдері; негізгі операциялар бойынша ақаулықтың сыныптауышы мен түрлері; болаттың негізгі маркаларының қасиеті; қабылданған және іріктелген бөлшектерді таңбалау тәртібі; қабылданған және іріктелген бөлшектерге арналған құжаттарды толтыру және ресімдеу тәртібі; рұқсат шегі мен отырғызу жүйесі.

Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау:

1. Біліктер, бородкалар, болттар, гайкалар, шайбалар.

2. Өлшеу аспабы.

3. Көздегіштер, бұрағыштар, зенкерлер, плашкалар, кескіштер.

4. Шпилькалар, штифтілер, тығындар.


§ 14. ТЕРМОӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Термиялық өңдеудің барлық түрінен кейін көміртекті және қоспаланған аспапты болат пен түсті металдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектерді, тораптарды, аспаптар мен шыңдағыштарды қабылдау және бақылау. Қабылданатын бұйымдарды тексеру тәсілдері мен кезектілігін айқындау. Қаттылығын тексеруге арналған бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын баптау және реттеу. Бұйымдарды металлографиялық талдау. Жоғары жиіліктегі ток (ЖЖТ) құрылғыларында өңделген орташа күрделіктегі бөлшектердің бетін шыңдау және жібергеннен кейін тексеру. Қабылданатын және іріктелетін өнімді есепке алу және есептілікті жүргізу.

Білуге тиіс: термоөңдегеннен кейін түрлі маркадағы болаттан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектерді, аспапты және шыңдағыштарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; негізгі өндіріс бұйымдарды термиялық өңдеу түрлері мен режимдері, қызмет көрсетілетін учаскеде түрлі маркадағы болаттан жасалған аспаптар мен қалыптар; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы; термоөңдеудің кезектілігін орнату ережесі; термиялық пештердің жабдығы; металдарды шыңдау ақаулықтары; термоөңдеуге жататын металдардың қасиеті; цементтеу заттары мен қоспалары; рұқсат шегі мен отырғызу жүйесі; жалынның түсіне қарай болаттың маркасын айқындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Қабылдау және бақылау:

1. Тістегершіктері бар шлицті біліктер мен төлкелер.

2. Жоғары жиіліктегі токпен шыңдағаннан кейінгі біліктер.

3. Тартқыштың бастары.

4. Бұрандалы калибрлер.

5. Тіреу катоктары, таспалы және сымды серіппелер.

6. Жұдырықшалар.

7. Матрицалар, пуансондар, бейнелі жұдырықшалар, қарапайым иілетін қалыптар.

8. Үлгілік кескіштер.

9. Кіші мөлшердегі артқы, шпонды және шлицті фрездер.
§ 15. ТЕРМОӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Термиялық өңдеудің барлық түрлерінен кейін көміртекті, қоспаланған, жоғары қоспаланған және арнайы болаттан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптарды, аспаптарды, қалыптар мен шыңдағыштарды бақылау және қабылдау. Тексерілетін бұйымдар мен шыңдағыштардағы ақаулықтарды себептерін айқындау және оларды жою шараларын қабылдау. Термоөңдеу кезінде қосымша материалдардың сапасы мен сұрыбын айқындау. ЖЖТ құрылғыларында күрделі бөлшектердің бетін жоғары немесе өнеркәсіптік жиіліктегі токпен шыңдауды бақылау.

Білуге тиіс: термоөңдегеннен кейін түрлі маркадағы болаттан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптарды, аспаптар мен шыңдағыштарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; бөлшектер мен аспаптарды термоөңдеудің жылу режимдері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызметі мен пайдалану шарттары; болаттың, шойынның және басқа да металлдарды термиялық өңдеу ақаулықтары, рұқсат шегі мен отырғызу жүйесі; қыздыру жылдамдығы мен температурасына қарай болат құрылымының өзгеру себептері; қабылданатын бөлшектер мен бұйымдарды кейіннен механикалық өңдеу түрлері.

Жұмыс үлгілері:

Бақылау және қабылдау:

1. Суықтай илемдеу біліктері.

2. Тозаңдатқыш инелері.

3. Хирургиялық аспап: қашау, жараны жазуға арналған ілмектер.

4. Тірек катоктары.

5. Ұзындығы 1500 мм-ге дейін созбалар.

6. Таспалы және сым серіппелер.

7. Дискілі аралар.

8. Цилиндрлік және коникалық бұдандалар мен бұрғылар.

9. Күрделі конфигурациялы шаблондар мен матрицалар.

10. Іштен жанатын қозғалтқыштардың шеверлері, уатқыш, бөлу біліктері.

11. Тістегершіктер, жіберу кораптары мен редукторлар.

§ 16. ТЕРМОӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАҚЫЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Термиялық өңдеудің барлық түрінен кейін қоспаланған, жоғары қоспаланған және арнайы болаттардан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптарды, аспапты, қалыптарды және шыңдағыштарды бақылау және қабылдау. Термоөңдеудің барлық түрлерінің режимдерін бақылау. Ақаулардың себептерін айқындау және зерттеу және олардың пайда болуының алдын алатын іс-шараларды әзірлеу. Бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарды реттеу.

Білуге тиіс: термоөңдегеннен кейін түрлі маркадағы болаттан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптарды, аспаптар мен шыңдағыштарды қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; бақылау-өлшеу аспаптарын теңшеу және реттеу ережесі; цехта орнатылған жабдықтар, және оларда жұмыс істеу жолдары.

Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау:

1. Қозғалтқыштардың иінді біліктері.

2. Ротор біліктері.

3. Торсионды біліктер.

4. ұзындығы 1500 мм-ден асатын созбалар.

5. Трапецеидалды қималы серіппелер.

6. Күрделі кескінді ойып алынған және сығымдалған қалыптар.
§ 17. БАЛҒА ЖӘНЕ ПРЕСС ҰСТАСЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті ұстамен көмекші ретінде бірлесіп балға және сығымдағышта бөлшектерді соғуға қатысу. Пешті қыздыру, соғуға арналған көміртекті аз қоспаланған болат және түсті металдан жасалған дайындамаларды жіберу, түсіру және қыздыру. Көтергіш көлік жабдықтарын еденнен басқару, оларды көтеру және жылжыту үшін жүктерді ілмектеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың, горндар мен пештердің құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты; аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары; металды горн мен пештерде қыздыру тәсілдері; шыңдау әдіптері мен шектерінің жүйесін; көтергіш көлік жабдықтарын басқару ережесі және ілмектеу жұмыстарының ережесі.

§ 18. БАЛҒА ЖӘНЕ ПРЕСС ҰСТАСЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-ге дейінгі (800 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Бөлшектерді соғу, созғылау, шығару және түзету жөніндегі жұмыстарды орындау. Қарапайым және орташа күрделіктегі ұсталық аспап жасау. Аша түтікшелерін балғамен жұқарту. Қарапайым бөлшектерді ұсталық пісіру. Ыстық металды кесу. Дайындамаларды балғамен құрастыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың, сығымдағыштардың, қыздыру пештерінің, көтергіш механизмдердің, құрылысы; соғу жолдары; жабдықтарды және айлабұйымдарды жұмысқа дайындау ережесі; шыңдағыштарды өңдеу әдіптері мен рұқсат шегі; металдың соғу қасиеті, көміртекті және қоспаланған болаттың қасиеті мен қыздыру және соғу режимдері; қызу температурасын айқындау аспаптарын пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Сыйымдылығы 50 л-ге дейінгі баллондар – соғу.

2. Башпақтар – баллонға қондыру.

3. Болттар, гайкалар – соғу.

4. Рессорлық ілмектеу, жылжымалы құрамды арбаның және стрелкалы ауыстыру тартпаларының бөлшектері – соғу, түзету.

5. Картоп қазғыштардың тістері – соғу.

6. Керндер – соғу.

7. Ұсталық қол шымшуырлары– соғу.

8. Диаметрі 20 мм-ге дейінгі сынабекітпелер – соғу.

9. Кілттер – дайындамаларды қалыптап соғу.

10. Балғалар, тістеуіктер, дөкір балға, балталар – соғу.

11. Кескіштердің жиектері – соғу.

12. Дөңгелек жұптарының осьтері – созғылау.

13. Ілме басқыштар, тұтқалар, кронштейндер, бұрыштықтар - ию.

14. Салмағы 30 кг-ға дейінгі тік бұрышты шыңдағыштар – соғу.

15. Ірі және үлгілік кескіш ұстағыштардың кескіштері – соғу.

16. Күпшектер, осьтер, патрон жұдырықтары, тізгіндер – соғу.

17. Түзу рычагтар, қысқаштар, техникалық тістеуіктер – дайындамаларды қалыптап соғу.

18. Құбырлар – балғамен, сығымдағышпен және соғу машинасымен қыздырып құбырлардың ұштарын қағып кіргізу.

19. Құбырлар - балғамен, сығымдағышпен және соғу машинасымен қыздырмай құбырлардың ұштарын қағып кіргізу.

20. Түзу және бірнеше иінді жетектер – соғу.

21. Бұрыштықтар, үштіктер, фитингілер – соғу.

22. Фильерлер – балғамен және сығымдағышпен болат жиекке сығымдау.

23. Фланецтер, сақиналар және диаметрі 300 мм-ге дейінгі дискілер – саңылау тесіп соғу.

24. Диаметрі 300 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер – соғу.

25. Шпонкалар, тақтайшалар, қапсырмалар - соғу.

26. Салмағы 200 кг-ға дейінгі шатундардың эксцентриктері – соғу.

§ 19. БАЛҒА ЖӘНЕ ПРЕСС ҰСТАСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөлшектері 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 15 МН-ге дейінгі (1500 тс) салмақтағы балғамен жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден болаттан және түсті металл қорытпаларынан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-ге дейінгі (800 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-дан 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-дан 15 МН-ға дейінгі (800 тс-дан 1500 тс-ға дейінгі) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Дайындамаларды, бөлшектерді соғу, созғылау, кесу және құбырлардың ұштарын тарту үшін толтыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Баяу балқитын металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған штабиктерді еркін түрде соғу. Қабырғалары қалың сақиналарды тұғырықты бойкалар мен арнайы кеңейтетін станоктарда дөңгелетіп кеңейту. Күрделі және орташа күрделіктегі бөлшектерді ұсталық пісіру және пісіру. Бөлшектерді соғудың өтпелерінің кезектілігін берілген шектерді және бетінің тазалығын сақтай отырып орнату. Ірі дайындамаларды балғамен құрастыру.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі балғалар мен сығымдағыштардың құрылысы; күрделі шыңдағыштарды соғу жолдары; соғудың технологиялық процесінің негізгі операцияларын айқындау тәртібі; ұсталық қыздыру пештерінің құрылымдық ерекшеліктері; ұсталық аспаптар мен айлабұйымдардың барлық түрлерінің құрылысы; болаттың соғу қасиеттері; түрлі маркадағы болатты қыздыру режимі; пештердегі дайындамаларды толтыру, оларды қыздыру тәсілдері мен жолдары; дайындаманың ұзындығын және шыңдағыш көлемін есептеу.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-ге дейінгі (800 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу:

1. Сыйымдылығы 50 л-ге дейінгі баллондар – соғу.

2. Сыйымдылығы 50 л-ден жоғары баллондар – соғу.

3. Қысымы 10 МПа және жоғары баллондар – башмақтарын отырғызу.

4. Ішкі диаметрі 500 мм-ге дейінгі бандаждар – дөңгелетіп соғу.

5. Буферлік және швеллерлі брустар, жылжымалы құрамдағы арбалардың белдіктері – түзету.

6. Диаметрі 40 мм-ге және ұзындығы 4000 мм-ге дейінгі бурлар – соғу және түзету.

7. Салмағы 500 кг-ға дейінгі бір, екі, үш иінді біліктер – соғу.

8. Салмағы 500 кг-ға дейінгі фланецті және фланецсіз біліктер – соғу.

9. Автоматты түрде тіркесу бөлшектері, жылжымалы құрамды рычагты тежегішті ауыстыру – соғу және түзету.

10. Түсті қорытпалардан жасалған бөлшектерді қалыптауға арналған дайындамалар – соғу.

11. Звенолар мен шынжырлар жиынтығы – соғу.

12. Ұста аспабы – соғу.

13. Арнайы кесетін және қосалқы аспап – соғу.

14. Сыртқы диаметрі 500 мм-ге дейінгі және биіктігі 250 мм-ге дейінгі сақиналар – дөңгелетіп кеңейту.

15. Диаметрі 20 мм-ден жоғары 48 мм-ге дейінгі коуштар –соғу.

16. Жартылай вагондардың шатырлары –соғу, түзету.

17. Жараны таратуға арналған хирургиялық ілмектер, медициналық гинекологиялық көтергіштер – дайындамаларды қалыптап соғу.

18. Брашпильге арналған диаметрі 550 мм-ге дейінгі тежегіш таспалар – соғу.

19. Фланецтің сыртқы диаметрі 300 мм-ге дейінгі саңылауларын тесіп және теспей біріктіру муфталары – соғу.

20. Вагон осьтері – соғу.

21. Күрделі конфигурациялы тұтқа саптар мен рычагтар – соғу.

22. Культиватор тірегі – соғу.

23. Жартылай буксты ішектер – соғу.

24. Жолаушы вагонының металл суфлесі – соғу, түзету.

25. Құбырлар – балғамен, сығымдағышпен және соғатын машинамен қыздырып құбырлардың ұштарын (ұрып) кіргізу.

26. Цапфалар – соғу.

27. Салмағы 100 кг-ға дейінгі шатундар – соғу.

28. Диаметрі 500 мм-ге дейінгі жұқа қабатты тісті дөңгелектер – соғу.

Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-дан 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-дан 15 МН-ға дейінгі (800 тс-дан 1500 тс-ға дейінгі) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу:

1. Салмағы 1000 кг-ға дейінгі фланецтермен сатылы біліктер – соғу.

2. Диаметрі 500 мм-ге, ұзындығы 250 мм-ге дейінгі жапсырмалардың төлкелері – соғу.

3. Түсті қорытпалардан жасалған дайындамалар – созғылау және кесу.

4. Ұста аспабы – соғу.

5. 10 т-ға дейін жүк көтеретін крандарға арналған екі тұмсықты ілмектер – дөңгелетіп соғу.

6. Түрлі конфигурациялы рычагтар – дайындамаларды қалыптап соғу.

7. Жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болат – дайындамаларды кесу.

8. Ұзындығы 2000 мм-ге дейінгі екі басты жетектер – соғу.

9. Диаметрі 300-ден жоғары 500 мм-ге дейінгі фланецтер, сақиналар мен дискілер – саңылауларды тесіп соғу.

10. Диаметрі 300-ден асатын 500 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер – соғу.



жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау