199
Ол саясат қандай еді? Бұрын да, ХКП бірінші съезінен кейін де
басылып шыққан Олжастың сөзімен айтқанда: мемлекеттік тілдің дамуын
жеделдетудің, қолданыс аясын кеңейтуге асығудың қазіргі экономикалық
қиын жағдайда қажеті жоқ; алдымен қарнымыздың тоқтығын,
көйлегіміздің көктігін ойластырайық, тіл қайда қашар дейсің... (?!). Чекке
қолыңды қазақша қой, орысша қой, одан не пайда – бәрібір алатын ақша
жоқ... дегендей пікірлер айтылды.
Бұл, әрине, қазақ тілін дамытуға ешкімді де ынталандыра қоятын
«тұжырым» емес еді. Қазақ тілінің қоғамдық жанашырлары Олжасты
ылғи да осы бір қырынан көріп, көңіл қыжылы күшейіп, іштей тынып,
ішқұса болып жүргенін қашанғы жасырсын. Тек олар ғана ма?
Тарихта қалар кешегі Желтоқсан күндері алаңда таяқ жеп қансыраған,
басы жарылып, шашы жұлынған қазақтың қара көз ұлы мен қыздары жаны
қиналғанда: «Олжас, аға, қайдасың?!» – деп, жанұшыра айқайлаған үні
құлағымызда әлі тұр. Олжасты жастар жанындай жақсы көретін қамқоршы
ағасы болғандықтан іздеді ғой!
Замана өзгеріп, енді санасы оянып, ана тілінің қадір-қасиетін ұға
бастаған сол жастар Желтоқсаннан кейін де, қазақ тілінің тағдыры қыл
үстінде тұрған қиын сәттерде Олжасты тағы іздеді. Бірақ Олжас ағасы
«бізге қос тіл керек» деп, үзілді-кесілді пікірін айтты да, қоғамдағы
әңгімеден аулақ, томаға-тұйық қала берді. Өз болашағын ана тілі
арқылы ғана бағдарлай бастаған албырт та зейінді қазақ жастары Олжас
ағасын әңгімеге тартып та көрді. Әншейінде Олжас сөзін сілтідей
тынып тыңдайтын жастардың жиналыстың аяғына қарамай (медицина
институтының залында), тарқап бара жатқанын (теледидардан) көргенде
«ұят болды-ау, әй, енді Олжас ойланатын шығар, қазақ тіліне көзқарасын
өзгертетін шығар», – деп, ойладық. Ол Желтоқсан оқиғасынан кейінгі
жылдар еді. Міне, қазір 1994-жыл. Бірақ осы бір жылдар ана тіліне деген
Олжастың көзқарасын, көріп отырғанымыздай, өзгерте қоймаған екен.
Неге? «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана құрметтемейді» деген еді ұлы
Ғабең (Мүсірепов). Олжас олай емес қой. Ана тілінің алдында дана да
бала емес пе? Өйткені ол – халқымыздың қасиетті дүниесі. Илаһим,
жақсы көретін абзал ініміз қасиеттіміздің киесіне ұшырай көрмегей
деп тілейміз. Ана тілінің алдында жер жүзін жаулап алған жиһангер
де, дүйім елді аузына қаратқан қаһарлы хан да, данагөй абыз да
аттан түсіп басын иген. Олжасқа да осыны айтқымыз келеді, даланы
асқақтатсаң да, өзің асқақтама дегіміз келеді. Осы ыңғайда дарынды
ақынымыз Қайнекейдің «Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз.
200
Асып-тасып, ақыры сасқанды да көргенбіз!» деген жолдары еске түседі.
«Ойлан, Олжас!» деп ағалық айтуымыз содан.
Олжастың барша жақсы қасиеттері бір төбе де, ана тіліне деген
көзқарасы – бір төбе.
Рас, тілге байланысты Олжас ойы мен логикасының бір парасына
бәріміз де қол қоямыз. Ол – «қай тілдің болмасын дамуы, көркеюі
тек бейбіт өмірде ғана мүмкін, ұлтаралық жарастыққа байланысты»
деген пікірі. Шынында да солай ғой. Ата Заңымызда да, Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанып келе жатқан ұлттық саясатында
да осы принцип қатал сақталуда. Көре алмай жүрген көп «дұшпан»
мен күндеушілеріміздің – қайткен күнде де ши шығарып, біздің елдің
шырқын бұзуға тырысатыны да қазақ топырағындағы осынау бір
тыныштық пен татулық емес пе?
Біле білсек, тіл заңындағы басқа туыстас республикаларда
кездеспейтін басы артық «кеңшіліктердің» біразы осы бейбітшіліктің
кепілі іспеттес. Мәселен, Ата Заңымызда (8-бапта) жазылған төрт
сөйлемнің үшеуі орыс тілі мен басқа тілдердің беделін көтеруге
бағышталса, Тіл туралы Заңымыздың 34-бабының 22-сі орыс тілін
мадақтауға, оның мемлекеттік тілмен терезесі тең екендігін дәлелдеуге
арналған.
Осыдан кейін де «ой-бай», «орыстілділерді» құртатын болды, тіл
білмейсің деп қуып жатыр!» деп байбалам салып, жер жүзіне жаюшы
пысықай саясаткерлерге: «Тоқтат, не көкіп жүрсің?» – дейтін Олжас
секілді орыс қауымына беделді азаматтар қайда? Княгинин, Щеголихин
сияқты парасатты орыс азаматтарының арамызда көбірек болғаны жақсы-
ау. Ертеңгі күні жаңа парламенттің жағдайы не боларын алдын ала айту
әзірге қиын. Дегенмен сайлау алдындағы кейбір «үміткерлердің» – екінші
мемлекеттік тілдің болуын қалаймын», деп тақылдағандарды қалай ұмыта
қоюға болады?! Ал енді солардың қатарында тұрып Олжастың және басқа
өз қандастарымыздың отқа май құюын халық қалай қабылдар екен?
Менің жақсы білетінім: тіл саясатына қанша экономикалық
қиыншылық болса да тыныштық пен бейбіт өмірді қалайтын қарапайым
халық, әдетте, байсалдылықпен қарайды. Бұл мәселені ушықтыратын, сол
арқылы орыстардың өздерін ғана емес, жалпы «орыстілділердің» намысын
оятып, арқасын қоздыратын – тағы да сол «топ жинап, топар сайлауға», көп
алдында сөйлеп, өзіне саяси ұпай алуға жаны құмар кейбір көсемсымақтар,
тарысы піскеннің тауығы, сыңаржақ саясаткерлер. Олжасты «осылардың
арасында болмаса екен» деп тілейміз, ал халыққа: «ондайлардың жел сөзіне,
201
мылжыңына сене бермеңдер!» – дегіміз келеді. Қазақстанда орыс ұлтының
0,5 проценті ғана Қазақ мемлекеттік тілін ептеп біліп, ал қазақтардың
99 проценті орыс тілін жақсы меңгеріп отырған жағдайда қай тілдің қай
тілден қағажу көріп отырғанын түсіндіріп, елді үгіттеудің қажеті жоқ.
Мүмкін, мұның бәрі бүгінгі «демократияның» тым жалпақшешейлік
мінезінен де болар. Жә, ондай өткелек күндердің өтпелі мінезінен де
арылармыз. Мүмкін, оларға мемлекетімізде әй дер әже, қой дер қожаның
болмағандығынан болар. Бірақ бізге жаңа парламент мінберіне бір
шығуды арман ететін үміткерлердің бүгін айтып, ертең ұмытып кететін
сөзінен «қой үстіне бозторғай шырылдатам» деген сайлау алдындағы
уәдесінен бейбіт өмір, қалыптасқан халықтардың ымыра-достығы
қымбат та нақтылы.
Сөзімнің ең соңында Олжас ініме тағы бір айтарым: ұлтжанды
болудан қорқудың қажеті жоқ!!! Санамызды сан қияға жетектеп, бірде
қуантып, бір үрейлендіріп келген отаншыл (патриот) космополит,
интернационалист (ұлтарашыл десе де болады), халықшыл, ұлтшыл,
түрікшіл (пантюркист). исламшыл (панисламист), тураншыл
(пантуранист), орысшыл, славяншыл, шовинист сияқты ұғымдарды қайта
қарап, шынайы мағынасын анықтайтын дәуір алдымызда. Олжастың
өз басы да, басқалар да бұл «құбыжықтардың» біразын өз басынан
өткізгенін білеміз. Біле тұра өз сөзінде «радикал-ұлтшылдар» деген сөзді
жиі-жиі қолданатын болыпты. Кімдер олар?
Бүгінде қазақ қауымының түсінігінде ұлтжанды болу, кешегі
жаманшылықтың табы сақталғандықтан ба, әйтеуір, ұлтшыл болудан
ел жүрегіне етене («балажанды» сияқты, ұлтын ерекше жақсы көру)
жақын сияқты. Ал, енді, бүгінгі интернационалисті ең алдымен өз ұлтын
сүймейтін, «ұлтарашыл» мағынасында түсіну қиын. Сондықтан мұндай
тым сыңаржақ интернационалист болуға уағыздау қалай болар екен?!
Отаншыл (патриот) деген де жақсы ұғым. Бірақ оны да дұрыс түсіну
керек. Шоқанша түсінсе тіпті жақсы. Кезінде Шоқан: «Менің патриоттық
сезімім ірбіт сандығындай («матрешка» сияқты бір сандықтың ішінде
бір сандық, оның ішінде тағы сандық), мен ең алдымен өз отбасымды,
туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды,
руластарымды, одан соң өз халқымды, одан соң сібір орыстарын, Россия
жұртын қадірлеймін» деген екен. Ол үшін Шоқанды «шынайы патриот
(отаншыл) емессің деп айыптауға бола ма?
Ана тілің – өз ұлтың. Сондықтан да: «Мен ана тілімді қорғаймын,
оның алдындағы перзенттік парызымды қайткенде де ақтауым керек!»
Достарыңызбен бөлісу: |