2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет61/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   176

175

мүмкіншілігі  бар.  Өзінің  жер  асты,  жер  үсті  байлығы  жеткілікті. 

Сондай-ақ,  осы  заманғы  жаңа  техниканы  өздері  игеріп  кете  алатын 

Н.Ә.  Назарбаевтай  басшысы  бар  халық.  Экономика  жағынан  барлық 

байлығымызды қолымызға алып өзімізге жұмсасақ, күндердің-күнінде 

тұрмыс-жағдайымыз да көтеріледі. Сондай-ақ, халықтың ой санасы да 

табиғи түрде өседі деп ойлаймын. Осыған орай қазақ тілінің болашағы 

да зор деп кесімді жауап айта аламын.

–  Бұл  күндері  дүниежүзіндегі  қазақтардың  жалпы  жан  саны  13 

миллион болса, ал оның бес миллионнан астамы шетелдерде тұрады. 

Осы елдердегі жағдайларға байланысты қазақ тілінің қолданыс аясы 

да, деңгейі де әр түрлі. Дегенмен, жалпы қарағанда, дәл қазір жаһандану 

үрдісіне байланысты шетелдерде қазақ тілінің тынысы барған сайын 

тарылып  бара  жатқандай.  Әсіресе,  ана  тілінде  мектептері  мен 

басылымдары жоқ елдердегі қазақтардың тілдік жағдайы өте қиын 

екені айтпаса да белгілі. Яғни Қазақстанда қазақ тілінің өрісі кеңейіп, 

жағдайы жақсарғанымен, шетелдердегі қазақтардың тілдік мәселесі 

керісінше  болып  отыр.  Осыған  байланысты  Қазақстан  мемлекеті 

шетелдердегі  қазақтарға  осы  жөнінен  қандай  іс-шаралар  атқаруы, 

көмектер көрсетуі керек деп ойлайсыз?

Мен  «Парасат»  журналының  «Болашақ  Президент  кім  болады? 

Болашақ  Президентке  айтар  тілегіңіз  қалай»?  –  деген  сауалына 

былай  деп  жауап  бердім:  Біз  төрт  көзіміз  түгел  болмай  көп  нәрседен 

ұтыламыз.  Күні  кешеге  дейін  қазақ  халқымыздың  жан  саны  елімізде 

30 пайыз ғана болды. Яғни, он адамның үшеуі ғана қазақ, ал қалғаны 

басқа ұлт. Мінекей сондықтан төрт көзіміз түгелденбей тіл мәселесі де, 

демография, экономика, мәдениет, салт-дәстүр, ұлттық қасиеттеріміздің 

барлығы  түгелденбейді.  Сондықтан,  шетелдердегі  бес  миллиондай 

қазақтың Қазақстанға қайтып келуіне жағдай жасаса Президентіміздің 

бүкіл тарихта аты қалады, ұмытылмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл 

күрделі де, ауыртпашылығы салмақты тарихи мәселе. Десе де шешуге 

болады.

Шетелдерде  ата-бабаларының  жеріне  қайтып  келуге  құлшынып 



отырған қазақтар баршылық, оларға тиімді жағдай жасап, ортамыздан 

орын беруіміз керек. Жоғары жақта дұрыс шешілген кейбір мәселелер 

төменге барғанда қиындап, ретін таппай жатады. Меніңше, осылардың 

барлығын  тез  арада  жөнге  салып,  оралмандарға  орын,  жұмыс  тауып 

беріп,  мамандық  алуына  мүмкіндік  жасап,  экономикалық  жағынан 

жәрдем  етіп  отырса,  бұл  мәселе  қалай  да  шешімін  табар  еді.  Яғни 




176

бес  миллион  халық  деген  ол  –  бір  мемлекет.  Сондықтан  қазақ  еліне 

бес  миллион  қазақ  келіп  қосылса,  қазақ  өзінің  қазақтығын  таниды. 

Шетелдерден қаншама мамандар, ғылым докторлары мен кандидаттары 

Қазақстан мемлекетіне келіп біздің игілікті ісімізге үлесін қосып жатыр. 

Міне бұл қазағымыздың «елден ел кетсе жұт, елге ел қосылса құт» деген 

аталы сөзінің ақиқатына жүгіндіреді.

–  Әрине,  қысқа  мерзімде  бес  миллион  халықтың  Қазақстанға 



бірден келе қалуы да қиындау, бұған уақыт қажет. Ал осы елдердегі 

қазақтардың  тіл-жазуына  үңілер  болсақ,  Қазақстанда  –  кириллица, 

қытайда  –  төте  жазу.  Яғни  Қытайда  араб  жазуына  негізделген 

графиканы,  Түркияда  және  Европа  елдерінде  латын  жазуына 

негізделген графиканы қолданады. Осындай іс жүзіндегі қиындықтарга 

байланысты  шетелдердегі  қазақтардың  бір  жағынан  тілдік  өрісі 

тарылса,  екінші  жағынан  графиканың  шеңберіне  тұсалып,  жасалып 

жатқан  терминдердің  әсерінен  тілде  алшақтау  мәселесі  туындап 

отыр.  Жуықта  өткен  Қазақтардың  III  Дүниежүзілік  құрылтайында 

Елбасы «Әлем қазақтары үш түрлі графика қолданады, бұны ерте ме, 

кеш  пе,  әйтеуір  бір  ізге  түсіру  керек,  мұны  ғалымдарымыз  талқыға 

салсын» дегенді тағы да айтты. Жалпы ортақ латын жазуын қолдану 

мәселесін 1992 жылдан бастап көтеріп келесіз. Бұл туралы Елбасына 

ашық  хат  та  жаздыңыз.  Латынға  көшу  мәселесі  саябырсып  қалған 

жоқ па? Бұл туралы не дейсіз?

–  Бұл  жөнінен  әркімнің  көзқарасы  әр  түрлі.  Тіпті,  мынау  қазақ 

зиялыларының  өздерінде  дұрыс  емес  көзқарастар  пайда  болды.  Бұл 

мәселе  жөнінде  ешқандай  қара  басымның  қамын  ойлап  отырғаным 

жоқ. Кезінде Мұстафа Ататүрік Совет Одағының құрамындағы түрік 

халықтары  барлығы  бір  сәтте  (1926  жылы  Баку  қаласында  өткен  1 

Бүкілодақтық  түркітану  съезінде)  өзінің  бұрынғы  жазуларын  тастап 

латын графикасына көшу керек деген мәселені ортаға қойғанда, «Олар 

латын  жазуына  көшіп  кететін  болса,  латын  жазуын  қабылдамаған  біз 

жұртта  қаламыз.  Яғни,  бүкіл  түрік  әлемінен  айырыламыз»  деп  билік 

қолында  тұрғанда  жалпы  түркі  халықтарының  мүддесін  ескеріп, 

түріктердің мың жыл бойы қалыптасқан жазуын өзгертіп, бірден латын 

жазуына көшірді ғой!

Одақтың  құрамында  жасаған  70  жылда  жалпы  тіл,  жазу  мәселесі 

аясында  астыртын,  жымысқы  саясаттың  түпкі  мақсаты  қанша 

бүркемеленіп келсе де, бүгінде ол досқа да, дұшпанға да мәлім. Мәселен, 

Түркия елінің ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу осы мәселе туралы: 



177

«Совет  үкіметі  1927  ж.  СССР-дағы  бүкіл  түркі  халықтары  қолданып 

келген араб алфавитін латын алфавитіне ауыстырды. Бірақ Түркияда да 

1928  жылы  латын  алфавиті  түрік  алфавиті  болып  қабылданғандықтан 

Совет басшылары Анатолия түріктері мен Совет одағындағы түркі тілдес 

халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп, 1939-1940 

жылдардан кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің бір-бірінен 

парқы бар алты түрін қабылдатқызды» - дейді. Міне, Түркі халықтарына 

араб, латын алфавиттерін жедел ауыстырып, оның орнын жаппай славян 

алфавитін қабылдатудың бір себебі осында деуге болады.

«Ортақ  жазу»  идеясы  да  түркі  халықтарының  рухани,  мәдени 

ортақтығын сақтап қалудың бір шарты саналады. 1993 ж. Анкарада 6 түркі 

мемлекеттің – Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, 

Түрікменстан  елдерінің  бас  қосқан  жиынында  ортақ  ұлттық  жазуды 

қалыптастырудың негізі ретінде 34 әріптен тұратын латын әліппесінің 

жобасы ұсынылған болатын. 1994 жылы Анталия қаласында өткізілген 

жер жүзі түркі халықтарының құрылтайында бұл жоба мақұлданып, латын 

жазуына көшу туралы жиынға қатысқандардың бәрі бір ауыздан шешім 

қабылдаған болатын. Міне, содан бері 11 жылдай уақыт өтті. Қазақтар 

мен қырғыздардан басқа Өзбектер, Әзербайжандар, Гагауыздар, Қырым 

татарлары, Түркімендер түгелдей латын жазуына көшкен. Татарлардың 

да ойы жоқ емес. Ал қырғыздар біздің аужайымызды бағып отыр. «Егер 

қазақтар  латын  жазуына  көшсе,  біз  де  латын  жазуына  көшеміз»  дейді. 

Мінеки, осы ұлттардың барлығы латын жазуына көшіп жатса біз қалай 

қол қусырып қарап тұра аламыз? Латынға көшу алынбайтын қамал емес.

Мысалға  көршіміз  Өзбекстанды  алайық.  Өзбектер  де  түркі 

халықтарының бірі. 1994 жылы Анкарада өткен жиналысқа өзбектерден 

де  үш-төрт  адам  қатынасты.  Қазақтардан  Қазақстаннан  да  үш  адам 

бардық (Ерден, мен, Сайлаубек) сонда латын жазуына көшу мәселесіне 

үшеуіміздің  біреуіміз  қарсы  болдық.  Қазірге  дейін  бұл  мәселеде 

ауызбірлік  жоқ.  Ал  өзбектер  бәрі  бір  ауыздан  қосылуы  1995  жылы 

бірден  латын  жазуына  көшті.  Сол  1995  жылы  мектеп  табалдырығын 

аттаған балалар міне, биыл 10 сыныпты латын жазуымен бітірді.

Мұндағы басты әңгіме өзбектердің латынға көшуіне ғана байланысты 

емес, онда тұрып жатқан қандастарымыздың білім алу, жұмысқа тұру т.б. 

әлеуметтік жағдайларына да тікелей қатысты. Яғни, бір жарым миллион 

қазақ  Өзбекстан  территориясында  тұрады.  Олардың  600-дей  мектебі 

бар. Ондағы балалардың барлығы кириллицамен оқып жатыр. Өзбектер 

өз  еліндегі  қазақтарға  «Егер  біз  латын  жазуына  ертеңгі  күні  түгел 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау