181
құру – осының бәрі қазақ қазақ болғаннан бергі тарихымызда сирек
болатын елеулі оқиға. Илаһим, осы бір қуанышымыз, Алланың бізге
деген осы бір шапағаты ұзағынан болғай!
Әрине, ұзақ заманнан бері көрісе алмай, көріссе де емін-еркін
араласа алмай кемдидар болып келген ағайын-тумалардың төрт көзі
түгел бас қосар осынау бір алқалы кеңесте өзара айтар сыры, ортаға
салар ойы аз болмаса керек. Біз солардың бір парасына ғана қысқаша
тоқталмақшымыз. Әңгімеміз ана тіліміздің ұлттың басын қосар рухани
ұйытқысы, елдің іргесін құрайтын соңғы қамалы іспетті тамаша қасиеті
жайында болмақшы.
Мәңгүрттік дертке шалдықпаған, өзін-өзі құрметтей білетін әрбір
саналы қазақ баласы қай жерде жүрмесін, қай елдің отынын отап,
түтінін түтетпесін, салт-дәстүрін сақтап, тәртібіне тәуелді болмасын,
бәрібір, өз елін, өзінің тарихи отанын, ата-баба жұртын ешқашан да
естен шығармауы керек. Өйткені, бұл – әркімнің-ақ азаматтық парызы,
перзенттік борышы.
Алайда, өз елін жан-тәнімен сүю үшін, оның суығына тоңып,
ыстығына күйетін ұлтжанды ұланы болу үшін аса қажетті ынсани
қасиеттің бірі – ол өз ұлтының тілін білу. Тек ана тілі ананың ақ
сүтімен бойына дарыған, сол тіл арқылы халқының асыл қасиеттерін
қабылдап, рухани байлығынан мол сусындаған, салт-дәстүрін жетік
меңгерген азамат қана өзін шынайы қазақпын деп атауға санында
ғана емес, санатында екендігін айтуына әбден болады. Бірақ, өкінішке
орай, бүгінде қара шанырақ иелеріне де, шетелдік туыстарымызға
да сын болып отырған басқа емес, дәл осы мәселенің өзі. Сондықтан
да біз бүгін ұлтымыздың тұтастығы, ел іргесінің беріктігі, ұлттық
санамыздың сергектігі, салт-дәстүріміздің өміршеңдігі және басқа
да ұлттық қасиетіміздің сақталуы тек ана тіліміздің тағдырына
тікелей байланысты екендігін ағайынның өзара бас қосқан бір сәтінде
жасырып-жаппай-ақ ашық айтқымыз келеді. Осыған орай, ұлтымыздың
тұтастық менталитетін сақтап қалудың жолы қазақтардың бәрін бір
жерге жинап, бір шаңырақтың астына шоғырландыру емес, қай жерде
жүрмесін өз тілін ұмытпау, құрметтеу, оның тұтастығын, өзіне ғана тән
тамаша ерекшеліктерін сақтау, қолданыс аясын кеңейтіп, байлығын
толық пайдалану деп есептейміз.
Енді 10 миллион халқымыздың біртұтас ұлт екендігін танытып,
барша қауымның басын қосуға рухани ұйытқы болып отырған қазақ
тілінің кейбір қадау-қадау мәселелеріне тоқталып өтейік.
182
Қазақ тілінің түп-төркіні мен таралу шеңбері, қолданыс аясы мен
қызмет ауқымы жайында. Қазақ тілі ірілі-кішілі 40 шақты түркі тілдерінің
ішіндегі қыпшақ тобына жататын ең ірісі болып саналады. Қазақ тілінің
өзіндік ерекшелігі қыпшақ тобына жататын ондаған тілдердің бәріне
(ноғай, қарақалпақ, қарашай, балқар, құмық, қарайым, қырымшақ, татар,
қырым татарлары, башқұрт, сондай ақ қырғыз т.б.) еншісі бөлінбеген
бауырдай етене жақын екендігінде. Бұл туыстардың арасында қазақ
өзін еркін ұстайды, тілмәшсіз тіл табысады. Оның тарихи себептері
де жоқ емес. Ертіс бойынан сонау Дунай өзенінің жағалауына дейінгі
Еуразияның кең-байтақ даласын алып жатқан Дәшт-и Қыпшақтың жон
арқасы қазақ жері болса, кейінірек өсіп-өрбіген қыпшақ тілдерінің
ішінде ең құнарлысы да, қордалысы да бүгінгі қазақ тілі. Қыпшақ
текті түркі туыстарын іздеген адам ар жағына бармай ақ, тек Көк түрік
бабамыздан тараған әулет, ру-тайпалардың тарихынан қаншама ортақ,
етеңе жақын рухани, мәдени дүниелерді кездестіруі сөзсіз.
Сонау V-VIII ғасырларда жазылып, бүкіл түркі дүниесіне мұра
болып қалған тас ескерткіштердегі бабаларымыздың ұлағатты сөздері
әрбір қазақтың құлағына сіңіп, жүрегінде сақталған. Бұл ескерткіштерді
оқысаң, сол дәуірлерде жасаған ақылгөй, дана басшы, Тоныкөк пен
Білге қаған, Көк түріктің көк семсеріндей өткір де ержүрек әскер басы
Күлтегіннің өзімен сөйлескендей боласың. Бүгін де Моңғол жерінде
жатқан осы бір сәулетті тас мүсінді ескерткіштеріміздің мұрагері ар
жағы көне қыпшақ, бер жағы қазақ екендігіне ешкім дауласа алмайды.
Қыпшақ тегіне тән, қазаққа туыс әулеттерді, оларға ортақ мұралар
мен мәдени орталықтарды, қағанаттар мен мемлекеттерді іздеп, кең-
байтақ Еуразия даласын алып жатқан Түркі дүниесін шарласаң, әр
жерден-ақ кездестіресің, тұнып жатқан талай тарихи бұлақтың көзін
ашуға болады. Солардың біразы қазақтың төл топырағында жатыр.
«Аспанда Күн жалғыз, Жерде Хұн жалғыз» деуіне қарағанда, қазақ
атам Хұн бабаларын да білген; бұдан 24 ғасыр бұрын алтынға орап,
арулап жерленген сақ ұланының мәйіті де Алатау алқабынан табылып
отыр; түркілердің әлемге әйгілі қос қағанаты да, Қаңлы мен Үйсін,
Қараханиттер мемлекеттері де қазақ жерінде салтанат құрған; Әбу-Нәсір
әл-Фараби, Жүсіп Баласағуни, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхаммет Хайдар
Дулати, Қайырғали Жалайыри тәрізді шығыстың ұлы перзенттері де –
қазақ топырағынан шыққандар.
Ал қазақтың өзіне етене жақын тілі де, діні де, рухани мұрасы да
ортақ түркі ұлыстарын іздеген адамға көне тарих небір ғажайып сыр
183
шертеді. Сонау VIII ғасырда қазақ жерінен құлақ кесті құл болып, мысыр
саудагерлеріне сатылған, кейін Мәмлүк (құлдар) мемлекетін құрған
әйгілі қолбасшы Байбарыс та қыпшақ ұрпағынан еді. Сүрия жеріндегі
көне Пальмира жақын биік төбенің үстінде аңдағайлап алыстан
көрінетін «Қыпшақ» қорғаны сол елді моңғол шапқыншыларынан
қорғап қалған кыпшақ әулеттерінің қолымен тұрғызылған қамалы
болатын. Еуразиядағы Мажарстан, Румыния, Польша, Түркия (Осман
империясы), Бұлғар, Қырым, Алтын Орда мемлекеттердің құзырында
болған қыпшақ ру-тайпалары да біздің бабаларымыз және олар бұл
елдердің мәдени тарихында елеулі рөл атқарғаны мәлім.
Ал енді қазақ қазақ болғаннан бергі жағдай өз алдында бір дүние.
Ең бастысы: олардың «мың өліп мың тірілсе де» өздерімен өзектес ру-
тайпаларынан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекенін тұс-тұстан
анталап, аранын ашқан қызыл көзді жауларынан ақ білектің күшімен,
көк найзаның ұшымен ғасырлар бойы аман сақтап қалуы. Ендігі жерде,
міне, сол дәстүрді жалғастыру, іргені берік ұстау, елдің шырқын бұзбау,
тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтау қарапайым халыққа да, ел басқарған
ерлерге де сын болып отыр. Кешегі «ақ табан шұбырынды» заманынан
кейін үсті-үстіне төнген нәубеттің бәріне төтеп берген халқымыздың
әсіресе кейінгі жүз жыл беделіндегі тартқан азабы мен көрген құқайы да
аз болған жоқ. Осы жылдар ішінде зобалаңнан, аштықтан, геноцидтен,
соғыстан, атом тажалынан халқымыздың жартысы қырылып, қалың
елдің қатары сиреді, қабырғасы күйреп, ұлтымыздың береке-құты
қашып, тұтастығы бұзылды, ана тіліміздің қолдану өрісі тарылып,
ауадай қажет тілдік орта ойран болды. Кеңестік империяның бұғауында
келген Қазақстанда кешегі отаршылдық саясаттың орыстандыру
«бағдарламасы» небір айла-тәсілдермен іске асып жатты. Міне, енді
ғайыптан келген жаңа заманның дүмпуімен жойылып кетуге шақ
қалған ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, аспаннан іздегеніміз
жерден табылып отыр. Бірақ ана тіліміздің қазіргі халі – «шықпа жаным,
шықпа!».
Оның көптеген себебі де бар. Соның бірі – қазақтардың өз жерінде,
өз елінде отырып басқа ұлттардан саны аз болып қалуы. Мәселе тіпті,
онда да емес: «көп қорқытады, терең батырады» дегендей, орыс тілді
жерлестеріміздің кейде осы аздығымызды бетке салық етіп, «біз көппіз!»
деп құқай көрсетуінде, ұлттың намысына тиіп, оның талпынысына,
санасы оянып, кайта түлеуіне жол бергісі келмеуінде болып отыр.
Осыны көріп, ашынасың, ашынғандықтан да, «ау, он миллион болған
Достарыңызбен бөлісу: |