160
болып жүрміз. Осы бағытта жұмыс істеп жатқан халықаралық «Қазақ
тілі» қоғамының аудандық, облыстық бөлімшелері, барша жанашыр
азаматтарға айтар алғысымыз шексіз.
– Әбдуәли аға, ащылау бір сұрақ, тіліміздің болашағы бар ма, әлде
жоқ па?
– Сан ғасырлық жолда адамзат қауымы талай тарихи оқиғаларды
бастан өткерген. Нәтижесінде тілі жойылып кеткен ұлттар да болған,
қазір де тағдыры тығырыққа тірелген халықтар баршылық...
Ал, қазақ халқының қасиетті тілі турасында сөз басқа. Біз – әлемдегі
үлкен мемлекеттердің біріміз. Талайды тамсандырып, тарихын білуге
мәжбүр етіп жатқан тіліміз бар. Орасан зор жұмыстарды қолға алған кезде,
тілдің келешегінен түңілуге ешқандай негіз жоқ. Егер тәуелсіздігіміз
бен Тіл туралы заңымыз болмаса, қазақ тілінің 2000-жылғы тағдыр-
талайы неғайбыл еді. Оған жол бермедік. Қуанатынымыз да осы.
Бүгінде «орыс тіліне қысым жасалуда» деген сөз, мәні жоқ әңгіме.
Шындығын айтсақ, қып-қызыл өтірік. Оны шығарып жүрген ойы бұзық
саясаткерлер. Керісінше, қазақ тілі әлі орыс тілінің үстемдігінен құтыла
алмауда. Мәселен, республикамыз бойынша 250-ге жуық ауданның 40-
ында ғана іс қағаздары қазақша жүргізіледі. Солтүстік облыстар «қалың
ұйқының» құшағында.
Әлбетте, тілді өркендетуде тым асығыстыққа жол бермеуіміз
керек. Қазір іске асып жатқан шаруаларымызға қарағанда, біз 2000-
шы жылдың табалдырығын үлкен жаңалықпен аттамақшымыз. Демек,
қазақ тілінің болашағы бар. Ол өркениетті мемлекеттің негізі бола
алады.
– Соңғы уақытта Ата заңымыздағы мемлекеттік тіл қатарына
орыс тілін де қосу керек деушілер бой көрсетуде. Бұл әрекетке өз
көзқарасыңыз қандай?
– Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі болып
қалады. Менің пікірім, талабым да осы. Орыс тілінің ұлтаралық тіл
болуының өзі мақтаныш емес пе? Сол себепті де, бұл төңіректегі
әңгімені ушықтырушылар бір-екілі саясатсымақтар ғана.
– Әбдуәли аға, сіз ел азаматы, үлкен ғалым ретінде болашақ
Қазақстанды көз алдыңызға қалай елестетесіз?
– Тәуелсіздік табалдырығын тосыннан аттауымыздың салдарынан
еліміздің қуанышы мен қиындығын қатар көріп жатырмыз. Ғайыптан
қолға қонған бақыт құсы біз үшін жақсылық болды. «Бір жеңілдің –
бір ауыртпалығы болады» демекші, қазіргі экономикалық қиындықтар
161
уақытша нәрсе. Ол – осылай болуы заңды да. Енді бұл кедергіні жеңу
үшін ақыл-ой мен парасат керек. Ол – әрқайсымызға, сананың жетілуіне
байланысты.
Мен Қазақстан Республикасы тығырықтан шыққан соң нұрлы заманға
қадам басарына сенемін. Бай мемлекеттің мұрагері – бүгінгі жас ұрпақтың
дәулетті өмір сүрері даусыз. Тек осы жолда адал еңбек етіп, ынтымақ пен
бірлікті сақтасақ болғаны.
– Аға, немерелеріңіз қазақша сөйлей ме, әлде...
– Қаладағы жағдай, орта, балалардың өсуіне, тілін қалыптастыруына
әсер етеді. Сол себепті де, қазақ тілін жетік білсін деп Аян есімді немеремді
Шелекте тұратын (Алматы облысы) әжесінің қолына жібердік. Ол сонда
қазақ мектебінде. Аян «Ұланды» үзбей оқиды. Тіпті маған сұрақ та жазып
жіберіпті. Төрт жаста Ғалым деген немерем бар. Қазақшасына кінә таға
алмаймыз. Көп тақпақ, ертегі біледі. Бір арманы – теледидардан ертегі айту...
– Бүгінгі сәтті пайдаланып «Ұланның» оқырмандарына қандай аталық
ақ тілек айтар едіңіз?
– «Ұлан» – жас жеткіншектердің жанашыры, ақылшысы, досы. Бұл
газетті балалар ғана емес, ұстаздар, ата-аналар, белгілі ғалымдар да сүйсіне
оқиды. Немерелеріне жаздырып береді. Ендеше мектеп оқушылары төл
газеттеріне жазылудан сырт қалмауы керек. Егер әр бала тілге жаны
ашитын болса, ең алдымен «Ұланға» жазылуы тиіс. Себебі, тіл үйретіп, ой-
өрістеріңді жетілдіретін, ақыл-кеңес беретін осы басылым.
Ал, тіл төңірегінде барша балаға, республикалық «Қазақ тілі» қоғамы
құрылтайының жұртшылыққа арнаған үндеуінде мына бір жылы сөзді
мәнін жоймағандықтан қайталаймын.
Қымбатты шәкірттер! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі
жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңесе алатын ана тілің бар
екендігін ұмытпа, өсер ұрпақ. Алдыңда үлгі алар, тіл үйренер ұлы мектеп
бар. Ел үмітін ақтар азамат болам десең, сол игілікті жалғастырып, дамытып,
ілгері апара біл. Ана тілі алтын заңның қамқорлығына алынғанмен, оның
көсегесін көтертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе
байланысты. Оқу білім, еңбек жолының барлық кезеңінде де ана тіліңнің
қамқоры бола біл. Өз тілін құрметтей білген азамат өзге тілге де өгейлік
танытпайды.
Ұлт пен ұлыстардың, халық пен қауымдардың арасындағы
достықтың алтын көпірі, өнер мен мәдениеттің, ғылым мен білімнің
мол қазынасы болып отырған орыс тілін жас кезіңнен жете меңгер. Жеті
жұрттың тілін біліп, жеті ғаламның өнерін үйренсең де артық емес. Ал,
162
ана тілін сүюің ұрпақ алдындағы борышың, азаматтық парасатыңа сын
екендігін ешқашан естен шығарма.
– Әбдуәли аға, тіліміздің тыныс-тіршілігі, бүгінгі хал-жағдайы
төңірегіндегі әңгімеңізге рақмет!
Сізге газет оқырмандары атынан ұзақ ғұмыр, еңбегіңізге жеміс
тілейміз.
«Ұлан», 1994. 25 қазан.
(Сұхбаттасқан Ж. Дуанабай)
Язык народа – основа его независимости и развития
Язык, на котором народ говорит, пишет, выражает свои чувства,
является важной частью его общенациональной культуры. Не со-
храняя языковую самобытность, не развивая родной язык, невоз можно
поднять уровень нашей культуры и укрепить государственность. Ведь
что такое Казахстан в глазах иностранцев? Это не только большая
страна в центре Азии, богатейшие запасы метал лов и минеральных
ископаемых, но и люди, представители более ста наций и народностей,
которых объединяет казахский народ. Поэтому казахский язык, как
государственный, приобретает особое значение.
С вопросами по этой важной проблеме мы обратились к прези-
денту международного общества «Қазақ тілі», почетному директо ру
Института языкознания НАН РК, академику Абдуали Туганбаевичу
КАЙДАРОВУ.
-Абдуали Туганбаевич, каково, на ваш взгляд, сегодняшнее
положение казахско го языка?
– Когда я задумываюсь о судьбе род ного языка, то мне вспоминаются
выска зывания двух известных писателей и мыслителей – Чингиза
Айтматова и Габита Мусрепова. Не ручаюсь за точность цитат но
смысл таков. Айтматов сказал, что ни народ на земле не живет временно,
по крайней мере, не думает о том, что когда-то может исчезнуть с ее лица.
Габиту Мусрепову принадлежит на пер вый взгляд парадоксальная мысль
о том, что чем дольше живет язык и чем старше становится, тем больше он
омолажива ется, развивается. То есть оба писателя едины в том, что любой
язык стремится к вечности, развитию. Конечно, история знает немало
примеров, когда некоторые языки постепенно хирели и умирали. Но если
на данном языке говорит хотя бы один человек, то этот язык нельзя считать
мертвым. Потому что язык – очень живая, развивающаяся и жизнеспособ-
ная система.
Достарыңызбен бөлісу: |