2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет52/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   176

148

арнаға тоғыстыру, компьютердің жадына жазып, мағына-мәнін түсіндіріп, 

қолданыс  аясын  анықтап,  айқындап  мемлекеттік  тілдің  лексикалық, 

фразеологиялық, т.б. қорын жасау, оны мемлекет қамқорлығына алу.

Мұндай  игілікті  істің  тамаша  үлгісін  Маскеудегі  Орыс  тілі 

институтынан көруге болады. Осы күнге дейін “қазақ тілінің сөз байлығы, 

мағыналық  байлығы  қанша?”  деген  сауалға  бірде-бір  ғалым  жауап  бере 

алмайды. Сөз – базардан қаптап алып, қапшықтап тарататын картоп емес, 

әрбір  жаңа  түбір  (одан  сөз  туындай  береді  ғой)  тілде  ғасырда  бір  пайда 

болатын  өте  сирек  құбылыс,  феномен.  Сондықтан  олардың  барлығы 

өркениетті  ел  дәстүрінде  қатталып,  паспортталып,  компьютер  жадында 

мәнгі-бақи сақталып, толығып отыруы керек.

Мемлекеттік тілдің ең жанды, әрі сезімтал тетіктерінің бірі – ақпарат 

құралдары: баспасөз, радио, теледидар екендігі баршаға мәлім. Бұларсыз 

жұртшылық – керең, мылқау, соқыр бейнелі. Сондықтан да мемлекеттік 

тілдің  үрдісі,  қолданыс  аясы,  атқаратын  қызметі  осы  құралдардың 

қаншалықты жүзеге асуына тікелей байланысты.

Мемлекеттік  тіл  мен  орыс  тілінде  шығатын  газет-журналдардың 

ара салмағы – саны мен таралымы – шамамен 30 бен 70 пайыз болғанда, 

радио  мен теледидар бағдарламаларын 50 пайызға жеткіземіз деп (әсіресе, 

Иманғали  Тасмағамбетов  пен  Мұхтар  Құл-Мұхаммед  мырзалар)  қанша 

жанталасып жүрсе де қасаң болып, қалыптасып қалған дәстүрді өзгерту 

қиын болып тұрғанын бәріміз де көріп отырмыз.

Бүкіл отбасы, ошақ қасымыздан тартып рухани өмірімізді билеп-төстеп 

отырған теледидардың мемлекеттік тілімізге ашықтан-ашық шабуылының 

зиянын,  әсіресе  бүгінгі  жас  ұрпақтың  болашағына  келтірер  қасіретін  еш 

нәрсемен өлшеуге болмайды.

Одан  шығатын  жол:  егер  өкімет,  мемлекет  сыртқы  әсер  мен 

ыкпалдың  тек  игіліктісін  ғана  таңдап  алып,  зияндысынан  өзін  таза 

ұстау идеологиясын қатал жүргізе алмаса, жоғарыдағы басқа тірліктің 

бәрі жақын жылдардың ішінде босқа кететіні сөзсіз.

XXI  ғасырда  айқын  сезіле  бастаған  да,  ашық  айтылып  та  жүрген 

жаһандану  үрдісінің  демеушісі  АКІІІ-та,  оның  тіл  саласындағы  ұстанған 

саясаты – ерте ме, кеш пе, ой әйтеуір, жер жүзіне ағылшын тілінің үстемдігін 

жүргізу. Бұл процес ғылым мен техника, экономика, мәдениет, т.б. саламен 

қабаттаса, бүкіл Азия елдерінің де көбіне ене бастады. Қазақ өмірі де содан 

тыс қалып отырған жоқ.

Басқа ұлттарға, әсіресе қалыптасып тұрақтанған елдерге бұл процестің 

әсері өзгеше болса да мемлекеттік тілінің жағдайы өзімізге белгілі қазақ еліне 



149

тигізер әсері бірден игілікті де бола қоймайтын сияқты. Біз үшін, біздің тіліміз 

үшін, бұл жаһандану қазақ атам айтқандай: «Кедейді қарақшы кезенде күтіп 

алып бір тонаса, ойпатта жатып алып екі тонайды» дегеннің керін келтіретін 

сияқты.

Қазақ тілі орыс тілінің өктемдік әсерінен құтыла алмай отырғанында, 



ағылшын  тіліне  қақпасын  ашуға  мәжбүр.  Ал  ағылшын  тіліне  лап  қойған 

жастар қазақ тілі тұрмақ, орыс тілінің өзіне селқос қарайтын болды.

Міне, жаһанданудың тілімізге тигізср әсері.

Ендігі  мақсат-жаһанданудың  тайқазанында  ең  болмаса  “қазақ”  болып 

қайнау үшін қолдан келетін айла-амалды ойластыруымыз керек.

Қорыта  келгенде  айтарым:  мемлекеттік  тілімізді  аман  сақтап, 

тұрақтандырып, ілгері дамыту үшін қазақ баласына, бәрімізге ұлттық сана 

азаматтық биік тұғыр; мемлекеттік идеология қажет-ақ.

Ана  тіліміздің  атқаратын  қызметтері  қандай?  Әдетте,  оның  негізгі 

қызметін  –  адамдар  арасындағы  құралы  деп  санайды.  Алайда  оның  сан 

алуан қызмет атқаратынын қарапайым жұрт біле бермейді. Мәселен көркем 

шығарма  тілі  адамға  эстетикалық  ләззат  сыйласа,  тілдің  жинақтаушылық 

қызметі  халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  рухани-мәдени  байлығын, 

салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, танымдық қасиеттерін бойында сақтап, ұрпақтан-

ұрпаққа, атадан-балаға мұра етіп жалғастыратын қасиетке ие. Ол ғана емес, 

тіл – қорған, тіл – қару, өнер алды –қызыл тіл, тіл– ұлттың жаны мен тәні, 

т.т. Сонымен қатар: тіл – елдің елдігінің кепілі, ұлтты ұйыстыратын ұйытқы.

Осылардың әрқайсысы жеке-дара философиялық ұғымдар. Өз тілінен 

айырылған ел – ел емес, ұлт – ұлт емес. Өйткені, этностың ұлт санатына 

қосылуы  үшін  қажетті  де  міндетті  шарттарына:  ортақ  табиғи  орта,  ортақ 

күнкөріс көздері, ортақ тіл, ортақ психология жататыны белгілі. Сондықтан 

да қазақ халқы бүгінгі жержүзілік жаһандану процесінде біртұтас ұлт болып 

калуы үшін ана тілінің тac түйін етіп ұйыстыратын ұйытқысы болар құдіретті 

күшіне сүйенуі керек деп білеміз.



«Егемен Қазақстан», 30 қазан 2002 жыл

Халқымның алтын діңгегі – Сыр бойы

–  Қазақ  тілі  туралы  заң  қабылдауға  белсенді  атсалысқан  азамат 

ретінде,  республикалық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  президенті  ретінде  сол 

Қазақ ССР Заңының қазіргі жүзеге асу барысы туралы айтсаңыз?

– Әрине, заңның іске асуы жөнінде бір ауыз сөзбен келте қайырып айту 

қиын. Өйткені, қазақ тілі туралы Заңның дүниеге келуі қаншалықты қиын 

болса, оны іске асыру да оңай болып отырған жоқ. Қабылданған заң тәртіп 




150

бойынша  іске  асуы  керек.  Оны  іске  асыру  үшін  толып  жатқан  шарттар 

сақталуы  тиіс.  Біріншіден,  заңның  өзінің  қабылдануы,  яғни  мемлекеттің 

ана  тілін  ұстап  қалу,  оны  болашақта  дамыту  үшін  заңдандырылуы 

үкімет тарапынан жасалған қамқорлық деп бағалау керек. Бұл бізде бар. 

Екіншіден, заңның іске асуына қажетті, оны қамтамасыз ететін мемлекет 

тарапынан тиісті қаражат бөлінуі керек. Қазақ ССР үкіметі 2000-шы жылға 

дейінгі  қазақ  тілі  туралы  бағдарламасында  бұл  туралы  атап  көрсеткен. 

Егер соның бәрі іске асатын болса онда біздің заңымыз толық жүзеге асады 

деп ойлаймын. Бұл бағдарламада қазақ тілі үшін 2,5 миллиард сом қаржы 

бөлінеді делінген. Қазіргі қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты 

ол әлі бөлінген жоқ.

Үшіншіден,  заңды  ел  болып,  жұрт  болып  шын  көңілден  ықыласпен 

қабылдау, оған қолдау көрсету қажет. Тілге ықылас болмаған жерде нәтиже 

шығуы қиын.

Төртінші, бүкіл ел болып, жұрт болып халқымыздың ұлттық, жұрттық 

сана-сезімін ояту керек деп білемін. Өйткені, бүкіл республика бойынша 

қазір  17  облыс,  80-нен  аста  қала,  250-ден  астам  аудандарда  «Қазақ  тілі» 

қоғамының ұйымдары құрылып болды. Өз жұртымыздың қазақ тіліне 

деген ықыласы, ынтасы өте жоғары. Соған қарағанда бұл қоғам ерте ме, 

кеш пе өзінің алдына қойылған міндетін орындайды деген нық сенім 

бар.


Әрине,  қазір  заң  ойдағыдай  еш  кедергісіз  іске  асырылып  жатыр 

деп айту қиын. Өйткені, 70 жылдан бері қағажу көріп келген тілімізді 

қалпына келтіру үшін уақыт керек. Бұған ең кемінде 5–10 жыл қажет. 

Бұларды заңның орындалу барысына байланысты айтып отырмын. 



–  Әбеке,  қазақ  тілі  туралы  заңның  іске  асуына  кедергі  болып 

жүргендер туралы айтсаңыз?

– Біз заң қабылдағанда оны орындалады, оны іске асыру міндетіміз 

деп қабылдадық. Бірақ, қазірдің өзінде заңға оң жақтан да, сол жақтан да 

шабуыл жасаушылар бар. Біреулері, ол тіпті қазақ халқының өкілдері, 

олар тілдік нигилизмге салынғандар. Олар қазақ тілінің қажеті қанша, 

онсыз да көшіміз жүріп келеді ғой дейді. Біз олардың біразымен күрес 

жүргіздік,  біразына  сын  айттық,  бірқатарына  түсіндірдік.  Олардың 

бірсыпырасы қазір түсінгендей сыңай білдіріп жүр. Сондай-ақ кейбір 

адамдар  ашығын  айтқанда  сол  заңның  болашағына  сеніңкіремейтін 

пиғыл білдіреді. Бұлар әсіресе, қазақтың зиялы қауымы, орысшаға ден 

қойып  кеткен  совет,  партия  қызметкерлерінің  арасында  бар.  Реті  келсе 

бұлардың  бірқатарының  аяқтан  шалу,  етектен  басу,  кейін  тарту  секілді 




жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау