118
жиналыста жүрген Назарбаев елге келе сала қазақ тілін қолдайтынын
ашық айтты. Сол-ақ екен, менің әлі жарыққа шықпай жатқан мақалам
газетке басылды.
Мен талай үлкен жиналыстарда Колбинге қарсы шығып жүрдім.
Арнайы шақырып сөйлескенінде де алған бетімнен қайтпадым. Сондай
жиындардың бірінде, сол кезде Шет тілдер институтының ректоры болған
қазақ Колбинді жақтап, өзге тілдің өрісін кеңейтуді қолдады. Бүкіл қазақ
зиялыларының бетіне топырақ шаша сөйледі. Кейінірек, қазақ билігінің
басына қазақ келген заманда, Ұлттық ғылым академиясына мүше сайлап
жаттық. Міне, қызық, әлгі қазақ тіліне қарсы қазақ қоғамдық ғылымдар
бөлімшесі бойынша мүшелікке құжат тапсырыпты. Мен сол қоғамдық
ғылымның корреспондент-мүшесімін, соған орай дауыс беруім керек. Бір
кезде әлгі қазақ шығып сөйлеген кезде, оған «сіз Колбиннің алдындағы
қазақ тілі мен орыс тілін қатар қолдану керек деген пікіріңізді өзгерттіңіз
бе?» деп сұрақ қойдым. Ол «ол енді саясат қой» деп күмілжи берді.
Ақыры мүшелікке өте алмай қалды.
Біздің Елбасымыз сол заманда да қазақ тіліне қолдау көрсеткен еді.
Қазір де қолдап жүр. Менің кеудеме «Отан» орденін тағып тұрғанда «бұл
сіздің тіл үшін жасаған еңбегіңізге көрсетілген құрмет» деп айтты ол кісі.
Қазақ тілі бүгінде аяғынан тік тұрып кетті деп, әрине, айта алмаймыз.
Дегенмен оң өзгеріс бар. Ең бастысы, Үкіметтің өзі бұл мәселеге тікелей
араласып отыр. Түрлі заңдарды қабылдап, қадағалауды қолға алып отыр.
Жауапты қызметке алынатын мамандардың тіл білуін талап ете бастады.
Үкімет араласса, үкі таққан тіліміздің бағы ашылады ғой деп ойлаймын.
Қазақ тілінің мәртебесін көтермей, мемлекеттің маңызы артпайтыны
кім-кімге де белгілі қағида ғой.
– Қателессең, кері тартып, дұрыс қолдана білсең, алға
сүйрейтін және тілді байытатын құралдың бірі – термин. Бір
кездері терминдерді жаппай қазақыландырамыз деп орынсыз
еңбектенгеніміз соншалықты, тіліміздің дәмін кетіріп ала
жаздадық. Жалпы, терминдерді аударуға калай қарайсыз?
Терминдерді сол қалпында қалдыруға болмайды. Жекелеген
терминдер біздің ұғымымызға сіңісіп кетпеуі де мүмкін. Бірақ
терминдерді қазақыландыру керек деп ойлаймын, бұл менің жеке
пікірім. Сонымен қатар, сырттан келген терминдерді шығарып тастап,
олардан бас тартуға да болмайды. Бұл мәселеде әлі көп ойласамыз.
Терминология – өте нәзік ғылым. Әрбір жаңа терминнің табиғатын
тұра тауып, қазақтың ұғымына сай жасау оңай шаруа емес.
119
– Бүгінде жиырма жыл толып отырған, елімізді жаһанға
мәшһүр еткен Тәуелсіздіктің туған тілімізге әсері болды ма?
– Тәуелсіздігіміздің тілге тигізген әсері орасан. Қазір қазақ баласы
қазақ балабақшасына барады, қазақ баласы қазақ мектептерінде
оқитын болды. Кезінде біздің студент шағымызда трамвайда отырып
бір қазақ бір қазаққа деп өз тілінде сөйлессе, сондай жерде отырған
орыстың кемпірлері «адамның тілінде сөйлесіңдер» деп зекитін. Мен
өз көзіммен көрдім сондай жағдайды. Түркияға сапармен барьш,
сонда осы елдің Премьер-министрі марқұм Демирелдің омырауына
«Қазақ тілі» қоғамының Алтын белгісін таққан кезде, ол бізге
«сендер бұл күнге егемендіктің арқасында жетіп отырсындар» деп
еді. Осы Тәуелсіздіктің шарапаты қазақтың әрбір ісіне тиіп жатқаны
анық. Қазір бізге жиналыстарда ешкім залдан «өзге тілде сөйле!» деп
айғайламайды, қазір көшеде бізге ешкім «өз тіліңде сөйлеме!» деп
жекімейді, осы табыс емес пе?! Тәуелсіздіктің, Қазақ мемлекетінің
азаттығын, өзге ұлттармен терезесі тең екендігін қазақ түсінді,
қазақ сезінді, енді арамыздағы өзге ұлттар да оны сезінуге тиіс және
мойындауы керек.
Біз осы қол жеткізген жетістіктерімізге марқайып қалмауымыз
керек. Тәуелсіздік үшін, азаттық үшін, мәдениет пен руханият үшін,
тіл үшін күрес ешқашан тоқтамайды, соны әсте естен шығармауға
тиіспіз.
– Әңгімеңізге рахмет.
«Егемен Қазақстан», 2011, 16 қараша..
(Сұхбаттасқан Қ. Ескендір)
Сабырлы саясаттың салиқалы шешімі
(Латын жазуына ауысу туралы ой)
Қазақ халқы тарихының жарқын беттері мен жабыраңқы сәттері
аз болған жоқ. Солардың біріне оның тіліне байланысты жағдайлары
жатады. Тіліміздің болмыс-бітіміне кінарат жабысқанына да біраз уақыт
өтті. “Батпандап кіріп, мысқылдап шығатын індеттей” ол созылып
келеді. “Ол неден?” деген сауалға берілетін жауап та көп. Пайымдай
келе айтарымыз: тіл тынысының тарылуы сонау отаршылдық заманнан
басталып, тоталитарлық режимнің егемендікке дейінгі біржақты қитұрқы
саясатымен жалғасқаны да баршаға мәлім. Егемендікке қолымыз
жетіп, тәуелсіз мемлекет те болдық, Конституциямен заңдастырып,
Тіл заңын қабылдап, “мемлекеттік тіл” мәртебесіне ие болдық. Бірақ
120
тіл үшін “күрес” әлі жалғасып келеді; әлі күнге дейін бір ұтысымыз
бір табысымызға ұласпай келеді. “Егемендік алғанымызға 15 жылдан
асып бара жатса да, тілдік санамыздағы осы ескі дерттің кетпеуінің
себебі неде? Одан қалай құтылуға болады?” деген мәселе бүгінде барша
жұртты қатты ойландыруда. Содан да болар, “егемендіктің бізге бергені
экономикада болмаса тілімізде еш байқалмайды!” дейді кейбіреулер. Бұл
да рас. Бірақ аузымызды қу шөппен сүрте беруге де болмайтын сияқты.
Егемендік алғаннан бері күресіміздің нәтижесінде тіл мәселесін қолма-қол
шешіп алмасақ та, бірақ оның стратегиялық, теориялық және практикалық
мәселелеріне тікелей қатынасы бар бір қауым мәселенің басы ашылып, бітер
істің жарқын болашағы айқындалып келеді. Ол ойлардың көбісі елбасының
өз аузымен айтылып, жарияланып, қалың жұртшылықтың көңілінен шығып
отыр. Әрине, олар көп жылдан бері тығырыққа тіреліп, тілдің тұла бойына
дертін дәл қазір, дәл бүгін шешіп тастайтын “панацеясы” емес, елбасының
ойланып-толғанып жүргізіп отырған сабырлы да салауатты саясатының
пайымды да парасатты, өз ретімен бірінен кейін бірін шешуге бағышталған,
елді даурықтырмай, жұртты үркітпей, қызыл қырман қарбаласына
айналдырмай жүзеге асыру үшін ұстанып отырған сара жолы. Ол – саясат,
түптеп келгенде, Қазақстан халықтарының тұтастығын, бейбіт те мамыражай
қалпын бұзбай, бекем бірлігін қалыптастыру.
Егемендік алғаннан бергі тілімізге байланысты сол ой-тұжырымдардың
айтылып та, ретіне қарай жүзеге асып та келе жатқан, өзінің орынды кезегін
күтіп те тұрған, тіліміздің болашақ үрдісінің бағыт-бағдарын әлі анықтай
түсудің қажеттігін пікір-тұжырымдардың бір қатары, түсінген адамға, әр
кезде, әр ыңғайда айтылып та қойылды. Тек олардың стратегиялық мән-
жайын түсіне білуіміз керек…
Біз солардың біразын атап өтіп, өзімізше таратып көрейік:
1. Тіліміздің бүгіні мен болашағы үшін ғасырлар бойы тоқтаусыз
жүріп келе жатқан күрес елбасындағы Е.Колбин мырзаның тіл саясатына
байланысты, қайткен күнде де қазақ, орыс тілдерін тең мемлекет тілі етіп
ұсынуына байланысты зиялылар арасында басталып, сол кезде құрылған
халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының қалың жұртты үгіттеп, Орталық
орынға қап-қап хат ұйымдастырған әрекетін біреу білсе де, біреу білмеді. Бұл
бірінші жеңіс еді.
Тілімізді құқықтық түрде қорғап қалу, оған заңды түрде мемлекеттік
мәртебе бергізу ісі қыл үстінде тұрғанда 26 зиялы азаматтан тұратын
Мемлекеттік комиссияның қажырлы еңбегінің өзі тарихи оқиға болып
қалмақшы. Мемлекеттік мәртебе алған тілімізге одан кейін де “шабуыл”
Достарыңызбен бөлісу: |