2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет163/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176

467

Өйткені,  тілдің  сиқырлы  күшін  сезінбеген  «ұстаз»  жас  ұрпаққа  тіл 

ұстартуы  неғайбыл.  Ол  тек  өзіне  ұқсас,  өз  жолын  қайталайтын,  өз 

тәсілін қолданатын шәкірт тәрбиелеуі мүмкін. Сондықтан талантты 

да талғамы зор ұстаздарға тек математика, физика, химия пәндері ғана 

емес, жас ұрпаққа тіл ұстартатын, «мәңгілігіміздің мәңгілігі», рухани 

байлығымыздың қайнар бұлағы ана тіліміз де зәру-ақ. Қостілділікті 

дамытудың тағы бір кепілі осы. Өйткені, өз тілін сүйе алмаған адам, 

өзге тілді де сүйіп жарытпайды. Профессор Вильгельм фон Гумбольт 

«Халықтың  тілі  –  оның  жаны,  халықтың  жаны  –  оның  тілі,  бұдан 

салтанатты нәрсені ойлап табу қиын» десе, А.В.Луначарский «басқа 

тілді білу адамға тағы бір қос жанар сыйлайды тағы бір жүрек береді, 

миыңа ми қосады» деген болатын.

Осыны түсіне білсек, ана тілімізді де, орыс тілін де жетік білетін 

замана  арманындай  азаматтарды  тәрбиелеу  бүкіл  қоғамның  абзал 

борышы,  партия  мен  үкіметіміздің  ең  асыл  мақсаты  деп  білеміз. 

Тіл  тәрбиесін  жолға  қою,  тіл  мәдениетін  көтеру  бүгінгі  таңның 

биік талабына сай шешілуі кажет. Қазақ тілінің қоғамдық қызметін, 

қолданыс аясын кеңейту үшін, беделін көтеру үшін «Қазақ тілі» деген 

журнал шығарсақ, күнделікті баспасөз бетінде тіл мәдениеті туралы 

материалдарды  үзбей  жариялап  тұруды  дәстүрге  айналдырсақ,  нұр 

үстіне нұр жауған болар еді. Бұл салада ойланатын мәселелер көп-ақ.



«Жұлдыз», 1988. 10 қазан. 153-159 б.

Орыс тілі – достық тілі

Тіл  табиғаттың  адамға  сыйлаған  таңғажайып  қасиеті.  Бұл  арқылы 

адамзат ғасырлар бойы өзінің күнделікті тіршілігінде бір-бірімен түсінісіп, 

өмір  сүріп  келеді.  К.Маркс  пен  Ф.  Энгельс  тілді  адамдардың  қоғамдық 

ортақ өнімі деп тамаша айтқан. Шындығында да еңбек пен сөз бірігіп адам 

мен  қоғамды  алға  дамытты.  Сондықтан  да  адамзат  қоғамын  тілсіз  көзге 

елестетудің  өзі  қиын  дейді  В.  И.  Ленин.  Ол  қоғамдық  дәуірдің  барлық 

баспалдақтарында адамдардың арасындағы қатынас құралы болып келеді.

Біз  сөз  етіп  отырған  тіл  арқылы  адамдар  ұлтқа  бөлінген.  Уақыт 

бедерінде  қай  тіл  болсын  дамып,  жетіліп  отырды.  Соның  нәтижесінде 

кейбір ұлттық тілдер белгілі тарихи жағдайлар мен әлеуметтік себептердің 

арқасында әлемдік арнадан орын алды. Сөйтіп, бүкіл халықтар тарихында 

ерекше роль атқарды. Осындай тілдердің қатарына орыс тілі де жатады.

Қазіргі  заманымыздағы  орыс  тілі  тарихи  функция  мен  оның  роліне 

байланысты көп ұлтты Совет мемлекетінде қоғамдық негізгі тілге айналып 



468

отыр.  СССР-дің  барлық  халықтарының  ұлтаралық  қатынасының  ортақ 

құралы  болған  ол  біздің  Советтік  Қазақстанға  да  тән.  КПСС  Орталық 

Комитетінің  Бас  секретары,  СССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының 

Председателі Л. И. Брежнев жолдастың «Тың» атты еңбегінде біздің өлкеміз 

«жүз тілдер елі» деп босқа айтылмаған. Осы ұлы қатынас құралы арқылы 

Советтер  Одағындағы  120-дан  аса  халық  бір-бірімен  түсінісіп,  жарқын 

болашаққа қарай бір сапта нық адымдауда.

Біздің  көп  ұлтты  еліміздегі  тілдік  қатынас  мәселесі  кездейсоқтық 

емес.  Өйткені  көсеміміз  В.  И.  Лениннің  өзі  кезінде  Отанымыздағы 

халықтардың  ана  тілдеріне  деген  толық  еркіндігі  болуы  керектігін  атап 

өте  отырып,  мемлекеттік  тілдің  функциясын  орыс  тілі  атқаруы  қажет 

екендігін мақұлдаған болатын. Сондықтан да оған байланысты туындаған 

проблемалар үкіметіміз бен партиямыздың ұлттық саясатының ажырамас 

бір бөлігі ретінде және маркстік-лениндік ілімнің негіздеріне сай қаралып 

мемлекеттік саясат деңгейінде дұрыс та айқын шешіліп келеді.

Советтік  шындық  лениндік  идеялардың  өміршеңдігін  дәлелдеді. 

Бүгінгі күн мысалдарынан көріп отырғанымыздай ұлы орыс халқының 

тілін біздің еліміздің халықтары, сонымен бірге Советтік Қазақстан да өз 

еркімен қабылдады. Сондықтан да ол ұлтаралық қатынастың құралына 

айнала  отырып  кейбір  орыс  емес  ұлт  өкілдері  үшін  тіптен  екінші  ана 

тілі  болып  қалыптаса  бастады.  Совет  адамдары  қазіргі  таңда  оны 

құштарлықпен үйренуде. Себебі бұл достық пен туысқандықтың, ғылым 

мен техниканың тілі, сонымен қатар бұл мәдениет пен прогресс тілі. 1970 

жылы жүргізілген санақ мәліметіне қарағанда (ол кезде біздің елімізде 

240 миллион адам болған, оның 129 миллионы орыстар) өзіміз сөз етіп 

отырған  тілді  ана  тілі  ретінде  қабылдаған  жандардың  мөлшері  141,8 

миллионға жеткен. Соның ішінде оның 13 миллионы өзге ұлттардың өкілі 

еді. Ал 42 миллион орыс емес ұлттың өкілі оны екінші ана тілі ретінде 

қабылдаған. Бұл еліміздегі 184 миллион адам өзіміз әңгіме етіп отырған 

тілде сөйлей алады деген сөз. 1979 жылғы деректе біздің қазақ халқының 

52,3 проценті орыс тілінде еркін сөйлесе алатын болып шықты. Бұның 

өзі кейбір одақтас республикалармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. 

Ал, осы қатынас құралының халықаралық беделіне келетін болсақ, қазір 

дүние жүзіндегі 500 миллионнан аса адам орыс тілін білетін болып отыр.

Орыс тілінің байланыс құралы ретінде кең ауқыммен өсе түскеніне 

қарап,  бұдан  өзге  жергілікті  ұлттық  тілдердің  ролі  төмендеді  деген 

ой  тумаса  керек.  Ол  шет  елдегі  буржуазия  идеологтарының  даңғаза 

пікірлеріне  мүлде  керісінше  өрістеп  келеді.  Мәселен,  біздің  елімізде 



469

орыс тіліне қандай даңғыл жол ашылса, басқа да ұлт тілдерінің дамуына 

сондай жағдай жасалған. Оған Совет Одағындағы халықтардың ертедегі 

жойылуға  тақау  қалған  және  олардың  дәуір  деңгейіне  қарай  кенжелеп 

дамыған  70  тілінің  аз  мерзім  ішінде  қайтадан  әдеби  нормаға  келгенін, 

соның ішінде 50 тілдің тек Совет өкіметі тұсында ғана алғаш рет жазбаша 

сипатқа ие болып, көпшілікке танылуын айтуға болады.

Сонымен  бұл  бағытта  қазір  екі  жақты  процесс  жүріп  жатыр: 

біріншісі,  барлық  ұлттық  тілдер  еркін  де  тең  жағдайда  дамып  жатса, 

екінші  жағынан,  біздің  еліміздің  халықтары  арасында  орыс  тілінің 

ұлтаралық  қатынас  құралы  ретінде  маңызды  роль  атқаруы.  Мінеки, 

осыған қарап ұлттық аудандарда қос тіл тең жағдайда дамып отырғанын 

байқаймыз.  Буржуазия  идеологтары  бұл  процесті  неғұрлым  теріске 

шығаруға тырысады. Себебі, олардың ойынша күшті әлсізге немесе көп 

азға жүре келе үстемдік етеді деген байбалам. Мұның теріс те қате пікір 

екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.

Адамзат тарихында екі және көп тілді процесс бүгін ғана ашылған 

жаңалық емес. Ол ежелгі заманнан бері Батыста да, Шығыста да болған 

жай. Бұл жөнінде бізге дейін Қашғари, Фирдоуси, Физули, Навои сияқты 

ойшылдар  өздерінің  классикалық  туындыларында  жақсы  айтқан. 

Дегенмен көп ұлтты Совет мемлекетінің жағдайында екі тілді процестің 

бұрын болған, айтылған процестерден айырмашылығы тіптен басқаша, 

дәлірек  айтсақ  әлеуметтік  салмағы  өте  күрделі.  Соның  нәтижесінде 

ол  біздің  елімізде  көтерер  жүгінің  көлемділігі,  бұқаралылығы,  даму 

перспективасының  ауқымдылығы  жағынан  советтік  қоғамымыздың 

одан әрі дамуына тиімді жағдай туғызып отыр.

Біздің туған халқымыз еліміздің басқа да халықтары сияқты ұлы 

Лениннің  тілін  еркін  меңгеріп,  еркін  сөйлей  алады.  Ол  таңғажайып 

мәдениет пен әдебиетті тудырған тіл.

Қазір Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуының 250 жылдық 

мерекесі жақындап келе жатыр. Өткен жылдар қатпарында қашанда ұлы 

оқиғалар тізбегі жатады. Екі халықтың достығы екі жарым ғасырлық 

осы уақыт ішіндегі сындарда құрыштай шынықты.

«Лениншіл жас», 1982. 17 сәуір.

Орыс тілі және тіл мәдениеті

«Тіл  –  адам  баласының  ең  қажетті  қатынас  құралы».  Барша  тілдің 

қоғамдағы  атқаратын  қызметін  В.  И.  Ленин  осылайша  бағалаған  еді. 

Тіл болмаған жерде қоғамның өмір сүруі, сондай-ақ коғамнан тыс тілдің 




жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау