256
жетекшілерінің Қазақстан жұртшылығына үндеуі жарияланған еді. Онда
халықтың қалың бұқарасын, саяси және қоғамдық ұйымдарды, топтар
мен жіктерді алаң етіп келе жатқан маңызды мәселелер дұрыс көтерілді.
«Түркістан» газеті осынау үндеудің республика халықтарының достығы
мен азаматтық ынтымағын күшейтуге бағышталған маңызды құжат
екенін ескере отырып, 19 сәуірде ашылатын жаңа парламент сессиясы
алдында жариялауды жөн көрді.
Таяуда республикадағы ұлттық мәдени орталықтар мен қоғамдық
ұйымдардың жетекшілері қазақстандықтарға үндеу жолдады. Онда
былай делінген.
Ардақты отандастар! Егемен ел болып, Конституциямызды
қабылдап, тілегі бір, жүрегі біртұтас халық болып қалыптасуға бет
алғанымызға аз ғана уақыт өтті. Ендігі тағдырымыз осы қол жеткен
табыстан айырылып қалмай, мемлекеттік заңдарымызды дәйектілікпен
жүзеге асыруға тікелей байланысты болып отыр. Ол үшін тізе қосып
еңбек етіп халқымыздың әл-ауқатын көтеруге қолымыздан келгенше
үлес қосуға тиіспіз. Сонда ғана достығымыз нығайып, бірлігіміз
арта түспек, Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуы ешқайсымыздың
намысымызға тиген жоқ. Себебі, Қазақстанда қанша тіл болса,
соның бәрі бірдей мемлекеттік тіл бола алмайтыны өзінен өзі белгілі.
Сондықтан қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін біз тек тарихи әділдік
тұрғысынан ғана емес, республика халықтарының достығын, азаматтық
ынтымағын орнықтырудың берік кепілі ретінде де қабылдадық. Орыс
тілінің ұлтаралық тіл болуы да еліміздің демократиялық бағытқа
алаңсыз бет бұрғанының айқын белгісі болды.
Бірақ, әр саяси науқан сайын ұйи бастаған тіршілігіміздің берекесін
алып, жасалған істерді жоққа шығарып, қабылданған заңдарды қайта
қарауға шақырып, Қазақстан халықтарының арасына от тастаушылар
көбейіп барады. Әсіресе, мемлекеттік тіл мәртебесіне таласу қатерлі
сипат ала бастады. Қатерлі болатын себебі, республикамыздағы
ұлтаралық орыс тіліне тағы да екінші мемлекеттік мәртебе беру керек
деген ұсыныс, ол негізі Ресей шовинистерінің ежелгі идеясы болатын.
Өкінішке орай, мемлекетімізді бөлшектеуге, Конституциямызды
мойындамауға бағытталған осындай арандатушылық әрекеттерге өз
арамыздан қосылып жүргендер де аз емес. Қазақстанда басқа да ұлт
өкілдері бар екенін ескерсек, мұның өзі халықтардың тең дәрежелігіне
негізделген шынайы достығымызға нұқсан келтірері сөзсіз.
Қазақстан өз бетінше күн көре алмайды-мыс деген жалған
257
тұжырымды желеу етіп, республикамызды конфедерация түрінде Ресейге
қоспақ болып отырған, ол аз болғандай, әлдеқашан қабылданған заңды
бұзып, орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру керек деп ұран салып, елді
дүрліктіріп жүрген халық Конгресі, Социалистік партияларының кейбір
жетекшілерінің, мемлекеттік қос тілділікке қол соғып отырған болашақ
халық қалаулыларының әрекеттері халық мүддесіне қарсы екенін ашық
айтатын кез жетті, ағайын. Мінеки, - біздің болашақ Парламентінің түрі.
Ел болатын елдің парламент мүшелері мемлекеттілік үшін күресуші
еді, біздердікі Конституцияға қарсы күресетін болды.
Бізге саясаткерлердің жеке бастарының бақталастығы түкке де
қажет емес. Бірақ өз мақсаты үшін халық мүддесін құрбан қылудан
тайынбайтын «көсемдердің» қылығынан түңілгенімізді жасыру
енді өзімізге қауіп. Өйткені, еліміз ең бір жауапты кезеңнің тұсына
келді. Халық тағдыры ойыншық емес. Өз тыныштығымызды өзіміз
бүлдірмейік.
Біз республикамыздағы ұлттық мәдени орталықтар мен қоғамдық
ұйымдардың атынан бүкіл Қазақстан халқын, саяси қайраткерлер мен
болашақ халық қалаулыларын Конституциямызды қорғауға, оның
ішінде мемлекеттік тіл туралы заңымызды сақтап қалуға шақырамыз.
М.Ә.НОВРУЗОВ – Әзірбайжан «Туран» ұлттық мәдени орталығының
президенті.
М.В.ХВАН – Корей ұлттық-мәдени орталығының бастығы.
Г.Б.ХАН – Республикалық Корей ассоциациясының президенті.
А.Г.ЛЕВКОВСКИЙ – «Вензь» поляк қоғамының бастығы.
Р.И.ИСМАИЛОВ – Республикалық Ұйғыр қоғамының бастығы.
Т.А.КУРДАЕВ – Республикалық Түрік ұлттық-мәдени орталығының
бастығы.
Н.Х.ИШАЛИНА – Татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығы
бастығының орынбасары.
Н.А.ЛЬВОВ – Чуваш ұлттық-мәдени орталығының бастығы.
Ә.ҚАЙДАРОВ – академик, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
президенті.
Ш.УӘЛИХАНОВ – қазақтың тарих және мәдениет ескерткіштерін
қорғау қоғамының төрағасы.
Т.ӘБДІКОВ – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші
хатшысы, Халықаралық Абай қорының президенті.
Б.ОМАРОВ – Қазақстан театр қайраткерлері одағы төрағасының
орынбасары.
258
Б.ЖҰМАНИЯЗОВ – Қазақстан Композиторлар одағының бірінші
хатшысы.
Ә.НҰҒЫМАНОВА – Қазақстан мұсылман әйелдері одағының
төрайымы.
С.ТӘНЕКЕЕВ – Қазақстан мүгедектер қоғамының президенті.
Б.ЕРҒАЛИЕВА – Қазақстан Республикасының адам құқығы жөніндегі
демократиялық комитетінің тең төрайымы.
«Түркістан» 19 көкек 1994.
С чего начинается родина?
Языковая культура является частью общенациональной. Во всех
странах уделяется чрезвычайно большое внимание к различного рода
вывескам, надписям, рекламным объявлениям, ценникам, торговым ярлыкам,
их правильному написанию и единообразию. Ежедневно миллионы людей
читают их, получая информацию о многих сторонах жизни. Если на минуту
представить, что они исчез ли, то люди оказались как бы в потемках.
Иностранцы, посещаю щие республику, судят об уровне нашей культуры и
по вывескам, и надписям на улицах, и в других общественных местах.
К сожалению, пока в Ка захстане наблюдается пол ный разнобой
и малограмотность в этой сфере. Можно привести много примеров
безграмотных вывесок на государственном языке. По этой важной
проблеме мы обратились к президенту Международного об щества «Қазақ
тілі», директору ин ститута языкознания HAH РК акаде мику Абдуали
Туганбаевичу Кайдарову.
–
Абдуали Туганбаевич, вы яв ляетесь членом Государственной
комиссии по ономастике при Каби нете Министров РК. Расскажите,
пожалуйста, о работе по упорядоче нию географических наименований,
исторических названий населенных пунктов улиц, государственных и
административно-территориальных объектов.
–
Как известно, в Казахстане на протяжении многих десятилетий
исторически национальные названия местностей, населенных пунктов
подвергались изменениям, искажениям в угоду социальной и политической
конъюнктуры. Примеров этому не счесть. Сотни поселков Ванновка,
Георгиевка, Алексеевка, совхозы «Московский», «Харьковский»,
«Одесский», «Ленинградский», иска женные казахские названия Боровое
вместо Бурабай, Медео вместо Медеу, Кокчетав вместо Кокшетау... Главная
задача комиссии по ономас тике заключается в восстановлении исторической
справедливости в на званиях на основе подлинно научного подхода.