235
қой. Өткенді көксеу, ностальгия күшті ғой бізде. Болмаса кей ағаларың тура
жолды табу кезінде, ылги да ши шығарып отырады.
– Әңгімеңізге рахмет. Ши шықпасын деп тілейік!
«Azamat », 2005. № 6 (6), 14 сәуір – 21 сәуір 5-б.
(Сұхбаттасқан А. Еркімбай)
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының
төрағасы Өмірбек Байгелді мырзаға
АШЫҚ ХАТ
«Бірде-бір халық жер бетіңде уақытша өмір сүргісі келмейді – бәрі де
мәңгілікті қалайды» (бұл – Шыңғыс Айтматов пікірі). «Мәңгіліктің мәңгілігі
– әр халықтың ана тілі» (бұл Ғабит Мүсірепов пікірі). «Мың өліп, мың
тіріліп» (Жұбан Молдағалиев), егемендік пен тәуелсіздікке енді ғана қолы
жеткен қазақ халқы да мәңгілікті қалайды және оның ең басты шарты ана
тілінің мәңгіліктігі деп санайды.
Сондықтан да, тағдырдың тәлкегімен қоғам өмірінен тәрк етіле
бастаған қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, оны заң арқылы қорғау,
іргесін бекітіп, қабырғасын қатайту әрбір азаматтың ана тілі алдындағы
перзенттік парызындай, арына сын болып отыр. Осы орайда, Тіл
саясатының тұжырымдамасы жарияланып, «бір шоқып, екі қарататын»
кешегі тоталитарлық тәртіптің ауанымен жасалған «Тіл туралы заңның»
қайта қаралып, жаңа жобасының Парламентте талқылануының өзі-ақ
рухани-мәдени өміріміздегі елеулі оқиға болып саналады.
Сонымен қатар, егеменді ел болғанымызға бес жыл толса да,
бұрынғы «Тіл туралы заңның» қағаз жүзінде, декларация күйіңде
қалып қойғанын өз көзімен көріп отырған қалың жұртшылықтың жаңа
заңға деген үміті мен күдігі аралас, оған қояр талабы да зор. Соның ең
бастысы – мемлекеттік тілміздің, басқа өркениетті елдердегідей, өзіне
қойылатын міндетін еркін атқара алатын толыққанды тіл болуында.
Ол үшін ең қажетті шарттардың бірі – заңның республикадағы басқа
тілдердің бәріне жақсылық пен қамқорлық жасай отыра, мәселен
жаңа ғана қаз тұра бастаған қазақ тілімен олардың бірде-біреуін
бәсекеге түсірмей, текетіреске салмай шешу. Қазақ тілі мен орыс
тілін бәсекелестірудің түбі неге апаратыны баршаға мәлім. Ол –
«Жапалақты таспен ұрсаң да, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ
өлетініндей» шындық.
236
Бұрынғы заңымыздың орындалмай, тұралап тұрып қалуының
басқа себептері де жоқ емес. Ол үкімет тарапынан қаржыландырылмады,
сондықтан да жетім баланың күйін кешті; ол өзін дүниеге келтірген
мәртебелі мекеме тарапынан іздеу салып, заң арқылы қорғаған
қамқорлықты көрмеді; ол мемлекеттік саясат ретінде тұрақты түрде
идеологиялық қолдау таппады. Сондықтан да мемлекеттік тілді қалың
жұрт кезінде қуана қарсы алғанымен, оны орыстілділер мойындамады,
лауазымдылар менсінбеді, іскерлер қажет деп таппады, оған мемлекет
мән бере қоймады. Соның салдарынан мемлекеттік тілге деген
қажеттілік туған жоқ, тілдік орта қалыптаспады. Басқаша айтқанда,
мемлекеттік тіл Қазақстан азаматтары үшін өмір-тіршілік құралы болу
түгіл, қатынас құралы дәрежесіне де көтеріле алмай келеді.
Қолға бұғау, аяққа тұсау болып келген осы бір себептер
қабылданатын Тіл туралы жаңа заңымызда ескерілмесе, оны реттеудің
нақты шаралары белгіленбесе, оның да бұрынғы заңдай, қағаз жүзінде
қалғаны қалған.
«Тіл туралы заңның» жаңа жобасының Парламент мәжілісінде дау-
дамай тудырған мәселесінің бірі – қазағы бар, орысы бар, лауазымды
адамдардың мемлекеттік тілді меңгеру мерзіміне байланысты шешім:
қазақтар үшін – 5 жылдың, орыстілділер үшін – 10 жылдың белгіленуі
(22-бап).
Осыған орай, біздің мәртебелі Сенаттан өтінетініміз: аталмыш
заңның Мәжіліс мақұлдаған жобасын қарағанда, жоғарыда айтылған
жалпы ескертпелерімізбен қатар, мемлекеттік тілді меңгеру мерзіміне
де ерекше көңіл бөлсеңіздер екен! Бұл мәселеге байланысты Парламент
тарапынан жасалып отырған кейбір компромисстің мән-жайы біз үшін
түсінікті болса да, мұндайда сезімді логикалық пайымға бойсұндырып,
парасаттылықпен шешкен абзал болар еді.
Бұл туралы өз пікірімізді дәлелдеп көрейік. Біріншіден, өзін
«қазақпын» деп санайтын, Қазақстанда туып-өскен, тегі, заты қазақтар
үшін өз тілін үйренуге табаны күректей 5 жыл, ал, орыстілділер үшін
(олар тек орыстар ғана емес, орыс тілінде еркін сөйлейтін басқа ұлт
өкілдері де болар) 10 жыл қажет пе?
Бұл шешімнен біз өмір деп бір заңдылықты, не өркениетті
елдердің тәжірибесінен алынған үлгі-өнегені көріп отырғанымыз жоқ.
Тіл үйренуге табиғи қабілеті ерекше жандарды есептемегенде, орта
қол азаматтың кез келгені ана тілін де, ана тілінен басқа екінші тілді
де қатынас құралы ретінде (оқу, жазу, сөйлеу, түсіну дәрежесінде)
237
үйрену үшін арнайы шұғылданса, көп болса екі жыл, әйтпесе, бір жыл
толық жетіп жатыр. Бұл әлемдік тәжірибеден белгілі. Үшінші және
төртінші тілдерді үйрену мерзімі олар үшін қысқара бермекші Ал ұзақ
жылдардан бері мемлекеттік тілді үйренуін талап етіп отырған мемлекет
құрылымындағы шенеуніктер, лауазымды басшылар, логикалық
пайым бойынша, қабілетті, сауатты, тепсе темір үзетін жастар мен орта
жастағылар ғой, олардың арасында миғұла адамдардың болуы мүмкін
емес.
Сондықтан, бойында күш-жігері, қабілеті, ұлттық намысы бар,
мемлекеттік тілге деген құрметі, ниет-ықыласы және талпынысы бар
орыс, қазақ азаматтарына, өмірдің анау-мынау жағдайларын ескеріп,
уақытты кең-молынан «пішкеннің» өзінде де қазақтар үшін 2-2,5 жыл,
орыстілділер үшін 5 жыл толығымен жетіп жатыр деп ойлаймыз.
Екіншіден, «5 және 10 жылдан кейін мемлекеттік тілді білу кімге
қажет және не үшін қажет?» деген заңды сұрақ туады. Шынында да,
заңымыз соншама көлгірсіп, жалпақшешейлікке салынғанда, кімнің
жағдайын ойлап, кімнің мүддесін көздемекші: мемлекеттік тіліміздің
бе, жоқ, әлде жеке лауазымды адамдар мен шенеуніктердің бе?
Егер біз бұл мәселені тек жеке адамдар тұрғысынан шешетін болсақ,
онда олардың ұпайы түгел болмақ, өйткені мазалайтын уақыттың
ауылы алыста жатыр да, ал, мемлекеттік тіл болса, өз қажеттігін таба
алмай өмір сүрер тілдік ортасын жасай алмай, баяғы таз қалпында қала
бермекші.
Олай дейтін себебіміз: 1) алдында 5 және 10 жыл «запасы» бар
лауазымды азаматтар, пендеуи психология бойынша, бергісі 4 жыл,
арғысы 8-9 жыл өтпейінше, «е, несіне асығамыз, әлі-ақ үлгереміз!» деп,
өзін бейғам ұстайтын болады; әлі де креслода отыра беретіндер үшін
«тіл үйрену қарбаласы» бір жыл қалғанда ғана басталуы мүмкін; 2)
осыған орай, лауазымды қазақ азаматтардың 55-ке келгендерінде, ал
орыстілділердің 50-ге келгендерінде тіл үйренуден гөрі, зейнеткерлік
көбірек түсіне кіретін болады.
Қысқасы, айта берсе, тіл үйренбеудің мұндай себептері көп-ақ.
Мемлекеттік тілді мемлекет өміріне араластыруды әртүрлі себептермен
соза түссек, ол соғұрлым әлсірей түседі.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев таяуда
теледидар арқылы қалың жұртшылықпен сұхбаттасу барысында:
«мемлекеттік тілімізді Қазақстан азаматтары түгел құрметтеуге тиіс,
мемлекеттік шенеуніктер оны үйренуге міндетті» деген пікір айтты. Тіл
Достарыңызбен бөлісу: |