238
саясатының тұжырымдамасы жарияланып, Тіл туралы жаңа заң жобасы
талқылану қарсаңында айтылған бұл пікір барша тіл жанашырларының
тіл болашағына деген үміт-сенімін арттыра түсті, жүрегін қуанышқа
бөледі.
Сонымен қатар, Елбасымыз «Батпандап кірген ауру мысқалдап
шығады» деген халық даналығын тілге тиек ете отырып, ұзақ жылдардан
бері ауыр дертке шалдыққан тіл проблемасын бір сәтте, тіпті бір жылда
шешіп тастау қиын екенін де ескертті.
Шынында да солай. Дей тұрғанмен, асқынған дерттің бетін
қайтарып, тоқтату үшін медицина тәжірибесінде шұғыл шара ретінде
интенсивті терапия қолданатыны да бар емес пе? Тіліміздің дерті
де осыңдай бір шұғыл әрекетті талап ететін сияқты. Осы тұрғыдан
алғанда, 5 жыл мен 10 жыл мемлекеттік тіліміз үшін тиімді «ем» бола
қояр ма екен?
Мәртебелі Сенаттан, міне, осы мәселе жайында ерекше ойлана
түсуді өтінемін!
«Ана тілі», 05.12.1996
«Тіл туралы заңның» мемлекеттік дәрежеде
орындалуы қалай жүргізілуде?
– Қазақ тілін оқытудың тиімділігін арттырып, тиісті
нәтижелерге қол жеткізу үшін не істеу қажет?
– Бұл – көкейкесті үлкен проблема. Әрбір мәселенің мақсаты,
міндеті болады десек, алдымен қазақ тілін кімге, қашан үйрету керек
деген сұрақ төңірегінде ойлануымыз қажет.
Жас ерекшелігіне орай өз арна-ағымымен жүре келген әр
түрлі процестер негізінде бала 14-15 жасында тілінің тиісті, негізгі
нормаларын толық меңгеріп шығады деуге болады. Осындай жағдайда
– ана сүтімен ауызданып, ана әлдиімен тербеліп өскен, ана тілінде
алғаш сөз айтқан балаға бір түрлі талаптар қойылып, бір түрлі оқыту
әдістері қолданылса керек. Осыдан шығатын қорытынды – төрт түлікті
тек кітап, теледидар беттерінен қызықтап, ауыз әдебиеті мұраларының
әңгімеленіп, шертілуін, мақам-мәнерін, бар сұлулық ерекшелігіне
қанбай, асық ойнап, ат мінбей, ата алдын көрмей өскен, ойлауы, түсінуі,
ұғымы өзгеше қала баласына басқа түрлі әдістер қолданылғаны тиімді
болары анық.
Бүгінгі таңда (майдалап айтқанда): қазақтардың 15%-і өз ана тілін
мүлде білмейді, 25%-і шала біледі, 60%-і біледі (біледі деуге жетеғабыл).
239
Мен кейінгі кезде жиі естіліп жүрген «ағылшын тілі мектептерде
2 сыныптан бастап оқытылса» деген пікірге үзілді-кесілді қарсымын.
Рас, бұл жаста бала айтқаныңды тез қағып алып, оңай үйреніп кетер,
алайда бұның ана тілін толық меңгеріп, біліп шығуына залалы тиеді.
2-3 тілдерді 5 сыныптан ары қарай оқыту керек (орыс тілін, мүмкін,
3 сыныптан ары қарай енгізуге болар, өйткені бұл тіл қолданыста
болғандықтан бала оны азды-көпті игере бастайды). Оған дейін қазақ
тілі жан-жақты, толық оқытылып, үйретілуі тиіс.
– Тіл туралы Заңның шын мәнінде жүзеге асуы қандай мәселелерге
байланысты деп ойлайсыз?
Кез келген заңның орындалуы, онда қарастырылған мәселелердің
жүзеге асырылуы талап етілуі тиіс. Сондықтан 1) Заң шығарушы орган
(парламент) сол заңның орындалуын ең бірінші кезекте өзі талап етіп
отыруы керек; 2) оның орындалуы көбіне (немесе, негізінен) қаржыға
байланысты болғандықтан (айталық, үлкен жиындарда, т.б. өзге тілді
қатысушыларды ілеспе аудармамен қамтамасыз ету үшін соған сәйкес
аппараттардың болуы т.с.с.), сол заңды орындаушы өкімет көп көңіл
бөліп, әсіресе, мемлекет бюджетінен қаржы бөлу жағы қарастырылып,
өкімет деңгейіндегі назарда болуы қажет; 3) Мемлекетке аты берілген
ұлт тілінің дамуы қажет. Сондықтан бұл іс (яғни заңның орындалуы, іске
қосылуы) сол мемлекеттік «Тіл туралы заңның» өмірде қолданыс табу
формалары, әдістері және принциптері қарастырылған бағдарламалар
арқылы жүзеге асырылуы тиіс, әрі бұл процесте тіл мамандары өздерінің
қомақты үлесін қосуға міндетті; 4) тіл қажеттігін, оны білудің міндеттілігін
ұйымдастыру, қолданылу аясын кеңейту. Мысалы, жалпақ тілмен айтсақ,
белгілі бір мекеме, кәсіпорындарда т.б., тіл білмесең (мемлекеттік тіл – Ә.Қ),
бұнда жұмыс істемейсің делінсе, жағдай басқа болар ма еді?!. Әрине, саясатқа
байланысты, экономикалық, нарықтық т.б. қатынастар тенденциясына орай
мемлекеттік тіл қажеттігінің талап етілуі осылай болған болса деген пікір
негізсіз емес. Президенттің басшы орган қызметкерлерінің мемлекеттік
тілді білу міндеттілігін Конституцияда қарастыруы және соның ізімен
жүруі, ұстануы (мысалы, жақында президенттікке кандидат 7 адам қазақ
тілінен емтихан тапсырған болатын) – маңызды қадам; 5) қажетті, тиісті
тілдік ортаны қалыптастыру, яғни, қазақ тілінде сөйлесіп, ұғысу, әсіресе,
қазақ пен қазақ қазақша сөйлесу керек, сонда осыны көрген өзге ұлт
өкілдері де осы бағытта «бет бұрары» анық; 6) Мемлекеттік тілді оқып-
үйрену әдіс-тәсілдері мен құралдарын бұрынғыға қарағанда барынша
тиімді оқыту әдістерін жасау: қазақ оқушысы үшін (ана тілін білу деңгейіне
240
орай) нюанстар ескерілген бағдарламалардың болуы; компьютерлік әдіс,
жеделдетілген курс т.б. жасалуы қажет. Әрине, бұл мәселелердің де қаржы
шешетінін естен шығармау керек; сонымен бірге, бұл мәселеде демографиялық
фактордың алар орны ерекше. Өзге мемлекеттердегідей (Өзбекстан, Балтық
жағалауы елдері) емес, республикадағы негізгі ұлт – қазақтардың саны осы
республикада тұратын басқа ұлттармен салыстырғанда 50%-тен енді-енді
ауа бастаған жайы бар. Осыны ескерсек, қазақтың тіпті қазіргі жағдайда әр
түрлі жиындарда алқалы топ алдында «ойымды қазақша жеткізуге рұқсат
етіңіздер» деп жалтақтап тұруы заңды құбылыс еді. Олай болмасы үшін
ілеспе аудармамен қамтамасыз ету қажет.
«Өрлеу», 1999. №1.
Әуелі өзімізді қамшылайық та
немесе жарыссөзде не айтылды?
– Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Америка Құрама Штаттарының
демократиясын үлгі ғып алға ұсынатындар көп Ал шындығына үңілсек,
мәселе басқаша болып шығады. Айталық, Еуропадан барған халық
алдымен сол жердің байырғы тұрғыны үндістерді қарумен қырып-жойып,
мүлде құртып жіберуге таяды. Үндістердің тілін мүлде мемлекеттік
кеңістіктен ығыстырып, оның орнына саясатта ағылшын тілін қолдану
арқылы ағылшын тілінің үстемдігін орнатты. Осы тектес Орта Азияда
Ислам діні түркі халқына араб тілінің ел билеудегі орнын белгілеп,
оны меңгергендерге басымдылық берілетін болды. Соның негізінде
байырғы тілдің заңдылықтары бұзылып, араб әріптерімен шұбарланып,
грамматиканың көптеген заңдылықтары басқаша арнаға түсті.
Ресейге келген коммунизм идеясы да орыс тілі арқылы елге тарап,
орыс тіліне деген мұқтаждық етек алды. Кейіннен бұл орыс тілінің
экспанциясына айналды Мәселен, патшалық Ресей кезінде 270 тіл
болған болса, 80 жылдан соң содан 130-ақ, тіл қалған. Міне, осыған
ұқсас бір тілдің екінші тілге деген агрессиясы күн сайын жүріп жатады.
Сондықтан да саны он миллионнан әрең асатын халықты былай қойғанда,
100 миллиондаған іргелі елдердің өзінде ұлт тілін қорғауға ерекше мән
беріледі. Мысалы, Германия, Францияда ұлт тілін ағылшын тілінің
экспанциясынан қорғау мақсатында құрылған арнайы әдеп полициясы
бар. Тіпті,бір жарым миллиард Қытай халқының өзінде қытай тілін
қорғауға ерекше мән беріледі. Қытайлықтар біздер дәріптеп, баламасы жоқ
деп, техника тілі онсыз қараң қалады деп жүрген халықаралық сөздердің
бірде-бірін қолданбайды екен. Қай сөздің де қытайша баламасын тауып
Достарыңызбен бөлісу: |