2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет65/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   176

187

Қазақ  тілін  сырттай  бақылап  жүрген  түрколог  ғалымдардың 

байқауынша, бүгінде оның шұрайлы да таза сақталған жері – Байөлке. Бұл 

пікір дұрыс та. Оның басты себебі: біріншіден, Моңғолия қазақтарының  

өз  басына  отау  тігіп  отыруында  болса,  екіншіден,  негізінен  осы  өлкеде 

98  процент  болып  шоғырлана,  бірыңғай  жайласуында.  Моңғолияның 

ішкері жағындағы қазақтар жағдайы басқашалау болса да, дәл Байөлкенің 

өзінде бар жоғы 2 процент құрайтын моңғол, тыва, алтай, ұраңқай сияқты 

тіл  өкілдерінің  оған  әсері  онша  байқалмайды.  Бірақ  мұңдай  томаға 

тұйықтықтың  екінші  жағы  бар,  ол  тілді  өркениет  елдердің  үлгілерінен, 

ғылым дүниесінің табыстарынан біршама шектеуі. 

Ауғанстан мен Иран қазақтарының тіл жағдайы, біздің пайымдауымыз 

бойынша,  шамалас,  «түркістандықтар»  деп  аталып  кеткен,  негізінен 

Маймана, Бағлан, Құңдыз, Талқан, Мазар-Шериф уалаяттарында топтасып 

жасайтын  40  мыңдай  бұл  туыстарымыздың  Иран  қазақтарынан  бір 

айырмашылығы – олар ауғандардың өздерінен басқа 6 миллиондай түркі 

тілдес  (өзбек,  түркімен,  қырғыз  т.б.)  халықтар  өкілімен  араласа  отырса, 

Иранда  негізінен  ирандықтармен  көрші  тұрады.  Демек,  бұл  қазақтардың 

тіліне бірден екі түрлі тілдің әсері бар да, соның нәтижесінде өз тілінде тек 

ересектер ғана сөйлеп, жастар көбінесе ауғанша, иранша сөйлеп, ана тілін 

ұмыта бастаған. 

Кейінгі  жылдары  Ауған  қазақтары  сондағы  соғыстың  зардабынан 

қашып  Иран  ауып,  одан  Түркия  мен  Еуропа  елдеріне  бара  бастаған.  Біз 

олардың осындай бір тобымен 1991 жылы Түркі халықтарының дүниежүзілік 

құрылтайына барған сапарымызда Түркияның Кайсери қаласында кездесіп, 

әңгімелескен едік. Орта жастағы туыстарымыз өз тілін әлі ұмыта қоймаған, 

бірақ таза да сөйлей алмайды, иран, түрік сөздерін араластырып отырады 

екен.  Оның  себебі,  әрине,  белгілі.  Бұлардың  тілін  сақтап  қалуға  қажетті 

жоғарыда аталған жағдайлардың біреуі де жоқ. Олардың білетіндері – латын 

мен араб жазулары. Сондықтан да Қазақстандағы туыстарынан келген орыс 

әріпімен жазылған хаттарды олар оқи алмайды екен. 

Енді  Түркия  қазақтарына  келсек,  мұнда  басқалардан  біршама 

айырмашылықтар бар. Бұл диаспораның 40-жылдары зобалаңға ұшырап, 

Қытайдағы атамекенін тастап үдере көшіп, Тибет асып, Үндістан барып, 

Пәкістанды  біраз  паналап,  содан  Түркияға  жеткен  «азап  көшінен»  аман 

қалған 25 мыңдай шағын қауым екендігі белгілі. Олар бақытына жараса, 

дүние  жүзіндегі  ең  ірі  түркі  мемлекетінің  құзырына  тап  болып,  60 

миллиондай  ұлы  халықтың  ықылас-мейіріне,  қамқорлығына  бөленді.  Аз 

топ  болса  да  өзінің  ұлттық  қасиетін,  тілін,  дінін  сақтап  қалды.  Бүгінде 



188

Еуропа  мемлекеттерінде  жасап  жатқан  біршама  қазақтар  негізінен,  осы 

қауымның  әулеттері.  Ел  дәстүріне,  рухани  мұраға  деген  сергектік  пен 

сезімталдық та осы қауымға тән.

Тіл мәселесіне байланысты мұндағы бір ерекшелік: бұл туыстарымыз 

жаппай  түрікше  сөйлейді.  Егер  жастар  жағы  қазақ  тілін  ұмыта  бастаса, 

оның  жоғарыда  айтылған  жалпы  жағдайларынан  басқа  тағы  бір  себебі 

бар: ол қазақ тілі мен түрік тілінің өзара жақындығында. Ал туыс тілдер 

қатарласа  қолданылған  жағдайда  көпшілік  сөйлейтін  туыс  тілге  көшу 

әлдеқайда жеңіл, оны тосырқау көп байқалмайды. Дәл осындай жағдайды 

біз қазақ тіліне Өзбекстандағы өзбек тілінің ықпалынан, Түрікменстандағы 

түрікмен  тілінің,  Шыңжаңдағы  ұйғыр  тілінің  ықпалынан  айқын  көріп 

отырмыз.  Демек,  Түркия  қазақтары  тілінен  де  біз  осы  заңдылықты 

байқаймыз. 

Және бір жәйт: бір этностың үш түрлі жазуды (кириллица, араб, латын) 

пайдалануы  да  оның  ортақ  мәдени-рухани  мұрасын  меңгеруіне  нұқсан 

келтіретіні  сөзсіз.  Түркия  қазақтары  қазақстандықтардың  жазғанын,  ал 

олар өз ретінде Шыңжаңдағы туыстарының жазғанын оқи алмаған жерде 

тілдік, ұлттық, рухани тұтастық деген – бәрі жәй сөз. Сондықтан бүкіл қазақ 

қауымына ұлттық негіздегі ортақ бір жазуды ойластыратын уақыт жеткен 

сияқты. Әрбір халық тілінің мәңгілігін армандайды. Сол мәңгіліктің бір 

шарты – ұлттық ортақ жазу. 

Алыстағы ағайынның аңсары ауып, сағынышпен іздейтін атамекеніне 

келгендегі бір арманы – ана тілінің сәнді әуезін, ән-күйінің сиқырлы сазын 

есту ғой. Бұл, әрине, қара шанырақтың өз халіне байланысты. Жер бетінде 

ана тілінде сөйлейтін бір қазақ қалғанға дейін ғылым үшін ол тілді өлді 

деуге болмайды. Сондықтан да егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып, ана 

тіліне  мемлекеттік  мәртебе  алып  беріп  отырған  халқымыз  үшін  кешегі 

әңгіме  бір  басқа,  дәл  бүгін  «қазақ  тілін  апаттан  алып  қалу»  деген 

проблема күн тәртібінен түскен. Ендігі мәселе – оны қалпына келтіру, жан-

жақты дамыту, қолданыс аясын кеңейту, өмір сүру қажеттігіне айналдыру. 

Осы  орайда  қазақ  халқына  іштен  де,  сырттан  да  тосалғы  болып 

отырған әрекеттер аз емес. Жүз жылдар бойы бел алып қалған орыс тілінің 

өктемдігі әлі күнге дейін бәсеңдер емес. Бұл өктемдік күні кешеге барлық 

республикаларда жүз беріп келсе де, бүгін ол ТМД елдерінің ішінде тек 

Қазақстанда ғана сіресіп тұр. Бұған бір-ақ себеп бар – ол демографиялық 

жағдай. Ресей жеріндегі жарты миллионан астам бауырларымыздың тіл 

жағдайы  шетелдік  туыстарымыздың  біразынан  мүшкілдеу.  Бұл  да  сол 

орыс тілінің өктемдігі. 



189

Міне,  қара  шанырақтың  халі  әзірше  осылай.  Бірақ  болашақтан  үміт 

зор.  Үлкен  бетбұрс,  жаңа  үрдіс,  ояну,  сергу  басталған  сияқты.  Жержүзі 

қазақтарының  құрылтайы  осы  бір  үрдіске  шабыт,  күш-қуат  бергей  деп 

тілейміз. 

«Қазақ – өз жерінде ғана қазақ» деген сөз бар екен. Өз басым бұл пікірге 

толық қосыла алмаймын. Өйткені  қазақ баласы  қара  шаңырақтан алыста 

жүріп-ақ  ана  тілін  ұмытпаса,  салт-дәстүрін  сақтаса,  рухани  байлығынан 

сусындаса, неге ол қазақ болмасын ? Ал өз елінде жүріп, өз үйінде отырып-

ақ ана тілінен  мақұрым болғандарды қасиетті қазақ тілі «өз перзентім» деп 

қорғай алмай отырғанына не шара?

Ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев: 



«Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы  жұлдыз,  бабам  тілі,  сен  қалдың!»  –  деп,  ата-бабамыздан 

асыл мұра болып қалған қазақ тілін марапаттай келіп, бүгін де жер жүзіне 

тарап кеткен ұрпақтарын тек рухани ұйытқы болар ана тіліміздің құдіретті 

күшімен ғана басын қосып, тұтастығын сақтауға болады:



«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,

Тарап кеткен балаларынды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!» – деп, өсиет айтқан еді. Осы 

бір өсиетті орындайтын тарихи сәт келген сияқты. 

«Ана  тілі  азбасын,  Атамекен  тозбасын!»  десек,  ағайын,  қара 

шаңырақтың астынан табылайық!



«Егемен Қазақстан», 1992. 26 қыркүйек 

Ана тілі – арың бұл

–  Қазақ  тіліне  мемлекеттік  статус  беру  мәселесі  бүкілхалықтық 

талқылаудан өтті. Соның нәтижесінде ол Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 

кезектен  тыс  XIV  сессиясында  бекітілді.  Тілдің  бекітілуі,  оның  заң 

жүзінде нақтылануы жұртшылықтың ыстық ықыласын туғызғанын да 

біліп жатырмыз. Осы ретте қазақ тілінің өркендеп, дамуы тұрғысында 

өздеріңіз қолға алып, жұмысын жүргізіп жатқан «Ана тілі» қоғамының 

да  рөлі  зор.  Осы  қоғамның  құрылуы,  оның  жұмысындағы  алғашқы 

нәтижелер мен келешектегі бағыт-бағдары туралы не айтуға болар еді?

–  Қоғамның  Уставы  мен  Программасы  жарияланғаннан  кейін 

жалпы  жұртшылықтан  мұны  қызу  талқылаған  пікірлер  түсті.  Газет-

журналдардың,  радио  мен  телевидениенің  редакцияларына  түскен 

жүздеген хаттармен қоса, қоғамның өз адресіне де көптеген хаттар келді. 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау