2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет25/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   176

68

абзал...  Бұл  бiр.  Екiншiден‚  «қазақтар  жаппай  мемлекеттiк  тiлге  көше 

қалған жағдайда‚ басқа халықтар қайтiп күн көредi‚ қоғамда ақырзаман 

орнамай  ма?»  деп‚  қауiптенетiндер  болса‚  бiз  оларға  «жоқ‚  одан  қауiп 

болмайды!»  деп  басалқы  айтқымыз  келедi.  Өйткенi  барша  әлемде  де‚ 

кешегi  мызғымастай  көрiнген  Ресей  империясында  да‚  көне  қазақ 

жерiнде де жаңа заман лебi есiп‚ тек экономиканы ғана емес‚ дүниеге 

деген  сана-сезiмiн  де  өзгертіп  отыр.  Бiз  қазақтар  өзiмiздiң  кеңбайтақ 

жерiмiзде  кiмге‚  қай  ұлттың  өкiлiне  болса  да  емiн-еркiн  жасауына 

қарсылық  жасаған  емеспiз  және  бұдан  кейiн  де  жасамаймыз.  Мейлi‚ 

оны  «екiншi  отаным!»  деп  мадақтасын‚  мақтансын‚  еңбек  етсiн‚  өсiп-

өнсiн! Бiрақ олар бiздi қасиеттi жердiң байырғы тұрғыны (аборигендерi) 

екенiмiздi де‚ бiздiң егемендi ел‚ тәуелсiз мемлекет болып‚ ана тiлiмiзде 

еркiн  сөйлеп‚  ұрпағымызды  сол  тiлде  оқытып‚  тәрбиелеуiмiзге 

мүмкiндiк  алып‚  өркениеттi  елдердiң  санатына  қосылуға  ұмтылған 

талабымызды‚  көңiл-күйiмiз  бен  жүрек  сырымызды  дұрыс  түсiнсе 

екен  деймiз.  Жерi‚  суы‚  ауасы‚  байлығы  жақсы  қазақтың  өзi  жаман 

болмаса керек. Ал‚ оны құрметтеудiң‚ онымен сыйластықта бiрге өмiр 

сүрудiң  бiрден-бiр  жолы  –  тiлiн  бiлу‚  сол  арқылы  оның  жан  дүниесiн 

жақыннан  тану.  Өткен  замандардағы  өктемдiктi  аңсамай‚  керенау-

кердең‚ кеудемсоқтыққа салынбай бiрден емес‚ бiртiндеп‚ қазақстандық 

барша қауымның (қазағы мен басқа ұлт өкiлдерiнің де) мемлекеттiк тiлге 

көңiл  қоюы‚  оны  құрметтеуi‚  қажетiне  қарай  үйренуi‚  ол  тiлдiң  ресми 

жүйеге енiп‚ қоғамдық өмiрге толық араласып‚ қызмет атқаруы жарқын 

болашағымыздың кепiлi. Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ 

тiлiнде» деген дуалы сөзi сонда ғана жүзеге асуы мүмкiн.

Ол үшiн тiлсүйер қауым‚ қалың жұртшылық елдiң саналы азаматтары 

тiлге  байланысты  күресiн  бәсеңдетпеулерi  керек.  Ақиқат‚  шындық‚ 

болашақ‚ жеңiс солардың жағында. Бұл күрес жалғаса бермекшi. 

Тіл майданы ІІ. ( Сардар мен сарбаздар) Алматы, 2004.

(Ө.Айтбаев‚ Т.Сайранбаев, К.Құрманәливтермен бірге) 

Тәлім-тәрбие тілден басталады

КПСС  Орталық  Комитетінің  «Қазақ  Республикалық  партия 

ұйымының  еңбекшілерге  интернационалдық  және  патриоттық 

тәрбие  беру  жөніндегі  жұмысы  туралы»  қаулысында  және  Қазақстан 

Компартиясы  Орталық  Комитеті  мен  Қазақ  ССР  Министрлер  Советі 

қабылдаған  қазақ  және  орыс  тілдерін  оқып-үйренуді  жақсарту  туралы 

арнаулы екі қаулы да ұлттық – қазақ тілі мен ұлтаралық – орыс тілінің 



69

республика  жағдайында  халықтар  достығын  нығайтып,  еңбекшілерге 

интернационалдық тәрбие берудегі қоғамдық рөлі мен қатынас құралы 

ретіндегі беделін арттыра түсудің нақтылы шаралары көзделген. 

Міне,  көпшіліктің  көңілінен  шыққан  осы  бір  игілікті  істен  сырт 

қалғысы келмеген зерделі де зейінді қауым оның қазіргі жайын білгісі 

келеді, көптеген оқырмандар газер-журнал редакцияларына хат жолдап, 

өздерінің  талап-тілегін,  ақыл-кеңесін  ортаға  сала,  бұл  игілікті  іске 

өз  үлесін  қосқысы  келеді.  Осындай  хат-тілек,  хат-кеңестердің  біразы 

«Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясына да келіп түсіпті. Енді 

біз  сол  хаттармен  көпшілікті  таныстыра  отырып,  баршамызға  ортақ, 

бәрімізді де толғандыратын тіл жайында және тілге байланысты тәлім-

тәрбие жайында пікір алысқымыз келеді.

Ең  алдымен,  «Біздің  елде  тіл  проблемасы  шешілген  жоқ  па  еді? 

Аталмыш қос қаулының біздің республикамызда қабылдануына қандай 

қауырт  жағдай  себеп  болды?»  деген  сұрауға  жауап  бере  кеткен  жөн. 

Әрине, ондай қауырт жағдай жоқ: қазақ тілі де, орыс тілі де республика 

көлемінде өздеріне тиісті қызметтерін барынша атқарып келеді. Мәселе 

сол қызмет өскелең заман талабына сай ма, сай емес пе екендігінде.

Орыс  тілінің  тағдырлас,  туыстас  көп  ұлтты,  көп  тілді  совет 

халықтарының  бір  семьяда  қауымдаса,  тату  өмір  сүруінде  атқарып 

отырған ерен қызметі баршамызға мәлім. Ал ол осы қызметін басқа ұлт 

тілдерінің дербестігі, еркіндігі сақталмаған жағдайда дәл қазіргідей атқара 

алмаған болар еді. В.И. Ленин көп ұлтты мемлекетте ортақ тіл мен ұлт 

тілдерінің өзара қарым-қатысы, болашақ тағдыры жайында көп ойланып, 

көп толғанғаны белгілі. Совет үкіметінің алғашқы жылдарындағы айтыс-

тартыстарда  В.И.  Ленин  ұлтаралық  қарым-қатынас  қызметін  атқара 

алатын тіл – орыс тілі екендігін мойындай отыра, оны «міндетті түрдегі 

мемлекет  тілі»  деп  танудан  бас  тартқан  болатын.  Себебі:  «мемлекеттік 

тіл» деген ұғым сол мемлекетте өмір сүруші халықтардың міндетті түрде 

сөйлейтін тілін танытатын еді. Демек, бұл ұғымның сыртында күштеудің, 

зорлаудың элементі бар еді. В.И. Ленин «орыс тілі үшін мұндай зорлаудың, 

күштеудің ешбір қажеті жоқ» деп ескертті. Осыған орай көсемнің «жаңа 

қоғам орнатушы тағдырлас халықтар үшін орыс тілінің қажеттігі, оның 

әмбебап қатынас құралы екендігі онсыз да айқын, тарихтың өзіне жүктеген 

миссиясын  ол  толық  атқара  алатын  ұлтаралық  ортақ  тіл  екендігін  әлі-

ақ  танытады,  оны  әрбір  совет  азаматы  өз  ана  тіліндей  еркін  де  жетік 

меңгеретін болады», деген даналық болжамын бүгінгі советтік өмір салты 

толық  дәлелдеп  отыр.  Бүкіл  совет  халқының  82  проценті,  ал  еліміздегі 



70

түркі тілдес халықтардың 56,5 проценті орыс тілінде еркін сөйлей білуі 

лениндік  принципте  шешілген  табыстарымыздың  айқын  айғағы  болса 

керек.


Бірақ В.И. Ленин сол кездің өзінде-ақ орыс тілінің ұлтаралық қатынас 

құралы ретінде кеңінен тарап, қанат жаюы ұлт тілдерінің есебінен емес, 

қайта  олардың  да  емін-еркін  қатар  дамуы  арқылы  жүзеге  асады  деп 

үйреткен  еді.  Шынында  да  еліміздегі  жүзден  аса  ұлт  тілдерінің  бүгінгі 

жағдайы осыны көрсетеді. Қазір еліміздегі терезесі тең 130 ұлт тілдерінің 

78-і жазу-сызуы бар әдеби тіл ретінде дамып отыр. Солардың бірі – жан-

жақты дамып, кемелденген, қоғамдық қызметі мейлінше кеңейген, ұлттық 

тіл ретінде марқайып өскен қазақ әдеби тілі болып саналады.

Жалпы  жағдай  дәл  осылай  бола  тұрса  да,  жоғарыда  аталған  екі 

қаулының  қабылдануы  бекер  болмаса  керек.  Қаулылардың  түбегейлі 

мақсатына келсек, ол республика жағдайында қазақ тілі мен орыс тілін 

оқып-үйренуді  әлі  де  болса  жақсарта  түсуді  талап  етіп  отыр.  Демек, 

мәселенің түйіні тілге деген көзқарас заман талабына сай емес, тіл өресіне 

кедергі болып отырған қырсыздықтар мен қыңырлықтар аз емес дегенге 

барып саяды. Қазақтардың 52,3 проценті орыс тілін меңгерді деп (екінің 

бірі білмейтіндер санатына жатса) онша мақтанарлық жайымыз жоқ. Ал 

оның есесіне ана тілімізде сөйлеушілердің саны сақталса да, сапасы күрт 

төмендеп кетуін де дені дұрыс құбылыс деп айту қиын. Мұндай жағдай, 

әдетте,  тіл  саясатының  бұрмалануына,  ұлт  тілі  мен  ұлтаралық  тілдің 

арасындағы өзара ынтымақ пен үйлесімділіктің бұзылуына байланысты 

жүз  көрсетеді  де,  ол  барып  халықтар  достығына,  интернационалдық 

рухымызға аз да болса салқынын тигізеді. 

Демек, ана тілімізге де, аға тілімізге де байланысты проблема бар 

екен.  Оның  себеп-салдарын  терең  тексеріп,  қыр-сырын  ашып  беру  бір 

бұл мақаланың міндеті емес. Дегенмен, бүгінгі жариялылық, демократия, 

қайта құру талабына сай қалың көпшіліктің, оқырман қауымның тілге, 

тілді  оқып-үйретуге,  тіл  арқылы  тәлім-тәрбие  беруге  қатысты  көтеріп 

отырған  мәселелеріне  мән  беріп,  ерекше  тоқталып,  пікір  алыспасқа 

болмайды.

Ең алдымен екітілділік жайында. Бұл – халықтар достығына бірден-

бір дәнекер болып, социалистік салтымызға сән беріп отырған тамаша 

табыстарымыздың ең көрнектісі, ең маңыздысы. Екі тілді бірдей меңгеру 

бүгінгі таңның талабына сай қажеттілік. Құсқа екі қанат қандай қажет 

болса,  әрбір  азаматтың  қоғам  өмірінде  құстай  самғап  ұшуына  ана  тілі 

мен аға тілді жетік білуі сондай қажет. Бұл шындық! Ал, осы шындықтың 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау