426
Олай болса, бұл мәселені «ойланып пішкен тон келте болмас» деген
принцип бойынша үкімет пен ел-жұрт өзара ақылдаса отырып шешкені жөн.
Осыған орай, ортаға салар ойлар, анықтай түсетін пікірлер мен жауабын
жұртқа жария етіп айтуға тиісті сұрақ-сауалдар да аз болмаса керек. Біз енді
солардың біразына тоқталып өтпекшіміз.
1. «Жарты ғасырдай қолданыста болып, етене үйренсіп кеткен кирилл
жазуын латын әліппесімен алмастырудың қандай қажеті бар?» деген сұрақ
әрдайым бірінші қойылады.
Бұл сұраққа бір ғана сөзбен ғана үзілді-кесілді жауап беру, әрине,
оңай емес. Өйткені жазу алмастыру тек тіл саясатына ғана емес,бір
жағынан экономика мен демографиялық жағдайға да, бір жағынан
әлеуметтік, демократиялық үрдіске де, бір жағынан өркениетті ел болуға
қадам басқан халқымыздың жарқын болашағын ойлауға да байланысты
«он өлшеп бір кесуді» талап ететін нәзік те күрделі, қиын болса да,
қажеттілігі зор мәселе.
Біріншіден, басқа туыстас түрк халықтары латын жазуына
көшіп жатқанда, қазақтардың олардан бөлектеніп, бұрынғы
жазумен жалғыз қалып қоюы – бүкіл түрк қауымдастығынан,
олардың рухани, мәдени өмірінен шеттеумен, қол үзумен бара-бар.
Екіншіден, кирилл жазуы өткен елу жыл ішінде ұлттық
мәдениет пен ғылым-білімді біршама дамытуға негіз болса да бірақ
ол, дүние жүзі түрк қауымдастығын былай қойғанда, тіпті бұрынғы
КСРО-да жасайтын отыз шақты түрк халықтары мен ұлыстарының
басын біріктіре алмады; керісінше, олар, бұл жазудың кейбір
«ерекшеліктеріне» байланысты, бірінің жазғанын бірі еркін оқып
түсіне алмайтындай жағдайға келді, жарқырай түсті.
2. «Кирилл жазуының қазақ және басқа да түрк тілдері үшін жеке
басының қандай кемшіліктері байқалып келді?» деген сұрақ та жиі
қойылады.
Біріншіден, қазақ және басқа түрк тілдері бұл жазу арқылы өзіндік
табиғи ерешеліктерін (дыбыс құрамын, буын жүйесін, үндестік заңын
т.б.) емін-еркін дамыта алмады; соның салдарынан тіліміздің ауызша
айту (орфоэпиялық) нормасы мен жазу емлесі (орфографиясы) арасында
жер мен көктей алшақтық пайда бола бастады; білімділер көп болса да,
сауаттылар аз. Мұның бәрі тілдің табиғи болмысына ғана емес, сол тілде
сөйлеуші жас ұрпақтың болашағына да зор нұқсан келтіре бастағаны
белгілі. Тілдегі экологиялық құбылыстың бір көрінісі осыған байланысты
да.
427
Екіншіден, қазақ тілі үшін қажетті небәрі 26-28 әріптің орнына 42
таңбадан тұратын кирилл алфавитін меңгеру, пайдалану қазақ балалары
үшін өте ауыр. Ал соншама басы артық таңбалардың алынуы о
бастан-ақ ұлт тілдерінің мүддесін қарастырудан, қайткенде де
қазақтарды орыс тіліне жақындатудың қам-қажетінен туған іс еді.
Үшіншіден, қазақ тіліне тән 9 фонеманы – (ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң,
һ) – жеке-дара таңбалай алмағандықтан, қосымша «жал-құйрық»
жасап, әуре болып жүргенде, қазақ тілінің өз басына қажеті жоқ – (в),
(ё), (у), (ф), (х), (ц), (ч), (щ), (ъ), (ь), (э), (ю), (я) – соншама басы артық
таңбалардың қолданылуы жазу жүйесін қиындатпаса, оңайлатқан
жоқ. Бұл мәселенің тек бір-ақ жағы. Оның екінші жағы тағы бар: қазақ
тілі сияқты басқа туыстас түрк тілдері де аталмыш 8-9 («түріктік»)
фонеманың таңбасын біркелкі емес, әртүрлі қылып «құйрық-жал»
шығарып, өзінше қолданып, өзара жақындаса алмай келгендігін саяси
тілде: «бөліп ал да, бөлшектеп билей бердің» нәтижесі деп те түсіндіріп
жүр. Әрине, мәселенің бұл жағын тарих анықтай жатар. Бірақ болашағы
зор, ұзағынан сүйіндірер ұлттық жазуымыздың тағдырын түбегейлі
шешетін тарихи сәт келген сияқты және оны түрк қауымымен бірлесе
отырып, бүгін шешпесек, ертең кеш болады, уақыт өткен сайын ол
қиындай түсуі ықтимал.
3. «Латын әліппесіне көшу» деген сөзді қалай түсінуге боладыжәне
оны қалай жүзеге асырамыз?» деген сұрақты да жиі естиміз.
Біріншіден, «латын әліппесіне көшу» деген қазақтар үшін де, басқа
түрк халықтары үшін де – мүлдем жаңа жазу қабылдау емес: мұндай
«дәуірді» қазақтар да, басқа ұлттар мен ұлыстар да басынан кешірген
болатын. Тіпті бұл жазуды Қазақстаннан тыс жерлерде жасайтын
бауырларымыз да қабылдап, алды 20, арты 10 жыл бойы пайдаланғаны
белгілі. Демек, «латын әліппесіне «көш» деген ұғымды дәлірек
айтсақ, ол – «кезінде бүкіл түрк халықтары түгел пайдаланған
ортақ жазуға қайта оралу». Бірақ бүгінгі үрдістің бұрынғыдан бір
айырмашылығы бар: егер бұрын латын жоғарыдан төменге міндеттеу
түрінде қабылданса, бүгінде ол халықтың өз қалауымен, жаңа заман
талаптарына сай, мемлекеттік тіліміздің биік мәртебесіне лайықты
ұлттық жазуымызға тұрақты тұғыр (негіз) ту, туыстас халықтармен
бірге болу сияқты ізгі мақсаттарға байланысты қабылдануы тиіс.
4. Латын жазуына байланысты пікір сайыстарында оппоненттердің
ылғи көлденең тарта беретін бір сұрағы: «Бүгінгі еліміздегі
экономикалық қиыншылықта жазу ауыстыру деген не?»
428
Әрине, бұл заңды сауал және оған жауап беруіміз керек, өйткені
жазу ауыстыруға қаражаттың керек екені рас. Бірақ бұл жерде екі
түрлі нәрсені ескеру қажет сияқты: Оның бірі – «Бұдан жаман күнімде
де тойға барғанмын» деген қазақтың бір мысал сөзі. Шынында да біз
сонау қиын-қыстау жылдардың өзінде (араб-төңкерістен кейін, латын
- 1929 ж. , кирилл – 1940 ж.) ешбір экономикалық қиыншылықтарды
сөз етіп жатпай-ақ, ың-жыңсыз бір емес, жазуымызды үш рет өзгертіп
келген Қазақстанның бүгінгі жағдайы дәл сол кезден сорлы емес.
Мәселе басқада болып отырғанын біз жақсы түсінеміз (ол туралы
төменде айтылады). Егер мемлекетіміз өтпелі дәуірдегі экономикалық
қиыншылықтарды ескере отырып, өзінің шынайы тәуелсіздігін сезіне
алса, қоғамдық пікірлермен санаса білсе және жазу өзгертуді мемлекет
үшін қажет деп тапса, «алынбайтын қамал жоқ» дегендей, мәселені еш
қиындатпай-ақ шешуіне болады. Жазуларын өзгерте бастаған көршілес
республикалардың бізден асып жатқан экономикалық жағдайын біз
көріп отырғанымыз жоқ. Оның үстіне, бұл мәселені «дәл қазір, қолма-
қол шешу керек» деп отырған да ешкім жоқ қой. Латын әліппесін ресми
қабылдаған және қабылдамақшы туыстас (әзірбайжан, түрікпен, өзбек,
қырғыз, т.б.) көршілеріміздей біздің де оған бірден емес, асықпай,
біртіндеп, барлық дайындықты жасап алып барып, бер жағы 5 жыл
ішінде, ар жағы ХХІ ғ. басында көшсек те болатын сияқты. Бірақ ол
үшін латын әліппесін алу, алмау мәселесі принципінде қазір шешілуі
керек.
5. Әліппе өзгертуге байланысты пікірталасында көп айтыла беретін:
«жазуымызды алма-кезек өзгертуден шаршамадық па, сауатсыз болып
келгеніміз, көптеген рухани мұраларымыздан мақұрым болғанымыз
бізге әлі аз ба еді?» деген қитарлау сұрақ.
Біріншіден, жазуымызды үш мәртебе ауыстыруға байланыстаы қалың
жұртшылықтың көп жылдар беделінде толық сауатты бола алмай келгені
рас. Өйткені халқымыздың жаппай сауатсыздығы ертеден-ақ келе жатқан
дерт еді ғой. Оның үстіне жазудың бірінен кейін бірін ауыстыру оңай болған
жоқ. Айта беретін «сауатсыздықтың» сыры, біле білсек, осында болды.
Ал одан кейінгі жарты ғасырда сауаттанған ұрпақ пен сауатын латынмен
ашатын жас ұрпақтың саналы түрде, үлкен дайындықпен өткізілетін жазу
реформасынан «сауатсыз болып қаламыз-ау» деп қорқуының еш жөні жоқ.
Бүгінде кирилл жазуымен сауаттанған жұрт өз өмірін өз өмірінің аяғына
дейін оны толық пайдаланып өтетініне дау жоқ. Ал латын әліппесін үйрену
оларға ешбір қиындыққа түспейді. Мәселен, латынды бұрын оқығандар мен
Достарыңызбен бөлісу: |