2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет130/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   176

371

көне  тайпалар  тұрмыс-тіршілігінің  аралас-құраластыққа  және  жиі 

қарым-қатынасқа мүдделі ететіндей жинақы болуы; екіншіден, олардың 

тілдік,  рухани  діни,  этно-мәдени  тұрғыдан  жақындығы;  үшіншіден 

ауызекі-поэтикалық  дәстүрдің  ұрпақтан-ұрпаққа  халық  жыраулары 

(көне  түркіде  -  жырағу)  арқылы  жеткізіліп  отырылған  тілдегі 

көркем-бейнелеу  құралдарының  ортақтығы.  Атай  кетелік,  қазақтың 

эпикалық,  халықтық  –  поэтикалық  шығармаларындағы  көптеген 

көркем  баяндаудың  әуендері,  образдарды  сөзбен  бейнелеу,  кескіндеу, 

сомдау,  баяндау  тәсілдері  бізге  келіп  жеткен  көне  Ескерткіштермен, 

оның  ішінде  Орхон,  Енесей,  Талас  Балбал  тастарындағы  жазулармен 

үндесіп отырады. Бұл ретте, әңгіме негізінен - аталған тарихи дәуірден 

бері қарай құрылымдық тұрғыдан үлкен өзгерістерге ұшыраған нақты 

сөз  тұлғалары  мен  сөйлемдер  туралы  емес,  тілдік,  көркем  әдебиеттік 

дәстүр жалғастығы туралы. Дегенмен, бұл салада да қазақ тіліне өте 

жақын  және  ұқсас  негізгі  лексикалық  тұлғалар  мен  сөзжасамдық 

құрылымдарды табуға болады.

3. Белгілі бір тілдің қалыптасуына, қызмет етуіне, алға қарай тарихи 

тұрғыдан дами беруіне тарихи уақиғалар, этномәдени орта және тілдік 

қарым-қатынас  -  барлығы  тұтас  алғанда  басты  себеп  болды.  Бірақ, 

құрылымдық түзілуі тұрғысынан алғанда оның тілдік айналасы және 

өзге тілдермен байланысқа маңызды роль атқарады. Бұл жағынан қазақ 

тіліде де ерекше емес, себебі әлемде (жаттілдік қоспасыз) «таза» бірде-

бір тіл кездеспейді. Түрлі тарихи дәуірлерде - көне, орта  және қазіргі 

кезеңде қазақ тіл де басынан кешірген этнотілдік - оның құрылымына 

(әсіресе,  сөздік  қор  құрамына,  дыбыстық  жүйесіне,  морфологиялық 

құрылысына) белгілі бір ықпалын тигізді. Бұл ықпал әсерінің нәтижесі 

ықпал етуші (немесе өзара байланысы) жағдайлардың деңгейіне тікелей 

қатысты,  олар;  ықпалдасушы  тілдердің  типологиялық  әртүрлілігі; 

байланысу  барысының  қарқындығы,  сол  тілде  сөйлеушілердің 

(носитель)  әлеуметтік  саяси  жағдайлары  мен  сандық  ара  қатынасы; 

олардың мемлекетінің болуы, сондай-ақ болмауы және т.б. Осы аталған 

нақты жағдайларға және тілдік байланыстың шарттарына қарай отырып, 

қазақ тілінің әр тарихи кезеңдеріндегі даму қалпын анықтауға болады.

Біріншіден, қазіргі қазақ тілін ру-тайпалық тілдердің ұзақ тарихи 

даму барысында тұтастыққа жету нәтижесі деп қабылдасақ, онда өзінің 

тарихының көне, орта және қазіргі даму кезеңдерінде өзге де тілдермен 

тұрақты түрде байланыс жасады немесе солардың қоршауында болды 

да, ол, әрине өз әсерін де тигізді.



372

Екіншіден,  қазақ  тілімен  байланыста  болған  тілдерді  екі  топқа 

бөлуге болады: туыстас, яғни түркі тектес тілдер және туыс емес тілдер 

(мысалы,  оған  қытай,  иран,  араб,  монғол,  тұңғыс-маньчжур,  славян 

және т.б.) тілдерін жатқызуға болады. 

Осыған  орай,  қазақ  тілінің  туыстас  (түркі)  және  туыстас  емес 

(әртүрлі  құрылымды)  тілдермен  байланысуының  сипаты  және 

нәтижелері бірдей еместігін көрсеткен жөн. Жақын туыстас тілдердің 

қыпшақ  тілі  қауымдастығы  аясында  байланысуы,  әдетте,  олардың 

құрылымдық  бөлшектерінің  өзара  кіріге  сіңісуіне  және  ортақ  тектік 

белгілерінің қалыптасуына әкелді. Қыпшақ тілі болмағанымен, өзгедей 

туыстас тілдердің де ықшамдалуы өзара қарым-қатынасқа және өзара 

ықпал  етуге  әкеліп  соғады,  сонымен  қатар  мұндай  жағдайда  сол 

тілдердің кейбір бөлшектерінің енуі байқалады. Қазақ тіліндегі қарлұқ, 

оғыз,  селжук  тілдерінің  элементтері  қазақ  тайпалары  туралы  айтуға 

тура келеді.

Біз түркі қаңлы, үйсін және т.б-ның ерте кезде қазақ тіліне енгізген 

ықпалы туралы жорамалдағанда біз көбіне олардың көне хун (гун), сақ 

және басқадай скиф тайпаларымен болған қарым-қатынасына жүгінеміз. 

Бірақ,  ғылым  олардың  тілдік  мүраларынан  бейхабар,  сондықтан  бұл 

қарым-қатынастардан қазақ тілінің жалғастығын іздестіру әлі де болса 

ертерек.


Қазақ  тілінің  туыстас  емес  тілдерімен  әр  дәуірде  жүрген  қарым-

қатынас қазақ тілі құрылымында өзіндік із қалдырды. Осы арада қазақ 

тілі  тарихының  көне,  орта  дәуірінде  қытай  тілімен  қарым-қатынаста 

болуы туралы сенімді сөз айтуға болады. Ол жайында қытай жазбалары 

мен  хандар  жылнамаларында  ғана  емес,  қазақ  және  өзге  де  түркі 

тілдерінде қолданылып жүрген қытай тілі элементтеріне де сүйенеміз. 

Қазақ тілінің лексикалық құрылымына иран (парсы, аздап тәжік) және 

араб тілдерінің тигізген елеулі әсері туралы ерекше атап өткен жөн. Бұл 

Қазақстанда негізінен алғанда Саманидтер билігі тұсында (VІІІ-ІХ ғ.) 

өтті, оның өзі Қашғардан Сырдарияға дейінгі үлкен аймақты мекендеген 

көптеген түркі халықтарының келешек тағдырына маңызды әсерін тигізді 

(В.В. Бартольд II, 1, 178).

Араб шапқыншылығына байланысты (VІІІ-Х ғ.) Іле және Сырдария 

өлкелері арасында ислам діні қанатын кеңге жайды. Осы кезеңде араб, 

кейбір мәдени орталықтарда парсы тілдері діннің ғана емес, мемлекеттік 

іс-құжат тілінің де қызметін атқарды, төлтума көне түркі әдеби тілінің, 

ауызекі поэтикалық шығармалық тілінің қолданылу аясы шектеле түсті.



373

Араб,  парсы  тілдерінің  әсерінен  түркі  тілдерінің  құрылымдық 

жүйесіне бірқатар өзгерістер (әртүрлі деңгейде) енді, ол күні бүгінге дейін 

байқалып  отырады,  мысалы,  қазіргі  қазақ  тіліндегі  белсенді  қолданыс 

сөздерінің 15% араб-парсы кірме сөздері құрайды (Л.З. Рүстемов.)

Қазақ  тілінде  және  басқа  да  қыпшақ  тілі  лексикалық  құрамында 

«моңғол»  сөздері  де  біршама  орын  алады.  Олардың  тілдік  табиғатын 

ғалымдар екі түрлі бағытта түсіндіреді: 1) түркі-моңғол тілдерінің тектік 

туыстығы (алтай тектегі болжамын жақтаушылар ұсынысы); 2) олардың 

ұзақ тарихи байланысының нәтижесі (Щербак А.М.).

Бірінші  жағдайда,  бұл  тілдердің  лексика-грамматикалық  жүйесінің 

біртектестігі жайында, ал екіншіде лексикалық кірме сөздер туралы. 

Қыпшақ  тілдері,  оның  ішінде  қазақ  тілінің  да  Қазақстан  мен  Орта 

Азияны және т.б. аймақтарда Шыңғысханның жаулап алу кезеңдеріндегі 

тарихына  қатысты  айтсақ,  онда  түркі-моңғол  тілдерінің  байланысын 

сөз  алмасу  тұрғысында  ғана  тілге  тиек  етеміз.  Осындай  байланыстағы 

жақтардың соғыс және бейбітшілік уақытында да, ұзақтығына қарамастан, 

жалпылама қостілдік және тікелей қарым-қатынас кезеңінде де жергілікті 

түркі тілдері басымдық қалыптарын сақтады. Түркілер арасында қалған 

моңғолдардың  азшылығы,  олардың  түркі  халықтарының  арасындағы 

шашыраңқылығы,  исламды  қабылдауы,  оларға  әдет-ғұрыптардың, 

дәстүрлердің әсері, барлығы «моңғол әсерін» тереңдете алмады. Дегенмен, 

қазақ  және  басқа  да  түркі  халықтарының  сөздік  құрамында  моңғол-

түркі  сөздерінің  ортақтығы,  қатар  қолданыстағы  сөздері  пайда  болды. 

Мұның  көзін  тек  қана  жоғарыда  айтылған  байланыстардан  ғана  емес, 

олардың  тектестігі  және  туыстығы  тұрғысынан  қарағанымыз  орынды 

(Қайдаров  Ә.Т.  1990.  с.  5.-25.6)  Қазақ,  моңғол  тілдеріндегі  көптеген 

ортақ  байырғы  түбірлерді  және  лексикалық-грамматикалық  тізбелерді, 

тұрмыстық, әкімшіліктік және әскери аядағы түсіндірме сөздер, сондай-

ақ Қазақстандағы жер-су атауларындағы ерекшеліктердің кейбірін, міне 

осындай себептер тұрғысынан түсіндіргеніміз орынды.

Мұның  барлығы  қазақ  тілінде  (XIII-ХІV  ғ)  «моңғол»  қалдығын 

құрайды. 

Тарихи даму барысында қазақ тіліндегі, сол сияқты түркі тілдерінің 

қыпшақ тобындағы лексикалық құрылымының қалыптасуында славян 

тілдері  де,  түркі  тілдерінің  славян  тілдеріндегі  әсері  сияқты  белгілі 

бір  қызмет  атқарды.  Себебі,  түркі  славян  тілдік,  этномәдени  және  т. 

б.  байланысының  тамыр  тарихы  ұзаққа  созылды,  тереңнен  бастау 

алып,  сонымен,  қазақ  жазба-әдеби  тіл  өзінің  барлық  құрылымдық 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау