2-китап indd



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет13/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Барлығы заң шығарумен ғана шектеліп қалмайтынына әбден 
көзіміз жеткендей болды. Бұрынғы Тіл туралы заңда жазылған сөздердің 
еш кемшілігі жоқ болып көрінетін. Қазақ тілін дамытудың алғашқы 
кездерінде ұранға сүрен қосқанымызды әлі ұмыта қойған жоқпыз.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің алуан-түрлі 
шараларын да белгілеген едік. Тілді дамытудың мемлекеттік 
багдарламасын кадрлық, материалдық-техникалық, қаржылық 
жағынан толық қамтамасыз етуге уәде байласқан кездер де есімізде. 
Мәселен, ілеспе аударма аппаратымен барлық залдар жабдықталады, 
қазақша жазу машинкалары болады, байланыс мекемелері телеграф 


24
хабарларын мемлекеттік тілде қабылдап тұрады, кәсіпорындар 
мен мекемелерде интенсивті тәсілмен сабақ жүргізетін қазақ тілі 
мұғалімдері арнайы даярлықтан өтеді, түрлі-түрлі сөздіктер мен 
тілашарлар шығарылады деген сияқты бұқаралық ақпарат құралдары 
мен үлкен жиындарда айтылған уәделердің көпшілігі су түбіне кетіп 
қалған жоқ па? Ең аяғы астанамыздағы көше қатынасы көліктеріне 
орнатыла бастаған аялдама аттарын қазақ-орыс тілінде хабарлайтын 
электронды аппараттардың да үні өшкелі қашан.
– 
Қазақ тілінің жолы болмай тұрғанының ең басты себебі – өзіміздің 
өкімет адамдарының мемлекеттік тілге деген ықылас-ниетінің жоқтығынан 
немесе аздығынан деп білемін. Ең бірінші халыққа үлгі болатын адамдар 
– солар. Өкінішке орай, олардың көпшілігі қазақтың өзімен де қазақша 
сөйлеспейді. Парламенттегілердің өзі де арасында бір орыс отырса, 
қазақшаны былай сырып қоя салуға түк арланбайды. Сылтаулары біреу 
– «бәріне түсінікті болсын» дейді, «ойымызды жеткізгіміз келеді» дейді. 
Өткен жылы Абайдың 150 жылдық тойында Президент Н. Назарбаев 
соншама үлкен баяндаманы қазақ тілінде-ақ жасады ғой. Қандай тамаша 
болды. Өз халқының алдында беделі өсті, жұртын қуантты. Мен өз басым 
Премьер-министріміз Ә. Қажыгелдиннің бірде бір рет қазақша сөйлеп, 
баяндама жасағанын естіген емеспін. Қазақстанның астанасы Алматы 
қаласының әкімі бола тұрса да Ш. Құлмахановтың да жөні дұрыс қазақша 
сөйлегенін көргем жоқ.
Жалпы, біздің жоғарғы өкімет адамдары тіл мәселесін екінші кезекке 
сырыңқырап отырған сияқты.
Ал енді өзіміздің ғалымдарға не жорық десеңізші. Көпшілігі 
қазақ тілін бір кісідей-ақ біле тұрып, қазақша жазуға қадам баспайды-
ау шіркіндер. Сенсеңіз, біздің ғалымдарымыздың бүгінгі таңда он-
ақ проценті қазақ тілінде жазады. Олардың да дені тіл, әдебиет 
төңірегіндегілер. Біз, шындығында да барлығын керісінше жасағанды 
тәуір көреміз.
Осы тұста мына бір мысалды келтіре кетейін. «Егемен Қазақстан» 
газетінің биылғы жылғы 2-ақпандағы санында «Қазақ тілі» қоғамының 
Шиелі аудандық төрағасы Қ. Әбденов менің атыма ашық хат жолдапты. 
Содан бір үзінді келтіре кетейін: «Біздің Шиелі ауданы – қазақи аудан. 
Соның өзінде соңғы жылға дейін қыстақ орталығындағы жеті орта 
мектептің үшеуі таза орыс тілінде, төртеуі аралас мектеп ретінде жұмыс 
істеді. Орыс кластарында отырған балалардың 60-70 проценті қазақ 
балаларын құрады. Сондай-ақ қыстақтағы он екі бала бақшаның он бірі, 
ондағы тарбиешілердің 70-80 проценті қазақ екеніне қарамастан, оқу-


25
тәрбие жұмысы тек орыс тілінде жүргізіліп келді. Аудандық «Қазақ тілі» 
қоғамының араласуы, білім бөлімі басшылығының батыл азаматтық танытуы 
нәтижесінде қазір орыс тілінде бір мектеп, бір бала бақша ғана қалды».
Міне, осы бір ақпардан-ақ «Қазақ тілі» қоғамының қандай белсенді 
күш екенін танып, білуге болады емес пе?! Ал біздің өкіметіміз неліктен осы 
бір оңынан келіп отырған істі оңашалап тастағанына тіпті де таңданбасқа 
болмайды.
– 
Сізге газет арқылы хат жазған жігіттің сөз төркініне терең 
үңілгеніміз жөн. Қазақ мектептерін көбейту ісінде «Қазақ тілі» қоғамының 
атқарған қызметі ұшан-теңіз. Амал қанша, соңғы кезде беті қайтып, 
беделі төмендеп бара ма деп қорқамыз. Мен таяуда сіз атаған «Егемен 
Қазақстан» газетінің бетінен Өмірсерік Қасеновтың «Түсінбеушілік пе 
әлде бұра тарту ма?» деген рецензия-мақаласын оқып отырып, көптеген 
фактілерге кез болдым. Соның бірі мынау: біздің елімізде 871000 мектеп 
оқушысы, 77243 студент қазақ тілінде, 2,2 миллион және 189416 окушы 
мен студент орыс тілінде оқиды екен. Екі тілдің ара салмағын осыдан-ақ 
айырып алуға болатын шығар.
– «Бәрін айт та бірін айт» дегендей, ең аянышты жағдай – мектептеріміздің 
болашағы болып отыр. Қазіргі уақытта қаржының тапшылығынан ауыл-
ауылдардағы 300-дей мектеп жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұлардың дені 
– шағын комплектілі мектептер және алыс ауылдардағы қазақ мектептері. 
Бұлардың жабылуына байланысты үлкен мектептердегі кластардың 
тығыздығы қандай болмақ? Әрбір класқа 40-50 оқушыдан. Бұдан кейін білім 
сапасы қандай болмақ?! Осыдан келіп орыс мектептеріне ауысу науқаны 
күшеймей тұрмайтыны тағы белгілі. Оның үстіне қазақ мектептерінде білім 
беру сапасы да төмендеп барады. Дені дұрыс мұғалім даярлап шығарудың 
өзі күшке түсуде. Жоғары оқу орындары үшін оқулық (пәндік) жоқтың қасы.
– 
Ғабит Мүсірепов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Тіл 
сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеуінің бірде-
біреуіне көңіл аудармау – ең үлкен қылмыс».
Осы бір ғажайып сөзден шығатын қорытынды – қазіргі уақыттағы 
біздің өз тілімізді өзіміз елемегендей болып отырған қылығымыз қылмыспен 
тең деген сөз. «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген де Ғабең 
еді ғой. «Авгейдің ат қорасынан бастайық» деген мақаласында.
Әрине, тіл туралы, ана тілі туралы қазақ ғұламалары аз айтқан 
жоқ, аз күрескен жоқ.
Менің бір таң қалатыным бағанадан бері әңгімелеп отырған 
«Қазақ тілі» қоғамына мемлекеттік деңгейдегі құқық неге берілмейді? 


26
Күні кеше туа салып аз уақытта тұншықтырыла, аты да, міндеті 
де өзгерген Тіл комитетінің шыр ете түскен даусын ғана естігендей 
болдық емес пе?! Расын айту керек, сол Тіл комитетінің болашағынан 
үлкен үміт күткенімізбен, тындырған ісін біліп үлгермедік. Оның 
есесіне жер-жерлер кешегі әміршілдік-әкімшілдік қоғамнан қалған 
бірталай «қаратаяқтарға» аз уақытқа болса да нәпақа тауып беруге 
әбден жарады. Мәселен, бір облыстағы аудандық, партия комитетінің 
идеология бөлімінің нұсқаушысы болып істеген бір әйел «Қазақ тілі» 
қоғамы алғаш құрыла бастаған кезеңде оған жан-тәнімен қарсы болып, 
шабуылға шыққаны бізге мәлім. (Аты-жөнін атап айтуды қажет деп 
таппадық). Мына қызыққа қараңыз! Сол әйел кейіннен Тіл комитеті 
құрылған кезде облыстық, тіл басқармасының бастығы болып отыра 
қалған. Бұдан нені аңғаруға болатынын тарқатып айтудың қажеті 
де бола қоймас. Тіл комитетінің қызметін өзінше ұнатып барған да, 
құлатып таратқан да осындай адамдар екені ақиқат. Жүрмей жатып 
жүрелеп, күлмей жатып күмілжіп отырсақ, сырт жұрттың бізге 
күле қарамасына кім кепіл. Мысалы, күні кеше ғана, осыдан үш-төрт 
жыл бұрын астанамызға ат арытып, «елім, жерім, тілім!» деп еңіреп 
келген дүние жүзі қазақтары құрылтайына жиналғандардың өзі біз 
туралы не ойлады? Салтанатты мәжілісте сөйленген сөздердің оттай 
ыстық лебі олардың жүрегінде әлі сақтаулы екені ақиқат. Қазақ тілінің 
қалтыраған бүгінгі қалпын естігендердің еңсесі түсіп, ет бауыры езіліп 
жатпағанына кім кепіл.
Мұның бәрін айтпағанда Ғылым академиясының болашағы туралы 
да жұрт сан саққа жүгіртіп айтып жүр.
– 
Ғылым академиясының бүгінгі жағдайының қиын екені рас. 
Егер біз ғылымнан бір айырылсақ, ол тез арада қолымызға түсе қоймас. 
Оның қайта айналып келуіне кем дегенде елу жылдай уақыт керек. 
Адам білімімен жетіледі, мемлекет ғылыммен өркендейді. Мұны біздің 
ешқайсымыздың ұмытуға қақымыз жоқ. Мемлекет өзінің өркениеті, 
экономикасы, мәдениеті мен әдебиетінің, ең бастысы тілінің дамып 
жетілуі үшін ең соңғы қара бақырына дейін аямаса керек.
Өкінішке орай, біздің Ғылым ордасының халі нашарлап кетті. 
Ғалымдарымыздың жалақысын жалақы деп те айтуға болмайды. Одан 
гөрі тапанша тағып банкінің алдын күзеткен күзетші мен автобустағы 
билет тексерушінің табысы әлдеқайда жоғары. Сондықтан болар ғылымға 
келіп жатқан жастар өте аз. Тіпті бар ғылым кандидаттарымыздың өзінен 
айырылып, қалып жатырмыз, Көбі бизнеске кетті. Біз, әйтеуір, 40 жылдан 


27
бері осының қабырғасында жүрген соң қиып кете де алмаймыз. Біз үшін 
ең қасиетті орын – Ғылым академиясы...
Тындырар жұмыс әлі көп. Осы жазда халықаралық «Қазақ тілі» 
қоғамының III құрылтайын өткізуге дайындық жұмыстарын жасап 
жатырмыз. Ісіміз оңға басар, тасымыз өрге домалар деген ойдамыз.
«Қазақ әдебиеті», 1996. №15. 9 көкек.
(Сұхбаттасқан Ә. Қайран)

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау