21
қай тесікке жамау болады дейсің. Обалдары нешік, елі ішіндегі жалау
жүрек, жалаң төс азаматтар ұлт тілі, мемлекеттік тіл үшін жандары
қалмай-ақ күресіп келеді. Бірақ олардың аттанға айғай қосқанынан селт
еткен ештеңе көрінбейді. Бәрі қаржыға, тек қана қаржыға келіп тіреледі
де тұрады. Әлгі өзің айтып отырған мүшелік жарна дегеннен шығады,
осы мәселенің әу бастан-ақ басы ашылмай қойғаны жасырын емес.
Бізге келіп түскен, газет беттерінде жарияланып
жатқан хаттар мен
мақалалардың көбінде-ақ осы жағдай сөз болған, әлі де болып жатыр.
Осындай «сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған» аш құрсақ
заманда «Қазақ тілі» қоғамының мүшесісің, жарна төле» деп, кімнің
соңынан жүгіргендей болып отырамыз. Біз басында, теңгенің құны бар
кезде, жарғы бойынша мүшелік жарнаны 20 тиын деп белгілеп едік,
инфляцияның иіріміне түскен уақытта мұнымыздың өзі түк те болмай
қалды. Оның үстіне қоғамның барлық мүшелері
дерлік ауылды жерде
болғандықтан, айлық жалақыларын уақытында алмайтын болғандықтан
мүшелік жарналарын қалай төлесін. Міне, «Қазақ тілі» қоғамының
қожырай бастауына негізгі себептің өзі осында тұр. Ел-жұрттың есі
кетіп, сесі қайтқан заман деген осы болар. Қай қоғамда,
қай заманда
болсын адамдардың санасы асқазанымен өлшеніп келген. Аш халыққа
ақыл айтып, пайымды парасат үйретем деу де бір әурешілік іспетті.
–
Бірақ осы бір тұста тағы да бір тереңірек тоқтала кететін
мәселе бар сияқты. Әрине, жоқшылық пен тапшылық мынадай қиын
заманда елге үлкен ауыртпалық түсіріп тұрғаны ақиқат. Осы өзіміз
мәселе етіп көтеріп отырған тіл төңірегінде әңгіме қозғай қалсаңыз:
«қазақ тілін мемлекеттік тіл деп марапаттап қайтесің, орыс тілі
тұрғанда»... деушілер де кездеседі. Шындығында, өзіңіз айтыңызшы,
осы қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қай жерде қандай дәрежеде
қолданыс тауып жатыр?
«Мемлекеттік» мәртебе алды деген атағы ғана болмаса, қазағы
қалың, қаладан аулақ жерлерден басқа қайда, қай уақытта өзінің
барлығын, тірлігін көрсетті. Мен білсем, бұған әлгі бір қаржының
жоқтығы ғана себеп-салдар болып отырған жоқ. Мемлекеттік тіл
Достарыңызбен бөлісу: