|
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
|
Дата | 20.05.2018 | өлшемі | 9,01 Kb. | | #14912 | түрі | Сабақ |
| 2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап) - 1.Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
- 2.Адам ақпаратты қалай сақтайды?
- 3.Ақпаратты қайда сақтауға болады?
- 4.Адам ақпаратты қалай өңдейді?
- 4. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Компьютер – электронды машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуы 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.
- Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
- Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;
- Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
- Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
- Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
- Ақпартатың өлшем бірліктері
- 1 Килобайт (КБ) = 1024 байт
- 1 Мегабайт (МБ) = 1024 КБ
- 1 Гегабайт (ГБ) = 1024 МБ
- 1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб.
- Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.
- 100Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:
- Мәтін беттері – 50000
- Түрлі түсті слайдтар – 150
- Музыкалық фрагмент – 10 минут
- Фильм – 15 секунд
- Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.
- Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы. Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.
Практикалық жұмыс (дербес компьютермен жұмыс) - А деңгейі
- Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
- 1. ПускКомпьютер батырмаларын таңдаңдар.
- 2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.
- 3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.
- 4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен,Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калкульяторды қолдануға болады.
-
- В деңгейі
- 1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар.
- 2. Документы бумасын ашыңдар.
- 3. 1 Гбайт көлемді флэшкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.
-
- С деңгейі
- Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін калькулятор программасын пайдаланыңдар.
Жаңа сабақты бекіту «Кім жүйрік - 1. Ақпараттың өлшем бірліктерін (ең кішісінен ең үлкеніне дейін) атаңдар.
- 2. Бат Кбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?
- 3. 1 байттан неше бит бар?
- 4. «Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген ақпаратта қанша көлемдегі ақпарат бар?
- 5. «Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.
- 6.* Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?
- 8. Үйге тапсырма .
- §4 тақырыпты оқып келу.
- Тест сұрақтарын орындап келу.
- 9. Бағалау: Оқушы білімін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|