Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінен MidtermExam



жүктеу 98,3 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.04.2023
өлшемі98,3 Kb.
#42053
ШМжКТ MidtermExam 2015-2016



Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінен 
MidtermExam 
тапсыруға арналған сұрақтар 
1.
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі және оның 
заң ғылымдары жүйесінде алатын орнын анықтаңыз. 
2.
Ежелгі Шығыс елдерінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен 
дамуының ерекшеліктерін атаңыз.
3.
Шығыс деспотиясының негізгі белгілерін және ерекшеліктерін атаңыз. 
4. Басқарудың негізгі үш мекемесінің қызметіне сипаттама беріңіз. 
5. Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болу ерекшеліктерін және Ежелгі 
Египет мемлекеті тарихының кезеңдерге бөлінуін сипаттап беріңіз. 
6. Ежелгі Египеттегі орталық және жергілікті басқаруға талдау жасаңыз. 
7. Ежелгі Вавилон халқының құқықтық жағдайын және құлдықтың 
ерекшеліктерін анықтаңыз. 
8. Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысына, орталық және жергілікті 
басқаруға талдау жасаңыз.
9. Ежелгі Үндістан халқының құқықтық жағдайының ерекшеліктерін, 
варналар жүйесін ашып көрсетіңіз. 
10. Ежелгі Үндістанның мемлекетік құрылысына, орталық және жергілікті 
басқаруға талдау жасаңыз. 
11. Хаммурапи заңы бойынша қылмыс және жазаға сипаттама беріңіз. 
Талион және композицияның мәнін ашып көрсетіңіз. 
12. Хаммурапи заңы бойынша неке, отбасы және мұрагерлік құқыққа 
сипаттама беріңіз. 
13. Ману заңдарының қайнар көздерін атаңыз. Дін мен құқықтың 
байланысын ашып көрсетіңіз. 
14. 
Ману заңдары бойынша мүліктік қатынастардың реттелу 
ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 
15. Ману заңдары бойынша қылмыстық құқық және сот ісінің жүргізілу 
тәртібіне сипаттама беріңіз. 
16. Грекия аумағында полистік ұйымның пайда болу ерекшеліктерін 
анықтаңыз. Басқарудың әскери-демократиялық формасына сипаттама 
беріңіз. 
17. Афиныда мемлекеттің пайда болу себептерін түсіндіріңіз. Тезей 
реформаларының мазмұнын ашып көрсетіңіз. 
18. Б.з.б. 594 ж. Афиныдағы Солон реформаларының мақсатына, мазмұнына 
және саладарына сипаттама беріңіз. 
19. Б.з.б. 509 ж. Афиныдагы Клисфен реформаларының мақсатына, 
мазмұнына және саладарына сипаттама беріңіз.
20. Спартаның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін анықтаңыз. 
Спарта республикасының аристократиялық сипатын ашып көрсетіңіз. 
21. Римде мемлекеттің пайда болу ерекшеліктерін анықтаңыз. Патрицийлер 
мен плебейлер арасындағы күреске сипаттама беріңіз.
22. С.Туллийдің реформаларының мақсатына, мазмұнына және саладарына 
сипаттама беріңіз. 


23. Ежелгі Рим халқының құқықтық жағдайына сипаттама беріңіз. 
Бостандық, азаматтық және отбасылық мәртебелерінің мәнін ашып 
көрсетіңіз.
24. Рим республикасының мемлекеттік құрылысына сипаттама беріңіз. 
Сенат, комиция және магистраттар қызметін ашып көрсетіңіз. 
25. Империя кезеңіндегі Римнің қоғамдық-саяси құрылысына сипаттама 
беріңіз. Принципат және доминат кезеңдеріндегі басқарудың басты 
ерекшелігін атаңыз. 
26. ХІІ-кесте заңдары бойынша шарттық және деликтілік 
міндеттемелерге сипаттама беріңіз. ХІІ-кесте заңдары бойынша шарттардың 
түрлерін атаңыз. 
27. Рим құқығы бойынша сот және сот ісінің жүргізілуі тәртібіне сипаттама 
беріңіз. 
28. Меровинг және Каролинг монархиялары тұсындағы франктардың 
мемелекеттік құрылысына сипаттама беріңіз. 
29. Салийлік правда бойынша қылмыстық құқық және қылмыстық іс 
жүргізудің ерекшеліктерін атаңыз. 
30. Салийлік правда бойынша неке-отбасылық және мұрагерлік құқыққа 
сипаттама беріңіз. 
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінен
MidtermExam
-ге дайындық бойынша әдістемелік нұсқау 
Емтиханға дайындық барысында студент құқықтық құжаттарды оқып-
үйренуге, құқықтық ұғым-түсініктер мен институтутардың мазмұнына, оның 
қалыптасу жағдайларына баса назар аударуы тиіс. Әр тақырып аясындағы 
мәселелерді игеру үщін олардың әрқайсысы дараланып, тиянақты жауап 
берілуі тиіс сұрақтар қойылды. Берілген сұрақтарға толыққанды жауап беру 
үшін студент оқулық пен хрестоматияны пайдаланғаны жөн.
Ұсынылатын әдебиеттер 
1. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 
Оқулық, Нұр-пресс, 2005. 
2. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Алматы, 
Заң әдебиеті, 2004. 
3. Батыр К.И. История государства и права зарубежных стран. // 
http://www.gumer.info/bibliotek
 
4. Черниловский З. М. Хрестоматия по всеобщей истории государства и 
права : Учеб. пособие. М.: Гардарика, 1996. 
5. Хрестоматии по истории государства и права зарубежных стран.
 
(составитель: доктор юридических наук, профессор В.А.Томсинов). // 
http://www.gumer.info/bibliotek
 


MidtermExam
-ның 
Өтілу мерзімі: 8-апта (16-25 қазан аралығы) 
Өткізу нысаны: ауызша 
Бағалау тәртібі: 100% 

жүктеу 98,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау