Дәріс №5
Жол қозғалысы сипаттамасын зерттеу әдістері. Жол-көлiк оқиғалары. Жол қозғалысындағы параметрлерiн зерттеу
9.1-сурет. Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы
Құжаттық зерттеу
Бұл әдістің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайларда зерттеу болып табылады, сондықтан бұл әдісті кейде камералық деп те атайды. Құжаттамалық зерттеуді арнайы жинақталған мағлұматтар негізінде, сондай-ақ іс жүзіндегі және өзге мақсаттарда қолданылатын мағлұматтар негізінде де жүзеге асыруға болады.
Жүктерді тасымалдау қашықтығы іс жүзіндегі көше-жол тораптарына сәйкес келетін фактілік бағытжолдар бойынша анықталады. Сұрақтамалық зерттеуді, сонымен қатар жүргізушілердің қозғалысты ұйымдастырудағы немесе жол жағдайларындағы кемшіліктер туралы ескертулерін жалпыламалау үшін де пайдалануға болады.
Камералық зерттеулердің маңызды бөлімін (тарауы) қозғалыс өлшемдерінің өсуі мен автомобильдер паркінің өзара құрылымдастығы туралы ғылыми болжамға негізделген. Жол-көлік оқиғасының жол полиция ақпаратындағы есепке алу картотекасын дәйекті зерттеу олардың жан-жақты талдамасын орындауға және жол-көлік оқиғасының пайда болуына әкеп соққан себептер мен себепкерлерді жалпыламалауға мүмкіндік береді.
Қолда бар жобалық құжаттамаларды көше-жол тораптарында талдау қозғалысты ұйымдастыру шешімдерді өңдеп шығаруға қажетті жол сипаттамаларын (жалпы енін, жолақтар санын, бұрылулар радиусын және т.с.с) алдын-ала дайындап шығаруға мүмкіндік береді.
Шынайы зерттеулер
Шынайы зерттеулер уақыттың берілген кезеңінде факт жүзінде өтетін жол қозғалысының нақты жағдайларын және көрсеткіштерін тіркеуге негізделген. Әдістердің бұл тобы қазіргі уақытта кең таралған және өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шынайы зерттеулер жолдардың күйі туралы нақты ақпараттарды алудың жалғыз (бірыңғай) әдісі болып табылады және іс жүзіндегі көлік және жүргізушілер ағындарының дәл сипаттамасын беруге мүмкіндік етеді.
Жол қозғалысы сипаттамаларының шынайы зерттеулері ақпаратты алу әдісінен және алынған ақпараттың сипатынан тәуелді екі топқа бөлінуі мүмкін:
көптеген сипаттамаларды және олардың уақыты бойынша өзгерулерін алуға мүмкіндік беретін стационарлық кедендерде зерттеу;
жол қозғалысының алуан түрлі себепкерлерінің кеңістіктің және кеңістікті-уақыттың сипаттамаларын алуға мүмкіндік беретін жылжымалы құралдардың көмегімен зерттеу.
Екінші топқа жататын зерттеулерді көбінесе автомобиль-зертхананың немесе ағында “жүзетін” автомобильдің көмегімен жүзеге асырады. Барлық шынайы зерттеулер үшін жалпы шарт жол-көше торабының зерттелетін нүктесінде бақылаушының қатысуы қажеттілігі болып табылады. Жол қозғалысының нақты зерттеулері белсенді немесе енжарлы әдістермен жүргізіледі.
Көлік ағындарын стационарлық посттарды зерттеу. Бақылаудың стационарлық кедені көлік ағынының құрамы, қарқындылығы, көлік құралының лездік жылдамдығы мен кідірістері туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Нұсқалған ақпаратты қарапайым техникалық құралдардың (секунд өлшеуіштің, бірліктерді механикалық есептегіштің) көмегімен жай көзбен бақылау арқылы, сондай-ақ автоматтық тіркеу құралдарын қолдана отырып алуға болады.
Көлік ағындарын жылжымалы құралдармен зерттеу. Қозғалысты стационарлық кеденде зерттеу кезінде алынған ақпарат тек жолдың берілген нүктесіне (қимасына) ғана жатқызылады. Көше-жол торабындағы қозғалыс тәртіптерінің кеңістікті – уақыттық сипаттамаларын алу үшін жылжымалы құралдар – жылжымалы зертханалар, тікұшақтар және т.с.с. қолданылады. “Жүзу” автомобильдің, яғни ағындағы көлік құралдарының негізгі массасына тән жылдамдықпен қозғалатын автомобильдің көмегімен зерттеу әдістері кең таралған. Бұл әдісті пайдалану мысалы жылдамдықтың кеңістіктік сипаттамасын бүкіл жол торабының бойына зерттеу болып табылады. Автомобиль-зертханамен басып озылған және автомобиль-зертхананы басып озған автомобильдердің шашлық теңдігін қозғалыс тәртібі дұрыстығының сыртқы белгісі ретінде қарастыруға болады.
Қозғалысты модельдеу
Қозғалыс барысын физикалық немесе математикалық әдістерімен, мысалы ЭЕМ-ның көмегімен жасанды үндемей өндіруге негізделген физикалық моделдеудің қарапайым мысалы ретінде әртүрлі көлік құралының ептілік және аялдау мүмкіндерін тексеру әдісін алуға болады.
Көлік құралдарының математикалық жазбасына негізделген матема-тикалық модельдеу (есептеу тәжірибесі) кеңінен таралған. Шынайы тәжірибе нәтижелерін зерттеу бернелік қатынастарды және теориялық үлестірулерді алуға мүмкіндік береді, осылардан шыға отырып математикалық модельдерді тұрғызады.
Зерттеулердің ұйымдастырушылық және әдістемелік міндеттері жүргізілетін зеттеу жұмыстарының мақсаттарына және масштабтарына және олардың аспаптық жарақтау мүмкіндіктерінен тәуелді болады.
Әрбір зерттеу ережесі бойынша, 4 негізгі кезеңдерден тұрады:
1-ші кезең: бағдарлама жобасын және зерттеулер әдістемесін өңдеп шығару;
2-ші кезең: зерттеулерді дайындау (әзірлеу);
3-ші кезең: зерттеулерді тікелей жүргізу;
4-ші кезең: алынған нәтижелерді өңдеу және есеп беру жазбасын құрастыру.
Жол-көлік оқиғалары
Жол-көлік оқиғаларының статистикасын зерттеу кезінде оңғы жылдары жолда үлкен жылдамдықты автомобильдердің саны көбеюде. Қалааралық байланыс жолдарының ені небары 7.0-7.5 м ғана болатын магистраль жолдар көп, олар жоғары қарқындылықты көлік ағындарына икемделмеген.
Негізінен жылдамдық тәртібін жас жүргізушілер дұрыс таңдамайды. Жалпы жұмыс стажы 1 жылға дейінгі жүргізушілердің 8 пайызына жол-көлік оқиғаларының 16,5 пайызы келеді, немесе олар жұмыс стажы 1 жылдан көп жүргізушілерден шамамен 3 есе жиі жол-көлік оқиғасына душар болады. Айрықша күрделі жол жағдайларында (тайғанақ жолдарда, мұздақ, тәуліктің қараңғы уақыттарында) қозғалыс жылдамдықтарын дұрыс таңдауды білу, жүргізушінің мамандық шеберлігінің деңгейін сипаттайды.
Белгілі-бір жол төсемінің жағдайында орын алған жол-көлік оқиғаларының санына байланысты оқиғаның меншікті коэффиценттерін салыстыру біршама қызығушылық тудырады. Оқиғаның меншікті коэффициенті белгілі-бір жол төсемінің жағдайында орын алған пайыздағы жол-көлік оқиғаларының санының пайыздағы жолдың сол жағдайының орташа ұзақтығына қатынасы арқылы анықталады.
4.2.5-кесте. Оқиғалықтың меншікті коэффициентерінің таратылуы
Жол төсемінің жағдайы
|
Құрғақ
|
Дымқыл
|
Тапталған қар
|
Тайғанақ, мұз басқан жол
|
Оқиғалықтың меншікті коэффициенті
|
0,51
|
2,03
|
1,2
|
2,78
|
Кестенің мәліметтеріне қарай отырып, тайғанақ және мұз басқан жол жағдайы кезінде жүргізушілер жылдамдықты дұрыс таңдау бойынша үлкен қиындықтарға душар болады. Бірақ та, ауырлық дәрежесі бойынша дымқыл жолдарда жол –көлік оқиғаларының саны көп, себебі мұндай жолдарда мұз басқан жолдарға қарағанда автомобильдің қозғалыс жылдамдығы үлкен болады.
Жол қозғалысының параметрлерiн зерттеу
Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын қауіпті жағдайларды жылдамдықты дұрыс таңдамау қала сыртындағы жолдарға қарағанда қала ішінде көбірек (53 %) болады. Жол көлік оқиғаларының қаладағы таратылуы төмендегідей:
екі қиылыс аралығындағы жолдарда 76,9%;
реттелмейтін қиылыстарда 8 %;
реттелетін қиылыстарда 4,9 %;
жалпы пайдалатын көліктердің тоқтайтын аумақтарында 6,3 %.
Ал қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының 10 % астамы жол бұрылыстарынан өткен кезде және 13,4 % өрлер мен құламаларда қозғалыс жылдамдығын дұрыс қабылдамауға байланысты болады.
Дәріс№6
Тасымалдауды ұйымдастыру негiздерi. Жүктер және оныңы сипаттамалары. Ыдыс және жүк маркировкасы.
Тасымалдауды ұйымдастыру негіздері
Көліктік үрдіс жылжымалы құрам берумен байланысты барлық операцияларды қосып алады. Олар:
Жүк ағындарының маркетингі.
Жүк ағындары материалдарын зерттеу негізінде жасау, рациональды маршрутты сызба, жаңа ашылған және бар маршруттар бағытының өзгеруін алдын ала қарастыру.
Тип бойынша таңдау және тасымалдаудағы жылжымалы құрамның қажетті санын анықтау.
Автомобильді пайдалану аумағын және шынайы тасымал шарттарына байланысты автопоездардың, түрлерін және жүк қасиеттерін, жүк көлігінің пайдалану көрсеткіштерін анықтау.
Автокөлік қозғалысының жылдамдығын нормалау.
Жүргізушілер жұмысының рационалды режимін пайдалана отырып, автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін таңдау.
Автомобиль көлігінің басқа көліктермен координациялық жұмысы.
Жылжымалы құрамның маршруттардағы қозғалысының қауіпсіздігін және жол шарттары мақсатында жасау тиімділігін талдау.
Автомобиль көлігімен жүкті қауіпсіз тасымалдау мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін арттыру есептері және тасымалдау шығынын азайтуда экономикалық – математикалық әдістерді қолдану.
Жылжымалы құрам жұмысымен оны пайдаланудағы оперативті бақылау.
Жүргізуші - көліктік операцияларды орындауға қатысатын негізгі қатысушы, сондықтан да оның жұмысын ұйымдастыру еңбек өнімділігінің деңгейіне қатысты.
Тасымалдау және қауіпсіздік сапасында жүргізуші жұмысы үздіксіз дене жұмысымен байланысты. Жолдың үнемі өзгеріп отыратын жағдайы жүргізушіден үлкен назар және жедел шешім қабылдауды талап етеді, сондықтан жүргізуші еңбегін ұйымдастыру, ұйымдастырылған еңбек режимі нормасын ұстануы қажет және жүргізушінің шаршауына жол бермеу керек.
Көлік үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін келесі талаптар ұсынылады:
Жүктерді тиеу және түсіруде автомобильдердің бос уақытының жоғары нормативті уақыт шығынын қысқтиеу; тиеу-түсіру жұмыстарын кеңейту және оларға кешенді механизация қолдану; автомобильдер жұмысы графигін қатаң сақтау және құру; автомобильдер маневріне алаңдар мен жол өткелдерін құру, көбіне бұл тіркемелі автомобильдерге, тіркемелі немесе жартылай тіркемелі тягачтарға; алдын ала жүктерді дайындау және т.б.
Рациональды жүктерді жинау, жылжымалы құрам сыйымдылығы мен рұқсатты максимальды жүк көтерімділігі.
Кузовта жүктерді дұрыс орналастыру және олардың жүру бөлігіне салмақты жүктілігінің тең өлшемді таралуы.
Жол бөліктерінде жол жамылғысы жағдайын есепке ала отырып автомобильдер қозғалысының режимін оңтайландыру.
Заңды тұрғыда жүргізушілердің жұмыс уақытын максимальды пайдалану.
Жолаушы автомобилі тасымалының классификациясы
Барлық орындалатын жолаушылар автомобилі тасымалы келесі белгілерімен классификацияланады.
Жылжымалы құрамның жолаушы автомобилі тасымалы бойынша автобус және жеңіл автомобиль тасымалы болып бөлінеді.
Тасымал түрі бойынша қалалық, қала маңы, жергілікті, қалааралық, халықаралық қатынасы болып бөлінеді.
Қалалық тасымал автобустармен және жеңіл автомобильдермен жүзеге асады.
Қала маңы тасымалы қала маңы аудандарымен және қала маңы елді-мекендерімен байланыстырады.
Жергілікті тасымал селолық елді-мекендерде жолаушыларға қызмет көрсету.
Қалааралық тасымал жолаушыларды қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалармен байланыстырады.
Халықаралық автомобиль тасымалы екі немесе одан да көп мемлекетпен байланыстыратын тасымалды айтады.
Жолаушы автомобилі тасымалы тағайындалуына байланысты экскурсиялық, туристік, қызметтік, мектептік, вахталық және арнайы болып бөлінеді.
Экскурсиялық тасымал экскурсия мазмұнына байланысты алдын ала жасалып келісілген экскурсияны қамтамасыз етуге арналған.
Туристік тасымал ұйымның немесе жеке тұлғалардың алдын ала жасалып келісілген маршрут бойынша туристік қатынасқа арналған.
Қызметтік тасымал жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс орнынан тұрғылықты жерлеріне дейін немесе кері бағытта орындайтын тасымал.
Оқушылар тасымалы арнайы маршрутпен жасалған оқушыларды тасымалдауға арналған тасымалды айтады.
Вахталық тасымал мұнайшыларды, құрылысшыларды, шахтерларды және т.б. бригадамен немесе сменалық түрде тасымалдауға арналған.
Жолаушы автомобилі тасымалының форма бойынша ұйымдастырылуы маршрутты, тапсырысты және тiкелей аралас болып келеді.
Маршрутты тасымалдар бекітілген кесте бойынша арнайы маршруттармен тасымалдауды айтады.
Тапсырысты тасымал ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.
Тiкелей аралас тасымал автобус көлігінің басқа да жолаушы көліктерімен орындалуы.
Тиеуға дейін немесе түсірудегі аралық жүріс тасымал циклын үзбейді. Әрбір жаңа жүріс жылжымалы құрамның бос кездегі берілуінен басталады.
Тұрақтан жылжымалы құрамның берілуі мен соңғы пункттан түсіруден кейінгі оралуы жеке тасымал циклына жатпайды, жылжымалы құрамның толық бір күндік жұмысын - нөлдік жүріс (пробег) деп атаймыз.
Автомобиль айналымы бір немесе бірнеше тасымал циклындағы бос жылжымалы құрамның тиеу пунктіне берілуінен кезекті оралуын атайды.
Жүк автотасымалдарының орындалуының көліктік үрдісті ұйымдастыру
Жүк автотасымалдарының орындалуының көліктік үрдісті ұйымдастыруда бірнеше варианттарға бөлуге болады.
Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыдағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы қарапайым варианты ұсынылады.
Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыға жіберушіге дейінгі кері бағыттағы жүктің жеткізілуі немесе кез келген аралық пункттар болып табылады.
Бірінші немесе екінші варианттардағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы бір жүк жіберушімен бір қабылдаушының бірнеше жылжымалы құрамды пайдалануы.
Бірнеше жіберуші мен бірнеше қабылдаушының бірретті немесе көпретті жүк тасымалындағы бір немесе бірнеше автомобильдің алғашқы тиеу пунктіне оралуы (жылжымалы құрамның айналмалы қозғалыстағы кіші жүйесі). Бұл вариантта бір автомобиль жүк жөнелтушімен қабылдаушыға бір айналымда бірнеше аялдама жасайды.
Бір жөнелтушіден немесе қабылдаушыға жүкті жинау немесе тарату.
Белгілі-бір мақсат жұмысына бағынатын, бірнеше шағын жүйелерді пайдалануды талап ететін белгілі-бір өндірістік құрылымның қызметі .
Көлік жүйесі бірнеше өндірістік құрылымдарға немесе белгілі-бір географиялық регионға қызмет етеді.
Жүк және жолаушы ағындарының сипаттамалары
Жүк автокөлік жұмысы екі негізгі көрсеткіштермен сипатталады: жүктерді тасымалдау көлемі және жүк айналымы.
Жүк ағыны белгілі-бір уақытта автомобиль көлігі тасымалдауында немесе тасымалданғандағы тоннамен өлшенетін жүк көлемін көрсетеді.
Жүк айналым тонна-километрмен немесе осы уақытқа дейінгі немесе белгілі-бір уақыт аралығында орындалған аралас жүктердің көліктік жұмысымен өлшенеді.
Жалпы жүк айналым көлемі және автокөлік мекемелерінде жүк айналым қабылданған номенклатура бойынша бөлінеді. Бұл бөліну жүк айналымы мен тасымал құрылымы деп аталады. Тасымал көлемін анықтауда бір жүкті бірнеше есе тасуға тура келеді (бұл көбіне қалалы орындарды кездеседі). Бұл дегеніміз бір жүкті қабылдау орнына жеткізудегі алмасушылық болуы мүмкін. Мысалы, кейбір жабдықтауға арналған құрылыс материалдары, санитарлы-техникалық және электромонтаждау жұмыстарында бірінші, сәйкес қоймаларға апарылып, содан кейін құрылыс нысандарына тасылады. Көбіне қайталанбалы тасымалдар сауда жүйелеріне өндірістік және азық-түлік тауарлары болып келеді. Бұл тауарлар көбіне алғашқыда темір жолмен, су және әуе көліктермен станция немесе аэропорттардағы сауда қоймаларына әкелініп, сортталып, сосын дүкендерге тасымалданады.
Уақыттың ұзақтығына байланысты жүк айналым және тасымал көлемі сағаттық, тәуліктік, айлық, кварталдық, жылдық болып келеді.
Жүк айналым және тасымал көлемі ереже бойынша әрбір ай және квартал бойынша бір қалыпты таралмайды. Бұл тербеліс автокөлік қызметі мен сұранысқа байланысты.
Бір қалыпсыздық деңгейі бір қалыпсыздық коэффициентпен анықталады, тасымал көлемі жүк айналымының максимальды шамасының белгілі-бір уақыттың орташа қатынасына тең.
Тасымалдау шартына және сақтауға байланысты жүктер қарапайым және спецификалық болып бөлінеді.
Көлік заңнамасындағы жүктер классификациясы
Көлік заңнамасындағы жүктер классификациясы - бұл тасымал төлемдерінің бекітілген өлшеміндей тарифті топпен жүктер тасымалының таралуы.
Жылжымалы құрам жүктілік деңгейіне байланысты жүктер төрт класқа бөлінеді, ол төменде келтірілген.
Класс
|
Коэффициент
|
I
|
1
|
II
|
0.71-0.99
|
III
|
0.51-0.70
|
VI
|
0.41-0.50
|
Көліктегі жүктер - деп жүкті тасымалға алғаннан жүк қабылдаушыға тапсырғанға дейінгі барлық үрдістерді атайды.
Автомобиль көлігі қаптау түрінің әртүрлі физикалық қасиетіндегі түрлі жүктерді тасымалдайды. Жүк түрлері жылжымалы құрам типтерін таңдауда және оның пайдалану шарттарын, тиеу-түсіру жұмыстарын орындау тәсілдері - қажетті факторлардың бірі болады. Жүктер ерекшелігіне байланысты топтастырылады.
Тарамды жүктер габаритті өлшемдерімен, салмағымен және бітімімен сипатталады. Олар тасымалдау кезінде қабылдау мен өткізуде санақпен немесе салмағымен өткізіледі.
Сеппелі жүктер сеппелі тиеу-түсіру жүктеріне рұқсат етіледі. Бұл жүктер көлемі және салмағымен есептеледі.
Құймалы жүктер цистернада сұйық және жартылай сұйық түрінде тасымалданады.
Тарамды жүктер қаптама түрінде тасымалданатын тара және тарасыз болады. Тасымалдау кезінде жүк екі салмақта анықталып қолданады: нетто - жүктің өзіндік салмағы, брутто - жүктің тарамен есептелген салмағы.
Тара жүкті бұзылуынан сақтап және тиеу-түсіру мен тасымалдау кезінде бүлінуден сақтауды қамтамасыз етеді. Тара тасымалданатын жүк сипаты мен түріне және тиеу-түсіру механизмдерін қолдануда беріктікті қамтамасыз ету мүмкіншілігіне сәйкес болуы керек.
Тара жасалуына байланысты ағашты, шынылы, керамикалы, текстильді, қағаз-картонды және т.б.
Өзінің қаттылық күй деңгейінде тара қатты (жәшік, бөшке), жұмсақ (қап, эластикалық орамалар) және жартылай жұмсақ (кәрзеңкелер) болып келеді.
Тарадағы жүктер өзінің түріне байланысты жәшіктік, қапталған және бөшкелі болады. Бұлардың ішінде көбісі бірінші қағазды, қаптамалы, картонды, полиэтиленді.
Кей-кезде жүктер бірден екі түрлі тарада болады, мысалы, бөтелкедегі сүт, жәшікке салынған. Бұл жағдайда бөтелке тара да, жәшік супертара болады.
Тара бірреттік және көпреттік қолдануда болады. Бірреттік қоданудағы тараға бір немесе бірнеше жүктердің бір түрдегі түрінің тасымалдауы жатса, көпреттік қолдануға барлық жүктер түрі жатады.
Бірретті тара көпрет пайдаланылғандықтан, пунктке оралғанда өте қатаң тексеріледі.
Қарапайым жүктерге тасымалдауға, тиеуға, түсіруге және ерекше жағдайды талап етпей сақтайтын және бортты автомобильдермен тасымалдауға болатын жүктер жатады.
Спецификалық жүктерге тиеу мен түсіру және тасымалдау мен сақтауға ерекше талап етілетін жүктер жатады. Олар габаритсіз, ұзын өлшемді, үлкен салмақты, қауіпті, тез бұзылатын, белгілі бір санитарлық жағдайды талап ететін болып бөлінеді.
Габаритсіз жүктерге (құрылыс жүктерінен басқа) орыннан есептегенде 3,8 м немесе 2,5 м енділіктегі жүктер жатады.
Ұзын өлшемді жүктерге – түрлі габаритсіздер. Бұл жүктерге артқы борттан екі метрден асатын жүктер жатады.
Үлкен салмақты жүктерге - бұл әрбір орынға салмағы 250 кг асатын жүктер жатады.
Қауіпті жүктерге – сәйкес шаралар қатыспайтын, тасымалдау кезінде және сақтауда адамдарды улайтын жүктер жатады.
Қауіптілігіне байланысты олар жеті топқа бөлінеді:
Бірінші топ - аз қауіпті;
Екінші топ - тез жанғыш (бензин, керосин және т.б.);
Үшінші топ - шаңдатқыш және ыстық (цемент, әк, битум және т.б.);
Төртінші - күйдіретін сұйықтықтар (кислота және т.б.);
Бесінші - баллондағы сығылған газ;
Алтыншы - өзіндік габаритті өлшемді жүктер;
Жетінші - ерекше қауіпті жүктер (жарылғыш, радиоактивті және т.б.)
Тез бұзылғыш жүктер арнайы жылжымалы құрамды талап етеді, өйткені олар белгілі-бір температураны сақтап тұруы қажет.
Арнайы шартты жүктерді сақтауға тұрмыстық заттар жатады.
Санитарлыққа қарсы жүктерге - ассенизациялы және шаңдатқыш жүктер жатады.
Жүктердің таңбалауы
Тарамды жүктерді тасымалдауда олар таңбаланады. Таңбалау - жүкке арнайы белгілермен және жазулармен жазылады. Олар тауарлы, жүкті, көлікті және арнайы болып келеді.
Жүктерді ыдыспен немесе орамамен және майда даралы жүктерді ұсақ жөнелтімдермен тапсыру кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк орнын мемлекеттік стандарттарға сәйкес алдын ала таңбалауы тиіс.
Таңбада: жүк алушының толық немесе қысқартылған атауы; бару орны мен пункті; жүк бірлігінің салмағы (брутто және нетто) көрсетілуі тиіс.
Тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарда келтірілген деректер таңбаға толығымен сәйкес келуі тиіс.
Таңбалау ыдыста немесе жүкте шаблон бойынша бояумен, штампылаумен немесе таңба соғумен жүргізілуі мүмкін.
Таңбалау орамада шартты белгілермен (таңбалармен), айқын жазумен, әріптермен, сандармен немесе суреттермен (нышандармен) жасалуы тиіс. Таңбаның түсі ыдыстың немесе жүктің түсіне қарама-қарсы болуы тиіс.
Жүк орындарының таңбасы анық, түсінікті және берік болуы тиіс.
Таңба өшірілмейтін және қабыршақтанбайтын, күн сәулесіне төзімді, кез келген бетте жақсы ұсталатын және сумен шайылмайтын бояумен жасалуы тиіс.
Таңбалық жапсырмалар қағаздан, қатырмадан, матадан, фанерадан, металдан, пластмассадан жасалуы мүмкін. Жапсырмалардың беті ауа-райы жағдайларының әсеріне шыдамды болуы тиіс. Жапсырмаларға таңба төмендегідей тәсілдердің бірімен қойылуы тиіс:
типографиялық;
машинкамен басу;
траферат бойынша штемпельдеу;
жаншу.
Қағаздан және қатырмадан жасалған жапсырмалар ыдысқа желіммен бекітілуі тиіс. Матадан жасалған жапсырмалар тігілуі тиіс. Фанерадан, металдан, пластмассадан жасалған жапсырмалар бұрандармен, бұранда шегелерімен, шегелермен бекітілуі тиіс. Жапсырмаларды фанера, қатырма және қағаз жәшіктерге қағуға рұқсат етілмейді. Жапсырмаларды жүктерге сыммен бекітуге, басқа бекіту тәсілі мүмкін болмағанда рұқсат етіледі.
Таңба:
1) жәшіктерде – бүйір жақтарының біріне;
2) қаптар мен теңдерде- кең жақтарының біріне;
3) арнайы таңба екі шектес жаққа салынады.
Дәріс№7
Жүк- және жолаушыағындарының сипаттамалары. Жүк ағының оптимизациялау әдістері. Келісім шарттар бойынша массалық жүктерді тасымалдаудың рационалды маршрутын құру
Маршруттық тасымалдар көрсеткіші
Маршрут өзіне:
тасымал көлемін;
бағытты;
қашықтықты;
уақыт бойынша жету;
түрлі категориядағы жол жүктілігі;
қозғалыс кезектілігі бойынша;
жеткізу тиімділігі.
Маршруттаудың негізгі тапсырмаларына:
қозғалысты ұйымдастыру;
жүкті жеткізудің минимальды мерзімі;
қозғалыс қауіпсіздігі;
көлік құралдарын тиімді пайдалану;
тасымалдау жоспары мен графигін орындау;
жол жағдайының өзгеруіне байланысты кешенді реттеу.
Маршруттар жалпы келесі классификацияларға бөлінеді:
Тасымалдау қашықтығына байланысты:
қалалық (шамамен қала шетіне дейін);
қала маңы (қала шетінен 50 км аралықты қоса алғанда);
қалааралық (қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалар мен елді-мекендер);
халықаралық (Қазақстан Республикасының шекарасынан).
тұрақты (жыл бойына);
уақытты (уақытша);
мерзімді (мезгілдің белгілі-бір мерзімдерінде).
Маршрут ашуда алдын-ала сұрақтарды шешуде мыналарды қажетті түрде қарастыру қажет:
осы маршрут бойынша жүк тасымалының сұранысын анықтау;
жол жағдайын зерттеу және қозғалыс трассасын таңдау;
маршрут мақсатының техника-экономикалық негіздемесін құру.
Маршрут тұрақты жүкағыны мен жағдайының қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде алуға болады.
Маршрут жасауда мыналарды қарау қажет:
қаланың негізгі пункттар аралығында тапсырыс берушілерге көлік байланысын қамтамасыз ету;
автокөлік түрлерін тасымал түріне орай пайдалану;
қозғалысқа бақылау жасау мүмкіншілігін;
мекеменің автокөлік құралдары қозғалысын координациялық басқарумен қамтамасыз ету;
аралық және соңғы аялдамаларды автокөлік құралдарының бос жүріс аралығын азайту мақсатында ірі жүк жинау орындарына жақын орналастыру;
қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жүйесін қолдану.
Жүк ағындары белгілі-бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.
Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.
Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі-бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі-бір масштапбен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті
Эпюр жүк тасымалының түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.
Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.
Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.
Эпюр мен картограмма жүк тасымалындағы жылжымалы құрамның маршруттық қозғалысын жасауда үлкен мәнге ие болу мүмкіндігін көрсетеді.
ҚЖК жүйесін жаңғырту жолындағы алғашқы кадам әлемнің түрлі елдерінің практикалық тәжірибесін зерделеу болды. Анықталған шешімдердің талдауы, шын мәнінде, жалпы пайдаланыстағы қалалық жолаушы көлігінің жұмысын ұйымдастыруда баламалы екі тәсілдің бар екендігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |