№2 басылым 11. 09. 2014ж орнына беттің -беті



жүктеу 4,18 Mb.
бет20/33
Дата22.05.2018
өлшемі4,18 Mb.
#16231
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

Коммерциялық қызметтің алуан түрлі әдістері мен түрлері бар, алайда әуе көлігіндегі коммерциялық қызметтің негізгі бағыты шарттық жұмыс пен баға саясаты болып табылады. Әуе кәсіпорнының тиімді қызмет атқаруын нақ осы коммерциялық келісімдер шарты мен әуе тасымалына ұсынылатан тарифтер анықтайды.

Әрбір әуе кәсіпорнының коммерциялық саясаты өзіндік сипатта болады. Табысқа жетудің ортақ формуласы жоқ. Әрбір кәсіпорын әуе тасымалы рыногын мұқият маркетингтік зерттеу арқылы және оның конъюнктурасын болжай отырып, өз басымдықтарын айқындайды. Әуе кәсіпорнының коммерциялық саясаты өте икемді болуға тиіс. Әлемдік экономиканың құрамдас бөлігі бола отырып, әуе көлігі конъюнктуралық ауытқуларға шалдыққыш келеді. Икемді коммерциялық саясат жүргізу әуе кәсіпорнына іс жүзінде рыноктағы жағдайға лезде жауап қатуға мүмкіндік береді.

Азаматтық авиацияның жай-күйі қоғамға байланысты. Әуе тасымалы индустриясы оның ұдайы өсіп келе жатқан мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тиіс: тасымалдау құнын кеміту, қызмет көрсетуді жақстиеу, қауіпсіздік деңгейін арттыру, экологиялық талаптарға сай болу, сондай-ақ басқа көлік жүйелерімен бірлесе әрекет ете алатын әуе көлігі жүйесін құру.

Әуе көлігіндегі коммерциялық қызмет көбіне әуе компаниясының аз қызметіне байланысты болады. Әрбір әуе компаниясының коммерциялық саясатының тактикасы мен стратегиясы өзіне ғана тән болса да, әуе көлігіндегі коммерциялық қызметке тән негізгі жалпы бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Ондай бағыттар мыналар:


  • әуе бостандығын барынша пайдалану;

  • коммерциялық ынтымақтастық мәселелер;

  • баға саясаты;

  • тасымалдауды сату жүйесін жетілдіру.


Әуенің коммерциялық құқықтары немесе бостандықтары

Мемлекеттің өз әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендігі принципі халықаралық әуе құқығының іргелі принципі болып табылады. Осыған байланысты белгілі бір мемлекеттің айқын білдірілген келісімінсіз халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін сол мемлекеттің аумағына немесе аумағы арқылы ұшу сапарын жасау мүмкін емес. Чикаго конвенциясы мен әрбір елдің ұлттық заңнамалары да осы қағиданы көздейді.

Халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыру үшін ұшу сапарына, сондай-ақ осындай сапар барысында тасымалдауды атқару үшін тиісті мемлекеттің рұқсатын алу қажет.

Бұл жағдайда ұшу сапарын жүзеге асыру осыған сәйкес тасымалдауды жүзеге асыру құқығын береді деген сөз емес. Мұндай құқықтардың дербес маңызы бар, сондықтан олардың өзара ұштасуы тиісті мемлекеттердің арасында қандай уағдаластыққа қол жететініне байланысты.

Осы заманғы халықаралық құқық коммерциялық құқықтарды “әуе бостандықтары” деп аталатын құқықтарға бөледі.

Коммерциялық құқықтар олардың пайдаланылуын оңайлату үшін көлеміне қарай шартты түрде бірнеше санатқа (класқа) бөлінеді және “әуе бостандықтары” деп аталады. Олардың бесеуі 1944 жылы Чикаго конференциясында транзит туралы және Халықаралық әуе көлігі туралы келісімдерді жасауда тұжырымдалды. Алтыншы және жетінші бостандықтар кейінірек пайда болды. Олардың шығу төркіні өмір болғанымен, ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған ғалымдар еді.

Қазіргі кезде оларды жіктеу және пайдалану мақсатында барлық коммерциялық құқықтарды жеті “әуе бостандықтарына” бөледі. Бұл жеті “әуе бостандықтарын” өз кезегінде үш топқа бөлуге болады. Біріншісі – қосалқы “әуе бостандықтары” үшінші елге ұшып өту жолындағы мемелекет аумағынан ұшып өтуді қамтамасыз етеді (I және II “әуе бостандықтары”). Екіншісі – келісім бойынша серіктес елдер арасындағы тасымалды қамтамасыз ететін бастапқы (негізгі) “әуе бостандықтары” ( III және IV “әуе бостандықтары”). Үшіншісі – келісім бойынша серіктес елдердің үшінші елдерге тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екінші “әуе бостандықтары” (V, VI және VII “әуе бостандықтары”).

Бірінші “әуе бостандығы” – осы құқықты беретін мемелекеттің аумағына қонбастан транзиттік ұшуды қамтамасыз ету құқығы.

Екінші “әуе бостандығы” – осы құқықты беретін мемлекет аумағына коммерциялық емес мақсатпен қонып, шетелдік аумақ арқылы транзиттік ұшуды жүзеге асыру құқығы.

Үшінші “әуе бостандығы” – өз мемлекетінің аумағында тасымалдауға алған жолаушыларды, жүк пен поштаны шетелдік аумақта түсіру құқығы. Мысалы, қазақстандық “Эйр Астана” әуе компаниясының ұшағында Алматы-Мәскеу рейсімен ұшып келген жолаушыларды, жүк пен поштаны Мәскеуде түсіру.

Төртінші “әуе бостандығы” – әуе кемесі меншігі болып табылатын мемлекет аумағына баратын жолаушыларды және сол аумаққа арналған жүк пен поштаны шетелдік аумақта қабылдау құқығы. Мысалы, қазақстандық “Эйр Астана” әуе компаниясының ұшағымен жасалатын Мәскеу-Алматы кері рейсіне Мәскеуде жолаушыларды, жүк пен поштаны алу.

Әдетте, мұндай бостандықтар жекелей берілмейді.

Бесінші “әуе бостандығы” – келісім бойынша үшінші мемлекеттің аумағына бара жатқан жолаушыларды, сол аумаққа арналған жүк пен поштаны серіктес елдің аумағынан қабылдау құқығы және келісім бойынша серіктес елдегі кез келген осындай аумақтан шығатын жолаушыларды, жұк пен поштаны түсіру құқығы.

Алтыншы әуе бостандығы – келісім бойынша серіктес ел мен үшінші ел арасында оның аумағы жолаушылар, жүк пен пошта тасымалын жүзеге асыру құқығы. Бұл “әуе бостандығы” 1970 жылдан бері Аэрофлот кеңінен пайдалана бастады. Бірінші мұндай желі Париж-Мәскеу-Токио желісі болды.

Алтыншы бостандықта негізгі жүк – бұл келісім бойынша серіктес елден үшінші елге тасымалдау, халықаралық тасымалдың негізгі рыноктары арасындағы тасымалдауға қатысу, ал үшінші және төртінші бостандықтар бойынша тасымалдау қосымша сипатта болады.

Жетінші “әуе бостандығы” – келісім бойынша серіктес ел мен үшінші ел арасында өз аумағына соқпай өтіп, жолаушылар, жүк және пошта тасымалын жүзеге асыру құқығы.

Коммерциялық құқықтардың тағы бір түрі – каботаж өмір сүруде. Бұл белгі бір мемлекеттің аумағындағы пункттер арасындағы тасымал. Шетелдік тасымалдаушыларға мұндай тасымалдау жүргізу құқығы сирек білдіреді. Келісім каботажды төмендегіше бөледі:

“Жүйелі каботаж” (сегізінші “әуе бостандығы”) – халықаралық әуе желісінің тиісті учаскесінде ішкі тасымалды жүзеге асыру құқығы;

“Дербес каботаж” (тоғызыншы “әуе бостандығы”) – толығымен шетелдік мемлекеттің аумағы арқылы өтетін маршрут бойынша ішкі тасымалды жүзеге асыру құқығы.

Жолаушыларды, жүк пен поштаны әуемен тасымалдауды, яғни коммерциялық құқықтарды пайдалануды әуе кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Әуе кәсіпорындарының қызметі әуе қатынасы туралы келісімдермен, сол елдің заңнамаларымен, сондай-ақ олардың басқа әуе кәсіпорындарымен, туристік фирмалармен, агенттіктермен және басқа қызмет көрсетуші ұйымдармен жасасқан коммерциялық келісімдерімен реттеледі.

Мұндай коммерциялық келісімдер:

– біріншіден, ұшуды жүзеге асыру үшін қажет болатын барлық техникалық және коммерциялық қызмет көрсету түрлерін;

– екіншіден, әуе қатынасы туралы келісімдерге көзделген коммерциялық құқықтарды, шарттағы желілерді пайдалану кірістері мен шығындарын бөлу тәртібі нақтылайды.

Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімдер тиісті елдер арасындағы әуе қатынасын реттейтін негізгі принциптер мен нормаларды ғана анықтаумен шектеледі. Олар коммерциялық келісімдермен нақтыланады.

Әуе қатынасы туралы келісімдер, әдетте, шартты желілер бойынша ұшуды бастау шарты ретінде коммерциялық келісімдер жасауды қажет етеді. Мұндай келісімдер ұшақтар мен олар тасымалдайтын жолаушыларға, жүк пен поштада техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Осымен қатар, тарифтерді, кестені үйлестіру шарттық желілерді пайдаланудағы ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін шешу қажет. Шарттық желі бойынша ұшуға белгіленген екі тараптың әуе кәсіпорындары арасында осындай барлық мәселелер бойынша жан-жақты келісім жасау – ең қарапайым шешім болады. 50-60 жылдары бұл мәселе осылайша шешілген болатын. Кейін ынтымақтастық пен қызмет көрсетудің жеке түрлері бойынша келісімдер барған сайын кеңінен қолданыла бастады.

Қосымшалардың саны және олардың атауы басқаша да болуы мүмкін.

Әуе кәсіпорындарының арасында жасалатын коммерциялық келісімдердің ең көп таралған түрі – Коммерциялық ынтымақтастық туралы келісім (Интерлайн – Interline Agreement).

Дәріс№13

Флоттың жұмысын ұйымдастыру. Көлiк кемелерiнiң жұмысын техникалық мөлшерлеу
Қазақстан Республикасындағы су көлігінің қазіргі жағдайы

Өзен көлігі

Қазіргі уақытта Қазақстанда, шың мәнінде, кеме жүзетін екі өзен бар, олар Ертіс және Жайық өзендері.

Ертіс өзенінің бойындағы Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында орналасқан кемежайлардың (порттардың) аса ірісі “Павлодар өзен кемежайы” ААҚ-ы. Мұнда жолаушылар мен жүк тасымалдау жұмыстарын бұрынғы жоғарғы Ертіс кеме шаруашылығының акционерлендірілген бөлімшелері атқарады.

Бүгінде Шульба шлюзі құрылысының аяқталуына байланысы Ертіс өзенінен толаcсыз кеме жүзу кестесі бұзылған. Келесі кілтипан шекаралық Іле және Қара Ертіс өзендерін пайдалану жөніндегі Қытай Халық Республикасымен үкіметаралық келісімге тіреліп тұр. Қытайдан басталатын Қара Ертіс өзенінде суландыру (ирригация) жүйесін салу жұмысы Ертіс өзенінің өң бойында кеме жүзуінің тоқтатылуына ғана емес, сондай­-ақ бүкіл Ертіс бойына айтарлықтай экологиялық зардаптар келтіреді деген қауіптер де бар.

Жайық өзені арқылы Ресей федерациясының Орынбор қаласына дейін кеме жүзе алады. Өзеннің Қазақтанның бөлігінде Атырау қаласында (“Атырау өзен кемежайы” ААҚ-ы) және Орал қаласында (“Орал өзен флоты” ААҚ-ы) екі өзен кемежайы жұмыс істейді.

Жайық-Каспий каналының жұмыс істеуі және қолданыстағы кемежай базаларын қайта құру қажеттігі осы көлік артериясын дамытудағы түйінді мәселелер болып отыр.


Теңіз көлігі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Каспий теңізінің көлік қуаты барған сайын ұлғайып келеді. Бұған Каспий теңізі маңайындағы мемлекеттермен теңіз байланысының дамуы ғана емес, сондай-ақ Ресей федерациясының кеме жүзе алатын өзендері мен каналдары арқылы Қара және Балтық теңіздерінің алаптарына шығу мүмкіндіктері де себепші болуда.

Каспий теңізінде мынадай негізгі кемежайлар орналасқан:


  • Астрахань - өзен кемежайы, Оля - салынып жатқан теңіз кемежайы және Махачкала (Ресей Федерациясы);

  • Баку және Дюбенди - мұнай құятын терминал (Әзербайжан);

  • Бандар - Азали (Иран Ислам Республикасы);

  • Түркіменбашы (Түркменстан Республикасы);

  • Ақтау - теңіз сауда кемежайы, Баутино - теңіз базасы және Атырау - өзен кемежайы (Қазақстан Республикасы).

Бұлар Каспий маңайы аймағында экономикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Су көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру негіздері

Теңіз көлігі келесі үш негізгі элеметтерден тұрады:



  1. флот, яғни жүк тасымалдайтын кемелер;

  2. тауарларды теңіз кемелерінен басқа көлік құралдарына тиейтін және керісінше ауыстырып тиейтін кемежайлар;

  3. флотты тиісті техникалық күйде ұсынуға қажетті кеме жөндеу зауыттары.

Теңіз кемежайлары теңізіндегі көлік жүйесінің аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Осы заманғы кемежай дегеніміз - бұл кемелердің сенімді тұрағын, құрлық немесе ішкі су көлігінің жүктері мен жолаушыларын теңіз кемелеріне немесе теңіз кемелерінен көліктердің басқа түрлеріне тапсыуды, жүктердің сақталуын, дайындалуын мен жинақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ кемежайда тұрған кемелерге барлық қажетті қызмет түрлерін көрсететін ғимарттар мен құрылғылар кешені бар ірі көлік торабы.

Теңіз кемежайында кемелерге қажетті қызмет түрлері (агенттік, тексеру, шипгандерлік, техникалық және навигациялық, жанармаймен қамтамасыз ету сүңгурлік тексеру жұмыстарды, лоцмандардың және кемелер жүрісін басқару қызметінің кемелерді шығарып салуы, кемелерді шыңжырлау операциялары кемелердегі льяльді және мұнайлы суды жинап, тазтиеу), сондай-ақ көлік-экспедициялық қызмет көрсетіледі, жүк түиеу-түсіру жұмыстары мен қоймадағы опнрациялар жүргізіледі, жолаушыларды күту және тасымалдау, жүк тасымалдау, кеме сүйрету, балық өңімдерін өңдеу, балық аулау кәсібі флоты кемелерінің рейстер арасында балық аулау маусым арасында тұруы теңізде жүзу садасымен байланысы кемелерді жөндеу және басқа да қызмет түрлері атқарылады.

Теңіз кемежайында, сонымен қатар теңіздн жүзу қауіпсіздігін жүзеге асыруға және теңіз кемежайында тәртіптің сақталуына бағытталған мемлекеттік кемежай бақылауы жүргізіледі.

Әрқайсысының өзіндік ерекшелігіне қарамастан әрбір кемежайдың барлық кемежайларға ортақ негізгі элементтері бар. Оларға кемежайдың аумағы мен су айдыны, кемежайға су және құрлық жағынан кіреберістер, гидротехникалық құрылыстар (айлақтар, қорғау және жағалауды бекіту құрылыстары, навигациялық құрамды және т. с. с.) жатады.
Жүк және жолаушылар тасымалын жіктеу

Тасымалданатын жүктердің қасиеттеріне ол үшін пайдаланылатын кемелердің түрлеріне оларды пайдалану жағдайларына және басқа бір қатар фонттарға байланысты көлік флотының жұмысын басқару тасымалдаудың айқын жіктелуін талап етеді.

Негізгі жіктеу белгілеріне сәйкес өзен көлігімен тасымалдау мынадай белгілері бойынша бөлінеді:


  • тасымалдау құрамы бойынша- жолаушылар және жүк тасымалы;

  • жүктің тегіне қарай – құйылатын және үйілме жүк тасымалы;

  • жүрісі әдісіне қарай- өзі жүретін кемемен өзі жүрмейтін кемемен және ағынмен тасымалдау;

  • жүзу әдісіне қарай- өзен, көл, теңіз тазалық және шетелдік жүзу тасымалы;

  • қызмет көрсету ауданына қарай – транзиттік және жергілікті;

  • қатынас түріне бойынша – тікелей су және тікелей аралас қатынас тасымалы;

  • жүріс бағыты бойынша – жоғары (ағысқа қарсы) және төмен (ағысты бойлай) қарай немесе тік (жүк) және кері (аз тиелген бос) бағытта тасымалдау.

Жолаушылар тасымалы негізіінде арнаулы өзі жүретін жайлы жолаушылар кемесімен атқарылады;

Суасты канаты бар кемелер кеңінен таралуда ауа жастығындағы кемелер экранопландар пайдаланыла бастады.

Ірі су көліктері тораптарында үлкен қалалар мен өнеркәсіп арлықтраында ”қарбалас” шақта – демалыс және мереке күндерінде – серуендеу жобаланды.

Қызмет көрсету ауданына қарай жолаушылар тасымалының құрамында транзиттік, жергілікті, қала маңындағы және қала ішіндегі болады. Алыс қашықтыққа жолааушылар тасымалы транзиттік тасымалға жатады; мұндай тасымал түрлерін атқаратын кемелердің жұмысына тікелей кеме шаруашылығының өндірістік қызметі басшылық жасайды. Бір пайдалану немесе ірі кемежайыдың қызмті шекаркссында атқарылатын тасымалы жергілікті тасымалға жатады; мұндай телімдердегі кемелердің жұмысына осы бөлімшенің (телімнің кемежайы) диспетчерлік қызметі басшылық жасайды. Ірі елді мекен мен қала маңы саяжайлар серіктес мекендер демалыс орындары арасындағы жолаушылар тасымалы қала маңындағы тасымалға жатады. Ірі су көлігі тораптарының шекарасында ірі өнеркәсіп арлығының жеке тұрғын аудандары арасындағы жолаушылар тасымалы қала ішіндегі тасымалға жатады.

Көлікке тиелетін барлық жүктер құйылатын және үйілме жүктер болып екі топқа бөлінеді. Арнаулы көлік құралдарына құйылып тасымалданатын сұйық жүктер құйылатын жүктерге оларға басқа кез келген жүктер – үйілме (құрғақ) жүктерге жатады.

Кемежай – айлақтарда жүктерді тасымалдау және қайыра тиеу технологиялық үрдістерін жобалау мақсатында барлық жүктерді құйылатын үйілетін және дара (“негізгі”) жүктер ден үш топқа бөлген жөн. Бұлардың ең соңғысы көлікке қатысты сипаттамасы әрекеті алуан түрлі жүктерді қаамтиды өйткені олардың алатын орны массасы пішіні ыдысы қаптамасы өндірілуі және тұтыну сынағы өзара мүлде өзгеше болып келеді.

Жүктер өзі жүретін және жүрмейтін жүк кемелерімен тасымалданады. Солмен тасымалдаудың біраз ерекшеліктері бар. Сол дегеніміз- бұл өзара жалғастырылған бөренелерден құбырлар мен басқада нәрселерден тұратын құрал.

Қызмет көрсететін ауданына қарай ішкі су жолымен жүк тасымалдау транзиттік және жергілікті тасымалға бөлінеді. Кеме шаруашылығының қарамағындағы (немесе жалға алынған) флотпен атқарылатын жұмыс транзиттік тасымалға жатады; оның жұмысына тікелей кеме шаруашылығы басшылық жасайды. Аудандық басқарудың кемежайдың немесе айлақтың қараманыңдағы (немесе жалға алынған) флот олардың қызет ету шекарасында жергілікті тасымалдауды жүзеге асырады. Оның жұмысына тікелей осы кәсіпорын басшылық жасайды.

Берілген телімде жүк ең көп тиелген яғни ол арқылы көп жүк массасы жөнлтілетін бағыт тік бағыт ретінде қабылданады. Оның өзен ағысының бағытына қатысс жоқ: ол бір телімде жоғары (ағысқа қарсы ) келесісінде – төмен (ағыс бойымен) қарай бағытталуы мүмкін.

Жоғарыда қарастырылған көрсеткіштер есептелген телімдегі жүктер және жолаушылар тасымалының сандық сипаттамасын береді. Алайда олар жеткізілікті көрнекілікті қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін оларды бейнелеудің көптеген түрлері бар. Мәселен, жүк ағындарын бейнелеу үшін оларды көрнекі түрде көрсетудің мынада й түрлері қабылданған:

- жүк тасымалының қатынас қағаздары;

- жүк тасымалының шахмат кестесі;

- жүк ағындарының орналасуы (сызбасы);

- жүк ағындарын күнтізбелік бөлу картограммасы;

- тасымалдау немесе жүк айналымы массасы өзгеруінің қисық сызығы.

Жүк ағындарының картограммасын жасау ережелері жүк ағындарын орналастыру ережелеріне ұқсайды. Әдеттегі географикалық карта оның негізі болып табылады. Мұнда жүк ағындарының масштабы көрнекілік бұзылмайтындай тәртіппен, бірақ телімдер бойынша тасымалдау жиілігін көруге болатындай етіп таңдап алынады.

Жүк тасымалын күнтізбелік бөлу диаграммасында уақыт масштабында абсциссалар осінде кейбір навигация айларының ұзақтығы – тәуліктер (сәуір-мамыр және қазан-қараша айларының ұзақтығы бірге алынады), ал ординаталар осінде тиісті масштабта – жүк тасымалы, т. салынады.

мәліметтеріне жасалған талдау түрлі бағыттар (жоғары және төмен қарай – табиғи жол жол телімінде; бір жағадан екінші жағаға – өзенде немесе бөгенде; көлдегі осы қосыннан және осы қосынға) бойынша өзен көлігінің қызметін пайдаланатын жолаушылар санының болмашы ғана айырмашылығы бар екенін көрсетті. Сондықтан жоспарлы материалдарды әзірлеуде жоғары және төмен қарай жөнелтілген жолаушылар саны бірдей деп қабылданады, ал жолаушылар ағынының орналасуында олар оның айнадағыдай көрінісін беретін болады.

Бұл диаграмма наивгация кезеңіндегі айлар бойынша жүк тасымалының қаншалықты әркелкі бөлінетінін көрсетеді, ал оның максимум ординатасына қатынасы (3.6-формуланы қараңыз) уақыт аралығындағы жүк тасымалының әркелкі коэффициентін береді (3.5-формуланы қараңыз).

Және, ең ақырында, навигациялық кезеңнің бесжылдығы, жылдары немесе айлары бойындағы белгілі бір көрсеткішінің (мысалы, тасымалдау массасының, жүк айналымының) өзгеру қарқындылығын көрсету үшін жүк және жолаушылар тасымалдау массасының өзгеру қисық сызығы пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, жолаушылар ағынын көрнекі бейнелеу түрлері ұсынылады. Жолаушылар ағынының орналасуы ғана кейбір ерекшеліктерімен өзгешеленуі мүмкін.



Дәріс№14

Көлiк флотының жұмысының пайдалану көрсеткiштерi. Жүк флотының жұмысын жоспарлау
Жүк және жолаушылар тасымалының көрсеткіштері

Флот жұмысының сандық көрсеткіштері

Флот жұмысының сандық көрсеткіштері мыналарды қамтиды:

- бірлікпен көрсетілген көліктік рейдтік және қосалқы (түрлері бойынша) кемелердің болуын сондай –ақ тоннамен көрсетілген жүк көтерімділігінің (жүк флотында) және киловатпен (от күшімен) көрсетілген қуатының күрделі жөндеуде тұрған пайдалануға жарамды және пайдалануға жарамсыз кемелер бөліп көрсетілген ттиеу құралдарының болуын көздейді;

- жұмыс түрлері бойынша (тасымалдауға рейдтік және ақылы жұмыстарға жалға) бөлінген пайдаланудағы өз флотының болуы жұмыспен қамтылу түрлері бойынша (жөндеуде, көтеруде, техникалық күтіп-баптауда) бөлінген пайдалынбайтын, пайдалануға берілмеген кемелердің, сондай-ақ қуат (жүк көтерімділік) бірлігімен – күш (тоннаж) – тәулікпен және жолаушылар сыйымдылығын орын – тәулікпен өлшейтін жалға алынған кемелердің болуы кемелерді тасымалдау операцияларына (стастикалық есептер бағытта жүкпен және бос жүрісі, қосалқы жұмыстарды атқаруы, тиеу – түсіруде және басқа операцияларда болуы ) күш-тәулікпен, тоннаж-тәулікпен, орын-тәулікпен пайдалану; атқарылған көлік өнімдерінің (жүк айналымының, тасымалданған жүк мөлшерінің) көрсеткіштері, флоттың кеме-километр және тоннаж (күш)-километр шығындары.
Флот жұмысының сапалық көрсеткіштері

Флот жұмысының сапалық көрсеткіштерін 1т жүк көтерімділікке (ттиеу құрамының 1ат күшіне 1 жолаушы орнына) келетін пайдаланылатын тәулік ішінде атқарылатын жұмыстың (тасымалдау, жүк айналымы, кіріс) меншікті шамасы сипаттайды.

Флоттың сапалық пайдалану көрсеткіштері мыналарды қамтиды:



  • кемелердің жүктемесін және жүк көтерімділігін пайдалану коэффициентін (жөнелту сәтіндегі жүктемесін). Жүгі бар рейстердегі жүктемесін, сондай-ақ жүгі бар және бос рейстердегі (олардың жиынтығындағы) жүктемесін ажыратады. Іс жүзінде қысқартып жүктеме деп атайтын “жүгі бар рейстердегі жүктеме” көрсеткіші кең таралған.

  • жүрген жолы және жылдамдығы;

  • кеме айналымының ұзақтығы;

  • флоттың (кеменің, ттиеу құралының, жолаушы құнының) өнімділігі;

  • флоттың аударып тиеу жұмыстарының өнімділігі және жүкті өңдеу қарқындылығы;

  • кемелердің қуаты және жүк көтерімділігі;

  • кемелерді тасымалдауға пайдалану уақыты;

  • тасымалдау операцияларына жұмсалатын жалпы уақытты пайдалану коэффициенттері және кемелердің жүкпен және бос жүрген жолының (жалпы жүрістен) коэффициенттнрі.

Флот жұмысындағы пайдалану көрсеткіштерінің толып жатқан элементтері арасыннан жолаушылар мен жүк тасымалымен байланысы бар тасымалдау кемелері жұмысының басты жақтарын ескеретін негізгі көрсеткіштер тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:

Жүріс жүктемесі (ал жолаушылар кемесі үшін – жолаушылардың орналасуы), жүгі бар кеменің, салдың техникалық жылдамдығы, жүк тиелген кеменің, салдың жүріс уақытын пайдалану коэффициенті және жалпы тәуліктегі (пайдалану тәулігіндегі) еңбек өнімділігі.

Флот жұмысының пайдалану көрсеткіштерін есептеп шығару үшін алдын ала мыналар анықталуы тиіс:

а) кеменің (кемелердің) есептелген кезең ішінде орындауға тиісті (егер жоспарлы көрсетіштер есептелетін болса) немесе орындаған (есеп беру көрсеткіштерін есептеуге) тасымалдау өнімдерінің мөлшері;

ә) флоттың жоғарыда белгіленген тасымалдау өнімінің көлемін орындауына байланысты сол уақыт ішіндегі жұмсаған шығындары.

Жүріс жүктемесі дегеніміз – бұл жолаушылар және жүк тасымалдайтын кемелердің пайдаланылу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш:

- жолаушылар кемесі үшін



, (3.32)

- тоннажы (жүк кемесінің)


жүктеу 4,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау