2.3. Әлеуметтік салаларға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар басынан бастап әлеуметтілік бағдардағы реттелетін Ұлттық нарық жүйесін құруға бағытталған. Экономика дамуының әлеуметтік бағыттылығының бір көрінісі болып елдің қаржы ресурстарны орталықтандыру мен қайта бөлісі табылады. Осынгың салдарынан мемлекет әртүрлі механизмдерді пайдлана отыврып нақты мұқтажды азаматтарға жавәрдемақы төлоеу арқөылы адтрестік әлемуттік көмек көрсетеді. Мысалы, 2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламарды қаржыландыруға арналған ресупбликалық бюджеттің шығындар көлемі ішкі жалпы өнім құнына шаққандағы деңгейі 4,4 пайызға жетті. . [24,182бет]
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын оның әлеуметтік көмек көрсетумен әлеуметтік қамтамсыз ету жөніндегі барлық іс әрекет қосындысы қалыптастырады. Әлеуметтік саясаттың маңызы мемлекеттің нақты әлеуметтік функцияларын іске асыруда көріністі болады.
Әлеуметтік мемелкеттің барлық экономикасының дамуынан бөлек қарастыруға мүмкін емес себебі әлеуметтік саланың іс әрекетте болуы оның басты шартын ол бұл саланы қаржыны қамтамасыз ету. Әлеуметтік саланы қаржыландыру нарықтық экономикадағы мемелекеттер ролі жөніндегі мәселелермен бірге қарастыру қажет, себебі экономикалық реформаларды мемлекетпен нарықтың әсер салаларын шектеудің өте маңызды ролі бар. Мемлекеттің араласу ауқымдары нақты елге тән ерекшеліктер дәстүрлер және әлем экономикасының бүгінгі дамуымен анықталады.
Шаруашылықты жүргізу нарықтық механизмін объективтік кемшіліктерін жеңу үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу формаларымен мемлекеттің араласу ауқымдары түрлі болуы мүмкін.
Біріншіден оң мемлекеттік реттеудің тек қорғау функциясын атқару ретінде болатын, ал қайта бөлу іс әрекеті минималды шығындарды қаржыландырумен шектелетін мемлекеттің араласуының минималды формасын реттеу. Мұндай әдістеме мемлекеттік қаржылық реттеудің механизмдерін пайдаланудың шекарасын шектейді, сондықтан әлеуметтік саланың көптеген мәселелері мемлекет көмегімен шешілу мүмкін емес.
Екіншіден, ол мемлекеттік реттеудің нарықтық механизмге кірісуі, демек соған бағынатын мемлекеттің араласуының тікелей емес формасы. Демек мемлекет өзіне экономикалық және әлеуметтік салалары арасындағы қарама-қарсылықты реттеу міндеттемелерін жіктеген. Біздің республикада экономиканы мемлекеттік реттеудің осы формасы іске асырылуда.
Үшіншіден, ол мемлекеттік реттеудің нарықты өзіне бағындырған орталықтандырылған жоспарлау арқылы экономикаға шексіз әсерін тигізетін мемлекеттің араласуының тікелей формасы.
Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақылық қамтамасыз етуге құқықтары бар. Бұл аумақтағы мемлекеттің саясаты ҚР Конститутциясына негізделеді және “Зейнетті қамтамасыз ету жөнінде” атты заңмен реттеледі. Осы заңға сәйкестік 1998 жылдан бастап Қазақстанда зейнеттік қамтамасыз етудің сол уақытқа дейін әрекетте болған ынтымақтық жүйесінің орнына жинақтаушы жүйесін енгізілді. Бұл заңмен тағы бір тағайындалған шарт ол 1998 жылдың сәуір айының бірінші жұлдызына дейін зейнетке шыққан азаматтарға мемлекет зейнетті қамтамасыз етуді кепіл етеді. Бюджет құралдары ақылы зейнеттік қамтамасыз етудің құқықтары бар азаматтарға зейнетақы республикалық бюджет құралдарынан төленеді. . [24,186 бет]
Зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті орган ретінде мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылған зейнетақы төлемдер жөніндегі орталық болады. Бұл орталық келесі функцияларды орындайды:
зейнетақымен қамтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға республикалық бюджет құралдары арқылы зейнетақы төлеу;
азаматтарға әлеуметітк жеке кодтар иелену;
міндетті зейнетақылық жарналарды кейіптеулік есебі;
міндетті зейнетақылық жарналарды агенттерден жиынтық зейнеттік қорларға аудару
мемлекет алдында салықтық міендеттелер атқаруға бағылауды қамтасывз ететін орталық атқарушы органдарға объектілердің тізілімдемелірі мен төлем құжаттарын ұсыну.
Осы Орталық жаңа зейнеттік жүйе енгізу барысында зейнетақылық төлемдерді категориялар бойынша келесі тәртіппен тағайындады:
А)1998 ж 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын азаматтарға
Ә) зейнеттік жасқа жеткен азаматтарға:
1998 ж 1 қаңтарджан бастап 61 жасқа толған ер адамдарға , 56 жасқа толған әйелдерге
1998 ж 1 шілдеден бьастап 61,5 жасқа толған ер адамдарға, 56,6 жасқа толған әйелдерге
1999 ж 1 шілдеден бастап 62 жасқа толған ер адамдарға, 57 жасқа толған әйелдерге.
2000ж 1 шілдеден бастап 62,5 жасқа толған ер адамдарға, 57,6 жасқа толған әйелдерге
2001 ж 1 шілдеден бастап 63 жасқа толған ер адамдарға, 58 жасқа толған әйелдерге.
Орталық азаматтың жас шамасына байланысты зейнетақылық төлемдерді ер адамдардың еңбек стажы 25 жылдан және әйелдердің стажы 20 жылдан кем болмаған шартта толық көлемінде зейнет ақы тағайындайды. Ал толық емес көлеміндегі зейнеттік төлемдер нормативтік актілерде белгілеген тәртіппен есеаптеледі. Зейнетақылық төлемдер өмір бойы төленеді. Егер де зейнетақы алушы қайтыс болса, онда оның жанұясына орталықтан мезгілде 15 айлық есептемелік көрсеткіш мөлшерінде төлем беріледі.
Орталықтан төленетін зейнетақылық төлемдер әрбіреу үш жыл қатарының орташа айлық табысының 60 пайыз мөлшерінде есептеледі. Бұл арадла табыс құрамына еңбек ақының барлық түрлерімен Үкімет белгілеген басқа да табыстар кіреді. Осы табыстың көлемі тиісті жылға республикалық бюджет жөніндегі заңды белгіленген 15 айлық есептелемелік көрсеткіштен аспауы тиіс. 1998 жылы 1 қаңтарға дейінгі мерзім үшін орташа айлық табыс мөлшері халықты әлеуметтік қорғау аумағындағы орталық атқарушы орган анықтаған тәртіппен жиынтық зейнетақы қорға міндетті зейнетақылық төлемдер жасалған табысқа сәйкес белгіленеді. Осылай есептелген зейнетақылық төлемдердің максималды мөлшері 25 айлық есептемелік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауға тиіс.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жәрдемақылар маңызды орын алады. Республика азаматтары мүгедекке байланысты асыраушы адамынан айрылып қалу орайда және жас шамасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы. Сондай-ақ мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем алуға құқықтары бар. Жәрдемақы төлемдері республикалық бюджет құралдары арқылы іске асырылады тек қана мемлкеттік адрестік әлеуметтік жәрдем төлемдері жергілікті бюджеттер құраладынан төленеді. . [24,189-бет]
Респибликалық маңызы бар қалалар Астана және аудан бюджет құралдары арқылы әлеуметтік жәрдеммен әлеуметтік қамтамасыз ету көрсетіледі, яғни келесілер:
баспаналық жәрдем көрсету жөніндегі төлемдер;
мұқтаж азаматтарға үйлерінде әлеуметтік жәрдем;
анықталған мекен жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік икемделу;
ата анасыз қалған балалар мен жетімдерге мүгедектер мен қарияларды әлеуметтік қамтамысз ету;
халықты еңбекпен қамтамасыз ету;
жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік жәрдем жасау.
Облыстық бюджет құралдары арқылы ата-анасыз қалған жетімдерге мүгедектер мен қарияларға әлеуметтік қамтамысз ету жөніндегі іске асырылады.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі белгіленген құжаттар қосымша өтініш жәрдемақыға құқы бар тұлғаның тұрған жеріндегі жергілікті халықты әлеуметтік қорғау органына ұсынылады. Жас шамасы бойынша жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Асыраушы адамынан айрылып қалуына байланысты жәрдемақы осы жәрдемақыны алуға марқұмның асырауында болған жанұясының мүгедек мүшелерінің құқы бар.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы тұлғаның мүгедектігі жұмыс істегеніне немесе істемегеніне жұмыс уақытында немесе жұмыстан кейін болғанына қарамастан мүгедектік анықталған күннен бастап тағайындалады. Бұл жәрдемақыға құқықтары барлар келесі мүгедектер:
жедел қызметтегі әскери қызметкерлер санынан;
ішкі істер органдары басқарушы және қатардағы әскери қызметкерлер санынан;
жарақаттан кейін мүгедек болған әскери қызметкерлер санынан;
төтенше экологиялық жағдайдан кейінгі мүгедектер.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы – ол азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған ақшалай төлемдер. Осы жәрдемақы жөніндегі арнайы заңға сәйкес ай сайын республикалық бюджет құралдары арқылы және алатын еңбекақыға тәуелсіз төленеді. Бұл жәрдемақы алу құқық 1998 ж 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан азаматтарға берілмейді. Жәрдемақы мөлшері 8 айлық есептемелік көрсеткіш көлемінде тағайындалады және зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленеді.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы – ол әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға басқа жәрдемақы түрлерінің тәуелсіз берілетін ақшалай төлемдер. Бұл жәрдемақы мемлекетік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйеге кіреді және оны алуға құқы бар азаматтарға өз алды ай сайын төленетін ақша. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы заңнамалық және нормативтік актілермен белгіленген азаматтар да бар. Жәрдемақының мөлшері айлық есептемелік көрсеткіш негізінде белгіленген саны арқылы тағайындалады.
2005 жылдан бастап “Міндетті әлеуметтік сақтық жөнінде” атты ҚР заңы қолданады. Бұл заңда азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтықтың құқықтық экономикалық және ұйымдық негіздері белгіленді және ол мемлекет жұмыс беруші мен жұмыскер аралығындағы әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті бөлу жүйесін құрудың нормативтік базасы ретінде іске асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам формасында құрылады. Олар уәкілетті органның келісімімен өз филиалдарын ашуға құқы бар. Міндетті зейнетақы жарна төлеу үшін жинақтаушы тек бір қорды таңдауға және сол қормен зейнетақы қамтамасыз ету жөнінде келісім шарт пайымдауға міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорға жарна төлеуден зейнеттік жасқа жеткен тұлғалар босатылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларға төленетін міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің төлем көзінен ұсталынатын ай сайынғы табысының 10 пайыз мөлшерінде тағайындалған. Бұл міндетті зейнетақы жарнасын есептеу үшін пайдаланатын ай сайынғы табыс көлемі республикалық бюджетте тиісті жылға тағайындалған минималды айлық еңбекақының 75 реттік көлемінен аспауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналар есебінің тәртібімен мерзімі есептеуі мен есеп шотқа аударуы республика үкіметімен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлардың құқы бар:
зейнетақы жарналарды жинауды ісуке асыруға ;
өз іс әрекеттері үшін комсиисондық сыйақы алуға;
уәкілетті орган берген лицензия негізінде зейнетақы негізінде зейнетақы активтерін инвестиция басқару жөн інде дербес іс әрекеттін іске асыруға;
зейнеттік қамтамасыз етуге байланысты мәселелері жөнінде жинақшының мүдделерін қорғауға ;
зейнетақылық келісім шарттарына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыруға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлар міндетті:
белгіленген тәртіппен алушыларға зейнеатқы төлемдерін жасаудан;
зейнетақы қорлану мен төлемдердің жеке есебін іске асыруды;
жылына бір рет және салымшы мен алушының сұрауымен оларға зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде ақпарат беруді;
алушының зейнеатқы қорландыру ахуалы жөніндегі ақпараттарға құпиялылықты қамтамасыз етуді;
заңнамаларға сәйкес зейнетақы жөніндегі заңның ережелерімен зейнетақы жөніндегі келісім шарт және шарттарын бұзған үшін жауапкершілкті болуға;
салымшы алушының зейнетақы қорландырулары бір қордан басқа қорға немесе сақтық ұйымға ауыстыруды ;
жинақтаушы қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнінде лицензиясы болмаған орайда сондай іс әрекетті атқаратыны ұйыммен келісім шарт пайымдауға;
міндетті зейнетақы жарнамалар есебінен зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі салымшымен келісім шарт пайымдауға;
жинақтаушы зейнетақы қорымен келісім шарт пайымдаған азаматтарға тең шарттар қамтамасыз етеді;
әрбір жеке тұлғаның пайымдалған зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісім шартқа кепіл қамтамасыз етеді;
бұқаралық ақпарат құралдарында өз іс-әрекеттері жөніндегі заңнамалармен тиым салынбаған ақпараттарды жариялауды.
Салымшылардың құқықтарымен мүдделерін қорғау мақсатымен жинақтаушы зейнетақы қорларға тиым салынады:
өндірістік іс әрекет
уәкілетті орган белгілегеннен басқа мүлік алып сатуды іске асыру
сақтық іс әеркет
зейнетақы актвитерін кепілге беру
акциялардан басқа құнды қағаз шығару
Зейнетақы активтері тек қана келесі мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін:
уәкілетті орган анықтаған қаржы құралдарын жайғастыру;
заңнамаларға сәйкестік зейнетақы төлемдерін іске асыру;
зейнеатқы қорландыруы басқа жинақтаушы қорға немесе сақтық ұйымға ауыстыру;
қате есепке алынған зецнетақы жарналармен басқа есепке алынған ақашларды қайтару;
зейнетақы төлемдерін іске асырумен зейнетақыны қорландыруды ауыстыруға байланысты шығындарды өтеу;
Міндетті зейнетақы жарнамаларды салымшылармен жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерді алушыларды құқықтары:
міендетті зейнетақы жарналар арқылы зейнетті қамтамасыз ету жөнінде келісім шарт жасау үшін жинақтаушы зейнетақы қорды таңдау;
жинақтушы зейнетақы қор құрылтайшылары зейнетақы активтеріне иневестициялық басқаруды іске асыратыни ұйым және банк кастогиан жөнінде уәкілетті орган белгілеген көлемде ақпарат алу;
зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде ақпарат алу;
жинақтаушы зейнетақы қорын әрекеттерін сотта шағым қылу
өз зейнетаық қорландыруларын жылана 2 рет бір жинақтаушы қордан басқа қорға және сақтық ұйымға ауыстыру;
жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы төлемдерді алу;
өз зейнеатқы қорландыруларын заңнамаларға сәйкес өсиет етіп қалдыру;
заңнамалар мен келісім шарттарына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыру.
Міндетті зейнетақы жарнамаларды жинақшылар мен жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы төлемдерін алушылар міндеттері:
міндетті зейнетақы жарналар арқылы зейнеттік қамтамсыз ету жөнінде бір жола келісім шарт жасаумен зейнетақы қорландырулармен жинақтаушы зейнетақы қорында сақтау;
жинақаушы зейнетақы қор міндеттемелері орындауға әсер ететін барлық өзгерістер жөнінде сол қорға 10 күнтізбелік күннің ішінде хабарлау;
міндетті зейнетақы жарналарды аудару үшін агенттер зейнеттік қамтамссыз ету жөніндегі келісім шарт көшірмесін тапсыру;
зейнеттік ануитет жөнінде келісім жасау;
заңнамалармен зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісім шарттарды жасайтын басқа да міндеттемелерді басқару.
Жинақтаушы зейнетақы қорлар келесі зейнеттік тәртіптерді тағайындайды:
зейнеттік келсім шартарды өзгерту немесе тоқтату жөні;
зейнетақы жарналары іске асырумен төлеу шгарттарымен жөні;
алушылармен салымшылар алдындағы жинақтьалушы зейнетақы қорлардың міндеттемелері бойынша жауапкершілік;
зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде мәлімдеу;
зейнатқы қорландыруды бір жинақтаушы зейнатақы қордан басқа қорға ауыстыру шарттары;
жинақтаушы зейнетақы қордың инвестициялық басқарудың іске асыратын ұйымның және банк-кастодианның құрылтайшылары жөнінде салымшыларға мәліметтер беру.
Жинақтаушы зейнетақы қоры өз міндеттемелері бойынша алушылармен салымшылар алдында тек меншікті мүлігімен жауапты. Қорлардың инветициялық басқаруды іске асрытын үйымдардың және банк кастоди анның жауапкершілктерінің тәртібімен шартары заңнамалық актілер және келісім шарттармен анықталады. Жеке зейнетақы шоттағы зейнетақы қорландыру сомасының азаюы қордың үйымның және банк кастодианның кінәсі нәтижесінде болса, онда сол сома міндетті түрде қор қаражаттары арқылы толықтырылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру үшін халықты әлеуметтік қорғаудың әртүрлі мекемелері болады. Осындай әрбір мекеме міндеттемелер мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын құрады.Шығындар баптары бойынша есептемелер мекемелер орындар саны, мекеменің жұмыс атқару күндер саны, орын күн саны, штаттағы персонал саны осындай көрсеткіштерді пайдалану арқылы іске асырылады.
Қаржыландыру жоспарында шаруашылық және коммуналдық шығындар қажетті тауарлар алуға арналған шығындар. Оның ішінде көйлек көншек, киім, аяқ киім, төсектік керек жарақ арнайы киімдер алу шығындары, сондай-ақ дәрі дермекпен медициналық құралдар және басқа да жұмсалатын материалдар алуға арналған шығындар осы мақсаттарға арналған шығындар мөлшері белгіленген шығындар нормасы мен өткен жылдардағы нақты шығындар көлемі және шығындардың нақты барлығы негіздерінде есептеледі. Мекеменің түріне байланысты қаржыландыру жоспарға тамаққа арналған шығындарда салынады. Шығындардың барлық есептемелері бюджеттік жіктелудің экономикалық ерекшеліктері бойынша тағайындалған формалар арқылы ұсынады.
Еңбекақыға арналған шығындар медициналық жұмыскерлер әкімші шаруашылық персонал мен қызметкерлердің айлықтары негізінде жоспарланады. Барлық осы еңбекақыға арналған шығындар, сондай ақ қосымша және басқа да төлемдердің түрлері қосындысы халықты әлеуметтік қорғау мекемелер жұмыскерелерінің еңбекақы қорын құрайды. Еңбекақы үкімет бекіткен бірыңғай тарифтік кесте негізінде тағайындалады және оның жүйесі үкіметтің арнайы нормативтік актісімен реттеледі. Осы нормативтік актіге сәйкес әлеуметтік жәрдеммен әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелерінде уақыттық еңбекақы жүйесі белгіленеді, ал олардың барлық жұмыскерлері мемлекеттік мекемелер мен қазыналық қызмет реестрнің G категория тобына жатады.
Бiлiм беруге арналған бюджет шығыстары.
Азаматтардың бiлiм алу құқы ҚР Конситутциясында кепiлденген және 1999жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған “Бiлiм беру туралы”Заңменреттеледi. . [25,8-бет] Осы құқықты ммлекет тиiстiәлеуметтiк-экономикалық шарттар жасапбiлiм беру жүйеiн дамыту арқылы қамтамасыз етедi .ҚР азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы ортамен алғашқы кәсiби бiлiм және мемлекеттiк тапсырысқа сәйке конкурстық негiзде ақысызорта кәсiби, жоғары кәсiби және жоғарғы оқу орнынан кейiн бiлiм алуды кепiлейдi,егерде азамат осы әрбiр деңгей бойы бiлiмдi алғашқы рет алып отырса.
Оқитындарға бiлiм алудың ақысыздығы мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн ұстауды бюджеттiк қаржыландыру немесе бiлiм беру мекемелерiне бiлiм беру қызметтерiн сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттiк гранттар беру арқылы iске асырылады.
Бiлiм беру аумағындғы заңнамалар мемлекеттiк саясаттың принцптерiн анықтайды ,азаматтардың бiлiм алу құқын қамтамасыз етедi, орталық және жергiлiктi атқарушы оргндардыңөтемақыларын шектейдi, бiлiм беру процесiнiң субъектiлерi арасындағықаттынастарды реттейдi, олардың құқықтарын, мiндеттерiн,уәкiлеттерiн және жауапкершiлiктерiн белгiлейдi
Бiлiм беру аумағындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi болып келесiлер табылады:
барлық азаматтардың бiлiм алу құқықтарының теңдiгi;
әрбiр азаматқа бiлiм алудың барлық деңгейлерiнiң мүмкiндiлiгi;
бiлiм берудiң дiннен тыс сипаты;
тұлғаның бiлiмдiлiгiн ынталандыру және дарындылықты дамыту;
бiлiм беру процесiнен үздiксiздiлiгi, оқыту мен тәрбиелеудiң бiрлестiлiгi;
бiлiм беру мекемелерiнiң меншiк формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және бiлiм беру бағыттары бойынша әртүрлiлiгi;
бiлiм беру, ғылым және өндiрiстiң шоғырлануы;
оқитындарды кәсiптiк бағдарлау;
бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру.
ҚР бiлiм беру жүйесi маңына бiр-бiрiмен ара қатынаста болатын меншiк форма, тип және түрлерiнен тәуелсiз бiлiм беру мекемелерi, әр түрлi бiлiм беру деңгейлерiне арналған бiлiм беру бағдарламалары мен мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру жалпы стандарттары және бiлiм беру бағдарламаларды iске асыру мен бiлiм беру жүйесiнiң дамуын қамтамасыз ететiн бiлiм берудi басқаратын органдар көрсетiледi.
Бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi мiндетi-ол ұлттық жалпы азаматтық құндылықтар мен ғылым және тәжiрибе жетiстiктерiне негiзделедi, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсiби жаралуына бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi шарттар жасау. Оның басымды мақсаттары болып келесiлер табылады:
бiлiм беру бағдарламаларды игеру үшiн шарттар жасау;
тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкiндiктерiн дамыту, өнегелiлiк пен аман тұрмыс нұсқасының мығым негiзiн қалыптастыру;
азаматтық пен отаншылдықты, мемлекеттiк рәмiздер құрметтеудi, халық дәстүрлерiн қадiрлеудi, конститутция мен қоғамға қай-қайсы қарсылықтарға төзiмсiздiктi тәрбиелеу;
тұлғаның өз мiндеттерi мен құқықтарын сезiмдi қатынасын және республиканың қоғамдық саяси, экономикалық және мәдениеттiк өмiрiне қатынасуының қажеттiлiгiн қаыптастыру;
әлем және отан мәдениетiнiң жетiстiктерiне қатыстыру, қазақ және республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрiн оқу, мемлекеттiк, орыс және шетел тiлдерiн игеру;
бiлiм беру мекемелерiнiң дербестiгн ұлғайту мен басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
оқытудың жаңа технологияларын енгiзу мен бiлiм берудi ақпараттандыру;
еңбек нарығындағы бәсекелестiкке қабiлетi бар бiрлiктi жұмысшылар мен мамандарды дайындау, олардың бiлiктiлiгiн жоғарылату және қайта дайындау;
әр түрлi және көпфункционалды бiлiм беру мекемелердiң тиiмдi дамуына жәрдем беру.
Бiлiм беру бағдарламалар бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерi мен олардың сатыларының мазмұнын анықтайды. Республикада тiкелей бiлiм беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екi түрi-жалпы бiлiм беру(негiзгi және қосымша) және кәсiби (негiзгi және қосымша) бағдарламалар iске асырылып жатыр.
Жалпы бiлiм беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениетi және оның өмiрмен қоғамға икемделуi жөнiндегi меқсаттарды шешуге, кәсiп пен мамандықты сезiмдi таңдау мен игерудiң негiзiн жасауға бағытталған. Кәсiби бағдарламалар кәсiп пен бiлiктiлiктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы бiлiмдерi мен кәсiби деңгейлерiн тiзбектi жоғарылатуға бағытталған. . [24,165-бет]
Жалпы бiлiм берудiң мазмұны оның әрбiр сатысы бойынша тиiстi жалпы бiлiм беру бағдарламамен анықталады және мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мен орта бiлiм беруден қалыптасады. Бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы бойынша жалпы орта бiлiм беру-үш сатыны көздейтiн 12 жылдық оқытудан құрасады:1-саты-жалпы бастауыш бiлiм беру; 2-саты-негiзгi жалпы бiлiм беру.
Бұл бағдарламада кәсiптiк бастауыш бiлiм беру мен техникалық және ауыл шарушылығы мамандықтары бойынша кәсiптiк орта бiлiмнiң бөлiгi орта бiлiм беру жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және техналогиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейдегi тиiмдi кәсiптiк қызметке даярлауды қамтамасыз ететiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру өзгертiлетiнi туралы да мәлiмденген. Сонымен қатар, бұл арада кәсiптiк орта бiлiм берудiң жекелеген бағдарламаларын iске асырудың өзi орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру арқылы жаңа деңгейге көтерiледi.
Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бастауыш бiлiм беру тек қана жалпы орта бiлiм беру базасында қамтамасыз етiледi және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн кәсiптiк бiлiм беру мен кадрларды даярлаудың бөлiгi ретiнде экономика , құқық, экология, медицина , ақпараттық технолгиялар, инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегiн атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды. . [24,170-бет]
Жоғары кәсiптiк бiлiм беру республикада тиiстi жоғары бiлiм беру бағдарламалар негiзiнде университет , академия, институт және осыларға теңестiрiлген оқу орындары бойынша iске асырылады. Сонымен қоса , жоғары оқу орындары тиiстi лицензиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруға мүмкiндiктерi бар.
Жоғары кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнде Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес оқу процесiн ұйымдастыру технологиясының дәстүрлi жүйесiнiң орнына оқытудың кредиттiк жүйесi енгiзiледi. Бұл жүйе, дамыған елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, оқитындардың өз бетiнше белсендi жұмыс iстеуiн ынталандырады, жеке бiлiм бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етедi, бiлiм туралы құжаттардың әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне танылуына әсер етедi.
Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес жоғары кәсiптiк бiлiм беру негiзiнде екi деңгейден қалыптасады- жоғары бiлiм беру және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру. Жоғары бiлiм беру –ол жоғары базалық бiлiм беретiн баклавриат болады. Бакалавриаттың бірінші екінші курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмұны бірізділігінен болды,ал келесі еурстарына оқыту базалық пәндер бойынша жүзеге асырылады . Барлық мамандықтар бойынша(медицина және ветеринар мамандықтарынан басқа) бакалавриатта оқытуың мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті беру бағдарламасын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежиесі берілетін қорытынды мемлекеттік атестаттаумен аяқталады. Бакалавриатты бітірген азаматтардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратурада өз білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар .
Магистратурада дайындық 1-2 жылдық мерзімде және 2 бағытта жүргізіледі – ол тереңдетілген және ғылыми – педагогикалық даярлық. Магистратурада білім беру бағдарламалардың негізгі мақсаты болып оқитындарға іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылыми бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту табылады. Магистратураны бітіргендерге магистыр атты академиялық дәрежиесі беріліп , олар доктарантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми- педагогикалық және өзгеде еңбек қвзметімен айналасуға құқығы бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білікті ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игеруге және докторлық диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы академиялық дәрежесін, ал бейіндік доктарантураны игерген кезде бейіні бойынша дәрежесі беріледі. Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техникалық және кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негізі болып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауы бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың-мемлекеттік білім беру гранттары табылады .
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасты. Республика бюджет бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгеиі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына жетуі ұйғарылуда. Бұл функционалды топ құрамында мектепке дейінгі тәрбиемен, оқыту бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру , кәсіптік білім беру , жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырмасы және білім беру аумағындағы басқада қызметтер көрсетіледі. Осы көтерілген білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген . Осы көрсетілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылды.
Қаржыландыру көздері болып республикалық және жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелерінің іс- әрекетін қаржыландыратын бір немесе құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс ережелеріне сәйкес коммерциялық ұйым деп есептейді. Ал мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынан орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық және жергілікті қаржыландыру мемлекеттік кепіл берушісі болады. . [24,174-бет]
Білім беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттілігі ең алдымен білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы олардың ролімен серттеседі. Ал бюджеттен бөлінетін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәйкес анықтауы мүмкін емес . Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды немесе ақшалай түрдегі әлеуметтік нормативтер тағайындауды талап етеді . Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандартты, бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық Республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдар мен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни орталық республикалық бағыныштағы мекемелерге ұстауға, рнспубликалық білім беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субенцияларға. Аймақтық және жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті, бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстаумен тиісті білім беру бағарламаларды іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар құрастырылады.
Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірінші мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресустарды тиімді пайдаланудың ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату , бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттіктi дәйекті үлестіру. Республикалық деңгей бойы қаржы ресустармен қамтамасыз ету білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға байланысты.
Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі кезде дамыған елдерде міндетті мектептік білім беру арналған шығындар басымды шығындар болып табылады. Дамыған елдерде мұндай шығындардың үлесi барлық шығындардың ішінде 67 пайыздан (АҚШ) 89 пайызға дейін (Жапония) құрайды. Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8 пайыздан (Жапония) 27 пайыз(АҚШ) пен 34 пайызға дейін (Канада), ал мектепке дейін білім беруге-0,3 пайыздан (Канада) 11 пайызға дейін толықсыды. Қазақстанда шығындар құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мемлекетті қаржыландыру ерекшелік белгісінің бірі- ол мектепке дейін білім беруге арналған шығындардың салыстырғанда жоғары үлес салмағы-27% және мiндеттi бiлiм беруге арналған шығындардың төмен үлесi - барлығысы 50 %, оның iшінде жалпы академиялық білім беруге-38 % жатады, кәсіптік білім беруге қалған 12 % жатады.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процес ең алдымен кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан қаржыландыру болған жағдайда аймақтық және жергілікті еңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауды есептеуі өте қиын.Тағы бір себеп- ол білім беру мекемелерді кәсіпорындармен ұйымдардың құралдары арқылы қаржыландырудың жоқтығы. Мысалы, өткен ғасырдың 90-шы жылдардың басында бюджеттердің барлық денгейлердің құралдары арқылы білім беруге арналған шығындардың 84 % құраған, ал қалған 16 % кәсіпорындармен ұйымдардың құралдары арқылы қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік дамудың жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінің нарығы мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен бірге халықпен кәсіпорындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарына қанағаттандыруын талап етеді. Білім беру процесіне қалыптасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр түрлі қоғамдық қозғалыс пен ұйымдардың Ұлттық бірлестіктердің діндар қауымдардың өкілдері қосылуда. Олардың білім беру жүйені өз мүделеріне сай көркейту жөніндегі талпыныстары мемлекеттік емес оқу орындарын ашуға және мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдем жасауға ниеттендіреді. Бұл арада мемлекеттік мекемелерде өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметінің айдынды спектрін көрсетуге құқы бар. Демек, білім беруді қаржыландыру қосымша көздер тартылу арқылы іске асыруы мүмкін, яғни білім беру мекеменің өзінің кәсіпкерлік іс әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру. Осыған қоса, кәсіптік білім беру мекемелерінде бюджеттік құралдардан тыс қосымша арқылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер болуы мүмкін:
ғылыми- зерттеулік, өнеркәсіптік, консалтингтік, сертификаттық іс әрекет, сараптамалық, ақпараттық және басқа да қызмет көрсету;
мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарымен, меншіктің барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйымдармен , басқа да заңды және жеке тұлғалармен келісімшарт арқылы мемлекеттік тапсырыстан тыс кадрларды даярлау, қайта даярлаумен персоналдың біліктілігін көтеру ;
шет ел студенттері, аспиранттармен стажерларды оқытудың тиімді және табысты жүйесін қалыптастыру.
оқу орындардың әлеуметті инфрақұрылымдарын келе-келе ақылы пайдалануға өту;
Сонымен қатар тағы бір қаржыландыру көзі жөнінде айта кетсек- ол халықаралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларды іске асыруға білім беру мекемелерге берілетін құралдар. Қайырымдылықтық құралдар көлемін жоспарлау мүмкін емес. Ол білім беру үдерісінің барлық қатынасушылардың - білім беру орнының ұжымы, оқитындардың ата-аналары, қоғам, шаруашылық субьектілер - жігеріне байланысты. Бұл қаржыландырудың ерекшелігі- ол ақша құралдарының пайдалану тәртібін жәрдем алушы емес қолдаушы өзі анықтайды, ал, бұған кері, мекеме дербес коммерциялық іс- әрекетінен түскен табысты өз еркі пайдаланады. . [24,174-бет]
Қазақстан Республикасының дамуы қазіргі кезеңде білім беру саласына әсері бар өте маңызды өзгерістермен сипатталады. Олардың қатарында өсіп келе жатқан түлектерді тәрбиелеу мен оқытуға қажетті шарттар жасау мемлекеттік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты және бұл жүйенің жас түлектерінің ойдағыдай дамуына әсер ететін факторлар ішіндегі рөлі өте зор. Сондықтан білім беру- ол білім берудің осыған дейін жеткен деңгейін, сапасын және базалық білім алудың мүмкіндігін келешекте сақтап қалу және әрі қарай дамыту. Бұл мақсатты шешу білім беру аумағының басымдылықтары мен олардың іс - әрекеттерін қамтамасыз ету жолдарын анықтауға байланысты. Білім беру дамуының мемлекеттік қаржылық көмекпен қамтамасыз ету қажетті басымдылық бағыттарын таңдау ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындар арасалмағын анықтауды талап етеді. Бұл арасалмақ қазіргі уақытта білім беру деңгейлері бойынша шығындардың 4%-ға жуығы мектепке деиін тәрбие мен оқытуға, 70%-ға жуығы орта білім беруге, 3%- дан аса кәсіптік білім беруге, 4-% жуығы колледждерге, 10-%дан аса жоғары білім беруге жұмсалады. Қазіргі кезеңде білім беру деңгейлері бойы шығындар құрылымы елдегі экономикалық ахуалды көрсетеді. Ал болашақта Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты өзгерістер болуы мүмкін, ең алдымен оқытудың сапасы мен тұрақтылығын сақтау үшін шығындардың бірталай өсуі.
1999 жылдан бастап республикада студенттік контингентік қалыптастыру жаңа үлгіге қалыптастыру жаңа үлгіге және жоғары білім беруде қаржыландыруда жаңа әдіс пайдалауға көшу іске асырылды. Осы үлгіге сәйкес азаматтардың ақысыз жоғары білім алу мүмкіншіліктерді мемлекеттік білім беру тапсырысқа енген мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру гранттар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысқа арналған республикалық бюджет шығындарын жоспарлау жыл бойы бір студентті оқыту бағасының есебі арқылы іске асырылады. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы оқып жүрген бір студентке шаққандағы көлемін барлық шығындар көлемін барлық студенттердің орташа жылдық шартты контигенттіне бөлумен анықталады.
Жоғары кәсіптік білімді кадрларды даярлауға арналған шығындар құрамына келесі баптар кіреді :
оқытушылар, қызметкерлермен басқа да персоналды еңбек ақысы
қосымша ақшалай төлемдермен еңбек ақының сағаттық қоры
студенттердің кәсіптік практикасына арналған шығындар.
коммуналдық шығындар
оқу әдістемелік әдебиеттер алуға арналған шығындар
басқа да шығындар
Студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлесімен жоғаы білім беруді қаржыландырудың жаңа әдісінің оң болғанымен, мемлекеттік білім беру тапсырысқа арналған шығындарды жоспарлау әдістері көбінесе түрлі бағыттар мен әр түрлі мамандықтар бойынша кадр даярлау процесінің ерекшеліктерін есепке алмайды. Сонымен қоса, гранттар арқылы бөлінетін құралдар негізінде оқу орындардың ағымдағы шығындарын өтейді, ал олардың материалдық техникалық базаларын бекітумен дамуын қамтамасыз етпейді.
Білім беру саласының қаржылық қамтамасыз етудің тиімділігін бюджет құралдарының нақты қажеттілігін есептемелерімен оларды дәйекті жоспарлау тәртібіне негізделеді. “Білім беру туралы”Заңға сәкес мемлекет жыл сайын білім беру шығындарын қаржыландыруға бюджет құралдарын бөлуді кепіл етеді. Бұл құралдардың мөлшері бюджет жүйесінің денгейлері бойынша кірістер көлемімен реттеледі. Сондықтан, білім беруге арналған шығындарды бюджетке енгізу олардың қажеттілігімен қоса сол шығындарды іске асыру қаржылық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Білім беру саласына арналған бюджет құралдары бюджеттiк жіктелуге сәйкес бөлінеді. Бұл саланы ұстауға арналған бюджеттік ақшаны жоспарлау тәртібі әр түрлі мекеме үшін іс-әрекетінiң белгіленген өндірістік көрсеткіштерін есепке алуға мүмкіншілік жасайды. Мысалы, осындай көрсеткіштер болып мектепке дейінгі тәрбие оқыту үшін балалар мен топтар саны , мектеп үшін оқушылармен сыныптар саны табылады. Шығындарды есептеу, белгіленген формаларды пайдалана отырып шығыстардың экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша анықталады.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметкер емес жұмыскерлердің негізгілік еңбекақысына арналған шығындар есптемелерін құру үшін 02-111 және 03-101 формалары толтырылады. Бұл формаларда мамандық пен қызмет атаулары, жұмыскерлердің категориясы мен стаждары бойынша мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің айлық еңбек ақы сомалары анықталады . Білім беру мекемелерінде тамаққа арналған шығындар есебі үшін 01-131 форма отырылады. Бұл форма бір оқушы немесе бір балаға шаққандағы тамақ нормасы мен олардың орташа жылдық саны негізінде тамақ азықтарын алушылардың атаулары көрсетіледі. Үкімет тағайындаған нормативтер негізінде комуналдық және электроқуатқа арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-041 және 01-044 формалар толтырылады. Сонымен қатар , ғимараттар құрал жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ұстау, күту және жөндеуге арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-146 форма толтырылады. Нәтижеде, осындай есептемелер негізінде қажетті бюджеттік құралдар көлемі анықталып, білім беру мекемелерінің қаржыландыру жоспары қалыптастырылады. Бұл құжатта мекеменің аты мен мекен жайы және бюджеттік шамаланған кірістер түсінуіне сәйкестік тоқсан сайын қаржыландыру көлемін бөлумен экономикалық жіктелудің әрбір ерекшіліктері бойы бекітілген құралдар сомасы көрсетіледі.
Экономикалық әдебиет беттерінде білім беру мекемелерінің шығындарын есептейтін әр түрлі әдістер ұсынылады. Солардың бірі, ақпараттық жалпы қаржылық көрсеткіш болып есептелетін, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерін пайдалануға негізделеді. Бұл көрсеткіш мағынасын анықтағанда басқа да функционалдық көрсеткіштердің деңгейі есепке алу қажет, мысалы, мұғалімдер кадрлары мен олардың саны, оқушылардың сабақ үлгілерін, орта мектепте білім алудың мүмкіндігін, негізгі құралдардың көлемімен жағдайын және тағы басқалары. Мысалы ретінде экономикалық әдебиет бетінде жарияланған әдістердің бірін пайдалану мүмкіндігін қарайық. Бұл әдістің негізінде оқушылардың біріне шаққандағы орта білім беруге арналған шығындар мөлшері арналған. Республика бойынша осы көрсеткіштің деңгейі орташа есеппен алғанда 156 АҚШ долларын құрайды. Бұл мөлшерді бастапқы ретінде пайдаланғанда, оның жеткілікті денгейін анықтау үшін қор коэффицентін (Қк)енгізу қажет. Осы коэффиценттің мөлшері, макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерістерінің негізінде білім беруге арналған шығындар сомасы обьективті түрде өсу мүмкіндігін есептегенде , мысалы, 30%-ке тең болады. Демек, орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар мөлшерін (Сж) келесі формула арқылы анықтауға болады;
Сж=Кқ Сб=1,3156=202,8 АҚШ долл/адамға
Бұл нәтиже республика бойынша көрсеткіштің орта мөлшерін көрсетеді, ал ауыл мен қала мектептері бойынша орта білім беруге арналған шығындар мәнін анықтау үшін осы есептелген көрсеткішті саралау қажет. Ауылдық мектептердің ахуалын, ауыл тұрғындарының мекендеу ерекшеліктерін және барлық оқушылардың жартысына жуығы осы ауылды жерде тұратындарын есептей отырып, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерінің есебін әр түрлі дұрыстау коэффиецентерді пайдалану арқылы анықтауға болады, яғни, мысалы, ауылдық жердегі мектептері үшін Кд=0,9. Демек, аймақтар бойынша орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар көлемі айтылған ерекшеліктерді есептей отырып келесі формула арқылы анықталады:
СЖР=Саж*Оса+ Сққ*Осқ , мұнда
Саж –ауылдық жердегі мектептер үшін оқушылардың біріне есептелген шығындар мөлшері .
Сққ-қалалық қоныстану мектептер үшін оқушылардың біріне есептелген шығындар мөлшері.
Оса- аймақ бойынша ауылдық жердегі мектетердегі оқушылар саны .
Достарыңызбен бөлісу: |