1«АХҚЗ» АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының



жүктеу 2,44 Mb.
бет22/45
Дата19.03.2022
өлшемі2,44 Mb.
#37872
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
«АХҚЗ» АҚ өндірістік қалдықтарының және шығарындыларының аймақтың қоршаған орта компоненттеріне тигізетін антропогендік әсері

3. Технологиялық бөлім

3.1 Өндірістік процесі нәтижесінде түзілген қалдықтарды қайта өңдеу

Өнеркәсіптік қатты қалдықтар қоршаған ортаға айтарлықтай көп мөлшерде өз әсерін тигізеді. Зауыт орташа есеппен жылына 100 мың тонна өнім шығаратын болса, онда шамамен 200 мың т/ж монохрамат шламы түзіледі, күкіртті натрий және металлургиялық хром тотығы өнімін өндіру цехы 20,0 сәйкесінше 15,0 мың тонна өнім шығаратын болса, онда сәйкесінше күкіртті натрий шламы 12,5және 39,5 мың т/ж мөлшерінде түзіледі. Натрий бихроматы өнімін шығару цехы өнім өндіру көлемі 75 мың тонна болса, онда 41,2 мың тонна натрии сульфаты түзіледі. Сондай-ақ, монохромат шламын жинақтағышта жинақтау 1957 жылдан бастап жүргізілуде, күкіртті натрий 1962 жылдан және натрий сульфатын 1995 жылдан бастап шлам жинақтаушы тоғандарда жинақтау жүргізіліп келеді. Жалпы АХҚЗ акционерлік қоғамы шлам жинақтау тоғандарында 12,3 млн тонна монохроматты шлам, натрий сульфаты, күкіртті натрий шламдары жинақталған.

Өндіріс қалдықтарын жинақтау үшін 1957 жылдан бастап шлам жинақтағыш тоғандар салынып, іске қосылды. Монохромат шламын сақтау үшін № 1,4,5,6,7,9 және 10-шы шлам жинақтағыштар пайдаланылады, ал күкіртті натрий шалмы үшін № 3- ші және №8- ші шлам жинақтағыш, өнеркәсіптік сулар үшін № 2- ші шлам жинақтағыш қолданылады №10-шы шлам жинақтағыш 1982 жылы «Казводканалпроект» институты жобасы бойынша салынған. Шлам жинақтағыш зауыттың өндіріс алаңынан шамамен 2 шақырым жерде орналасқан. 2001 жылы тоған жинақтағышқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта жабдықталған. Қайта жабдықтау жобасы бойынша биіктігі 2 метр, 5 бөгет қоршауы арқылы дамбаны ұзартқан. Бөгеттің алғашқы ярусының есептелген толу уақыты екі жыл. Соңғы қоршаған дамбаның биіктігі 259,5 метр, ал, шламдардың максимальды толу биіктігі 259,0 метр. пульпонасостық станция АҚХЗ АҚ территориясында орналасқан. Шлам жинағыштан шыққан өндірістік сулардың айналаға төгіліп кетпеуі үшін іс шаралар жүргізілген. Бөгеттің жоғарғы жағына қондырғы орналастырылған және соның негізінде сүзгіленуге тосқауыл ретінде келесі қабаттармен жабылған.


  • Қалыңдығы 0,10 метр, жайылатын топырақ қабаты;

  • Қалыңдығы 0,2 мм полителен қабықшасы (пленка);

  • РПП-300 А маркалы қара қағаздан жасалған (руберойд) қорғаныш қабаты:

  • Қалыңдығы 0,4 метр, сырттан әкелінген топырақ қабаты;

  • Қалыңдығы 0,10 метр гравелисті-тастақ топырақ қабаты.

Ғимараттың сыртына өндірістік қалдық судың төгілуін болдырмау үшін бөгеттің жоғарғы бетіне құбырлы дренаж орналастырған. 2002 жылы жинақтағышты тексеру жұмысының нәтижелері, оның жобаға сәйкес қанағаттанарлық жағдайда екендігін, сондай-ақ оның әрі қарай пайдалануға болтаындығын көрсетті.

«АХҚЗ» АҚ йналымды сумен жабдықтау жүйесін ұйымдастыру нәтижесінде жылына 10 мың м³ көлеміндегі суды тұтыну мөлшері азайтылды. Осының нәтижесінде тұндыру тоғандарының көлемі азайтылды және оның толу коэффициентін жоғарылатты. 2007 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында 283,9 мың тн монохромат шламы түзілді, оның 215,8 мың тонна (76 %) өндіріске қайтарылды. 68,1 мың тонна (24%) монохромат шламы шлам жинағыштарға оналастырылды. Осы көрсетілген сандардан қалдықтардың көп мөлшерін монохромат шламдары құрайтындығын көруімізге болады. Монохромат шламдарының және басқа да өндіріс қалдықтарының негізгі сипаттамалары:

- монохромды шламдар 50 % мөлшерде гранулометриялық құрамы бойынша дисперстілігі 0,074 мм аспайтын бөлшек түрінде болады. Өндіріс қалдықтарындағы сұйық және қатты бөлшектер С:Қ=1:2,0 сәйкес қойыртпақ (пульпа) түрінде шлам жинақтағыштарға түседі. Атмосфералық құрғақ күйдегі орташа тығызыдығы 3,2 ден 3,65 г/см³ дейінгі аралықта болады. Шламдар өртену, жарылу жағынан қауіпсіз, жанбайды және суда ерімейді. Хром кенінен (Na2CrO4) натрий хроматын өндіру процесі нәтижесінде монохромат шламдары түзіледі. Кристаллды натрий бихроматы (Na2Cr2O7), металлургиялық хром оксиді (Cr2O3), хром ангидриді (CrO3) және құрғақ хромды илегіштер (Cr2(SO4)N) тұздарын өндіруде натрий бихроматы шикізат болып табылады. Натрий хроматтарын алудағы бастапқы шикізаттарға келесілер жатады: хромит, монохромат шламы (айналымда қайта пайдалану), кальций содасы, известняк және тағы да басқалар. Майда ұсақталған ұнтақ түріндегі компонеттерді белгілі бір сәйкестік деңгейінде араластырады және 1100-1200 ºС температурада айналмалы прокаливтік пештерде күйдіруге түседі. Пештен шыққан хромат спекі одан әрі қарай айналмалы диірменге сулы ұнталуға түседі. Қатты бөлшектерді сұйықтан бөлу үшін монохромат қойыртпаға барабанды вакуум -фильтрде сүзіледі.

Монохром сілтішесі түріндегі сұйық бөлік өндірісте қайта пайдаланылады. Монохром шламының қатты бөлігі өндіріс қалдығы болып табылады. Шламның 70 %-ті екі сатылы жуылудан кейін кептіру үшін кептіргіш камераға түседі, содан соң шихта даярлау үшін шихта даярлау бекетінің бункеріне жіберіледі, ал қалған қалдықтың 30 %-ті шлам насостары арқылы монохром шламын түстендіру және тұндыруға, сондай-ақ өндірістік процесте қайта пайдалану үшін мөлдірленген суды қабылдауға арналған шлам жинағыштарға жіберіледі. Шлам жинағыштардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін келесі факторлардан көруге болады:



  • апаттық жағдай орын алу нәтижесінде жинақтағыштан өндіріс ағындарының жақын маңдағы аймаққа төгілуі;

  • жинақтағыш бөгеттердің кейбір жекелеген жерлерінің бұзылуы нәтижесінде қалдықтар сүзіліп, жақын маңға төгіледі;

  • оқшаулау жұмыстарының дұрыс орындалмауы нәтижесінде ағындардың жинақтағыш түбі арқылы сүзіліп, жер асты суларын және топырақты ластайды;

  • айналмалы сумен жабдықтау және шлам тасымалдау құбырларының жалғанған жерлерінің әлсіз байланыстырылуы нәтижесінде шлам және өндірістік сулардың апаттық жағдайда жақын маңға төгілуі.

Бөгеттердің жоғарғы жағында орналасқан полиэтилен қабықшалы қорғаныш экраны сүзілу процесін болдырмайды. Натрий монохроматы өндірісінде айналымды сумен жабдықтаудың ұйымдастырылуы өндірістік сулардың апаттық жағдайда төгілуіне жол бермейді.

Цементке сәйкес қосылыстардың болуынан жинқтағыштағы шламдар біртіндеп тығыздалады және қатаяды, сондықтан шламдардағы бөлшектер алғашқы минералдан екіншілік минералдарға ауысады. () кестелерде шламдардың орталандырылған спектралді және химиялық құрамы, сондай -ақ олардың соңғы уақыттағы бақылаулар мәліметтері бойынша әр түрлі ортадағы шрк-сы келтірілген.

3.1 кестеде келтірілген оксидтерден басқа, зерттелетін сынамаларда фосфор, калий, кальций, титан және марганец оксидтері байқалады. Олардың шламдағы жалпы мөлшері 0,8 %-тен аспайды.

Кестеден көргеніміздей барлық сынамаларда кездесетіндер: силикаттар, сазды минералдар және карбонаттар. Олардың ішінде магний оксидтері кальций оксидіне қарағанда көп мөлшерде кездеседі.


Кесте 3.1 – шлам жинақтағыш тоғандағы монохромат шламының химиялық құрамы

Сынама алынған тоған



Құрамы %

Элемент атауы


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау