Гидросфераға әсері. Ауыр металлдар тасыған өзен сулары және жаңбыр сулары химиялық және микробиологиялық шаймалану процесі нәтижесінде топырақтан су экожүйелеріне түседі. Судың химиялық құрамының өзгеруіне қазіргі кезеңдегі атмосфераның жағдайы әсер етеді, оның басты көрсеткішіне «қышқылдық жаңбырдың» жер бетіне жаууы жатады. Тотығу-тотықсыздану потенциялының өзгеруінен жаңбыр сулары топырақ арқылы өтіп жылжығанда жекелеген элементтер марганец, мыс, қорғасын, хром, цинк және т.б. ерітетін қасиетке ие болады.
Атмосфералық ауаның ластануы салдарынан «су-топырақ» жүйесінің физико-химиялық тепе-теңдігінің бұзылуы өзімен бірге жер асты суларының химиялық элементтер концентрациясының айтарлықтай өзгеруіне әкеліп соқтырады. Табиғи суларда ауыр металлдардың атомдары әртүрлі иондық және молекулалық түрде кездеседі. Осындай темір, хром, марганец сияқты элементтер әртүрлі валентті болуы мүмкін. Судағы еріген органикалық фульвоқышқылы, аминқышқылы және гуминді қосылыстар ауыр металлдар атомдарының ығысуына маңызды ықпал жасайды. Ауыр металлдардың иондық формалары ең үлкен биологиялық қол жетімділікке және реакционды қабілеттілікке ие. Сондай-ақ еріген органикалық колойдты заттегімен байланысқан еріген металл формасын бөліп көрсетуге болады. Ауыр металл иондары еріген органикалық заттегілерімен, сонымен қатар тірі организмдер заттегілерімен берік компонентті қосылыстар түзіп байланысады. Осыдан беттік сулардағы ауыр металлдардың иондық формасының концентрациясының аз екенін және өндірістік суларды осы иондардан тазартуда түрлі ботаникалық алаң және биоинженерлік ғимараттарды қолдануға болатындығын көрсетеді.
Желдің әсерінен қалдық жинақтағыш тереториядан қалдықтардың ұсақ дисперсті құрамымен бірге зиянды заттектердің бөлінуінен гидросфера ластанады.
Табиғат қорғау іс-шаралары жүргізілмеген жағдайда хром өндірісінің қалдық жинақтағыш тоғандарының қоршаған ортаға тигізетін әсері келесі түрде болуы мүмкін:
Шлам жинақтағыштан түссіздендірілмеген өндірістік ағындардың апаттық жағдайда айналаға төгілуі;
Жинақтағыш плотина қапталы арқылы ұйымдаспаған фильтрация нәтижесінде жергілікті аймаққа инфильтраттың төгілуі;
Жинақтағыш тоған түбі арқылы өндірістік сулардың сүзілуі салдарынан жер асты суларының ластануы;
Айналымды сумен жабдықтау және шлам тасымалдайтын гидротранспорт жүйесінен өнеркәсіп ағындарының өндірістік және апаттық жағдайда айналаға төгілуі.
Бұдан көргеніміздей шлам жинақтағыш тоғандардың сүзілуін болдырмау мақсатында шлам жинақтағыш құрылысы жеткілікті түрде тиімді шараларды сақтау негізінде салынуы қажет. Сондай-ақ жіберілген қателіктердің дер кезінде алдын алу қажет. «АХҚЗ» АҚ гидросфера тигізетін зиянды әсеріне дәлел ретінде Орал өзенінің саласы трансшекаралық Елек өзенінің алтывалентті хроммен ластануын атап көрсетуге болады. 2007 жылдан бастап Бестамақ с. Бордың мөлшері нормадан 40,0 есе асты. Елек өзенінің суының сапасы 6-шы сыныпқа яғни өте ластанған суға жатады. Георгиевка с. алтывалентті хром 7,65 ШРК құрады. Судың сапасы 4 класқа жатады. Бестамақ селосындағы Елек өзенінің су сапасы 7 класқа жатады яғни төтенше ластану дәрежесіне жатады. 2.2 суретте Елек өзенінің алтывалентті хроммен ластануы көрсетілген.
Сурет-2.2 Елек өзенінің алтывалентті хроммен ластануы.
Достарыңызбен бөлісу: |