1991 жылы 16-желтоқсанда қазақ мемлекеттігінің жаңғыруы. Тарихи сабақтастық.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі». Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
Халқымыз тәуелсіздік үшін күресті сонау сақ дәуірінен бастау алды десек артық айтпаймыз. Арғы жағын айтпай –ақ, XVIII ғ. жоңғар – қалмақтарымен болған қасіретті жылдардан бастап 1991 жылға дейінгі аралықтағы күресіміздің өзі тәуелсіздікке жету жолындағы тарихымызды айшықтайтыны анық. Жоңғарлардың шабуылының жойқын болғандығы сонша қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшырап, жан – жаққа босып кеткенін тарихтан жақсы білеміз. 13-14 жылға созылған кіші жүз жеріндегі, қазақ елінің батысында өткен Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс, осы аумақта ХІХ
– ғы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс, бүкіл Қазақстанды қамтыған Кенесары Қасымұлы көтерілісі, Сыр бойында өткен Жанқожа, Есеттің көтірілісін айтуға болады. Ал ХХ ғ.
басындағы бүкіл Қазақстанды қамтыған 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің нәтижесінде жарты миллионға жуық азаматтарымыздан айырылдық. Жоғарыда айтылған көтерілістердің бәрі Патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы болған ұлт – азаттық қозғалыстар еді. Және айтарым, Кеңес билігі тұсында 20-30 жылдардағы қазақ халқының азаттығы үшін, ұлттық мемлекетімізді құру жолында жарғақ құлағы жастыққа тимеген ағаларымыз Алаш қозғалысының көсемдерінің еңбегінің зор екенін атап өткім келеді. Мысалы, А.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды ағаларымыз «Алашорда» үкіметін құрса, М. Шоқай бастаған топ Түркістан автономиясын құрғанын білеміз. Біз білеміз, әрі ұмытпаймыз бұл құрылған мемлекеттің әділетсіз құрылған Кеңес үкіметінің құрбаны болып, ғұмырының ұзақ болмағанын. 1970-1980 жылдардағы Теміртау, Жаңаөзен, Қарағандыдағы т.б. кішігірім жұмысшылар ереуілдерінің өзі әділдік үшін күрестердің жалғасы деп айтар едім.
Ал ХХ ғасырдың соңына таман әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгілегені анық. Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтыған кемшіліктер, ұлт мәселелерінің шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, ашық қимылға еріксіз алып келген болатын. Жастардың бейбіт шеруін басып – жаншуда Кеңестік билік жала жабудың небір тұрпайы түрлерімен қоса қатігездік пен өшпенділік әрекеттерін жасады.
Мінеки, осылай 90-шы жылдары басына не келіп, не кетпеген қазақтың тәуелсіздік үшін болған сан ғасырлық күресі өз мәресіне жеткен сыңайлы болды. Әрине, тәуелсіздікке жетуімізді тездеткен қазақ жастарының желтоқсан оқиғасы деп білеміз. Желтоқсан оқиғасы – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр, қайғылы беттерінің бірі. Бұл оқиға Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылы КСРОыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты.
Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы16-желтоқсандаҚазақстанның Жоғарғы Кеңесі“Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990жылы25-қазандақабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка ҚұрамаШтаттарымойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбританиямойындады.
Оның артынан Моңғолия,Франция,Жапония,Оңтүстік Кореяжәне Иран Ислам мемлекетімойындады. Иран— Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: |