15 Аудиттің қорытынды кезеңі



жүктеу 50,69 Kb.
бет2/3
Дата20.01.2022
өлшемі50,69 Kb.
#33764
1   2   3
Лекция 15

Аудиторлық есеп

Қаржылық есептілік қойылған аудитордың талаптарға сәйкес нақты әрі сенімді жағдайды бейнелейтініне көзі жеткен сәтте ғана үзілді кесілді пікір үшін бухгалтерлік есеп прициптерінің дұрыс қолданылуы, сонымен қатар бухгалтерлік есеп тәсілдерін анықтау және осылардағы кез келген өзгерістердің қаржылық есептілік пен олардың ашылуына тигізтін әсерін анықтау шарт.


15.1 Аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері
Аудиттің басқа да түрлеріне экологиялық, операциялық және қайтарымдылық көрсетуші ұйымдар мен басқа да ұйымдардың аудиті жатады.

Экологиялық аудит. Экологиялық аудит – бұл қоршаған ортаның нақты жағдайының ішкі және сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы берілгенінен ауытқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп төндіріп отырған өмірде бар және болашақ экологиялық тәуекелдерді анықтауға болады.

Қазіргі кезде экологиялық аудитті ұйымдастыру бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттардың жобалары жасап шығарылған. Осы құжаттарға сәйкес экологиялық аудит міндетті және бастамашыл болып бөлінеді. Бастамашыл экологиялық аудит жетекшілердің, сонымен қатар аудиттелініп отырған субъектінің, шешім қабылдайьын басқа да тұлғалардың шешімдері бойынша жүргізіледі.



Міндетті экологиялық аудит келесі жағдайларда жүргізіледі:

  • қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық міндеттемелерді іске асыруда;

  • банкротқа ұшырау процедураларын іске асыруда;

  • міндетті экологиялық сақтандыру жүргізу мақсатында;

  • инвестициялаудың шарттары бойынша қарастырылғанда;

  • инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды дайындау мен негіздеу кезінде және т.б.

Экологиялық аудиттің мақсаттары:

  • кәсіпорын қызметінің заңдық және нормативтік құжаттарға сәкестігін қамтамасыз ету және тексеру;

  • аудит жүргізу саласын анықтау;

  • кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау;

  • қандай да бір үдерістерді, материалдарды пайдаланумен, қалдықтардың белгілі бір түрлерінің пайда болыумен байланысты қалыптасқан тәуекелдіктерді бағалау;

  • ресурстарды пайдалануды оңтайландыру;

  • экологиялық талаптар орындалмаған жағдайда жауапкершілік деңгейін белгілеу;

  • тәуекелдікті төмендету және айыппұл салуды қолданудың алдын алу;

  • болашақ шығындарды болжау;

  • жағдайды түзету бойынша жұмыстардың құнын бағалау;

  • белгілі бір кәсіпорынның экологиялық мәселелерін шешу саласында алдыңғы қатарлы шаралар мен ұзақ мерзімді саясатты қолдану және т.б.

Экологиялық аудиттің міндеттері:

  • табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаусаласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі жөнінде сенімді ақпарат алу;

  • өнімнің экологиялық белгісі мен экологиялық жаңа технологияларын енгізу арқылы олардың халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық талаптардың, нормалардың және ережелердің орындалуына бағытталған алдын-ала ескерту шараларын жүзеге асыруға өз бетімен басымдылықтарды қалыптастыру мен экологиялық саясатты реттеуде қолдау көрсету;

  • табиғатты пайдалануды реттеудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін құралдар жинағын құру;

  • экологиялық бухгалтерлік есеп және аудит бойынша мамандарды дайындау;

  • сақтандыру және қаржы-несие ұйымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуекелділігінің төмендеуіне жағдай жасау;

  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің басқа да салаларымен интеграциялау, «экологиялық шот» жүргізуді енгізу;

  • экоаудиттің халықаралық принциптерін, әдістерін және процедураларын пайдалану;

  • қорытынды есеп беру мәліметтерінің табиғатты пайдалану саласындағы нормативтерге сәйкестігін анықтау;

  • табиғатты пайдалану саласындағы кәсіпорын мен оның құрылымдарының «сырқат» жерлерін анықтау, олардың келтіретін зиянын анықтау және оларды жою, олардың алдын-алу бойынша шаралар жүргізуді ұсыну.

Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына кері әсер тигізетін қандай да бір инвестициялық, шаруашылық немесе әкімшілік қызметтің түрлері экологиялық аудиттің объектілері болып табылады.


жүктеу 50,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау