13 ресми (Соңы 14-бетте) Қазақстан республикасы



жүктеу 2,61 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата23.11.2018
өлшемі2,61 Mb.
#24315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

11 ЖЕЛТОҚСАН 2017 ЖЫЛ

17

РЕСМИ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫ

2017 жылғы 2 қараша              №728           Астана қаласы 



«Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі 

бойынша жазасын бас бостандығынан айыру 

орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге 

орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету 

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі 

істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығына 

өзгеріс енгізу туралы

бұйырамын:

1. «Бас  бостандығы  шектеулі  азаматтарға,  сондай-ақ  сот  үкімі  бойынша  жаза-

сын  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  өтеп  жүрген,  арнайы  мекемелерге 

орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту тура-

лы»  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрінің 2015 жылғы 7 сəуірдегі  № 314 

бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11206 

б олып  тіркелген, «Əділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде 2015 жылғы 28 шілдеде 

жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-

ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, 

арнайы  мекемелерге  орналастырылған  адамдарға  медициналық  көмек  көрсету 

қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігінің  Қылмыстық-атқару  жүйесі 

комитеті  (А.Х.  Базылбеков)  Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  белгіленген 

тəртіпте:

1)  осы  бұйрықты  Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігінде  мемлекеттік 

тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның 

қағаз  жəне  электронды  түрдегі  қазақ  жəне  орыс  тілдеріндегі,  елтаңбалық  мөрмен 

расталған көшірмесін ресми жариялау үшін жəнеҚазақстан Республикасы нормативтік 

құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық 

ақпарат  орталығы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  республикалық  мемлекеттік 

кəсіпорнына жолдауды;

3)  осы  бұйрықты  мемлекеттік  тіркегеннен  кейін  күнтізбелік  он  күн  ішінде  оның 

көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жолдауды; 

4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер 

министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5)  осы  бұйрықты  Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігінде  мемлекеттік 

тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 

Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген іс-

шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер 

министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа жəне Қазақстан Республикасы Ішкі істер 

министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен 

соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі Қ.ҚАСЫМОВ

«КЕЛІСІЛДІ» 

  «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының 

Қазақстан Республикасының Еңбек жəне

Денсаулық сақтау министрі 

халықты əлеуметтік қорғау министрі

__________ Е.Біртанов  

__________ 

Т.Дүйсенова

2017 жылғы 14 қараша  

2017 

жылғы 6 қараша

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика

министрі __________ Т.Сүлейменов

2017 жылғы 17 қараша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 

2017 жылғы 2 қарашадағы №728 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 

2015 жылғы 7 сəуірдегі № 314 бұйрығымен бекітілген

Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын 

бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге 

орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жа-

засын  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  өтеп  жүрген,  арнайы  мекемелерге 

орналастырылған  адамдарға  медициналық  көмек  көрсету  қағидалары  (бұдан  əрі - 

Қағидалар) «Халық  денсаулығы  жəне  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Кодексінің  (бұдан  əрі - Кодекс) 88-бабының  төртінші  тармағына 

сəйкес  əзірленді  жəне  бас  бостандығы  шектеулі,  сондай-ақ  сот  үкімі  бойынша  бас 

бостандығынан  айыру  орындарында  жазасын  өтеп  жатқан,  арнайы  мекемелерге 

орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету тəртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы (бұдан əрі - ТИ), уақытша ұстау изоля-

торы (бұдан əрі - УҰИ), қабылдау-тарату орны (бұдан əрі - ҚТО), арнаулы қабылдау 

орны (бұдан əрі - АҚО);

2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі (бұдан əрі – мекеме) – 

бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға, сондай-ақ өлім жазасына 

сотталғандарды ұстауға арналған мемлекеттік мекеме;

3) дəрігерлік-консультативтік комиссия (бұдан əрі - ДКК) – меншік нысанына жəне 

ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия;

4) денсаулық сақтау ұйымының дəрiлiк формуляры - қазақстандық ұлттық дəрілік 

формулярдың негізінде қалыптастырылған жəне уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен 

денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік 

берілген  көлемі  шеңберінде  жəне  міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру 

жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дəрілік заттардың тізбесі;

5)  жеке  медициналық  кітапша  (бұдан  əрі - медициналық  кітапша)-  жұмысқа 

жіберу туралы белгі қоя отырып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нəтижелері 

енгізілетін жеке құжат;

6) мəжбүрлеп емдеу - сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын науқасты емдеу.

2-тарау. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық 

көмек көрсету тəртібі

3. УҰИ, белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға арналған ҚТО, 

əкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған АҚО медицина қызметкерлері оларда 

ұсталатын  адамдарға  медициналық  көмекті,  арнайы  мекемелерде  санитариялық-

эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз 

етуді ұйымдастырады жəне жүзеге асырады.

Шұғыл  медициналық  көмекке,  сондай-ақ  онкологиялық,  венерологиялық  ауру-

лар, АИТВ-инфекциясы, туберкулез, қант диабеті мен үздіксіз бақылау жəне емдеу 

көрсетілетін  басқа  да  аурулар  бойынша  амбулаторлық  немесе  стационарлық  тек-

серуге  жəне  емдеуге  мұқтаж  адамдар  Қазақстан  Республикасы  денсаулық  сақтау 

жүйесінің тиісті медициналық ұйымдарында (бұдан əрі - медициналық ұйымдар) қажетті 

мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Гаупвахталарда ұсталатын əскери қызметшілерге медициналық көмек «Қазақстан 

Республикасы  Қарулы  Күштерінің,  басқа  да  əскерлері  мен  əскери  құрамаларының 

жалпы  əскери  жарғыларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

2007  жылғы 5 шілдедегі  № 364 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы 

Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының ішкі қызметінің 

жарғысында көзделген тəртіппен көрсетіледі.

4. Медициналық көмек көрсету кезінде арнайы мекемелердің медицина қызмет-

керлері Кодексті, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

5.  Арнайы  мекемелердің  емдеу-профилактикалық,  санитариялық-эпидемияға 

қарсы жəне са нитариялық–профилактикалық жұмыс мəселелері жөніндегі қызметін 

əдістемелік қамтамасыз етуді ішкі істер органдарының (бұдан əрі - ішкі істер органдары) 

бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының 

құрылымдық  бөлімшесі,  ішкі  істер  органдары  департаменттерінің  медициналық 

қызметтері  (бұдан  əрі - медициналық  қызметтер),  денсаулық  сақтау  саласындағы 

уəкілетті органы (бұдан əрі - уəкілетті орган) жəне халықтың санитариялық-эпидемиоло-

гиялық  саламаттылығы  саласындағы  уəкілетті  органының  ведомстволары  жүзеге 

асырады.

6.  Арнайы  мекемелерде  ұсталатын  адамдарға  медициналық  көмек  көрсету 

мақсатында  медицина  қызметкерінің  арнайы  жабдықталған  кабинеті  (бұдан  əрі - 

медициналық кабинет) немесе медициналық пункт жұмыс істейді.

7. Медициналық кабинет медициналық мақсаттағы бұйымдармен жəне медицина-

лық  техникамен,  залалсыздандыру  құралдарымен  жəне  жуу  материалдарымен 

қамтамасыз етіледі.

8.  Арнайы  мекемелерде  ұсталатын  адамдарды  медициналық  қамтамасыз  ету 

жөніндегі мəліметтерді арнайы мекемелер медициналық қызметке ұсынады.

9. Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері:

1) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді;

2) арнайы мекемелердің үй-жайларында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын 

қамтамасыз етуді;

3) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық-санитариялық қамта-

масыз ету мəселелері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті 

органының медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.

10. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде 

медицина қызметкерлері:

1) келіп түскен, күнделікті аралау жүргізу, медициналық көмекке жүгінген, арнайы ме-

кемеден кеткен кезде медициналық тексеру жүргізу арқылы жұқпалы, венерологиялық, 

тері, психикалық, паразиттік жəне басқа да қауіпті ауруларды анықтауды;

2) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді;

3) стационарлық емге мұқтаж науқастарды ауруханаға жатқызуды;

4) дəрігер-мамандар мен консультанттардың ұсыныстары мен тағайындауларын 

орындауды;

5) дəрі-дəрмектік препараттарға, залалсыздандыру құралдары мен медициналық 

жабдықтарға қажеттілікті есептеуді, оларды сатып алу туралы тиісті өтінімдерді арнайы 

мекеменің басшылығына белгіленген тəртіппен ұсынуды, оларды сақтаудың, берудің 

жəне есепке алудың белгіленген тəртібін орындауды;

6)  арнайы  мекемелерде  ұсталатын  адамдарды  орналастыру,  тамақтандыруды 

ұйымдастыру,  монша-кір  жуумен  қамтамасыз  ету,  арнайы  мекемелерде  ұсталатын 

адамдарды  санитарлық  өңдеу  кезінде  санитарлық  ережелер  мен  гигиеналық 

нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді;

7)  жұқпалы  науқастар  анықталған  кезде  санитариялық  эпидемияға  қарсы  жəне 

санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді;

8) залалсыздандыру іс-шараларының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етуді;

9) санитарлық-ағарту жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді;

10)  ішкі  істер  органдары  департаменттерінің  санитариялық-эпидемиологиялық 

қадағалау тобына жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы 

саласындағы уəкілетті органының ведомстволарына арнайы мекемелерде ұсталатын 

адамдардың арасында жұқпалы науқастардың анықталғаны туралы шұғыл хабарла-

малар жіберуді;

11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 

2010  жылғы 23 қарашадағы  № 907 бұйрығымен  (Нормативтік  құқықтық  актілерді 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан əрі - № 907 Бұйрық) 

бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының 

нысандарына сəйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.

11. Айналасындағы адамдарға қауіп  төндіретін  жұқпалы аурулармен ауыратыны-

на  күдік  туындаған  жəне  шұғыл  медициналық  көмекке  мұқтаж  адамдарды  анықтау 

мақсатында  жаңа  келг ендердің  барлығына   арнайы  мекемеге  келген  бірінші  тəулік 

ішінде бастапқы алдын алу медициналық тексеру жүргізіледі. Қабылдау арнайы мекеме 

бойынша кезекшінің немесе бақылаушылар қызметі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

Бұл ретте тері, венерологиялық, психикалық аурулардың белгілеріне, педикулез-

бен, қышымамен ауыратындыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Тексеруді  медицина  қызметкері  медициналық  кабинетте  жүргізеді.  Тексеру 

нəтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша арнайы мекемелерде 

(УҰИ, ҚО, ƏАО) ұсталатын адамдардан бастапқы жауап алу жəне оларға медициналық 

көмек көрсетуді тіркеу журналында (бұдан əрі -бастапқы жауап алу журналы) тіркеледі.

12. Тексеру барысында:

1) денсаулық жағдайына шағымдарды, өмір жəне ауру тарихын жинау;

2) антропометриялық зерттеулер (бойы, дене салмағы);

3) пульсті, жүрек соғуының жиілігін, артериялық қан қысымын жəне дене темпе-

ратурасын өлшеу;

4) терісінің жəне көзге көрінетін шырышты қабатта рының жағдайын сипаттау;

5) ішкі органдарына обьективті зерттеу жүргізіледі.

13.  Медицина  қызметкері  болмаған  жағдайда  арнайы  мекеме  бойынша  кезекші 

шұғыл  медициналық  көмекке  мұқтаж  ад амдарды,  сондай-ақ  жарақат  белгілерін, 

педикулезді, қышыманы анықтау үшін денесінің терісін жəне басының шашын (денесінің 

түгін) қарап, жаңадан келіп түскендерден денсаулық жағдайы туралы жауап алады.

Жаңадан келіп түскендер өзін нашар сезінуіне шағымданған немесе ауру (жарақат) 

белгілері болған жағдайда арнайы мекеме бойынша кезекші дереу жедел мед ициналық 

жəрдем-бригадасын шақырады.

Денсаулық  жағдайына  шағымдары  жəне  көрсетілген  медициналық  көмек  тура-

лы жауап алу нəтижелері арнайы мекеменің медициналық кабинетінде сақталатын 

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша медициналық көмек көрсетуге 

жүгінушілерді тіркеу журналына, ал медицина қызметкері болмаған кезеңде - а рнайы 

мекеме бойынша кезекшінің журналына жазба жазылады.

Сондай-ақ  медицина  қызметкері  медицина  ұйымдары  дəрігер-мамандарының 

консультациялық көмегін ұйымдастырады.

14. Жұқпалы тері, іріңдік жəне саңырауқұлақтық аурулармен зақымдалған адамдар 

басқалардан жеке жəне олардан кейін жуынады. Олармен байланыста бол ған адам-

дарды медицина қызметкері тексереді жəне қосымша санитариялық өңдеуге жібереді.

Тексеру  кезінде  педикулез  анықталған  адамдар  санитариялық  өткізгі ште  педи-

кулезге қарсы препараттарды қолдану арқылы санитариялық өңдеуден өткізіледі.

15. Жұқпалы аурулармен ауыратындығын а күдікті адамдар тексерілгеннен кейін 

бірден  дені  сау  адамдардан  оқшауланады  жəне  олар  диагнозы  белгілі  болғанша 

жеке ұсталады. 

Медицина қызметкері анықталған жұқпалы аурудың əрбір оқиғасы туралы арнайы 

мекеменің бастығына жəне біруақытта медициналық кызметт ің бастығына баяндайды.

Жұқпалы ауру (күдіктілер), тағамнан улану, егуге ерекше реакцияның əрбір жағдайы 

туралы шұғыл хабарлама жасалып, 12 сағат ішінде санитариялық-эпидемиология лық 

қадағалау  бөлімшелеріне  жəне  халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық 

саламаттылығы саласындағы уəкілетті органның ведомстволарына жіберіледі.

16.  Арнайы  мекемеде  аса  қауіпті  жұқпалы  аурулармен  ауыратындығына  күдікті 

науқастар, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдар анықталған кез-

де медицина қызметкері (ол болмаған жағдайда - арнайы мекеме бойынша кезекші) 

жедел медициналық жəрдем бригадасын шақырады.

Шұғыл, науқастың өміріне қауіп төнген, жедел медициналық жəрдем бригадасы 

ұзақ  уақыт  болмаған  немесе  келу  мүмкіндігі  болмаған  жағдайларда  арнайы  жеке 

мекеме бойынша кезекші науқасты дереу жақын жердегі медицина ұйымына жеткізу 

бойынша шаралар қабылдайды.

17.  Егер  арнайы  мекеме  медицина  қызметкерінің  немесе  жедел  медициналық 

жəрдем бригадасының қорытындысы бойынша науқас стационарлық емделуге мұқтаж 

болса, онда ол медициналық ұйымға жіберіледі.

18.  Медицина  ұйымының  басшысы  арнайы  мекемелерде  ұсталатын  адамдарға 

қажетті  медициналық  көмек  көрсету  үшін  медицина  ұйымында  арнайы  палаталар 

бөледі  жəне тиісті үлгіде жабдықтайды.

19.  Науқастанған, алайда шұғыл ауруханаға жатқызуға жатпайтын адамдар арнайы 

мекемеде болу кезеңінде медицина қызметкерлерінің күштерімен қажетті амбулаторлық 

медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

20.  Арнайы  мекемеде  медицина  қызметкерлері  болмаған  жағдайда  арнайы  ме-

кемеде ұсталатын адамдарға дəрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-

шараларды осы мекеменің қызметкерлері жүзеге асырады.

 Арнайы  мекеме  бойынша  кезекшіде  дəрігерге  дейінгі  алғашқы  көмек  көрсетуге 

арналған қобдиша болады.

21. Арнайы мекемеде ұсталатын адамдардың арасынан ауырғандарды анықтау 

мақсатында медицина қызметкері кезекші қызметкердің еріп жүруімен күн сайын ка-

мераларды аралайды.

22. Медицина қызметкері УҰИ-дан, оның ішінде тр анзитпен кететіндердің барлығын 

айдауылдауға жарамдылығын анықтау үшін міндетті медициналық тексеруден өткізеді. 

Тексеру  нəтижелері  бастапқы  жауап  алу  журналына  жазылады.  УҰИ-да  болған 

кезеңдегі ауруы, жүргізілген медициналық тексеру жəне көрсетілген медициналық көмек 

нəти желері  туралы  мəлімет  осы  Қағидаларға 3-қосымшаға  сəйкес  нысан  бойынша 

медициналық тексе ру картасына енгізіледі жəне жеке ісіне тігіледі.

23.  Медицина  қызметкерінің  қорытындысы  бойынша:  ауруы  жіті  сатыдағы 

науқастар, жұқпалы а урулармен ауыратындар, педикулез, қышыма жұқтырып алған, 

белгіленген емдеу курсынан өтпегендер, сондай-ақ тасымалдауға келмейтін науқастар 

айдауылдауға жатпайды.

24. Медицина ұ йымы медицина қызметкерлерінің жəне шұғыл медициналық көмек 

бригадаларының  қауіпсіздігін  сақтау  мақсатында  арнайы  мекемелердің  əкімшілігі 

олардың науқастарға баруын арнайы мекеме бойынша кезекшінің, ал ол болмаған 

жағдайда ішкі істер органы бойынша кезекшінің (кезекші көмекшісінің) медициналық 

көмекке мұқтаж адамды камерада немесе басқа бір бос үй-жайға оқшаулап, медицина 

қызметкерлерінің науқасқа келуі кезінде еріп жүруін ұйымдастырады.

25.  М едицина  қызметкерле рі  тағайындайтын  дəрі-дəрмектер  медициналық  ка-

бинетте сақталады жəне оларды науқастар медицина қызметкерінің немесе кезекші 

қызметкердің қатысуымен қабылдайды.

26. Ұсталатын ада м ауыр науқастанған немесе қайтыс болған жағдайда арнайы 

мекеменің  əкімшілігі  бұл  туралы  дереу  туыстарына  жəне  қадағалаушы  прокурорға 

хабарлайды.

27.  Арнайы  мекеменің  медицина  қызметкерін  медициналық-санитариялық 

қамтамасыз етумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартуға жол берілмейді.



3-тарау. Арнайы мекемелерге орналастырылған жəне сот үкімі бойынша 

бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға 

медициналық көмек көрсету  тəртібі

1- параграф. Медициналық көмек көрсетудің негізгі ережелері

28. Мекемелерде, ТИ ұсталатын ад амдарға медициналық қамтамасыз етуді емдеу-

алдын алу мекемелері (бұдан əрі - ЕАМ): соматикалық, психиатриялық жəне тубе рку-

лезге қарсы ауруханалар, медициналық бөлімдер, медициналық пункттер (бұдан əрі 

– медпунктер) жүзеге асырады. Балалар үйі ана мен баланы қорғаумен байланысты 

іс -шараларды іске асырады.

Маскүнемдікпен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауыратын сотталғандарды 

мəжбүрлеп емдеуді мекеменің медициналық бөлімі жүзеге асырады.

29. Мекемеде, ТИ-де ұсталатын адамдарға, оның ішінде шетелдіктермен азамат-

тығы жоқ адамдарға медициналық көмек медициналық көмектің түрлері мен нысандары 

бойынша денсаулық сақтау саласында бекітілген стандарттарға сəйкес көрсетіледі.

Дəрілік заттармен қамтамасыз ету емдеу-профилактикалық мекеменің басшысы 

бекіткен  жəне  аумақтық  ҚАЖ  органының  медициналық  қызметімен  келісілген  дəрі-

дəрмектік формулярға сə йкес жүзеге асырылады.

Мекемеге,  ТИ-ға  шұғыл,  стационарлық  жəне  стационарды  алмастырушы  көмек 

көрсету  үшін  келіп  түскен  дəрілік  заттарға  мекеменің  атауын,  оның  мекенжайын 

көрсетілген жəне «Тегін» белгісі бар арнайы мөртаңбасымен белгі қойылады. 

30.  Мекемелерден,  ТИ-ден  тыс  жерде  медициналық  көмек  тегін  медициналық 

көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық 

сақтандыру жүйесінде көрсетіледі.

Диспансерлік есепте тұрған адамдар денсаулық сақтау саласында уəкілетті  орган 

заңнамасына сəйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 

жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дəрі-дəрмектермен жəне 

медициналық құралдармен қамтамасыз етіледі. 

31. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 115-б абының төртінші 

бөлігіне сəйкес сотталғандар қалауы бойынша ұсынылатын емдеу-профилактикалық 

жəне басқа қосымша қызметті төлейді.

Кепілдік бер ілген Тегін медициналық көмектің көлемінен тыс қосымша медициналық 

кызметтер жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтанды ру жүйесіндегі медициналық 

көмек, оның ішінде жоспарлы стоматологиялық (ортодонтикалық жəне ортопедиялық) 

көмек ҚАЖ ЕАМ-де меншік түріне қарамастан басқа медициналық ұйымдардың ма-

мандарын жұмылдыра отырып, сотталғандардың өз қаржысы есебінен көрсетіледі.

32. Мамандандырылған стационарлық көмек көрсетуді қажет ететін жағдайларда 

мекемеде, ТИ-да ұсталатын науқастар денсаулық сақтау субъектілеріне жіберіледі, 

онда жиналмалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталар бөлінеді.

33.  Кодекстің 180-бабы  тоғызыншы  бөлімінің 4) тармақшасына  сəйкес  бас 

бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға жə не УҰИ мен 

ТИ отырған адамдарға медициналық технологияларға, фармакологиялық жəне дəрілік 

заттарға клиникалық зерттеулер жүргізуге тыйым салынады.

2-параграф. Алғашқы медициналық-санитариялық жəне 

консультативтік-диагностикалық көмекті ұйымдастыру

34.  ТИ-ге  келгеннен  кейін  барлық  келіп  түсушілерге  (оның  ішінде  транзитпен 

келгендерге) медициналық көмекке мұқтаж, айналасындағылар мен науқастар үшін 

эпидемиялық қауіп төндіретін адамдарды анықтау мақсатында, алғашқы медициналық 

тексеру жүргізіледі.

Бұл  ретте  тері,  венерологиялық,  жұқпалы  жəне  басқа  да  аурулардың  сыртқы 

белгілеріне,  педикулезбен  зақымдалуына  ерекше  назар  аударылады.  Бұл  жұмыс 

жаңадан келгендерді жалпы үй-жайларға жібергенге дейін жүргізіледі.

Тексеруді  дəрігер  немесе  фельдшер  мекемелердің  жинау  бөлімшесінің  арнайы 

медициналық кабинетінде жүргізеді. Бөлме тонометрмен, фонендоскоппен, термомет-

рмен, бой өлшегішпен, таразымен, рефлектормен, ауыз қуысын қарайтын қалақшамен 

қамтамасыз етіледі.

ТИ-да  əрбір  ұсталушыға  № 907 Бұйрықпен  бекітілген 025/у  нысаны  бойынша 

амбулаторлық науқастың медициналық картасы толтырылады.

35.  ТИ-дан  кететін  барлық  адамдарға  (оның  ішінде  транзиттіктерге)  дəрігерлік 

немесе фельдшерлік медициналық тексеру жүргізіледі. Тасымалдауға аурудың жіті 

сатысындағы науқастар, жұқпалы, науқастар (туберкулезден басқа) бекітілген белгі-

ленген емдеу курсын өтпеген, қышымамен, педикулезбен ауыратын, в енерология лық 

ауыратындар жіберілмейді.

Тексеру  аяқталған  соң  əрбір  кетушіге  амбулаторлық  пациенттің  медициналық 

картасына денсаулық жағдайы, оны жүру мүмкіндігі туралы бе лгісі бар еркін түрде 

қорытынды беріледі.

Тексеруді жүргізген медицина қызметкері қорытындының соңына өзінің аты-жөнін 

көрсете отырып, қолын қояды.

36.  Жұқпалы  аурулармен  немесе  оларға  күдіктенген  адамдар  тез  арада  тексе-

руден өткеннен кейін дені сау адамдардан оқшауланады. Осы адамдарды алғашқы 

санитарлық  өңдеу  киімдері  мен  жеке  заттарын  міндетті  түрде  залалсыздандыру 

арқылы соңында жүзеге асырылады, содан кейін олар арнайы бөлінген камераларға 

жіберіледі, ол жерде диагностикалық мақсатта тиісті тексеру, қажет болған жағдайда 

емдеу жүргізіледі.

37.  Штаттық  кестеге  сəйкес  медициналық  бөлім  басшысының  шешімі  бойынша 

маман дəрігерлер барлық келгендерге тексеру жүргізуге тартылады.

38.  Мекемеге  келген  сотталғандар  он  бес  тəулікке  дейінгі  мерзімге  карантиндік 

бөлімшеге орналастырылады. Барлық келген адамдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға 

сəйкес нысан бойынша этапты қабылдау журналында тіркеледі.

Мекемеге  келген  бірінші  екі  аптада  сотталғандар  бар  ауруларын  анықтауға, 

денесінің жай-күйін бағалау, еңбекке жарамдылық қабілетін жоғалту деңгейін анықтау 

мақсатында  дəрігерлік  тексерістен  өтеді.  Карантинде  болған  барлық  сотталғандар 

міндетті түрде флюорографиялық тексеруден, қанын микрореакция жəне АИТВ зерт-

теуден өтеді.

39.  Карантин  мерзімі  кезінде  сотталғандар  оқшауланған  бөлмелерде  ұсталады. 

Олардың ішінде жұқпалы аурулармен ауыратын науқас болса, карантин мерзімі соңғы 

жұқпалы ауруды оқшаулаған сəттен бастап есептеледі.

40.  Науқасқа  медициналық  тексеруді  жүргізу  кезінде  дəрігер  шағымдарын 

анықтайды,  ауру  мен   өмірдің  анамнезін,  бұрын  болған  ауруларды,  жарақаттарды, 

оталарды  зерделейді,  дене  зақымдарын  анықтау  мақсатында  тексерудің  жалпы 

қабылданған əдістерін, оның ішінде аускультацияны, перкуссияны, пальпацияны пай-

далана отырып, жан-жақты объективті тексереді, көрсетулер бар болған жағдайда, 

зерттеудің қосымша əдістерін тағайындайды.

41.  Сотталғандардың  денсаулық  жағдайын  одан  əрі  медициналық  бақылау  осы 

Қағидаларға 5-қосымшаға  сəйкес  терапевтік  бейіндегі  науқастарды  динамикалық 

бақылаудың  үлгі  кестесі,  осы  Қағидаларға 6-қосымшаға  сəйкес  наркологиялық  ау-

руларды  бақылаудың  үлгі  кестесі,  осы  Қағидаларға 7-қосымшаға  сəйкес  жұқпалы 

ішек  ауруларын  диспансерлік  қадағалаудың  үлгі  кестесі  бойынша  (бұдан  əрі - ке-

стелер) профилактикалық медициналық тексеріс барысында, медициналық бөлімге 

амбулат орлық қаралу, созылмалы аурулары бар адамдарды диспансерлік қадағалау 

кезінде жүзеге асырылады.

42. Мекемеде ұсталатын адамдарды тəртіптік изоляторға, жеке камераға, кəмелетке 

толмағандарды уақытша оқшаулау үй-жайларынаорналастырмас бұрын оны жоғарыда 

аталған  үй-жай ларда  ұстау  мүмкіндігін  анықтау  мақсатында  медициналық  тексеру 

жүргізіледі. Оны денсаулық жағдайы бойынша қамауға алу мүмкіндігінің бар-жоғы ту-

ралы дəрігердің (фельдшердің) жазбаша қорытындысы осы Қағидаларға 8-қосымшаға 

сəйкес  нысан  бойынша  денсаулық  жағдайы  туралы  анықтама  түрінде  ресімделеді. 

Мекемеде ұсталатын адамдарды тексеруді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, сондай-

ақ егер онда қауіпті аурудың, уланудың, жарақаттанудың көрінетін белгілері болмаса, 

ол қамауға алынған сəттен бастап бір тəулік ішінде міндетті түрде медициналық тек-

серу жүргізе отырып, тəртіптік изоляторға, жеке камераға, кəмелетке толмағандарды 

уақытша оқшаулау үй-жайларына орналастырылады.

43. Мекемеден шыққан кезде (ауысу, босатылу, емдеуге жіберу, жазасын өтеудің 

негізгі орнына кету жəне өзгелер) сотталғандар міндетті медициналық тексеруден өтеді.

44. Медициналық бөлімдерде сотталғандарды амбулаторлық қабылдауға арналған 

уақыт мекеменің, ТИ күн тəртібімен белгіленеді.

45.  Медициналық  бөлімде  амбулаторлық  қабылдау  амбулаторлық  науқастарды 

қабылдау  кестесіне  сəйкес  өткізіледі.  Мекемелерде  əрбір  жасақ,  ауысым  немесе 

бірнеше жасақ үшін амбулаторлық қабылдау уақыты бөлінеді. Толық жəне төтенше 

қауіпсіз мекемелерінде амбулаторлық қабылдау фельдшер жүргізген алдын ала жазы-

лу бойынша режимдік корпустардағы арнайы жабдықталған үй-жайларда дəрігерлер 

(фельдшерлер) (ерекше жағдайларда - корпус бойынша бақылаушы) жүргізеді.

ТИ-де, төтенше жəне толық қауіпсіз мекемелерде науқ астар дəрігерге (фельдшерге) 

қабылдауына немесе ем-шара жүргізуге камера бойынша жеке немесе 3-5 адамнан 

тұратын топпен шығарылады.

46. Мекеменің əрбір жасағында осы Қағидаларға 9-қосымшаға сəйкес нысан бой-

ынша дəрігерге қабылдауға жазылу журналы болады, оны жасақ бастығы жүргізеді. 

ТИ-да журналды корпус фельдшері жүргізеді. Амбулаторлық қабылдауға дейін алдын 

ала жазылу журналы медицина бөліміне беріледі. Қабылдаған соң журнал көрсетілген 

адамдарға қайтарылады.

Журналға жазбай қабылдау тек шұғыл жағдайларда ғана жүргізіледі.

47. ТИ-де, төтенше жəне толық қауіпсіз мекемелерде фельдшер корпус бойынша 

бақылаушымен  бірлесіп,  мекемеде,  ТИ-де  ұсталатын  адамдарды  серуендеуге  не-

месе санитарлық өңдеуге шығарған уақытта камераларды аралау арқылы олардың 

санитарлық жай-күйін күн сайын тексереді.

Шұғыл медицинал ық көмек көрсету үшін көмекке мұқтаж адам корпустық амбула-

торияға шығарылады. Фельдшер оған белгіленген көлемде тиісті тағайындаулар жа-

сайды немесе науқастарды дəрігердің қабылдауына жазады.

48. Тəртіптік изоляторларда, сондай-ақ ТИ, төтенше жəне толық қауіпсіз мекеме-

лердің жеке камераларында ұсталатын адамдарға медициналық көмекті медициналық 

қызметкерлері осы үй-жайлардың санитарлық жай-күйін күнделікті тексеру кезінде сол 

жерде көрсетеді, олардың нəтижелері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сəйкес нысан 

бойынша тəртіптік изоляторлардың үй-жайларында медициналық көмек көрсету жур-

налына тіркеледі. Көрсетілген 

үй-жайларда ұсталатын адамдардың денсаулық жағдайы нашарлағаны байқалса, 

медициналық  қызметкер  осындай  науқастарды  жедел  түрде  медициналық  бөлімге 

ауыстыру бойынша шаралар қабылдайды.

49.  Медициналық  қызметкер  амбулаторлық  қабылдауға  дейін  дəрігерге  алдын 

ала  жазылу  журналына  жазылған  амбулаторлық  пациенттің  медициналық  кар-

тасын  іріктейді.  Науқастардың  шағымдарын   анықтау  үшін  қысқаша  жауап  алады, 

анамнестикалық деректерді жинауды, антропометрикалық өлшеулерді (бойы, де несінің 

салмағы) жүргізеді жəне оларды дəрігерге жіберу кезегін айқындайды.

Іріктеуді өткізген кезде медицина қызметкері дене қызуының жоғарылаған, жал-

пы əлсіздігі жəне сары аурумен, іш аймағындағы өткір аурулармен ауырған науқасқа 

ерекше назар аударады.

50. Дəрігер науқасты тексеріп болғаннан соң № 907 Бұйрықпен бекітілген 025/е ныса-

ны бойынша амбулаторлық пациенттің медициналық картасына қысқаша жəне түсінікті 

етіп науқастың шағымдарын, қабылдау күнін, диагнозын, объективтік қарау деректерін, 

тағайындаулар жазады, жұмыстан босату қажеттілігі туралы қорытынды жасап, тегін, 

атын, əкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отыры п, қол қояды.

51. Аурудың диагнозын анықтау мен саралауды жəне емдеу тактикасын əзірлеудің 

қиын  жағдайларында  науқастар  комиссиялық  түрде  тексеріледі  немесе  дəрігер-

мамандардың консультацияларына жіберіледі.

Консультация үшін ЕАМ дəрігер мамандары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың 

дəрігер мамандары жұмылдырылады.

52. Амбулаториялық қабылдауға алдын ала жазылу журналына дəрігер немесе 

фельдшер диагнозды, жұмыстан немесе нарядтардан босату туралы қорытындыны 

жазады немесе дəрігерге қайта келу күнін жазады.

53.  Жұмыстан  жəне  жасақтан  толық  немесе  ішінара  босату  туралы  еркін  түрда 

анықтама  дəрігер  береді,  ал  дəрігер  болмаған  жағдайда  фельдшер  үш  тəуліктен 

аспайтын  мерзімге  береді.  Босатуды  ұзартуды  ДКК  жүзеге  асырады.  ДКК  құрамын 

мекеме бастығы бекітеді, құрамына комиссия төрағасы, мүшелері жəне дауыс құқығы 

жоқ  хатшы  кіреді.  ДКК  қорытындысы  осы  Қағидаларға 11-қосымшаға  сəйкес  нысан 

бойынша дəрігерлік-консультативтік комиссияны (ДКК) өткізу журналына тіркеледі.

Амбулаториялық  босатылған  адамдардың  тіз імін  медициналық  бөлім  мекеме 

басшысының кезекші көмекшісіне тапсырады.

54. Амбулаторлық пациенттің медициналық картасында медицина қызметкерлерінің 

барлық  медициналық  тексерулері  мен  тағайындаулары,  іс-əрекеттері  туралы 

олардың өту орнына қарамастан (тəртіптік изоляторлар, жеке камералар, кəмелетке 

толмағанда рды уақытша оқшаулау үй- жайы) жазбалар жазылады.

55.  Амбулаторлық  пациенттің  медициналық  картасы,  жұмыстан  босату  ту-

ралы  анықтамалар,  тағайындаулар  парағы,  басқа  да  медициналық  құжаттар 

науқастың қолына берілмейді. Алфавиттік тəртіппен н емесе медициналық бөлімнің 

бөлімшелерінде,  құлыппен  жабылатын  жəне  мөрленетін  бөлмелердегі   шкафтарда 

сақталады. Науқастың медициналық амбулаторлық карталарымен бірге амбулаторлық 

науқастардың тіркеу журналдары да сақталады.

56. Дəрі-дəрмектер науқастың қолына берілмейді, дəрілік заттарды ішу медициналық 

қызметкердің қатысуымен жүргізіледі.

Ерекше жағдайларды құрамында есірткі заттары жоқ, емдеуді қажет ететін аурулар 

құрауы мүмкін (бронхиальдық астма, қант диабеті, артериалдық қызуының көтерілген 

гипертоникалық аурулары, жүрек ауруының көтерілуі жəне ишемиялық ауру). Науқасқа 

осы препараттарды бөлу туралы мəселені медициналық бөлімнің басшысы дəрігердің 

тағайындауымен жеке тəртіппен шешеді, мекеменің, ТИ-дың басшысы бекітетін арнайы 

рұқсат ресімделеді жəне кезекші бөлімге тапсырылады.

57. Амбулаторлық науқастардың емдеу шараларын күн ішінде белгіленген сағатта 

медици налық бөлім жүргізеді.

58.  Науқасты  рентгенологиялық,  зертханалық  жəне  басқа  зерттеулерге,  маман 

қабыл дауына,  сондай-ақ  медициналық  бөлімде  орындала  алмайтын  рəсімдерге 

жібер ген  кезде  амбулаторлық  пациенттің  медициналық  картасын  науқасқа  ілесіп 

жүретін адамға беріледі.

Амбулаторлық пациенттің медициналық картасында медициналық бөлімде жүр-

гізілген  тексеріс  м əліметтері,  болжамдаған  диагнозы  жəне  жолданған  себептері 

көрсетіледі.

59. Мекемелерде, ТИ-де ұсталатын науқастарға жүргізілетін амбулаторлық ем диа-

гностикалау жəне емдеу хаттамаларына сəйкес болады.

60.  Мекемелерде,  ТИ-де  амбулаторлық  емдеуге  ауру  сипаттамасы  бойынша 

диагностикалау  мен  емдеудің  (дистрозия,  жарақаттар,  абсцесстер  жəне  басқалар) 

күрделі  əдістерін  қажет  етпейтін  науқастар  жатады.  Хирургиялық  науқастарға 

қатысты диагностикалық іс-шаралардың көлемі медициналық бөлім жағдайларында 

зертханалық, рентгендік жəне зерттеудің басқа да арнайы əдістерін қамтамасыз ету 

мүмкіндігімен айқындалады.

61.  Мекемеде  жəне  ТИ-де  ұсталатын  сотталғандар  тегін  медициналық  көмектің 

кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік-медициналық сақтандыру 

жүйесінде  медицин алық  көмек  алу  үшін  мекеменің  орналасқан  орны  бойынша 

денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеледі. 

62.  Денсаулық  сақтау  субъектісіне  уақтылы  тіркеу  жəне  тіркеуден  шығару  үшін 

сотталғанның мекемеге əрбір келу жағдайы туралы денсаулық сақтау субъектісіне ол 

туралы ақпарат жолдайды.

63. Профилактикалық медициналық тексеру жылына бір рет өткізіледі. Төтенше 

немесе толық қауіпсіз мекемелерде ұсталатын сотталғандар (камерада ұсталған кез-

де) жəне кəмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелердегі 

кəмелетке толмағандар жылына екі рет тексерілуге жатады.

64.  Профилактикалық  медициналық  тексеруді  өткізу  кестесін  мекеменің,  ТИ-дің 

басшысы  бекітеді.  Кестеге  сəйкес  медициналық  бөлім  басшысы  денсаулық  сақтау 

субъектілерінің мамандарын жұмылдыру арқылы ҚАЖ ЕАМ дəрігерлерінің күштерімен 

мекемелерде ұсталатын адамдарды тексеруді ұйымдастырады. 

65. Мекемеде, ТИ-де ұсталатын адамдарды медициналық бөлімге келу ін жасақ 

бастығы не корпус басшысы қамтамасыз етеді.

66.  Медициналық  тексерулер  кезінде:  анамнестикалық  деректерді  жинау, 

антропометрикалық  зерттеулер  (бойы,  денесінің  салмағы),  цитологиялық  зерттеу 

үшін  əйелдерден  жағынды  алумен  гинекологиялық  тексеру,  қыздарда - тік  ішек 

арқылы саусақтық зерттеу (көрсеткіш бойынша), есту қабілетінің жəне көру мүшесінің 

өткірлігін анықтау, қан талдауы (эритроциттің жылдамдығын анықтау (бұдан əрі - ЭЖА), 

гемоглобиннің,  лейкоциттің,  қант  қанының  көрсеткіштері,  зəр  талдауының  жалпы 

зерттеулері, электрокардиография (бұдан əрі - ЭКГ) (15 жастан бастап - 3 жылда  1 

рет, 30 жастан бастап - жыл сайын), флюорография (рентгенография) өкпе қуысының 

органдары - жылына 2 рет, əйелдерге – сүт бездерін пальпаторлық зерттеуі, тік ішекті 

саусақпен зерттеу, дəрігер-терапевттің, фтизиатрдың, психиатрдың, стоматологтың (тіс 

дəрігерімен) тексеруі, басқа да мамандықтардың (көрсетулер бойынша) дəрігерлерінің 

тексеруі жүргізіледі.

Профилактикалық  тексеру  нəтижелері  амбулаторлық  пациенттің  медициналық 

картасына енгізіледі.

67. Медициналық қамтамасыз ету:

1)  мекемеде,  ТИ-де  ұсталатын  адамдардың  мекемеге  түскен  кезде,  жұқпалы, 

паразиттік жəне басқа да созылмалы ауруларды анықтау мақсатында медициналық 

қарау;


2) жұқпалы жəне паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында жұмысқа жіберу 

кезінде алғашқы жəне кезеңді медициналық қарау;

3) медициналық тексеруді өткізу: денсаулық жағдайына динамикалық қадағалауды 

қамтамасыз  ету,  ауру  белгілерін  уақтылы  анықтау  үшін,  жұқпалы  жəне  паразиттік 

аурулардың  алдын  алу  жəне  тарауына  жол  бермеу  мақсатында  мекемеден  кетер 

кезде профилактикалық, нысаналы тексеру;

4) осы Қағидаларға 5, 6, 7-қосымшаларға сəйкес нысан бойынша нозологиялық 

аурулары бар адамдарға диспансерлік бақылау жүргізу;

5)  мүгедектерді  жəне  еңбекке  жарамдылығы  шектелген  адамдарды  еңбекке 

дұрыс пайдалану бойынша ДКК ұсыныстарының орындалуын, сондай-ақ созылмалы 

науқастардың арасында ЕАМ-нің ұсыныстарына сəйкес іс-шараларының жүргізілуіне 

жүйелік тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

68. Сотталғандардың денсаулығын сақтау, паразитарлық жəне жұқпалы аурулар-

ды болдырмау мақсатында, тамақтану, сумен жабдықтау объектілеріне медициналық 

бөлімдерге,  ауруханаларға,  перзентхана  бөлімшелеріне,  Балалар  үйіне  жұмысқа 

жібер ілген адамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін 

атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) бекітілген Міндетті 

медициналық  қарап  тексеруді  өткізу  қағидаларына  сəйкес  міндетті  түрде  кезеңдік 

медициналық қарап тексеруден өтеді. 

69. Медициналық қарап тексеруге жататын əрбір жұмыскерге Қазақстан Респуб-

ликасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №126 бұйрығымен 

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10638 болып тіркелген) 

көзделген тəртіппен медициналық кітапша толтырылады.

Шаруашылық қызмет көрсету жұмысына жіберілетін адамдармен сынақ қабылдай 

отырып,  санитариялық-техникалық   минимум  бойынша  медициналық  кітапшадағы 

жазбаға сəйкес арнайы сабақтар жүргізіледі.

Жұмысқа рұқсатнама мекеменің, ТИ-дың орналасқан орны бойынша медициналық 

тексеріп-қарауларды жүргізуге арналған мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар береді.

Асханаға  уақытша  жұмыс  істеуге  бөлінген  адамдар  (тəуліктік  жасақ),  дене 

тексеруінен  өтеді  жəне  құрал-жабдықтар  мен  мүкəммалдың,  асхана  жəне  ас  үйінің 

ыдыстарын жууға, тамақты таратуға жəне дайындаудан басқа жұмыстарды орындауға 

жіберіледі.

Зиянды өндірісте жұмыс істейтін сотталғандар кезеңдік медициналық тексерістерден 

өтуге жатады.

3-параграф. Кəм елетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз 

мекемелердегі емдеу алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру

70. ТИ-де болған кезеңде барлық кəмелетке толмағандар дифтерия тасушы жəне 

гельминт тасушыға тексеріледі. Бактериологиялық зерттеудің нəтижелері оң болған 

жағдайда бактерия бөлушілерге қатысты емдеу-профилактикалық, эпидемияға қарсы 

жəне санитарлық-профилактикалық іс-шара лардың толық кешені жүргізіледі. Гельминт 

анықталған жасөспірімдерге этаптау кезінде үзілуі жəне мекемеде аяқталуы мүмкін 

гельминтті жою жүргізіледі. Көрсеткіштер бойынша  АДС-М вакцинасымен егу жүзеге 

асырылады.

Кəмелетке толмағандардың кеуде қуысы органдарын профилактикалық тексеру 15 

жəне жоғары жастан бастап флюорографиялық əдіспен жүргізіледі.14 жасқа дейінгі 

балаларға жыл сайын Манту пробасы егіледі.

71.  Комиссия  құрамына  кіретін,  жаңадан  келіп  түскен  сотталған  кəмелетке 

толмағандарды  қабылдайтын  медициналық  бөлім  басшысы  ұтымды  жұмысқа  ор-

наластыру бойынша ұсынымдар, кəсіптік жəне жалпы білім алуға жолдама береді.

Сонымен  бірге  дəрігер-психиатрда  емделуді  жəне  психопрофилактиканы  неме-

се  тəрбиешімен  бірге  психиат р  тəрбие-психологиялық  əсер  етуді  қажет  ететіндер 

анықталады.

72.  Жылына  екі  рет  мекемедегі  барлық  кəмелетке  толмаған  сотталғандарға 

антропометриялық өлшеуішімен, салмақ өлшеуімен, зертханалық зерттеуімен, сондай-

ақ  флюорографиялық  тексерісімен  тереңдетілген  дəрігерлік  тексеріс  жүргізіледі. 

Тəрбиеленушілердің  дене  бітімі  дайындығын  жəне  денсаулық  жағдайы  туралы 

мəліметтер  негізінде  дене  тəрбиес і  сабағы  үшін:  негізгі,  дайындық,  арнайы  жəне 

мүгедектер тобына бөледі.

Денсаулық жағдайының жақсаруына қарай, оларды бір топтан басқа топқа ауы-

стырады.

73. Мекеменің медициналық қызметкерлері денсаулық жағдайы бойынша сауықтыру 

режимін,  медициналық  бақылауды  жəне  күшейтілген  тамақтануды,  медициналық 

бөлімнің стационарында құрылатын сауықтыру тобын қажет ететін жасөспірімдерге 

іріктеу жүргізеді.

Сауықтыру топтарына: дене бітімі жағынан əлсіз жəне салмағы нормадан төмен; əр 

түрлі ауыр аурулармен ауырған, сынған, хирургиялық операциядан өткен; денсаулық 

жағдайында тұрақты сипаттағы ауытқулары бар, есепке алудың арнайы тобына жəне 

диспансерлік бақылауға жататын жасөспірімдер жіберіледі. Сауықтыру тобында болу 

мерзімін  дəрігер  белгілейді  жəне  отыз  жұмыс  күніне  дейін  құрайды.  Медициналық 

көрсеткіш болған жағдайда ол ұзартылады. Сол кезеңде сотталғандар медициналық 

бөлім стационарында ұсталады. Сауықтыру тобындағы кəмелетке толмағандардың 

күн  тəртібін  медициналық  бөлім  басшысы  белгілейді.  Олар  мектепке  бара  алады, 

оларды  еңбекте  пайдалану  еңбек  терапиясының  түрі  бойынша  жүзеге  асырыла-

ды.  Медициналық  қызметкердің  бақылауында  емдеу  жəне  дене  тəрбиесі  бойынша 

сабақтар жүргізіледі.

Амбулаториялық пациентінің медициналық карталарында осы санаттағы адамдар 

үшін сəйкестендірілген салмақ, күн режимі, медикаментозды жəне витаминотерапия, 

емдеу  дене  шынықтыруы ,  еңбекке  пайдалануын  бақылауы  көрсетілетін  жазбалар 

жүргізіледі.

74.  Кəмелетке  толмағандарды  ұстауға  арналған  орташа  қауіпсіз  мекемелердегі 

сотталғандарға мамандандырылған медициналық-санитариялық көмек көрсету үшін:

1) кəмелетке толмаған сотталғандарға білікті консультативтік жəне стационарлық 

медициналық  көмек  көрсету  үшін  тəрбие  колонияларын  аумақтылығы  бойынша 

облыстық, аудандық, орталық аудандық ауруханаға бекіту;

2) уəкілетті органның медициналық қызметтеріне дəрігер-мамандардың сотталған 

кəмелетке  толмағандарға  жылына  екі  рет  профилактикалық  медициналық:  отола-

ринголог, көз дəрігері, невропатолог, хирург, тіс дəрігері, қажетті зертханалық жəне 

функционалдық тексерістерді орындайтын психиатр, сондай-ақ екі флюорографиялық 

тексерісіне практикалық көмек көрсету;

3)  уəкілетті  органның  медициналық  қызметтеріне  ауруы  анықталған  адамдарға 

диспансерлік бақылауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыруда кеңестік жəне əдістемелік 

көмек  көрсетумен  қамтамасыз  ету,  оларға  емдеу-профилактикалық  іс-шараларын, 

дəрігер-мамандардың: дерматовенеролог, фтизиатр, сондай-ақ жасөспірімдерді, со-

зылмалы ішімдік жəне нашақорлы қпен ауыратындарды мəжбүрлеп емдеуін жүргізу 

үшін наркологтың қатысуымен қолданыстағы ережеге сəйкес толық көлемде жүргізу;

4) кəмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелердегі орна-

ласу орындары бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге жəне ұйымдастыруға 

практикалық көмек көрсету;

75. Кəмелетке толмаған сотталғандарға амбулаторлық-емханалық жəне стационар-

лық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне жəне міндетті 

əлеуметтік  медиц и налық  сақтандыру  жүйесіндегі  медициналық  көмекке  сəйкес 

көрсетіледі.

76. Барлық кəмелетке толмаған сотталғандар карантинде болған уақытта дəрігер 

психиатрдың консультациясынд а болады.

Кəмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекеме жағдайларында 

нашақорлықпен  ауыратындарды  емдеу  еңбек  процесімен,  нашақорлармен  жұмыс 

істеуге  жəне  əңгімелесуге  дайындалған  қызметкердің  басшылығымен  жалпы  білім 

беру мектептерінде оқытумен сəйкес келуі тиіс.

 Осы санаттағы кəмелетке толмаған сотталғандармен жүргізілетін барлық жұмысты 

дəрігер-психиатр тəрбиешімен жəне психологпен тығыз өзара іс-қимыл байланыста 

жүргізеді. Олар кəмелетке толмағандар арасында салауатты өмір, нашақорлықтың 

зиянды салдары жəне оның алдын алу жолдарын насихаттау жөніндегі іс-шаралар 

кешенін ұйымдастырады.



4-параграф. Əйелдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

77.  Əйелдерді  медициналық  қамтамасыз  ету  жөніндегі  мекеменің  медициналық 

бөлім міндеттері:

1) жүктіліктің, туудың жəне туғаннан кейінгі кезеңнің қиындығын ескерту;

2) ұрықты антенаталды (ішкі жатыр) сақтау;

3) гинекологиялық аурулардың алдын алу жəне емдеу болып табылады.

78. Мекеменің медициналық бөлімі:

1) гинекологиялық аурулары бар жəне жүкті əйелдерге диспансерлік бақылауды;

2) босануға психопрофилактикалық дайындықты;

3) «аналар мектебі» жұмысын ұйымдастыруды;

4) санитарл ық-ағарту жұмыстарын жүргізуд і жүзеге асырады.

Мекеменің медициналық бөлімі:

əйелдерді  еңбекке  пайдаланудың  дұрыстығын  (жүкті  жəне  емізетін  баласы  бар 

əйелдерді заңнамада көзделген түнгі жəне шектен тыс жұмыстардан, зиянды өндірістегі 

жұ мыстардан жəне демалыс күндері мерзімінде босату);

бөлме  гигиенасының  бар-жоғы  жəне  санитарлық  жағдайын,  олардың  типтік 

жабдықтармен қамтамасыз етілуін;

жүкті əйелдер мен емізетін аналардың тамақтануын бақылайды.

79. ТИ -да ұсталатын жүкті əйелдердің тууына көмек ТИ орналасқан медициналық 

ұйымдарының перзентханаларында көрсетіледі.Тубе ркулезбен ауыратын науқастарды 

уақтылы  анықтау  мақсатында  перзентханадан  шығару  алдында  босанудан  кейінгі 

 кезеңдегі əйел дерге флюорографиялық тексеріс жүргізіледі.

Туу  бөлімшелері  балалар  үйі  бар  əйелдер  мекемелерінде  ұйымдастырылады 

жəне медициналық бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Меке меде ұсталатын 

жүкті əйелдерге тууға көмек көрсету медициналық ұйымдарының перзентханаларын-

да жүзеге асырылады.

80. Барлық жүкті əйелдер д испансерлік бақылауға жатады. Акушерлік патологиясы 

жəне экстр агениталды ауруы  бар жүкті əйелдер «қатерлі» топтарға бөлінеді.

Жүкті əйелді алғашқы тексергенде:

1) секреторлық, менструалды функцияның сипатын а, алдағы жүктіліктің жəне туудың 

ағымы мен пайда болуына көңі л аудара отырып, анамнез жиналады;

2)  ультрадыбыстықпен  бірге  жалпы  жəне  арнайы  акушерлік  тексеріс  жүргізеді, 

салмақ пен артериалды қан қысымын өл шейді;

3) зертханалық зерттеу жүргізеді (жалпы қан, зəр талдауы, жүктіліктің алғашқы  жəне 

екінші жартысында Вассерман реакциясы, қанның тобы мен резус-тиесі лігін анық тау, 

жыныстық бөлінулерді зерттеу);

4) терапевт жəне стоматолог тексереді.

Акушерлік  анамнездің  терістігінде  жү кті  əйел  токсоплазмозға  тексеріледі, 

көрсеткіштер бойынша дəрігер-мамандарға қаралады.

Акушер-гинеколог дəрігерге:

1) жүктіліктің 1-жартысында - айына 1 рет;

2) жүктіліктің 2-жартысында 30 аптаға дейін - айына 2 рет;

3) жүктіліктің 30 аптасынан кейін апта сайын қаралады;

4)  акушерлік  анамнездің  терістігінде  əйелдердің  ауруы  немесе  жүктіліктің 

патологиялық ағымында (ауруханаға жатқызуды талап етпейтін) тексерілу дің жиілігі 

жеке шешіледі, зертханалық зерттеулер қажеттілік шаралары бойынша жəне толық 

көлемде жүргізіледі.

Əйелдің жүктілігі анықталған сəттен бастап неғұрлым жеңіл жұмысқа көшіріледі, 

онымен:

1) жеке гигиена қағидаларын, еңбек жəне демалыс режимін сақтау туралы түсіндіру 



əңгімелері,  туберкулезді  қоса  профилактикалық  егулерді  жүргізудің  маңыздылығы 

туралы;


2) жаттығудың а рнайы кешендері бойынша топтық əдіспен дене дайындық;

3)  науқас  жүкті  əйелдермен  (жүрек,  қан  тамырлары  ауруы,  жүктілік  токсикозы 

кезінде) сабақ жеке тəртіп те;

4) тууға психопрофилактикалық дайындық — апта сайын (6 сабақ);

5) жүктіліктің 14-16 аптасында «аналар мектебінде» оқу жүргізіледі.

Медициналық ұйымдарға тексеріс жəне емделу үшін:

1)  жүктіліктің  патологиялық  ағымында  (токсикоздың  ауыр  нысанында,  түсік,  не-

фропатия, преэклампсия, жыныс мүшелерінен қан жүруі, резус-конфликтілі жүктілік, 

уақытынан бұрын туу қаупінің басталуы);

2) экстрагениталды аурулары бар (жүрек ауруы, гипертониялық ауру, гипертиреоз, 

диабет, анемия, лейкоз, цистит);

3)  туу  ағымы  нашарлаған  денсаулығы  жақсы  (жатырдағы  тыртық,  ұрықтың 

көлденең немесе қиғаш ахуалы, көпұрықтық жүктілік, ұрықтың жатырдағы ішкі өлімі, 

жатыр миомасы);

4) амбулаториялық жағдайларда ауру диагнозын, қиындықтарды анықтау мүмкін 

емес əйелдер ауруханаға жатқызылады.

81. Медициналық ұйымдардан шыққан:

1) бірінші медициналық тексерістер І - 7-10 күннен кейін;

2) екінші медициналық тексерістер  - 1 айдан кейін;

3) үшінші медициналық тексерістер - 2 айдан кейін жүргізіледі.

Бірінші  медициналық  тексерісте  медициналық  ұйымның  үзіндісі  зерделенеді, 

шағымдар  анықталады,  жы ныс  мүшелерін  тексеру  көрсеткіші  бойынша  жүргізіледі. 

Жеке гигиена ережелерін сақтау ту ралы əңгіме жүргізіледі. Қажет болған жағдайда 

дəрігер-мамандардың консультативтік қарауы белгілен еді.

Екіншіде  — шағымдар анықталады, көрсеткіштер бойынша зертханалық зертте-

улер белгіленеді.

Туу кезеңінен кейінгі физиологиялық ағымы кезінде үшінші тексерістен кейін əйелді 

диспансерлік есептен шығарады.

Туған  əйелдің  денсаулық  жағдайын  дəрігер  акушер-гинеколог,  ал  жаңа  ту ған 

нəрест енің дамуын - дəрігер-педиатр бақылайды.

82.  Гинекологиялық  ауруларды  анықтау  дəрігер  акушер-гинеколог қа  əр  түрлі 

шағымдармен  жəне  жыл  сайынғы  алдын  алу  тексерістерін  жүргізген  кезде  жүзеге 

асырылады.

Қаралуға мекемеде  ұсталатын барлық əйелдер жатады, оларды дəрігер акушер-

гинеколог жылына 1 рет қарайды.

Ауру анықталған кезде (немесе оның болуына күмəнданған кезде) дəрігер:

1) анамнез жинауды;

2) ауруларға жалпы жəне гинекологиялық тексерісті;

3) бакте риологиялық жəне цитологиялық зерттеулер үшін жағынды алуды жүргізеді.

83. Жоспарлы аруханаға жатқызуға жататын науқастар болжамды тексе рістен өтеді, 

олар медициналық бөлімнің стационарында оры нмен қамтамасыз етіледі.

Медициналық  бөлім  стационарында  емдеу  мүмкін  емес  аурулары  бар  əйелдер 

медициналық ұйымдарға стационарлық емделуге жіберіледі.

84. Гинекологиялық науқастар үнемі бақылаудан жəне тексерістен өтеді.

Стационарлық  емдеуге  əйел  жыныс  органдарының  қатерлі  ісіктері  бар, 

репродуктивті жүйесі  функциясының бұзушылықтары бар (овариалды-етек кір циклінің 

бұзылуы, дисфункц ионалды жатырдан қан ағу, эндометриоз), сондай-ақ жедел кірісуді 

қажет  ететін  қатерлі  емес  аурулары,  əйе л  жыныс  органдарының  қабыну  аурулары 

ушығу сатысында жəне патологиялық климакс аурулары жатады.

Науқа стардың келу жиілігі мен мерзімі, бақылаудың ұзақтығын, аурудың клиникалық 

сатысы мен оның өту ерекшелігін ескере отырып, сипатына қарай жеке əрбір ауруға 

дəрігер белгілейді.



5-параграф. Балалар үйінде ұсталатын сотталған əйелдердің балаларына 

медициналық көмек көрсету

85. Балалар үйі мекеме аумағында оқшауланған учаскеде орналасады. Балалар 

үйінің аумағы қоршалады, жыл бойы таза ауада балаларды серуендету жəне ұйықтату 

үшін бір-бірлерінен (топ санына байланысты) оқшауланған алаңдармен жабдықталады.

Балалар  үйі  үй-жайларды  топтық  оқшаулауымен 30-150 баланы  орналастыруға 

есептеледі.

Балалар  үйін  денсаулық  сақтау  туралы   заңнамаға  сəйкес  медициналық  жəне 

т əрбиелеу қызметіне басшылықты жүзеге асыратын дəрігер-педиатрға балалар үйін 

басқару жүктеледі.

86. Балалар үйінд е сауықтыру жəне тəрбиелеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру 

мақсатында жас ерекшелік топтары ұйымдастырылады.

Топтар саны жəне топтағы балалардың жас ерекшелік құрамы балалардың бар-

жоғ ы, олардың жасына жəне психоф изиологиялық дамуын ескере отырып белгіленеді.

 Балалар жасы бойынша топтарға бөлінеді:

1) бірінші топ - 10 айға дейін (4 айға дейінгі  балаларды кіші топтарға бөлумен);

2) екінші топ - 10 айдан 1,5 жасқа дейін;

3) үшінші топ - 1,5 жастан 3-ке дейін.

Бірінші жəне екінші топтарда балалар саны 10-нан, үшінші топта — 13-тен аспайды.

Е гер кез-келген жас ерекшелік топтарындағы балалар саны нормадан асып кетсе, 

қатарлас топтар құрылады.

87. Балаларды  медициналық қамтамасыз ету үшін: дені сау баланың физикалық 

жəне жүйке-психикалық дұрыс дамуын ұйымдастыру; инфекциялық жəне соматикалық 

аурулардың алдын-алу жəне емдеу жүргізіледі.

88. Балалар үйінің медициналық персоналы :

1) 1 жасқа дейінгі балаларды рационалды тамақтандыруды жəне 1 жастан асқан 

балалардың толық тамақтануын;

2)  декреттелген  жас  ерекшелігі  кезеңінде  балаларға  профилактикалық  егуді 

жүргізуді;

3) дене бітімін қалыптастыру, дене шынықтыру сабақтарын жүргізуді;

4) Балалар үйінде ауырған балаларды оқшаулау, карантин жұмыстарын ұйымдас-

тырумен байланысты іс-шараларды жүргізуді ;

5)  Балалар  үйінде  аналармен  жəне  қызметкерлермен  санитарлық-ағарту 

жұмыстарын жүргізуді;

6) есепке алу жəне есеп беруді қамтамасыз етеді.

89. Балаларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін медициналық  қызмет-

керлер:


1) кеуде арқылы тамақтандыруды барынша сақтауды;

2)  кеуде  сүтінің  жетіспеушілігі  жағдайында  араластырып  жəне  жасанды 

тамақтандыруға баланы уақытылы көшіруді;

3) баланың жасы мен жеке ерекшеліктерін ескере отыр ып, рационға сусын, жеміс 

езбесі, дəрумендер, азықтың əр түрлерін енгізуді;

4)  негізгі  азық   ингредиенттерінде  физиолог иялық  қажеттілігіне  баланың  алатын 

тамақтарының сəйкестігіне қатаң бақылауды жүзеге асыруды;

5)  баланың  денсаулық  жағдайы  мен  жеке  ерекшеліктерін,  тамақтану  жағдайын, 

қоршаған ортасын ескер іп отыруды қамтамасыз етеді.

Тамақтану тиімділігін бағалау үшін  нормаға сəйкес дене салмағы жəне бойының 

дұрыс өсуі бойынша мониторинг жүргізіледі.

Көп  ұрықты  жүктілікт ен  шала  туғандар,  күрделі  дене  салмағымен  туғандар,  ги-

потрофиямен  ауыратындар – «Қатерлі»  топ тарға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Осындай 

балалардың тамақтану режимі туралы мəселе қатаң түрде жеке шешіледі.

90. Профил актикалық егулер Кодекстің 156-бабына сəйкес жүргізіледі. Бұл ретте 

мынадай іс-шаралар:

1) егу жұмыстарын жылға, тоқсанға, айға жоспарлау;

2) балаларды термометриямен егетін күні тексеру;

3)  асептик  ерекшеліктерінің  (жеке  кабинет,  егу  инструменттерін  стерильдеу) 

санитарлық-гигиеналық іс-шараларын сақтау;

4) медициналық бұрулардың ұзақтылығын анықтау арқылы жүргізілген алдын ала 

егулерді нақты тіркеу орындалады.

91. Шынықтыру мынадай жағдайларды:

1) шынықтыру əдісін талдауда баланың жеке ерек шеліктерін ескеруді;

2) барлық табиғи факторлар мен шынықтыратын рəсімдерді кешенді пайдалануды;

3) табиғи факторд ың əсер ету күшінің сатылап көбеюін;

4) жыл бойы жүзеге асырылатын шынығу жүйелілігін, бірақ оның түрі мен əдістері 

жыл мезгіліне жəне ауа райына байланысты өзгеріп отырады;

5) шынықтыру рəс імі уақытында баланың байсалды, көтеріңкі көңіл-күйін сақтаумен 

жүргізіледі.

Бала  өмірінің  алғашқы  жылдарының  дене  тəрбиесі  уқалау  мен  гимнастикадан 

тұратын жеке сабақтар түрінде жүргізіледі.

Бір жылдан асқан балалардың дене шынықтыру сабақтары қозғалмалы ойындар 

түрінде, сондай-ақ гимнастикалық жаттығулар кешені түрінде (төбешік пен, орындық 

арқылы басу бойынша жүру) ұйымдастырылады.

Балал ардың денсаулық жағдайы дəрігер-мамандарды тартумен кешенді əдістеме 

бойынша бағаланады. Бұл жұмыстың соңғы нəтижесі балаларды денсаулық жағдайы 

бойынша,  сауықт ыру  іс-шараларын  өткізуді  жеңілдететін  біркелкі  топтарға  біріктіру 

болып табылады.

9 2. Балалар үйіне барлық жаңадан түскен балалар мұқият дəрігерлік тексерістен 

өткізіледі.

Балалардың дəрігерлік тексерісі келесі мерзімдерде жүргізіледі: бала өмірінің 1-ай-

ында - күн сайын, 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде - екі күнде 1 рет, 6 айдан 1 жасқа 

дейінгілер - бе с күнде 1 рет, 1 жастан 3 жасқа дейінгілер - айына 2 рет.

Балалардың осы тексерісі мен психофизикалық дамуы бала дамуының тарихы-

на енгізіл еді.

Əлсіз балалар мен денсаулық ж ағдайында ауытқулары бар балаларға кеңес беру 

үшін медициналық ұйымдардан дəрігер-мамандар шақырыл ады. Балалар үйіне түсерде 

барлық балаларға антропометриялық өлшеу өткізіледі, одан əрі бұл өлшеулер 1 жасқа 

дейінгілерге айына бір рет жүргізіледі.

Сау  балаларды өлшеу 4 айға д ейін - күн ара, 4 айдан 1 жасқа дейін - бес күнде 2 

рет, 1 жастан 1 жас 6 айға дейін - 10 күнде 1 рет, 1 жас 6 айдан 3 жасқа дейін - айына 

2 рет жүргізіледі. Əлсіреген балаларды өлшеу əр тамақтандыру алдында жəне одан 

кейін тамақтандыру көлемінің теңбе-теңдігін анықтау үші н жүргізіледі.

93. Инфекциялы ауруларды енгізбеуді алдын aлу мақсатында балалар үйіне барлық 

жаңадан түскен екі айлық жастан асқан бал алар 21 күн мерзімде карантинде болады.

Екі айлыққа дейінгі жастағы балалар 3-5 күнге карантин үй-жайларыны ң жартылай 

боксында орналастырылады. Карантинге қарамастан, ауыр жəне жұқпалы аурулары 

бар   балалар  медициналық  ұйымдарға  жіберіледі,  бұл  кезде  соңғылар  госпитальға 

жатқызылғанға дейін изолятор боксында ұсталады.

Карантинді өту үшін  Балалар үйінен тыс үй-жай ұйымдастырылады, онда кереует 

саны Балалар үйі орнының штаттық санының кемінде 15 % құрайды.

Карантиндегі бөлімшеде 2-3 жартылай боксы бар қабылдау бөлмесі, балаларды 

аналарымен  ұстайтын  бөлмелері,  жуынатын  бөлме,  сумен  шайылатын  дəретхана, 

дəліз жəне балаларды серуендететін жеке кеңістік болады.

Карантиндегі бөлімшеде əр балаға күн реж имі жеке құрылады, ал тəрбие жұмысы 

баланың денсаулық жағдайы мен жас ерекшелігіне сəйкес жүргізіледі.

Карантин уақытында балалар мен аналарды бациллатаратушы дифтерияға, ішек 

топтарына  (іш  сүзегі,  паратиф,  дизентерия),  гельминтозбен  залалдануға,  туберку-

лезбен жəне мерезбен ауырғандарға, Вассерман реакциясына, қыздар мен аналар-

ды - гонореяға  қанын  зерттеумен  тексеріс  жүргізіледі.  Келесі  қосымша  тексерістер 

клиникалық жəне эпидемиологиялық көрсеткіштер болғанда жүргізіледі.

Мерезбен  науқас  немесе  ауырған,  аурудың  белсенді  пайда  болулары  тіпті, 

Вассерман қайшылық реакциясында жоқ анал ардан туған ба лалар белгіленген кесте 

бойынша алдын ала емдеуге тартылады.

94.  Балалар  үйіндегі  орын  санының 15% көлеміндегі  кереует  санына  ұйымдас-

тырылған аурудың жұқпалы түрімен ауыратын науқас бала ларды оқшаулауға арналған 

бөлімше үй-жай топтарынан оқшауланып орналастырылған жəне жеке кіру есігі бар. 

Бөлімшеде  қабылдау, 1-2 боксталған  палаталар  жəне  баланы  уақытша  оқшаулап 

ұстайтын  бокс  болады.  Бөлімшеде  веранда,  сондай-ақ  балаларды  серуендететін 

көгалдандырылған учаске қарастырылады.

Карантин  бөлімшесі  жəне  жұқпалы  аурумен  ауыратын  балаларды  оқшаулау 

бөлімшесі барлық керекті жабдықтармен жəне күту заттарымен қамтамасыз етіледі.

95. Топтар мен кіші топтарда күн режимі балалардың жас жəне жеке ерекшеліктеріне 

сəйкес белгіленеді. Əрбір топта баланың дұрыс дамуын қамтамасыз ететін, олардың 

жасына сəйкес сауықтыру жəне тəрбиелеу іс-шаралары жүргізіледі.

96.  Анада  кеуде   сүті  болмаған  жағдайда  бейімделген  құрғақ  сүт  қоспалары 

қолданылады.

97. Əлсіреген балаларға Балалар үйінде баланың сауығуына əсер ететін режим 

мен жағдай туғызатын санаториялық топтар ұйымдастырылады.

98.  Жұқпалы  аурудың  əрбір  оқиғасы  туралы  Балалар  үйінің  басшысы  сол  күні 

мекеменің медициналық бөлімінің басшысына хабарлайды. Жұқпалы науқастармен 

байланыста болған балаларға қатысты барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар 

жүргізіледі. Олар басқа бөлек топқа бөлінеді жəне басқа үй-жайға орналастырылады.

Ауру бала анықталған топта ағымдағы де зинфекция жүргізіледі, кейін соңғы диагно-

зы белгіленгеннен кейін - қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Өткір ішек инфекциясы 

анықталған балаларға, қызмет көрсететін сол топтың персоналдары мен ас бөлмесінің 

қызметкерлері ішек тобына тексеріледі.

99.  Созылмалы  патологиясы  бар  балалар  динамикалық  бақылауға  алынады. 

Аурудың сипатына б айланысты оларға рецидивке қарсы емдеу, спецификалық жəне 

жалпы  шынықтыру  терапиясы  жүргізіледі.  Балалар  жүйелі  түрде  балалар  дəрігер-

мамандарын тар та отырып, тереңдетілген тексерістен өтеді.

Санитарлық-ағарту жұмыста рын Балалар үйінің басшысы ұйымдастырады жəне 

санитария жəне гигиена мəселелері бойынша бюллетень, аурудың маусымдық ал-

дыналуы, «аналар мектебі», медициналық тақырыптағы дəрістер мен əңгімелесулер 

түрінде жүргізіледі.

100. Орталық жүйке жүйесінің зақымдану шектеулері бар, даму кемістігі бар жəне 

өзге де аурулары бар жалпы профильдегі балалар үйіне жіберуге келмейтін балалар 

арнайы Балалар үйіне немесе медициналық ұй ымдарға жіберіледі. 

101.  Сотталған  əйелдердің  туыстарына  берілетін,  сондай-ақ  денсаулық  сақтау 

органдарының балалар мекемелеріне берілетін балалар маусымдық киімнің, іш киімнің 

жəне аяқ киімнің толық жиынтығымен қамтылады, ол балалар ұйымдарына немесе 

туыстарына өтеусіз беріледі.

102.  Балалары  бар  əйелдерді  босатқан  кезде,  олардың  қолына  қолхат  алу 

арқылы  баланың  тууы  туралы  к уəлік,  баланың  денсаулық  жағдайы,  жүргізілген 

профилактикалық  егулері  жəне  ауы рған  аурулары  көрсетілетін  баланың  даму  та-

рихы көшірмесінің үзіндісі беріледі. Егер əйелді босату кезінде бала ауырған болса 

жəне ауруханаға жатқызу қажет болса, онда анасының келісуімен ол жақын жерде гі 

медициналық ұйымына орналастырылады.

6-параграф. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын адамдарға 

медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

103.  Қау іпсіздігі  барынша  төмен  мекемелерде  эпидемияға  қарсы  іс-шараларға 

бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды санитариял ық-эпидемиоло-

гиялық қадағалау бөлімшелері жүзеге асырады. 

104.  Қауіпсіздігі  барынша  төмен  мекемелерде  құрамында  сотталғандарға 

медициналық көмек көрсету үшін медициналық бөлімдер (медпункттер) жұмыс істейді. 

Медициналық бөл імнің құрамына амбулатория жəне қол жуғышы мен дəретханасы, 

тамақ ішетін бөлмесі бар 1-2 кереуетке арналған изолятор кіреді. Палата кеңістігінің 

нормасы бір кереуетке 6 шар шы метрден кем емес.

105.  Қауіпсіздігі  барынша  төмен  мекемелерде  ұсталатын  сотталғандар  тегін  

медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі медициналық көмек шеңберінде жəне 

міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек  алу үшін 

мекемелердің орналасқан орны бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан 

Респу бликасының азаматтарына арналған жалпы негіздерде тіркеледі.

Стационарлық емдеу қажет болған жағдайда денсаулық сақтау субъектісінің жол-

дамасы бойынша сотталғандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көле мі 

жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек 

шеңберінде медициналық ұйымдарға жатқызылады.

Бейінді мамандардың, тиісінше бөлімшелердің болмауы кезінде науқастар жақын 

жердегі денсаулық сақтау субъектілерін е жолданады.



7-параграф. Мекемелерде, ТИ-де ұсталатын адамдарды тасымалдау жəне 

бас бостандығынан айыру орындарынан босату кезінде медициналық көмек 

көрсетуді ұйымдастыру

106. Мекемеде ұсталатын адамдар кетер алдында наряд жағдайына жарамдылығын 

анықтау үшін мін детті түрде медициналық тексерістен өтеді.

(Жалғасы 18-бетте) 



жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау